Ядролық энергетика және оның табиғи ортаға әсері

Автор работы: v**********@bk.ru, 27 Ноября 2011 в 23:50, реферат

Описание

Қарапайым шопан өміріне үзіліс жасаймыз деп біз, бэлкім, болашақтағы үлы даналыққа, жасампаз дүние жаңалықтарына бастайтын жалғастықты үзіп алған болармыз. Адамзат тарихында халықтың қалың ортасынан шыққан ұ_лы ойшылдар аз болмаған. Әр ғұмырдың өзіне лайық шынайы бағасын бере білу керек. Қиял-ғажайыпшылардың пайымдауынша, тіпті абайсызда басып кеткен кебелектің өзі біздің болашағымызды өзгертіп жіберуге елеулі себеп болады екен. Мүнда философиялық терең мағына бар. Өмірдің арзан-қымбаты болмайды. Өркениет үшін эрбір ғүмырға баға жетпейді.

Работа состоит из  1 файл

Аманов Ядролық энергетика.doc

— 107.00 Кб (Скачать документ)

            Ядролық энергетика және оның табиғи ортаға әсері.

            КІРІСПЕ

      Қарапайым шопан өміріне үзіліс жасаймыз деп  біз, бэлкім, болашақтағы үлы даналыққа, жасампаз дүние жаңалықтарына бастайтын жалғастықты үзіп алған болармыз. Адамзат тарихында халықтың қалың ортасынан шыққан ұ_лы ойшылдар аз болмаған. Әр ғұмырдың өзіне лайық шынайы бағасын бере білу керек. Қиял-ғажайыпшылардың пайымдауынша, тіпті абайсызда басып кеткен кебелектің өзі біздің болашағымызды өзгертіп жіберуге елеулі себеп болады екен. Мүнда философиялық терең мағына бар. Өмірдің арзан-қымбаты болмайды. Өркениет үшін эрбір ғүмырға баға жетпейді.

     Адам  өзінің элдеқандай кеселге шалдыққанын  сезгенге дейін алаңсыз жүре береді. Білген кезде барып тітіркенеді. Семей аймағы түрғынының басынан да тап осыпдай ахуал етті. Ол Семей маңындағы ядролық полигон түптің түбінде. қауіпті қатер болатынын білгенге дейін алаңдай қойған жоқ. Ол біртіпдеп көтеріле беретін, саңырауқүлақ секілді аләпат бүлт пен жарық дүниенің ғажайьш қүбылысына үқсаған аспандағы екінші күннің жарқылына таңырқай қарады. Өзі түрған жердің ай сайын қайта-қайта тербеле беруі ол үшін табиғаттың үйреншікті қүбылысына айналды. Адам осы байланыстың беті ашыла бастаған кезде барып тіксіне бастады. Бірақ тамыздың тып-тыныш аспанында саңырауқүлақ секілді алапат бүлттың біртіндеп көтерілген кезінен бері қырық жыл өтіп кеткен еді. Кэзір, осы жолдар жазылып отырған шақта, қырық жылдан аса бақылаусыз эрі жеке-дара білгенін істеп, бізге батпандай ауыр жүк қалдырған қүбыжықтың үні өшті: енді түбегейлі жеңіс үшін аймағымызды ауыр жарақаттан айықтырып, оның байырғы күш-қуатын қалпына келтіріп алу қажет. Әрине, полигонның үні бірден өшкен жоқ. Оған біз соқтықпалы соқпақсыз, бардарсыз да ауыр жолдармен жеттік.

      Адамзат бүл қозғалыстың тарихын білуі  керек. Олар осынша үзақ қырық жылдың біздің аймаққа нендей зобалаң экелгенін білуге тиіс. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

        ҚАСІРЕТТЩ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ  ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ

     Радиоактивтік, атом жэне оның ядросының қүрылымы сияқты аса ірі жаңалыңтармен қатар, өткен жүзжьшдыңтың аяғында басталган жаратылыстану ғылымдағы жаңа кезең, табиғат туралы ескі көзқарасты түбірімен өзгертті.

     Ол  адамзатты дамудың жаңа сатысына көтерді, сонымен бірге оның табиғат  жэне жалпы адамзат байлықтары алдындағы жауапкершілігін де көтерді.

