Кызылагаш окигасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 00:24, реферат

Описание

Қызылағаш оқиғасы - 2010 жылында 11 наурыздан 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан Қызылағаш ауылы шайылып, шамамен 150 адам ізім-қайым жоғалған қайғылы оқиға. Бірақ ресми мәлімет 37 адамның ғана қаза болғанын растайды. Қызылағашта шамамен 3,5 мыңға жуық адам тұратын еді. Олардың басым көпшілігі, тіпті 80 пайызға жуығы – сырт елдерден келген қандас бауырлар. Дәулетке құнықпай, бейнеті көп ауылда қанағат пен тәубені ту етіп өмір сүріп жатқан бейқам ауылдың тірлігі бір мезгілде шәт-шәлекей болды. Биіктігі бес метрден асатын суық су бар баспананы бұзып-жарып, астан-кестеңін шығарды. Мал да, адам да дариямен ағып кетті. Ет жақынынан айырылмаған ауыл тұрғыны қалмады. Халықтың дені туысқандарының денесін, ең болмағанда, облыстық мәйітханадан көрсек екен деп көкірегі қарс айырылып жүр.Топан су адамдардан бастап, көліктер, үйлер мен сарайларға дейін ағызып әкеткен.

Работа состоит из  1 файл

Қызылағаш оқиғасы.docx

— 25.16 Кб (Скачать документ)

