Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 11:53, реферат
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады.
Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т.б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады. [1] Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай
Табиғи сипаттағы Төтенше жағдай – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын Төтенше жағдай-лар.
Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай
Техногендік сипаттағы Төтенше жағдай - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған Төтенше жағдай.
Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға: - қарулы шабуыл - кейбір аймақтардағы толқулар - соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі зақымдау тәсілдерді қолдану жатады
Төтенше жағдай аймағы
Төтенше жағдай аймағы бұл Төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдай таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Төтенше жағдай
Төтенше жағдай – апат нәтижесінде қалыптасқан
ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру
процесстерінің жиілігі болып табылады.
Бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін
қосымша күш пен қаражатты тарту және
айрықша шешім қабылдауды талап етеді.
Төтенше жағдайлар үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:
1) Пайда болу саласы бойынша.
2) Ведомстволық қатыстылығы бойынша.
3) Аумақтық таралуы бойынша.
Пайда болу бойынша төтенше жағдайлар:
- табиғи;
- техногенді;
- жанжалды болып бөлінеді.
Табиғи төтенше жағдайларға:
- геофизикалық қауіпті құбылыстар
- геологиялық қауіпті құбылыстар
- метеорологиялық және агрометеорологиялық
қауіпті құбылыстар
- теңіздегі гидрологиядық қауіпті құбылыстар
- гидрологиядық қауіпті құбылыстар
- табиғи өрттер
- адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы
- ауылшаруышылық малдардың жұқпалы ауруға
шалдығуы
- ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға
және зиянкестерге шалдығу жатады.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға:
- өндірістік
- транспорттық авариялар
- өрттер
- ҚӘУЗ тасталуымен авариялар
- РЗ тасталуымен авариялар
- БҚЗ тасталуымен авариялар
- ғимараттардың кенеттен құлауы
- электр-энергетиқалық жүйелердегі
- коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру
желілердегі авариялар
- тазартқыш құрылыстардағы авариялар
- гидродинамикалық авариялар жатады.
Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға:
- қарулы шабуыл
- кейбір аймақтардағы толқулар
- соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі
зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.
Ведостволық қатыстығы бойынша төтенше
жағдайлар мыналарға бөлінеді:
- құрылыста
- өндірісте
- халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық
қызмети көрсету саласында
- көліктік байланыста
Аумақтық таралуы бойынша төтенше
жағдайлар мыналарға бөлінеді:
- объектілік
- жергілікті
- аймақтық
- кең ауқымды