     Енді  жаңа проблема — бізді қоршаған ортаның радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мэселесі түрды: ядролық реакция энергиясының эсерінен тірі клеткалардың ьщырайтындығы сол кездің өзінде-ақ белгілі болған. Енді өмірдің өзін жэне ол тіршілік ететін ортаны қорғау секілді аса үлкен жауапкершілік пайда болды. Соған қарамастан атом энергиясын зерттеу жэне пайдалану тэрізді жаңа басталған процесс тоқталмас арнаға түсті.

      1943 жылдың өзінде, неміс коммунист-физигі  К. Фукстың АҚШ-та үлкен жүмыс  жүргізіліп жатқандығы жөніндегі хабарламасынан кейін-ақ, ССРО үкіметі И. В. Курчатовқа бірінші атом ғылыми орталығы мен атом проблемасына байланысты барлық жүмысқа басшылық жасауды тапсырған болатын.

     Мэселе  тек кімнің алда, кімнің кейін келе жатқандығында еді. Ғылыми «милардың» Европадан Америкаға ауып көтуінің нэтижесінде, екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ элдеқайда алда келе жатты. Әлем тарихында бірінші ядролың қаруды сынауды Америка Қүрама Штаттары 1946 жылдың 16 шілдесі күні Нью-Мексико штатында өткізді. Үш аптадан соң, 6 августта, жапонның Хиросима қаласына

20 мың тонна тротилға тең сүрапыл қиратқыш күші бар атом бомбасы тасталды. 
Прогрессивтік адамзат американ эскерлерінің қылыгына жағаларын үстады.

     Бірақ адамзат Хиросима қасіретінен Семей  қасіреті алыс емес екенін ол кезде  білген жоқ.

      ¥лы Отан соғысы аяқталысымен, соғыста қираған халық шаруашылығын қалпына келтіруді күтпестен, еліміздің басшылығы өте қысқа мерзім ішінде атом проблемасын шешпек болды да, сол арқылы АҚШ-ты атом қаруына жекедаралықтан айырды.

      Тиісті  жобалау жэне өндірістік үйымдар  мөн ведомстволарға орасан мүмкіндіктері бар американ ғалымдары бес жылдан астам уақыт ішінде атқарған істі бір жарым жылда аяқтауды міндеттейтін үкімет қаулысы қабылданды.

     1946 жылдың басында ССРО Министрлер  Советінің жанынан тиісті Бас  басқармалар қүрылды, олардың міндеттеріне уран кендерін іздеп табу, өңдіру, өңдеу, бөлінетін материалдардың технологиясы мен өндірісін, сондай-ақ атом бомбасының конструкциясын жасау жү^ыстары кірді. Бүл Главкаларға басшылықты И. Сталиннің өзі жүзеге асырды.

     Жоспарлы  шаруашылық жэне сол кезеңдегі мемлекетті өркендетудің басты бағыттарында орасан мол материалдық жэне адам күші ресурстарын шоғырландыру, соғыс кезіндегі қиын жылдарда да, соғыыстан кейінгі жылдарда да жаңа атом индустриясын жедел қүруға мүмкіндік берді.

      atom индустриясын жасауда аса дарынды физиктар, конструкторлар жэне тамаша үйымдастырушылар таңертеңнен түн жарымына дейін еңбек етті. Бүған, бір жағынан, Отанға деген сүйіспеншілік, шынайы патриотизм жэне, екінші жағынан — өз ақылың мен дарыныңды көрсетуге деген табиғи үмтылыс итермеледі. Нақ осындай мемлекеттік, жэне жеке бас мүдделерінің үндестігінен, дэуір мен елге қарамастан жалпы адамдық байлықтар қүрылды.

21 тамызында   ССРО   үкіметі   өзінің   арнайы   қаулысымен   атом   ғылыми-зерттеу 
полигонын құру туралы шешім қабылдады, оған «№ 2 жаттығу полигоны» деген 
шартты ат берілді.

     Полигон құруға басшылықты ССРО Қарулы Күштері  Бас штабының арнайы бөлімі жүзеге асырды. Полигонның барлық қызметін бағыттап отыруды жэне тікелей

басшылықты И. В. Курчатов қолға алды

     И. В. Курчатовқа жэне басқаларға полигон құрылысы үшін диаметрі шамамен 200 километрдей болатын жер таңдау тапсырылды. Келешек полигон темір жол мен жұмыс істеп түрған аэродромнан 200 километрден алыс болмауға жэне автомобиль көлігіне қолайлы жерде орналасуы керек еді.

