Қазақстандағы бактериялық қарулар және оларды сынау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 15:11, доклад

Описание

Бактериялар – формалары мен мөлшерлері әр түрлі дара шаршылы микроорганизмдер. Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, 28-30мин сайын екі дербес клетка шығарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекциялау және жоғары температура (+60град) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді, -25град-ты еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері қолайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сыртқы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабілетті.

Работа состоит из  1 файл

ОБЖ.pptx

— 1.61 Мб (Скачать документ)

Қазақстандағы бактериялық қарулар және оларды сынау

Биологиялық қару – арнайы биологиялық заттармен

толтырылған әскери қару

 

Биологиялық қарудың түрлері

 

Бактериялар

 

Вирустар 

 

Риккетсилер

 

Таксиндер

    • Бактериялар – формалары мен мөлшерлері әр түрлі дара шаршылы микроорганизмдер. Олардың мөлшері 0,5-тен 8-10мкм-ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, 28-30мин сайын екі дербес клетка шығарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекциялау және жоғары температура (+60град) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді, -25град-ты еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері қолайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сыртқы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабілетті.

 

Вирустар - биологиялық агенттердің ең үлкен тобы. Вирустар натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқа да аурулардың себебі болып табылады.

 

    • Риккетсиялар - көлемі үлкен емес 0,4 – 1мкм-ға дейінгі таяқша клеткалар, олар тек тірі тіндер клеткаларының ішінде ғана тұқым көбейтеді. Олар ұрық жасамайды, бірақ кебуге, мұздауға, жоғары температура әсеріне төзімді. Риккетсиялар адамның мынандай ауруларының: бөртпе сүзек, құзды таулар теңбіл безгегі, қу безгек және т.б. аурулардың себебі болып табылады.

 

 

Токсиндер – табиғи токсинді заттар. Әдетте токсиндерге  жоғары молекулалық қосылыстарды жатқызады.Қосылыстардың  ағзаға түскен жағдайында, ағзада антиденелер  пайда болады.

Қолданылуы:

 

    • Қарсыластың тірі күшін жою
    • Инфекциялық ауру тудыратын бактериялардың көмегімен ауылшаруашылығының жануарлары мен өсімдіктерін жою
    • Оба
    • Тырысқақ
    •  түйнеме (адамда); кебенек; топалаң (ешкі, қойда); жамандат (жылқыда); қарасан (сиырда); ақшелек (түйеде)

Бактериялық қарудың  қолданылу белгілері:

 

    • Снарядтар мен бомбалардың жарылу дыбысы әдеттегі оқ - дәрілерге қарағанда тымық
    • Жарылыс орындарында үлкен жарықшақтар мен оқ-дәрілердің бөлек бөлшектерінің болуы
    • Аймақтарда ұнтақ тәрізді заттар мен сұйықтық тамшыларының болуы
    • Оқ дәрілердің жарылыс аймақтарындағы ерекше жәндіктер мен бүргелердің пайда болуы
    • Адамдар мен жануарлардың жаппай ауруға шалдығуы  

Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс дейді.

Уландырушы  заттар

 

Өмірге қауіпті

 

Тітіркендіруші 

 

Уақытша істен шығарушы

 

Өмірге қауіпті

 

Жүйке байлану   (Зарин; Зоман;              Ви – икс; Табун)

 

Терінің шығатын     (Иприт-перегнандыбетіне; Иприт азотты)

Жалпы улы (Көгерткіш  қышқыл ;  Хлор - циан)

Тұншықтырғыш  (Фосген)

Хлора - цетофенон  (CN)

Адамсит (DM)

Си-эс(CS)

Си-ар(CR)

 

Тітіркендіруші 

Уақытша істен шығарушылар

 

Психохимиялық

 

Би-зет

Бактериялық қаруға қарсы  медициналық көмек

 

    • Вакцино
    • Антибиотиктар
    • Сульфаниламинадты және басқа да дәрілік заттар инфекциялық аурулардың арнайы емдеуге арналған
    • Арнайы химиялық заттар

 Қазақстанның  бактериялық қаруы 

 

    Вашингтонда 2001 жылы американдық ғалымдар Қазақстанның бұрынғы Совет үкіметінің қоймасын тапты. Бұлардың ішінде “антракса”, түйнеме ауруларының бактерияларын тапқан.

    Совет үкіметі кезінде  Қазақстанда, Возрождение  аралында, биологиялық қаруды сынау жүргізілді, және онымен қоса антракса  да сыналды. Бұл аралдың Арал  теңізінің тартылуына байланысты  біртіндеп материкке жақындауы  туралы бірнеше күн бұрын неміс  газеті Frankfurter Rundshau жазды. Бірнеше жылдан соң, газетте берілген ақпарат бойынша,  Возрожденияда сақталған толық герметикалық емес сыйымдылықтардағы биологиялық қарудың қоры жер бетіне түсуі мүмкін. 

Судочье көлінің қалдықтары Арал теңізінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Судың көп бөлігі бұдан 150 км  тартылды.  Артқы жағында үстірттік  жон  асқақтайды. Түбінің бұрынғы  орны ұсақ бұталармен, тұздармен  қапталған , ал жабулы жер фактуры және түстің түрлілігі таң қалдырады.

