Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2013 в 19:56, реферат
Республика аумағындағы табиғи зiлзала, авария және апат кезiнде халықты қорғау, ұлттық игiлiкке келетiн нұқсанды азайту және шұғыл құтқару-қалпына келтiру жұмыстарын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Төтенше жағдайдың алдын алу және iс-әрекет жөнiндегi республикалық жүйе шеңберiнде Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметi құрылсын.
Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметiн құру жөнiндегi шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 19 наурыз 1993 ж. N 222. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен
Республика аумағындағы табиғи зiлзала, авария және апат кезiнде халықты қорғау, ұлттық игiлiкке келетiн нұқсанды азайту және шұғыл құтқару-қалпына келтiру жұмыстарын ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Төтенше жағдайдың алдын алу және iс-әрекет жөнiндегi республикалық жүйе шеңберiнде Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметi құрылсын.
Республикалық авариялық-құтқару қызметiнiң негiзiнде аумақтық-салалық принцип алынсын, оның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң өрттен қорғау бөлiмшелерi;
министрлiктердiң, ведомстволардың және кәсiпорындардың мамандандырылған авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру бөлiмшелерi;
азаматтық қорғаныстың әскери емес аумақтық және объектiлiк құрамалары;
азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң шұғыл медициналық көмек құрамалары;
жедел-құтқару отрядтары.
Қазақстан Республикасы авариялық-құтқару қызметiнiң негiзгi мiндеттерi:
төтенше жағдайдың пайда болу және зардаптарын жою кезiнде iздестiру, авариялық-құтқару, өртке қарсы және авариялық қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу;
авария, апат ошақтарында, зiлзала аймақтарында барлау жүргiзу;
халықты төтенше жағдайлардағы iс-қимылға даярлау мен үйретуге қатысу;
төтенше жағдайлардың алдын алу, олардың зардаптарынан халықты қорғау және нұқсанды азайту жөнiндегi ескерту шараларын әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысу болып табылады деп белгiленсiн.
2. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары бiр ай мерзiмде, олар құрылған кәсiпорындар мен ұйымдардың меншiк нысандарына қарамастан, инженерлiк және құтқару командаларын, азаматтық қорғаныстың әскери емес құрамаларын мамандандырылған, оның iшiнде әскерилендiрiлген авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтiру бөлiмшелерiн құрудың негiзiн анықтасын, олардың төтенше жағдайдағы iс-әрекетке тұрақты жоғары әзiрлiгiн қамтамасыз етуге шаралар қолдансын. Авариялық-құтқару қызметiнiң аталған құрамаларының сан құрамы, техникамен және мүлiкпен жинақталуы қолданылып жүрген нормативтiк талаптарға сәйкестендiрiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi және Азаматтық қорғаныс штабы Алматы облысында орналасқан азаматтық қорғаныс полкiнiң негiзiнде жеке құрам саны 1 мың адамға дейiнгi кең көлемдi механикаландырылған жеке азаматтық қорғаныс полкiн құрсын. Полк қажеттi техникамен, жабдықтармен, инженерлiк және құтқару құралдарымен жарақтандырылсын. Азаматтық қорғаныстың механикаландырылған полкi Қарағанды облысында сақталсын, техникамен және жарақтармен толықтырылсын.
Азаматтық қорғаныстың жұмылдырушылық топтары мен әскери бөлiмдерiнiң бейбiт кездегi негiзгi мiндеттерi iрi авариялардың, апаттардың және табиғи зiлзалалардың зардаптарын жою деп белгiленсiн.
4. 1993 жылғы 1 шiлдеге дейiн Туризм мен экскурсия жөнiндегi Қазақ республикалық кеңесiнiң Қазақ республикалық бақылау-құтқару қызметi негiзiнде жол қатынасы қиын аудандар мен аса күрделi объектiлерде iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн штат саны 66 адамнан тұратын Республикалық шұғыл құтқару отряды құрылсын.