     Көзімен көргендердің сөзіне қарағанда талай  жерлер зерттелсе керек. Содан Семей қаласына жақып жердегі қазақ даласына тоқталыпты: шексіз жазықтық, ол кезде халық аз қоныстанған, орталықтан аулақ жэне сонымен бірге қасында — суы мол Ертіс, теміржол мен автомобиль жолдары, аэропорт. Осындай жэне басқа да факторлар ядролық сынақ полигонын салуға өте ыңғайлы болып шықты.

      Оны салуға арналған алаңның өзі диаметрі шамамен 30 километрдей келетін, оңтүстігінен, батысынан жэне солтүстігінен аласа (200 метрге дейін) таулар қоршаған жазықтық — сынақшылардың ойынша тамаша жер, сынақтар жүргізуге өте ыңғайлы жағдай жасау үшін табиғаттыңң өзі дайыңдап қойған сияқты.

     Қырқыншы  жылдардың аяғында Сарыарқаның  төрінде халық үшін жүмбақ объектінің қүрылысы басталды.

     Бүл ежелден адамға дөнсаулық пен қуаныш сыйлап келген, дала шөбінің жүпар иісті ауасын жүтып, тап-таза бұлақ суы мен дертке ем қымызын ішіп, дала эуедерін тыңдап, денсаулығын түзеуге сонау Ресейден ата-бабаларымыздың достары ат басын тіреп жататын қазақ сахарасының тағдырындағы тттүғыл бетбұрыс еді.

     Сарыарқаны  қазақтар ықылым заманнан бері қоныстапып келеді: жазда жайлауға көшсе, қыста қыстауға келеді. Мал шаруашылығы ғасырлар бойы асырап та, киіндіріп те келеді. Уақыт оза келе, колхоздар ұйымдастырылған кезде, дала келбеті өзгере бастады, жаңа селолар, жолдар, көп жерлерде электр қуаты мен байланыс желілері, осы заманның басқа да белгілері пайда болды. Енді міне кенет жұмбақ объектінің құрылысы қарқынды жүргізіле бастады.

      Бүл кезде Орал қалаларының бірінде  ғалымдардың, үлкен тобы ядро зарядын зор қарқынмен жасап жатқан. 1946 жылдың маусымында-ақ Ю. Харитоп бірінші атом бомбасының конструкциясын Министрлер Советінің бекітуіне ұсынған болатын. Алайда Сталин қол қойған үкімет қаулыларында плутон нүсқасына 1948 жылдың басында жане уран нүсқасына —1948 жылдың ортасынан кешіктірмей сынақ өткізу керек деп бөлгіленген атом бомбасын жасау мерзімдері асығыстық болып шықты. Бірақ бірінші сынаққа дайындық жұмыстарының қарқынды жүргізілгені сонша, 1949 жылдың 6 шілдесінде ол эзір болды.

     Шілденің  аяғында мемлекеттік комиссия полигон  объектілерін құрылысшылардан қабылдап алды жэне аппаратуралық комплекстер мен барлық жүмыстардың сынаққа дайын түрғанын анықтады.

     Полигонның  тұтастай алғанда дайын өкендігі үкіметке баяндалды жэне сынақ өткізуге «мақүл» деген рүқсат алынды.

     Шілденің  орта кезінде-ақ Семей қаласы, Жаңа Семей стансасы адресіне Оралдан  арнайы қүрастырылған темір-жол эшелондарымен барлық қажетті жабдықтар жөнелтілген болатын, ал тамыздың басында самолеттармен ядролық зарядтың өз бөлшектерімен тетіктері жеткізілді.

     Жабдықтармен  жэне зарядтың өзімен қоса Оралдан  Семейге бірінші атом бомбасын жасаушылардың үлкен тобы келді.

     Полигонды салу жэне сынақтар өткізуге байланысты жріыстардың бәрі аса қатаң қүпия жағдайда орындалды. Осы мақсат үшін эскери инженерлік бөлімшелердің мерзімдік қызметіндегі офицерлері мен солдаттары іссапармен келіп жатты. Әскери емес ерікті қүрам болған жоқ. Әрбір жүмыс тобы тек өз міндеттерін ғана білді жэне бір-бірлерімен мүлдем қатыстырылмады.

     Полигондағы тэртіп қызметін 1953 жылы Бериямен қоса атылған генерал-лейтенант II. Я. Мешик басқарды.

