Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 07:56, реферат
Өлім адамның ақырғы кезеңі. Өлім қандай тез болғанмен оның бірнеше кезеңі болады: предагония, агония, клиникалық өлім. Клиникалық өлімнің себебі: ауыр жарақаттар, қатты улану, суға бату, электр жарақаты, жүрек аурулары, тұншығу, талықсу, өсімдіктердің және жәнтіктердің уымен улану т.б.
Биологиялық
өлімді немесе бас миының
біржола семуін растау
ережесіне 1-қосымша
Арқа автоматизмдері мен рефлекстері
Дене бөлігі |
Кездесетін белгілер |
Омыртқаның мойын бөлігі |
Тітірендір мойын рефлекстері: мойын бұлшықетінің спазмдық контрактурасы, бастың бұрылуына жауап қарсы жамбас буынының бұрылуы, шынтақ буынының бұрылуы, иықтың түсуі, бастың өздігінен бұрылуы. |
Қол |
Бір жақты түзелу – пронация. Саусақтарды бөлек тарту. Иықты көтеру және бұру, қолдарын қосқан жағдай суреттелген. |
Кеуде |
Дененің ассиметриялы опистотоникалық жағдайы. Отыру қалпын еліктетін кеуденің майысуы. Құрсақ рефлекстері. |
Аяқ |
Саусақтардың майысуы. Майысудың феномені. Бабинский белгісі. |
Биологи
Адам өмірінде кездесетін тосын
да таңғажайып құбылыстардың бірі —
сонау ежелгі грек заманынан бастау
алған летаргиялық ұйқы. «Летаргия»
— сөзі грек тілінен аударғанда
«ұмыту», «естен шығару» деген мағынаны
білдіреді.
Нақты деректерге көз жүгіртсек, сандаған
айлар мен жылдарға созылатын летаргиялық
ұйқыға байланысты оқиғалар жер бетінде
ерте кезден-ақ молынан орын алған. Атақты
орыс ғалымы, дәрігер-физиолог Иван Павлов
өз еңбектерінде Качалкин деген бір азаматтың
1898-ші жылдан бастап «ұйықтап», тек Қазан
төңкерісінен кейін ғана «оянғанын» жазған.
Ол оянып, өз-өзіне келгеннен кейін ғалым
онымен арнайы жүздесіп, оның ұйқы үстіндегі
халін сұрағанда, ол ұйықтап жатып-ақ бәрін
естіп-біліп жатқанын, тек денесін қозғауға
шамасы келмей, тұла бойын бір зіл-батпан
күш басып тұрғандай күйде болғанын айтқан.
Ғалымдардың зерттеулеріне жүгінер болсақ,
мұндай «ұйқыдағы өмірге» немесе летаргиялық
ұйқыға нерв жүйесі зақымданған, психикалық
қалыптан ауытқыған, жаратылысынан өте
қызба жандар кетеді екен. Осыған ұқсас
әлі шешімі толық табылмаған жұмбақ құбылыстың
бірі – клиникалық өлім процесі. Дәстүрлі
медицинада клиникалық өлім процесі адам
өмірінде өте сирек болатын «экстремальды
жағдай» деп түсіндіріледі.
Дәрігер мамандардың пайымдауынша, клиникалық
өлім сәті — ең ұзақ дегенде бес минутқа
дейін созылатын адам өміріне қауіпті
процестің бірі. Мұндағы ең негізгі фактор
клиникалық өлім сәтінде адам ағзасындағы
маңызы зор органдардың қызмет атқару
механизмдері мен денедегі қан айналу
процесі бәсеңдеп, тыныс алу клеткаларының
жұмысы тоқтайды. Клиникалық өлім сәті
жайлы тілге тиек еткен кезде американдық
дәрігер-реаниматор Реймонд Мудидің «Өлімнен
кейінгі өмір» деп аталатын ғылыми-танымдық
зерттеу еңбегіне тоқтала кету артық болмас.
Негізінен аталған кітаптың оқырмандар
тарапынан да, сыншылар мен ғалымдар тарапынан
да зор табысқа жетіп, қолдау табуы — онда
өмірдің өзінен алынған нақты фактілерге
негізделген жәйттердің молынан қамтылғандығы.