Алматы облысының және Алматы қаласының әкiмдерi, Туризм, дене мәдениетi және спорт министрлiгi, Қызыл Жарты Ай мен Қызыл Крест Қазақ қоғамының Ұлттық комитетi және республиканың Азаматтық қорғаныс штабы Республикалық жедел-құтқару отрядының қалыптасуы мен орнығуына жәрдемдесетiн болсын.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Талдықорған және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi облыстардағы азаматтық қорғаныс штабтарының және Қазақ республикалық бақылау-құтқару қызметiнiң қатысуымен облыс орталықтарында 1993 жылғы 1 шiлдеге дейiн штат саны 22 адамнан жедел-құтқару отрядтарын құратын болсын.
Жедел-құтқару отрядтары заңды мекеменiң барлық хұқықтарын пайдаланатын мамандандырылған дербес ұйымдар болып табылады деп белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi 1993 жылы құрамына мамандандырылған орталықтар, тұрақты даярлық бригадалары, дербес көшпелi госпитальдар, жылжымалы лабораториялар енетiн толыққанды шұғыл медициналық көмек қызметiн құрып, онда дәрi-дәрмектiң, аспаптардың, жабдықтар мен техниканың қол сұғылмайтын запастарын жасасын.
6. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп, хұқық қорғау қызметiне реформа жасаудың әзiрленген тұжырымдамасын ескерiп, республиканың авариялық-құтқару қызметiнiң маңызды бөлiгiн құрайтын әскерилендiрiлген өрттен қорғау жүйесiн нығайту және жауынгерлiгiн сақтау жөнiндегi шараларды жүзеге асыратын болсын.<*>
ЕСКЕРТУ. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1031 қаулысымен.
7. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы:
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты хауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен, республиканың басқа да мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесiп 1993 жылы әлеуеттiк хауiптi объектiлердi авариялық-құтқару бөлiмшелерiмен қамтамасыз етудiң нормативтерiн әзiрлесiн және оларды орналастыру мен санына түзетулер енгiзсiн;
мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен үш ай мерзiмде қолда бар оқу орындары мен полигондардың негiзiнде авариялық-құтқару қызметi бөлiмшелерiнiң және оның басқару органдары қызметкерлерiнiң даярлығы мен бiлiктiлiгiн арттыруға арналған оқу базасын дамыту мен жетiлдiрудiң кешендi бағдарламасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясына бекiтуге ұсынсын.
8. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi мен Қорғаныс министрлiгi төтенше жағдайды болдырмау және оның зардаптарын жою, зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшiн қажет авариялық-құтқару қызметiнiң жеке құрамын және арнайы жүктердi бiрiншi кезекте жеткiзудi қамтамасыз етсiн.
9. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi Iшкi iстер министрлiгiмен және Азаматтық қорғаныс штабымен бiрлесiп мемлекет мұқтажын қарастырған кезде авариялық-құтқару және өрт сөндiру техникаларына, жабдықтарға, аспаптар мен жарақтарға қажеттiлiктi анықтасын және Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң қарауына 1993 жылдан бастап республика аумағында орналасқан машина жасау және қорғаныс кәсiпорындарында оларды шығаруды ұйымдастыру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Еңбек министрлiгi:
Республикалық жедел-құтқару отрядына штат саны, оларды ұстауға және авариялық-құтқару техникалары мен жабдықтарын алуға қаржы;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне шұғыл көмек қызметiн ұстауға қосымша қаржы бөлудi қарастырсын.
11. Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитет республиканың авариялық-құтқару қызметi мен төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi күш пен құралдарды басқару жүйесiнiң құрылуы мен қалыптасуына бақылауды жүзеге асырсын.<*>
Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, министрлiктер мен ведомстволар Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның талап етуi бойынша авариялық-құтқару қызметiнiң бөлiмшелерi, олардың сан құрамы, жарақтануы және төтенше жағдайдағы iс-әрекетке даярлығы туралы мәлiметтер тапсыратын болсын.
ЕСКЕРТУ. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының авариялық
құтқару
Орындаған : Косманова Тогжан
ИС-11к
Тексерген : Усенбеков У.Е.
Қарағанды 2012ж
Информация о работе Казакстан республикасынын авариалык жол апаттар жагдайы