                                        Қызылағаш оқиғасы

Қызылағаш оқиғасы - 2010 жылында 11 наурыздан 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан Қызылағаш ауылы шайылып, шамамен 150 адам ізім-қайым жоғалған қайғылы оқиға. Бірақ ресми мәлімет 37 адамның ғана қаза болғанын растайды. Қызылағашта шамамен 3,5 мыңға жуық адам тұратын еді. Олардың басым көпшілігі, тіпті 80 пайызға жуығы – сырт елдерден келген қандас бауырлар. Дәулетке құнықпай, бейнеті көп ауылда қанағат пен тәубені ту етіп өмір сүріп жатқан бейқам ауылдың тірлігі бір мезгілде шәт-шәлекей болды. Биіктігі бес метрден асатын суық су бар баспананы бұзып-жарып, астан-кестеңін шығарды. Мал да, адам да дариямен ағып кетті. Ет жақынынан айырылмаған ауыл тұрғыны қалмады. Халықтың дені туысқандарының денесін, ең болмағанда, облыстық мәйітханадан көрсек екен деп көкірегі қарс айырылып жүр.Топан су адамдардан бастап, көліктер, үйлер мен сарайларға дейін ағызып әкеткен. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша кентте 146 үй толығымен шайылып кеткен, 251 үй қираған, 42 үйді жөндеуді талап етеді. Адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Күн сайын топан су басқан аймақты тікұшақ шарлайды. Қазір төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруді. Түкіұшақпен байланыссыз қалған ауылдардың тұрғындары орталық лагерге жеткізді. Мұнда оларға жан-жақты көмектер көрсетілді. Арнасынан асқан Қызылағаш су қоймасынан суы 18 минуттың ішінде өз жолындағының барлығын шайып кеткен. Алматы-Өскемен жолындағы көпір бұзылды. Пойыздар қозғалысы тоқтатылды. Құтқарушылар құтқару жұмыстарын таңертең, су ағыны азая басаған шақта бастады. Оқиға орнына құтқарушылар мен бірге әскерилер келді. Қызылағашта бұзылмаған 122 үй қалды. Полицейдлердің тәулік бойы күзету жұмыстары ұйымдастырылды. Сол үшінде мүлік ұрлау оқиғалары тіркелген жоқ. Аяқасты ажалдан аман қалған тұрғындардың сөзіне қарағанда, суқойма бөгеті жарылардан үш күн бұрын ауылда жарық сөніп, телефон байланысы үзілген. Жан-жақпен хабарласа алмай қалған қызылағаштықтар суқойманың жарыла бастағанын тек бір-екі сағат бұрын ғана естіпті. Үрейленген тұрғындардың бірқатары ауыл басшысына хабар берген. Бірақ «отыра беріңдер, ешқандай қауіп жоқ» деген жауап алады.Ет жақындарынан, бар байлығы – малы мен баспанасынан айырылып, ашу мен көз жасына ерік берген тұрғындар мұны ашына айтты. «Бір сағат бұрын қопарылыстың боларын естіп, халық дүрлігіп, әкімге телефон шалдық. Біреулер бізге «әкім отыз шақты адамды алып, шлюзді ашуға кетті, қойманың апатқа қарсы қондырғысын іске қосып, суды тежейді», – деді. Бірақ біз бұған сенбей, өз бетімізше тау жаққа қаша бастадық. Мұнымыз абырой болған екен. Егер бізге алдын ала апаттың боларын айтқанда, малымызды, жанымызды алып үлгеретін едік қой», – дейді ауыл тұрғыны Төлепберген Оқпаев. Қызылағаштықтар суқойманың жарылуы мүмкін екенін алдын ала хабарламағанын бірауыздан қуаттап отыр. Оқиғаның мән-жайын ауыл әкімінен сұрап білмекші едік, бірақ оны апат ошағынан табу қиынға соқты. Наурыздың 11-і күнгі апаттан кейін оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия бірден кірісті. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, біріншіден, суқойманың шлюзі осыған дейін қыс бойы ашық жатып, тек көктем мезгілінде ғана жабылатын. Содан маусым айына дейін қар сулары, өзен ағыны толассыз қоймаға құйылып жатады. Ал бұл жолы тоспа аузы түгел бекітіліп тасталған. Жарылысқа бірнеше күн қалғанда, қойманың Қуаныш Бекеев есімді иесі қойманың шлюзін аша алмай қайтып келген. Бұл кезде 42 млн кубқа арналған суқоймада судың деңгейі 46-48 млн кубқа көтерілген болатын. «Біз «осы қойма мемлекетке қайтарылсын» деп, жоғары жаққа бірнеше рет хат жаздық. Себебі оның иесі өте ұқыпсыз адам болды. Бұл қойманы екі қойшы ғана күзететін. Апат болардан он күн бұрын әкімге хабарластық. Бірақ ол тыңдамай, бізді кері қайтарып тастады», – дейді тұрғындар. Екіншіден, үш күн толассыз жауған жауын мен еріген қар суы қоймадағы судың деңгейін асырып жіберді. Суқойма мен ауыл арасындағы 7-8 шақырым ыдырынған топанға түк болмады. Жарты сағатта Қызылағашты түгел шайып кеткен су көршілес Егінсу, Молалы,Көлтабан сынды елді мекендер мен бірнеше жайлауға да жетті. Дәл мұндай жойқын тасқын бұл өңірде бұрын-соңды болған емес. Қызылағаш оқиғасы қылмыс деп танылды.