Автор кітапта орын алған барлық әңгіме,
оқиғаларды клиникалық өлім халін басынан
кешірген жекелеген адамдармен жүзбе-жүз
сөйлесіп, олардың өз ауыздарынан жазып
алған. Мұндағы кез-келген адамды таңғалдыратын
нәрсе — кітаптағы егжей-тегжейлі баяндалған
жайлардың өмір шындығымен айна-қатесіз
сәйкес келетіндігі. «Клиникалық өлім
халін басынан кешірген әртүрлі жас шамасындағы
бірнеше адамдардың бірқатар әңгімелерінде
ұқсастықтар жиі кездеседі. Менің жинақтаған
зерттеу еңбектерімдегі ақпараттарға
көз жүгіртсем, жобамен алғанда 15-тен астам
жекелеген элементтердің қайталанатындығын
аңғару қиын емес. Осылардың негізінде
мен «өліп-тірілген» жандардың әңгімелерінің
ішінде жиі кездесетін детальдардың теориялық
моделін атап өтпекпін. Айталық, адамның
физикалық денесі әлсіреп, шегіне жеткен
кезде ол «көз жұмады». Дәрігерлер ол адамды
өлдіге санап, медициналық сараптама негізінде
өз тұжырымдамаларын ортаға салғанымен,
«өлген адам» оның бәрін естіп жатады.
Бұдан кейін ол, яғни, «жан» өзінің физикалық
тәнінен бөлініп, шығып кеткенін айқын
сезінеді. Әрбір жан өзінің денесін алыс
ара қашықтық ауқымында сырттан бақылап
тұрған көрермен секілді. Баса айта кететін
жәйт, клиникалық өлім сәтінде «өлген
адам» дәрігерлердің оны тірілту үшін
жасап жатқан әрекеттерін айна-қатесіз
көре алады. Олардың бәріне ортақ тағы
бір ерекшелік тәннен бөлініп шыққан жанның
у-шу мен зыңылдаған тынымсыз қатты дыбыстарды
ести алатындықтары және өте үлкен жылдамдықпен
ұзын қара туннель ішінде жылжитындықтары»,
— деп жазады Реймонд Муди. Санаға сыйдыра
алмайтын мұндай құбылыстарға баға беру
қиын-ақ.
Біздің сену-сенбеуімізге тәуелді емес,
сирек те болса адам өмірінде орын алатын
құбылыстар бір сөзбен айтып түсіндіруге
болмайтын үлкен мәнге ие және әлі де өте
терең зерттеуді, жіті ғылыми пайымдауларды
қажет етеді. Летаргиялық ұйқы мен клиникалық
өлім сәтінің сыртқы сипаттары ұқсас болғанымен,
олардың әрқайсысының ішкі мазмұны мен
ерекшеліктері сан қырлы. Летаргиялық
ұйқы мен клиникалық өлім процесінің айырмашылығы
жер мен көктей. Летаргиялық ұйқыға бататындар
— негізінен нерв жүйесіне салмақ түскен
жандар. Өте сирек жағдайларда кездесетін
летаргиялық ұйқыға кеткен адам уақыт
өлшемінен тыс болады және ара қашықтық
өлшемі мен ажалдан босайды. Ондай жанның
еншісінде тек өмір ғана қалады. Летаргиялық
ұйқыға батқан адам мейлі он жыл, мейлі
жиырма жыл ұйықтасын, ол оянғаннан кейін
де өзінің табиғи жасына сәйкес қалыпта
болады. Ұйқыдағы уақыт бедері оның өмірінде
өз ізін қалдырады. Ал, клиникалық өлім
процесі летаргиялық ұйқыға керісінше
форма. Онда өмір мен өлімнің жартысы қалады
да, адам уақыт өлшеміне тәуелді болады.
Клиникалық өлім процесі де өте сирек
жағдайларда болатын жұмбақ құбылыс. Аталған
«уақытша өлімге» бой алдыратындар —
негізінен онкологиялық асқынған сырқаттары
бар жандар және белгілі бір себептермен
тағдырларына Алланың сынағы жазылған
пенделер. Клиникалық өлім кезінде адамның
жаны параллельдік әлем өлшемдеріне еркін
түрде шығып кетеді. Тылсым дүниенің әлі
ашылмаған бір тынысы, адам жаратылысының
шешуі табылмаған бір құпиясы деп айтуға
болатын бұл құбылыстар әлі де терең зерттеуді
қажет ететіні сөзсіз…
Арай САХАРИЕВА, журналист, Шығыс Қазақстан
облысы.
Массаж – француз сөзінен шыққан, ысқылау деген мағынаны білдіреді, оның түпкі тамырын араб тілінен алған (арабша «масс» - жақындау, сипалау).
Франкфурт, Алмания.
