- Дереккөзінің хабарлауынша Кариев алдымен өзін сыртынан бақылап жүрген ҰҚК департаментінің екі қызметкеріне қарулы шабуыл жасап, оларды мерт еткен. Таңертеңгі 11-дің шамасында Мазда-626 автокөлігінің иесі азамат Закировке қарақшылық шабуыл жасап, оны қарумен қорқытып машинасын тартып алған.
- Сағат 11.35-те Қариев қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, күзетшісі Федорченконы атып өлтіріп, кездейсоқ жүргінші Оразбасовты ауыр жаралаған-дағы екі жартылай автоматты қару мен оқ-жарақтар алып кеткен. Бұдан соң қылмыскер ВАЗ-21099 автокөлігімен оқиға орнынан ізін суытады. Қашып бара жатып ол ізіне түскен мамандандырылған күзет бөлімі қызметкерлері, полиция сержанттары Аямқұлов пен Байсейітовті өлтіріп, олардың табелдік қаруларын, атап айтқанда Калашников автоматы мен Макаров тапаншасын алып кетеді.
- Бұдан кейін қылмыскер өзінің үйіне жетіп, РПГ-26 гранатаатқышын алып шығады. Сосын облыстық ҰҚКД ғимаратына жетіп, аталған қарумен ғимаратқа қарай бір рет оқ атады. Автоматтан оқ жаудырады. Прокуратура өкілінің хабарлауынша аталған шабуылдан ешкім зардап шекпеген.
- Бұдан соң оқиға орнынан із суытқан Қариев 11.45-те атты полицияның екі қызметкерін жаралайды.
- 12.00 кезінде қылмыскерді жол полициясының бөлім батальоны қызметкерлері жаралайды. Полицейлердің қарусыздандыру әрекеті кезінде Кариев өзін-өзі жарып жібереді.
Нәтижесінде оны ұстаған взвод командирі, полиция капитаны Байтасов сол жерде қайтыс болады. Атыс кезінде полиция сержанты Алашев жараланады.
Таразда 2011 жылдың
12 қарашасындағы лаңкестік оқиғаның қатысушыларына
қатысты сот процесі басталды
- Таразда сәрсенбі, 15 ақпан күні өткен жылдың 12 қарашасында жасалған лаңкестік оқиғаның қатысушыларына қатысты сот процесі басталды.
Жамбыл облыстық сотынан хабарланғандай, сот процесі 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласының тұрғындарын үш сағат бойы қорқынышта ұстаған террорист - Мақсат Қариевке көмектескен 5 айыпталушының үстінен жүруде.
Сыбайластардың бесеуіне де ҚР ҚК-нің 96 бабы (кісі өлтіру), 251 бабы (қаруды заңсыз сақтау) және 233 баптың 2 бөлімі (лаңкестік) бойынша айыпталды.
Сот процесі жабық түрде тараздық СИ-13 мекемесінде өтіп жатыр.
Таразда лаңкестік
кезінде ерлікпен қаза тапқан полицейлерге
арнап «Естелік қабырға» ашылды
- Жамбыл облысы ІІД ғимаратының алдында 12 қараша күні қызметтік міндетін орындау барысында қаза болған қызметкерлерге арналған «Естелік қабырғасын» ашу шарасы өтті. Ашылу мен гүл шоқтарын қою салтанатына облыстық және қалалық әкімшіліктердің, аймақтың барлық құқыққорғау органдарының басшылары, қаза болғандардың туған-туыстары, ҰОС пен Ішкі әскер адрагерлері, ІІД жеке құрылымы, БАҚ өкілдері қатыстыВсе права защищены.
- Мемориалдық тақтаға қаһарман-полицейлер Ғазиз Байтасовтың, Болат Аянқұлов және Жақсыбек Байсейітовтің фотосуреттері, оларға жоғарғы награда ұсыну жөніндегі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы ілінген. Қатысушылар қаза болғандардың ерлігіне бір минуттық үнсіздікпен бас иді.
- Дәл осы күні қала әкімі Болатбек Орынбеков Байтасовтың, Аянқұлов пен Байсейітовтің туған-туыстарына уәде етілген пәтер кілтін табыстады.
Таразда лаңкестіктен
қаза тапқандардың отбасыларына пәтер
кілті табысталды
- 12 қараша күні қарулы шабуылда 3 полиция, 2 Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің қызметкері қаза тапқан болатын. Олардың отбасыларына әлеуметтік көмек көрсетуді Елбасы жергілікті атқарушы билікке жүктеді.
- Тапсырма тиянақталып, отбасы мүшелеріне «Бәйтерек» шағын ауданынан жаңа баспана берілді. 2 бөлмелі пәтерге ие болғандардың қатарында полицейлердің жесірлері Гүлжамал Тәжиева, Миясар Юсупова, Дәмира Сметілдәқызы бар. Сондай-ақ отағасынан айырылған 4 балалы Виктория Власова мен 2 баласы әкесіз қалған Гүлнәр Қалиева да ұмытылған жоқ. Осылайша жесір қалған 5 ана да ерім дейтін елінің қамқорлығын сезінді. Олар енді жаңа пәтерге қоныс аудармақ ниетте.
Тараздағы
оқиға негізінде лаңкестікке қарсы
ролик шығарды