Ақордада өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарына екі күн ішінде оқиғаны мұқият зерттеп, өлім-жітімге байланысты қылмыстық іс қозғауды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы жұмысына жауапсыздық танытып, суқойманың жарылуына және адамдардың өліміне жол берген кінәлілер болса, жауапқа тартылуы керектігін ескертті. Көп ұзамай Алматы облыстық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 315 (қызмет бабындағы әрекетсіздік) және 316 (салғырттық)-баптары бойынша іс қозғады. Жүздеген тұрғынның сөзі бекер емес болар. Істің қозғалуымен бірге Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Есет Жүнісов, суқоймаға иелік еткен «Шынар» ЖШС директоры Қуаныш Бекеев, су пайдаланушылар арнаулы өндірістік кооперативінің атқарушы директоры Мұхит Жүнісов, Ақсу аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Күнібек Байзақов және Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Евгений Ениндер тұтқынға алынды. Тергеу барысы бас прокурор Қайрат Мәми мен ішкі істер министрі Серік Баймағамбетовтің бақылауында. Бұл күн облыс мәслихатының шешімімен «Азалы күн» деп жарияланды. Ауылдың су шайып кеткен орнында бүгін өлім рухы кезіп жүргендей. Тұрғындардың есептеуінше, бұл табиғи зұлматтан соң, шамамен 150 адам ізім-қайым жоғалды. Бірақ ресми мәлімет әзірше 37 адамның ғана қаза болғанын растайды. Апаттан аман қалған тұрғындар әбден күйзелген. Оқыс оқиғаға ешкім де дайын болмаған еді. Қалада таныс-туысқандары болмағандықтан, тұрғындардың біразы әскери шатырларға қоныстандырылды. Киім-кешек пен тамақ жағы жетіспей жатыр. Бірақ апатты естіген көптеген мекеме-кәсіпорындар мен жеке азаматтар қайырымдылық жасауға бел шеше кіріскен. Қызылағашқа 15 наурызда 90-нан астам отбасы қайта келді. Алапат апаттан аман қалғандар тіршілігін жалғастырмақшы. Үкімет төтенше жағдайдың салдарын жоюға 600 млн теңге бөлген болатын. Оның дені материалдық көмекке, қалған 100 миллионы баспаналар салуға жұмсалады. Ал туыстарынан бір түнде айырылған отбасылардың әр жоғалтқан адамына жергілікті қазынадан 500 мың теңгеден беріледі. Қасірет шеккен отандастарымызға қол ұшын беруге жүрегінде иманы бар көптеген азаматтар бел шеше кірісті. Бірақ Қызылағаштың орнында өлім рухы кезіп жүргендей. Қайғының жарасы жазылар уақыт әлі ерте.Бұл өлкенiң табиғаты да әсем. Орман-тоғайы сыңсыған, шығысқа қарай созылған Жоңғар Алатауының сiлемдерi, қойны-қолаты толған бұлақ, тамылжыған мекен. Әрi жол мойнынан қашық та емес. Дәл осы ауылды қақ жарып, оңтүстiк пен шығысты жалғап жатқан Алматы-Өскемен күре жолы және темiржол өтедi. Апаттан кейiн, оңтүстiк пен шығыстың арасындағы күре жол байланысы 10 күнге үзiлдi. Темiржол байланысын қалыпқа келтiру үшiн әлi де 3 ай керек екен. Әзiрге Өскеменге темiр тұлпармен қатынағысы келетiндер Астананы айналып, айналма жолмен сапар шегуде.Ұлыстың ұлы күнi 22-наурызда топан судың кесiрiнен жермен жексен болған Қызылағаш ауылын аралап қайтудың мүмкiндiгi туды. Күнi кеше ғана 490 үй түтiн түтеткен алып ауылдың тең жартысының жұрнағы ғана жатыр. Әсiресе, Қызылағаш өзенiнiң аңғарындағы ауылдар тып-типыл болған. Бұл қандай жойқын, дүлей күш! Адам санасы жетпейтiн, айтып ауыз бармайтын өзгеше дүние орын алғандығы көрiнiп тұр. Бiр қызығы – алып бәйтеректердiң жойқын су тасқынында былқ етпегендiгi. Апатта құрбан болғандар егер де осы бәйтеректердiң ұшар биiгiн паналағанда, аман қалар ма едi кiм бiлсiн. Ауыл тұрғындары бiзге сол күнгi апатта дауылды тасқынның дүлей күшiнiң әсерiнен бәйтеректiң ұшар басына iлiнiп қалып аман қалғандардың бар болғанын айтты. Олардың көбi жас балалар екен. Күре жолды жағалай орналасқан, ұзыннан-ұзақ созылып жатқан Қызылағаштағы ауа райы тым сүреңсiз. Көктемгi қара суық өңменiңнен өтедi. Дiрдек қақтырған суық жел тынбай соғып тұр. Бiрақ, соған қарамастан ауылда еңбек қызып жатыр. “Тiрi адам тiрлiгiн жасайды”, дегендей апаттан аман қалғандар ертеңгi тiрлiгiнiң қамына кiрiсiп кеткен. Қираған үйлердiң көбiнiң орны бульдозермен күрелiп тып-типыл етiлген. Бiз iздеген үйлердiң сiлемi де қалмапты. Еңселi ақшаңқан үйдiң жұртының өзi қайда болғанын тап басып айту қиын. 21 наурыз күнi iске қосылған көпiр арқылы осы ауылға қарайтын 3-шi бөлiмшенi бетке алды. Бұл ауыл да топан судан зардап шеккен екен, ауылдың өзенге қараған екi көшесiндегi үйлер топан судың құрбанына айналған, адам шығыны жоқ демесек, 35 үй бұнда да жермен жексен болған, кейбiрiнiң қанқасы ғана жатыр.Ауылды өрлей отырып, басынан бiр-ақ шықтық. Қарсы алдымызда iргетасынан екi метрге дейiн сырғып кеткен фин стилiмен салынған ағаш үй тұр. Есiк алдындағы ас үйге барып тiрелген екен. Үй иелерi 35-тер шамасындағы Құрышбек пен Күрiшхан қаңқасы қалған үйiнiң маңайында оны-мұны iздеп, шұқынып жүр.