Мазмұны[жасыру]
|
Осыдан 4000 жыл бұрын Египетте емдеу әрекеті басталған, оның ішіне массаж да кірген. Оған айғақ 1841 жылы Египет қолбасшысының табытының ішінде папирус жапырағына жазылған массаждың тәсілдері табылған. Массаждың ең көне түрі Берлинде үлкен музейде сақталған. Көз тартарлық дүниенің ішінде, екі адамның бірін – бірі сипалап отырған көрінісі ерекше көзге түседі. Бұл сол кездегі Ассирия патшасы Санхерибаның (біздің дәуірімізге дейінгі 705-681 жж.) дүниесі еді. Ежелгі гректер массаж арқылы денеге әр түрлі майларды уқалап жағуды египеттіктерден үйренген екен... Ежелгі Греция халқының спортшылары сайыстың алдында және соңынан денелерін майлатып, артынан Ніл өзенінің жағасынан әкелінген ұсақ құммен ысқылатқан екен. Ең алғашқы массажды қолдануға ұсыныс берген гректің атақты дәрігері Геродикос. Оның оқушысы Гиппократ ауруларға массаждың илеу – жұмсарту – мыжу тәсілдерін кеңінен қолданады. Массаж ертедегі Грециядан Ежелгі Римге өтеді. Дәрігер Акслепиад (біздің дәуірге дейінгі 156-128 жж.) массажды құрғақ және майлы, күшті және әлсіз, ұзақ және қысқа деп әр түрге бөлген. Корнелий Цельс оны әрі қарай дамытып, массаждың қасиетіне тереңірек көңіл бөлген. Өзінің «Медицина туралы» кітабының бір тарауын массажға арнаған. Массаждың өрлеуіне ұлкен көмегін тигізген дәрігердің бірі Гален (біздің дәуірімізге дейінгі 131-120жж.). Итальяндықтар массажды тек тұрмыс жағдайында ғана емес, тіпті әскери жағдайда да кең қолданған. Массаждың етек алып, дамуына дүние жүзіне әйгілі ғалым, жазушы, астроном, орта ғасырдағы үлкен тұлға Әбу Әли – Ибн Сина (Авиценна) көп ықпал жасады. Ол массаждың әрбір түрін талдап берді. Мәселен, күшті массаж – денені қатайтады, әлсіз – босатады, ұзақ – адамды арықтатады, орташа – құлпыртады, даярлық – дене тәрбиесіне икемдейді. Ғалымның берген осындай анықтамалары – емдік, спорттық массаждың негізін құрады. Шығыс елдерінде массаж өз ерекшелігімен көзге түседі. Өйткені ол қолмен емес,аяқпен де жасалады. Массаждың шыққан тегі өткен ғасырларда екенін білдік. Оның ең бір кең тараған, алғаш агылған жері Қытай елі болатын. «Най – цзин! (ішкі құрылыс туралы кітап) атты қолжазбада (осыдан 3000 жыл бұрын жазылған) және көп ескі әдеби еңбектерде массаждың қандай ауруларға қолданылғаны туралы жазылған. Массаждың техникасы, методикасы, әдісі, тәсілі осыдан 100 жыл бұрын реттеліп, баспа бетінде берілген. Ежелгі Үндістанда «Аюр Веды» (ғылыми өмір) атты үш кітаптың біздің дәуірімізге дейін, 1800 жыл бұрын шыққан бөлімінде массаж туралы толық жазылып, оны қандай ауруға қалай қолданатыны жайлы атап көрсетілген. Славян елдерінде массажды моншада бейнке (сыпырғыш) арқылы сабалап жасаған. Массаж туралы туындылар көп болғанымен, бізге жеткені шамалы. Қазірдің өзінде біреу білсе, екіншісі білмейді. Тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында массаждың физиологиялық қасиетін ашпақ болған. Оның әсерін, ғылыми тұрғыда, тек И. П. Павловтың жоғары нерв жүйесінің теориясы жарық көрген кезде ғана айта алатын халге жетті. Массаж халық медицинаның үлкен бір бөлігі. Ол барлық же шарына кең тараған, сондықтан емдеу әдістерінің ең негізгі тарауы болып құрамына кіреді. Қазіргі кезде шығыс және батыс массажы деп екіге бөледі. Батыс массажына классикалық және сегментарлық, ал шығыс массажына нүктелі (бір нүктеге қадап) және жүйелі (дененің бөлігіне жасау) массаждар жатады.
Таиланд.
Массаж дегеннің өзі адам денесіне
мөлшермен берілетін
Зертеуге қарағанда, массаж адам денесінде
болып отыратын зат алмасулардың
бәріне әсер етеді. Организм мен оны
қоршаған орта арасында үздіксіз зат
және энергия алмасу процесі жүреді.