    Тамыз бойы өте  ыстық эрі қуаң болды. 28-күннің ке-шінде  ауа райы бірден

өзгерді: солтүстіктен жел соқты кенетте  салқындап кетті, аспанды бүлт жапты, жаңбыр сіркіреді де түрды. Осы бір құрып кеткір ауа райы, қасақана қырсыңқандай түнімен түрып алды, ол таңертең де өзгерген жоқ. Төмен шөккен қалың бүлт жарылыстан соң радиоактивті ауадан доза алу үшін ұліырылатын үшқышсыз басқарылатын самолетке кедергі келтіретін еді. Табиғат алдағы жарылысты болдырғысы келмегендей. Сынақ басшылығы ауа райының жаңсаруынан үміттеніп, алғашқыда оны 7.00-ден 8.00-ге шөгеруге шешім қабылдады. Бірақ ауа райы болжаушылардың хабары үміттенерліктей болмады.

      Сондықтан жарылысты таңертеңгі сағат 7.00-де өткізуге, ал басқарылатын самолеттерді жібермеу жөнінде шешім қабылданды. 1949 жылдың 29-тамызында ертемен сынақ өткізілетін «Ш» алаңыңдағы үш дүркін қайталанғаан үлкен репетициядан кейін, И. В. Курчатов жарылыс-ты жүргізуге жазбаша нүсқау берді.

     Диктордың қатаң даусы секундтарды санап  шықты. «Ноль» деген кезде жер  оқыс шайқалып кетті, оған қуллақты жаратын сүмдық күшті соққы, шатырлаған, күңіренген үн жалғасты. Осының бәрі бірнеше секундқа созылды, содан соң бэрі тына қалды.

      Қүпия жария болды. Семей маңындағы полигонда биіктігі 30 метрлік мүлара үстінде жазғы күнгі даланы үйқысынан оятқан қуаты 20 килотонн бірінші атом жарылысы болды.

     Аспанды алып нажағай тіліп өтті, жер үстінде  жарқ ете қалған екінші күннің сэулөсін қалың бүлт та бүркей алмады.

     Биіктігі 7 километрден асатын шаң — газ аралас саңырауқүлақ тэрізді бүлт пайда болды, Даланың саррайған шөптері қудай лап етіп жана бастады, даланы өрт қаптады.

      Эксиеримент сэтті болды. Сынақ басшылары, ішінде Берия да бар, командалық пункттөн шығып, бірін-бірі табыспен қүлтықтады, қүшақтасып, сүйісіп жатты. Сонымен ССРО-да жарылыс қуаты 20 мың тонна тротилға тең бірінші атом бомбасы жасалды. Оның американікіне қарағанда жақсы параметрлері болды. АҚШ-тың атом монополиясы аяқталды. Біздің елімізге атом шабуылын жасау қауіпі алынды.

     Бүл кезде полигон атом зарядтарын топтап дайындауға жэне сынақтан өткізуге кірісті. Бірақ оларды жасап шығару керек  еді, ал ол уақытты талап етеді.

     Алайда 1953 жылға дейін халыққа жарылыстар туралы ескертілмей келді жэне қауіпті жерлерден көшірілген де жоқ. Сынақтар өткізудің қауіпсіздігіне кейінірек көңіл бөліне бастады. Жер үстіндегі жарылыстар кезінде радиоактивті өнімдер тарайтын зонадан адамдар мен жануарларды көшіруді көздейтін, ал радиоактивті булттар қаптауы мүмкін ауадағы сынақтар кезінде жүртты баспаналарға кіргізуді көздейтін қорғаныс жүйесі жасалды.

      1956 жылдан бастап жарылыстан бір  сағат бұрын халыққа хабар  берілетін болды. Қуаты 50 килотоннан артық жарылыстар кезінде адамдар үйлерден ашық жерлерге шығарылды. 50 килотоннан кем жарылыстарда ешкім терезеге жақындамасын деп ескертетін болды. Халық шындыққа айналған жүмбақ объектіні .«полигон» деп атайтын болды, бірақ оның қызметіне тереңдеуге қатаң тиым салынды. Лақап сөздер мен долбарларды тиып тастап отырды. Әрбір жарылыс адам ақыл-ойының жеңісі, еліміздің эскери қуатының көрінісі, халықтың патриотизмнің үлгісі ретінде бағаланып отырды.

Информация о работе Ядролық энергетика және оның табиғи ортаға әсері