Тұрғын:

  Апат болған кезде күн өте суық болды. Балалар ерте жатуға дайындалды. Сегiз балам бар, 7 ұл, бiр қыз. Оның бесеуi мектеп жасында, ең кiшiсi – үште. Өксiген, долырған үннен шошып ояндық. Алғашында не болғанын түсiнген де, жоқпыз. Сөйтсек, су да жылайды екен. Судың бiзге жеткен сарыны солай естiлдi. Балаларымның үлкенiн оятып, кiшiсiн көрпеге орай салып, долданған тасқыннан қашып шықтық. Сол кездегi сүркей суықты айтып жеткiзу оңай емес. Оның үстiне жолдасым үйде жоқ едi. Қырда ұсақ малдарды жайғауға кеткен. Есiк алдындағы көршiлерiмiз де ұйқы құшағына енген екен. Оларды да оятып, бiрге жан сауғаладық, – дейдi Күрiшхан. Қазiр олар бөлiмшедегi шағын мектеп ғимаратын паналауда. Суық шалған кiшкентай 3 сәбиi ауруханада. 27 iрi қарасынан, үй мүлкiнен айрылған олар жандарының аман қалғанына шүкiрлiк етедi. Бұл үйден сәл төменiректе орналасқан Зейнезейiп отағасы бәйбiшесiмен дәл апат болған күнi Қарағандыға сапар шегiп кеткен екен. Өздерi жоқта бала-шағасының дүлей тасқыннан аман қалғанына шүкiрлiк етедi. Құлап қалған үйi, қырылып қалған малы үшiн жаны тым қинала қоймайтын секiлдi.

 Тасқыннан зардап шегiп, үй-күйсiз қалған бiр топ отбасы ауылдағы екi қабатты шағын мектебiне орын теуiптi. Солардың бiрi – Рахметдолда ақсақалдың үйi. Бiр отбасында 8 жан. Аман Рахметдолданың кенже ұлы. 5 баласы бар, бар күн көрiсi мал болғандығын айтады.

 – “Жұт жетi ағайынды” дейдi ғой. Апат болардан үш күн бұрын ауылда электр жарығы үзiлiп қалды. Күн қатқақ, қарлы борасын соғып тұрып алды. Су бөгетiнiң бұзылатыны жайлы ақпарат ел iшiнде гулегелi бiраз уақыт болған. Алайда, ауыл әкiмдерiнiң бiрде-бiреуi бiзбен санасып, алдын ала ескерту жасаған жоқ. Сол күнi осындағы Бақыт Темiрбекова деген әйелге келiп, екеумiз Қызылағаш ауылының әкiмi Жүнiсов Есетке телефон шалдық. Әуелi өзiм хабарласып, мән-жайды сұрап едiм. Дұрыс жауап бермедi. Сосын Бақыт хабарласты. “Кiм сендердi дүрлiктiрiп жүрген” деп өзiмiзге дүрсе қоя бердi: “Дүрлiкпей қайтемiз, әуелi өзiң бала-шағаңды көшiрiп алып кетiпсiң ғой” деген едi, “Дүрлiгетiн ештеңе жоқ, егер сенбесеңдер өздерiң бiлiңдер” дедi. Ал, жаяу-жалпы шұбырған жұртты алдынан полиция тоқтатып керi қайырған. Улап-шулап машинаға оратылған халық, күңiренген ел, бейбiт күнде баспанасынан айрылып боздаған халық, әйтеуiр аман қалғаннан кейiн шүкiрлiк қылады екенсiң, – дейдi.

 Рахметдолда ақсақал өткен ғасырдың 90-шы жылдардың ортасында Моңғолиядан қоныс аударған екен. Қызылағаш ауылы – мал өсiруге жайлы мекен. Мұндағылардың негiзгi күн көрiсi – мал. Рахметдолда ақсақал сол күнi малының үйреншiктi жолға түскiсi келмей, айдауға көнбей қойғандығын айтады. Сөйтiп, қораға қамалған 250 ұсағынан көз жазып қапты. Бөлiмшеде өлген малдардың жемтiгi әлi көл көсiр болып жатыр екен. Он күн бойы мұнда жан баласы қатынамаған. Мемлекеттiк комиссияның да аты жетпей жатыр екен. Ауыл адамдары қолда бар азық-түлiгiмен жан баққан. Бұл ауылдың екi көшесi, 35 үйi тасқынға төтеп бере алмай, үйiндiге айналған. Зардап шеккен әр адамға 120 мың теңге көмек берiледi дегенге шүкiрлiк етiп, ертеңге үмiтпен қарайды.


Информация о работе Кызылагаш окигасы