Сыртқы ортамен зат алмасу организмге
су және азқтық өнімдердің түсуінен басталады.
Олардың бір бөлігі ас қорыту жолында
едуір қарапайым заттарға ыдырап,
организмнің ішкі ортасы – қан
мен лимфаға өтеді. Заттар қанмен
бірге клеткаларға түседі. Мұнда
олар химиялық өзгерістерге ұшырайды.
Организмге тән белок, май, углевод
түзетін биосинтез және күрделі
органикалық қосылыстардың
Массаж бірнеше топқа бөлінеді. Олар емдеу, гигиеналық, косметикалық және спорттық массаждар. Сондай-ақ осыларға қосылатын массаждың тағы бір түрі — адамның өзіне-өзі массаж жасауы (самомассаж).
Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше
оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек
дәрігер тағайындайды. Ал орындағанда
білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада,
санаторин-профилакторий сияқты медициналық-мекемелерде
аурудың жағдайын тыңғылықты қадағалап
отырады. Ол басқа комплексті емнің
құрамына кіреді. Мысалы дәрі-дәрмекпен,
физиотерапиялық емдік
Массаждың бұл түрі сау адамдардың денсаулығын сақтау үшін, аурудың алдын алу үшін, ерте қартайып — тері солып қалмау үшін қолданылады. Ол барлық денеге немесе жеке бір мүшеге жасалады. Сол сияқты оны маман, әйтпесе әркім өзіне - өзі жасай алады. Гигиеналық массаж, ертеңгі жаттығулар сияқты таңертең орындалады. Қай мезгілде жасаса да оның артықшылығы жоқ, дегенмен таңертең ұйқыдан оянған сәтте денені сергітуге арналған. Себебі адам организмі бірден құлшынып тіршілікке ене қоймайды, ол күні бойы (ең болмаса түске дейін) біртіндеп таратылады. Әсіресе, қан қысымы төмен не буындары ауыратын адамдарға ертеңгі массаждьң көмегі өте қажет – ақ.
Жұлыннан шыққан нерв талшықтары ішкі ағзаларға және дененің бір бөлігіне (тері, бұлшық ет, тканьдер т.б.) бірдей әсер етеді. Сонда адамның сыртқы және ішкі органдарының арасында тығыз байланыс болады. Осындай сезімтал аймақты ең алғаш орыс дәрігері А.А.Захарьин ашады. Ол жүрек ауырған кезде арқаның терісін сипалай отырып осы рефлексогендік белдеуді анықтайды. Кейін ішкі органдар мен сыртқы терідегі сезімтал аймақтың өзара байланысын неміс дәрігері Х.Гед тиянақты тексере отырып, анықтап шығады. Сондықтан осындай сезімтал рефлексогендік аймақты ашқан авторлардың құрметіне Захарьин Гед белдеуі не аймағы деп атайды. Көп ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, осы Захарьин Гед аймағы мен ішкі ағзалардың байланысы жұлыннан шыққан бірыңғай нерв талшықтары және шеткері вегативтік нервтер арқылы іске асады Дененің белгілі бір бөлігін деп тері, бұлшық ет, тері астындагы шелді қабат, дәнекер ткань, тамырлар, сүйек — барлығы нерв талшықтары арқылы ішкі ағзалармен байланысты. Сондықтан ішкі органдардың біреуі ауырса, бірден терінің бір жеріне беріледі. Мысалы, жүрек ауырғанда, оның әсері сол жақ иыққа, жауырынға, қолға беріледі. Егер сол жерлерді зер салып қараса, өзіне тән өзгерістері байқалады. Басқа қоршаған жерден гөрі бұл белдеуде электроөткізгіштік қасиет жоғары, терінің, температурасы көтеріңкі, бұлшық еттер қатты ауырып, сіресіп, өте сезімталдық байқалады. Осы анықталған белдеуге массаж жасағанда, науқасқа шалдыққан ішкі органда әжептәуір жеңілдік анықталады. Ол жерде қан айналымы жақсарып, зат алмасуы күшейеді. Сондықтан ішкі ағзалардың, әрқайсысына лайықты сезімтал белдеулері болады. Жұлынның арнайы сегменттері соған арналған. Массаждың түрлі тәсілдерін осы арнайы сезімтал белдеулерге колдана отырып, закымданған мүшені қалпына келтіруге болады. Ол үшін жұлынның сегменттерін анық білу керек. Барлығы жоғары реттеуші күштің қарамағында өтетінін еш уақытта естен шығармаған дүрыс.