Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2012 в 20:51, реферат
Бұл жаднама Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің АҚ және ТЖ саласында басшы құрамдардың біліктілігін арттыру Республикалық курстарында әзірленді және қалың оқырманға арналып отыр.
Аталған оқу құралына қатысты барлық құқыққа АҚ және ТЖ саласында басшы құрамдардың біліктілігін арттыру Республикалық курстары ие болады. Материалдарды қайта бастыру иелік етушінің жазбаша рұқсатымен ғана жүзеге асырылады
Өз мінезіңізбен лаңкестер назарына түспеңіз, белсенді қарсылық көрсетпеңіз. Бұл сіздің жағдайды қиындатуы мүмкін.
Қашып құтылуға толық сенім жоқ болса, қашуға әрекеттенбеңіз.
Мүмкіндігінше террористер туралы ақпаратты көбірек есіңізде ұстаңыз (санын, қаруын, сипаттары қандай, дене ерекшеліктері, сөйлеу мәнері, әңгіме тақырыбы, мінез құлқы) өзіңіздің тұрған (қамалған) жеріңізді анықтауға тырысыңыз.
Тамақтан бас тартпаңыз. Бұл күш пен денсаулықты сақтауға көмектеседі.
Терезеден, есіктен және террористердің өздерінен алысырақ орналасыңыз. Бұл ғимаратқа шабуыл жасалған, мергендер қылмыскерлерді атқан жағдайда өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге қажет.
Ғимаратқа шабуыл жасалған кезде қолыңызды желкеңізге қойып, етпетіңізбен жатыңыз.
1 қосымша
Жарылыс қондырғысы немесе жарылыс
қондырғысына ұқсас зат анықталған
кезде ұсынылатын көшу және
қоршау аймақтары
РГД - 5 гранатасы
Ф - 1 гранатасы
Массасы 200 г тротилді орам
Массасы 400 г тротилді орам
0,33 сыра қалбыры
МОН - 50 минасы
Чемодан (кейс)
Жол чемоданы
"Жигули" үлгісіндегі автомобилі
"Волга" үлгісіндегі
Микроавтобус
Жүк автомашинасы (фургон)
2 қосымша
Телефон бойынша лаңкестік
сипаттағы қауіп мазмұндалған
хабарды қабылдау тәртібі туралы
Құқық қорғау органдарына сіздің төмендегі әрекеттеріңіз қылмыстың жасалуын болдырмау және қылмескерлерді іздестіру үшін айтарлықтай көмектеседі.
Әңгімені сол қалпында есте сақтауға және оны қағазға жазуға тырысыңыз.
Әңгіме барысында қоңырау шалушының жынысын, жасын және оның сөйлеу ерекшелігін жадыңызда ұстаңыз:
- дауысы : қатты (жәй), төмен (жоғары);
- сөйлеу қарқыны тез (баяу);
- дыбыс шығаруы: анық, түсініксіз, демігеді, акцентпен немесе диалектімен сөйлейді;
- сөйлесу мәнері: еркін, жаман сөздер айтады, мысқылдайды;
- дыбыстық ахуалды міндетті түрде белгілеңіз (автомашинаның немесе теміржол көлігінің шуы, теле - немесе радиоаппаратураның дыбысы, дауыстар, басқалар);
- қоңырау сипатын белгілеңіз (қалалық немесе қалааралық);
- әңгіменің дәл басталған уақытын және оның созымдылығын міндетті түрде жазып қойыңыз.
Кез-келген жағдайда әңгіме барасында мына сұрақтарға жауап алуға тырысыңыз:
- Бұл адам қайда, кімге, қай телефон бойынша хабарласып тұр?
- Ол қандай нақты талаптар қойып отыр?
- Ол талапты жеке өзі қойып отыр ма, дәнекер ретінде сөйлесіп тұр ма, немесе қандай да бір топтың мүддесін білдіре ме?
- Ол немесе олар қандай шарттармен ойлағандарынан бас тартады?
- Бұл қоңырау туралы сіз кімге хабарласа аласыз немесе хабарлауға тиіссіз?
Өзіңіз және сіздің басшылық шешім қабылдау немесе қандай да бір әрекет жасау үшін мүмкіндігінше қоңырау шалушының уақытын көбірек алуға тырысыңыз.
Егер мүмкін болса бұл туралы объек басшылығына әңгіме барысында, егер мүмкіндік жоқ болса - әңгіме аяқталған бойда дереу хабарлаңыз.
Әңгіме мен оның мазмұны туралы деректерді таратпаңыз.
Алынған ақпаратты білетін адамдар санын барынша шектеңіз. Нөмірді автоматты анықтағыш (АНА) болған жағдайда, анықталған телефон нөмірін дәптерге жазыңыз, бұлай ету оны кездейсоқ жоғалудан сақтайды.
Дыбыс жазылу аппаратын пайдалану кезінде әңгіме жазылған кассетаны (мини-диск) бірден алыңыз және оны сақтау шараларын қабылдаңыз. Міндетті түрде оның орнына басқа кассета салыңыз.
3 қосымша
Лаңкенстік сипаттағы қауіп
мазмұндалған жалған
материалды пайдалану тәртібі
Лаңкестік сипаттағы қауіп мазмұндалған жалған материалды алған кезде, онымен барынша сақ әрекет жасаңыз, оны таза полиэтилен пакетімен мұқият орап жеке қатты папкаға салыңыз.
Онда өз саусақтарыңыздың ізін қалдырмауға тырысыңыз.
Егер құжат конвертпен келсе, оны тек сол немесе оң жағынан ғана шет тұсын қайшымен абайлап кеседі.
Оның ішіндегінің бәрін: мәтінді құжаттың өзін, кез-келген затты, конвертпен орамды сақтаңыз, ештеңені тастамаңыз.
Құжат мазмұнымен адамдар шеңберін кеңейтпеңіз.
Жалған материалды ілеспе хатпен құқық қорғау органдарына жолдаңыз, онда жалған материалдардың белгілері (түрі, саны, қандай әдіспен орындалғандығы, мәтіннің - қандай сөзден басталып, қандай сөзбен аяқталғандығы, қойылған қолдардың болуы және т.б.), сондай-ақ оның таралуына, табылуына немесе алынуына байланысты мән жайлар көрсетілуі тиіс.
Жалған материалдар тігілмеуге, желімделмеуге тиіс, онда қол қоюға мәтіннің кейбір жерлерін сызуға немесе қоршауға, бұрыштма мен нұсқау жазуға, ластауға немесе бүгуге рұқсат етілмейді.
Ілеспе құжаттарға бұрыштамалар мен өзге жазбалар жазылған кезде жалған материалдарда қатты із қалмауы тиіс.
Тіркеу мөртабаны тек ұйымның ілеспе хаттарына және жалған материалды тиісті жерге әкеп тапсырған азаматтардың өтініштеріне қойылады.
«Республикалық ТЖ және АҚ саласындағы басшылық
құрамның бiлiктiлiгiн арттыру курстары» РМҚК
Информация о работе Террористік акт қауіпі кезіндегі халықтың іс-әрекеті бойынша