Сексеуіл - әлдебір  орта бұтаның және жатаған ағаштың  арасында, шөл және азиялық далаларда  өседі. Оның тамырлы жүйесі тереңдікте 30 метрге дейін ылғалды шығарады, ал біреулерінің көріністері өлердей, тұздылығы көп топырақты жерде  шыдайды. Жердегі ақ қордалар  бірінші  көзге қар болып көрінгенімен, ол қар емес, тұз.

Аралда қазір  ауа райы түнеріңкі болды. Устірттің  өзіне қазірдің өзінде экспедициялар  сирек, ал қарашаның аяғында жоқ  десе де болады. Мүмкін біз Аралдың  қазіргі кезгі сирек суреттерінің бірін көретін болармыз. Ал 40 жыл  бұрын ол түп болған. Бүгін Аралдың  бұрынғы жерінің тек қана 25% қалды.  

Арал теңізіндегі бактириологиялық  қаруларды сынау 

        «Возрождение» аралы - Кеңес Одағының  ең құпия әскери нысаны едi. Ондағы әскери полигондарда 1980 жылдардың  аяғына дейiн бiрнеше кодты  атаулары бар биологиялық қару  мен жабдықтар сыналып келген. Әскери мамандардың айтуынша, сынақтар  «Аральск-7», «Бархан» және «ПНИЛ-52»  сынды ғылыми-зерттеу зертханаларында  iске асқан. Бұрын Арал теңiзiнiң  алып айдынында 300-ден астам  арал болса, қазiргi кезде олардың  арасындағы ең iрiлерi - Барсакелмес  пен Көкаралдың өзi түбекке айналып  барады. Ал Комсомол, Шұғыла, Константин, Лазарев аралдары бiрiгiп, «Возрождение»  деген ортақ атқа ие. «Возрождение»  - биологиялық қаруды сынау алаңы  және әскери қалашық болып  екiге бөлiнген. Қалашықта казарма,  тұрғын үйлер, бастауыш мектеп, балабақша, асхана мен қоймалар  және электр стансасы болған. Ал Аралдың оңтүстiгiндегi сынақ  алаңында биологиялық қарудың  аэрозол компоненттерi, модельдiң  тарауын, оларды табу тәсiлдерi және биологиялық құралдары бар  шағын колибрлi аэрозол бомбаларын  ваккумда сынау жұмыстары жүргiзiлдi. Осылайша қырық жыл бойы азаматты  түрлi аурулар арқылы жаппай қырып-жою  тәжiрибесi жүрiп жатты. Ал 1988 жылдың  көктемiнде АҚШ «Возрождениеге»  қатысты дау шығарды. Америкалықтар  ондағы мамандардың сiбiр жарасының  ажал шашатын жауынгерлiк агентi- «Антракс» деп аталтын түрiне  талдау жасап жатыр деген мәлiмет  түскен. Антракс - өте ежелгi микроорганизм,  әрi аса қауiптi биологиялық қару  болып саналады. Ол қатерлi ауруды  тез арада айналаға таратып,  қоршаған ортаның күлпаршасын  шығарады. Бұл шуды басу үшiн  КСРО жағы тонналап жиналып  қалған антраксты тез құртудың  жолдарын қарастырды. Олар антраксты  тот баспайтын болаттан жасалған  арнайы ыдыстарға салып, үстiне  хлорлы әктi төгiп, ауыр жүктi 24 вагонға тиеп, Орал бойынан Арал  қаласына дейiн жеткiзедi. Содан  берi антракс «Возрождение» аралында  сақталуда. Ең сұмдығы - ғасырлар  бойы бактериялардың сол күйiнде  сақтала беретiндiгi. Одан құтылу  мүмкiн емес. Ал оның қашан бұрқ  ететiнi белгiсiз. 

       1992 жылы 18 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан  елінің Жоғарғы Кеңесі «Арал  аймағы тұрғындарының тұрмыстық  жағдайларын түбегейлі жақсартудың  бірінші кезектегі шаралары туралы»  жарлық шығарса, сол жылдың 11 сәуірінде  Ресей Федерациясының президенті  Б. Ельцин «Биологиялық қару  жөніндегі халықаралық келісімді  орындауды қамтамасыз ету туралы»  № 390-жарлыққа қол қойды. Ажал  аралына айналған Возрождение  әскери сынақ нысаны осыдан  кейін барып қана жабылған  еді. Бірақ, әскери нысанды  жапқанмен, басты қауіп әлі  алда болатын: ол - аралдың мүлде  қараусыз қалып, ондағы бактериялар  мен вирустардың ауа арқылы  жан-жаққа таралу қатерінің зор  екендігі байқалатын. Өзбекстан  жағы американдық мамандарды  шақырып, 1995 жылы олар Возрождение  аралына жасырын келіп, әлгі  жерасты моласындағы антракс  ұнтағын алып, соған тәжірибе  жасаған. Сөйтсе, антракс споралары  жер астында 10 жыл көміліп жатқанына  қарамастан, өз күшін әлі жоймаған  болып шығыпты. АҚШ бактериологтары  сол өзбек жағының шақыруымен  аралға тағы да екі рет (1997, 1999 жылдары) келіп, әлгі антракс  спораларына американ вакциналары  төтеп бере ала ма, жоқ па, соны  тексеріп, тәжірибе оң нәтиже  бергеннен кейін ғана барып  кемелденсе керек». 


Информация о работе Қазақстандағы бактериялық қарулар және оларды сынау