Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 15:06, реферат
Жыныстық жолмен берілетін аурулар күрделі проблема болып табылады. Мерезбен ауыру 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 79,3 оқиғаны құрады, соның ішінде әйелдердің арасында – 78,1, ерлердің арасында – 79,8, гонококк жұқпасымен ауыру 100 мың адамға шаққанда 76,2 оқиғаны құрады.
Жыныстық жолмен берілетін аурулар немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар жыныстық қатынастар арқылы беріледі.
Кіріспе
2. Негізгі бөлім
СПИД-XX ғасырдың обасы
Мерез(сифлис), одан құтылу жолдары
Соз(гонорея)
Хламидиоз, оның алғашқы белгілері
Трихомоноз
Гонорея
С, В Гепатиті, жұқтыру тәсілдері мен шарттары
Герпес, оның алдын алу жолдары
Уреоплазмоз, Микоплазмоз
Үшкір кандилома
3.Қорытынды
4. Пайдалынған әдебиеттер
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Химия және химиялық технология факультеті
Жыныстық жолмен берілетін аурулар түрлері
Қабылдаған:
Орындаған:
Жоспар:
2. Негізгі бөлім
3.Қорытынды
4. Пайдалынған әдебиеттер
Кіріспе
Жыныстық жолмен берілетін аурулар күрделі проблема болып табылады. Мерезбен ауыру 2004 жылы 100 мың адамға шаққанда 79,3 оқиғаны құрады, соның ішінде әйелдердің арасында – 78,1, ерлердің арасында – 79,8, гонококк жұқпасымен ауыру 100 мың адамға шаққанда 76,2 оқиғаны құрады.
Жыныстық
жолмен берілетін аурулар
Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз. Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді.
Жыныстық қатынастағы аурулар сақтану ережелері мынадай:
1.Кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану.
2.Презервативтерді қолдану.
3.Жыныс мүшелердің гигиенасын сақтап, оларды жылы сумен, жұмсақ сабынмен жуу.
4.Бір жағдайларда
жыныс жолмен жұғатын аурулар
байқалса, бірден анонимді
5.Сыртқы және ішкі киімдердің гигиенасын сақтау.
6.Ешқашан басқаның жөкесін, сүлгісін, ішкі киімін қолдануға болмайды.
Ауру өз
зардап шегушіні таңдап
1958 жылдардан бастап әлемде осы аурудың түрлерімен ауырушылардың санының күрт өскендігін белгілі. Мәліметтер бұл аурудың 90 пайызға қскенін дәлелдеп отыр, ал қазіргі кезде сифилистің жаңа түрлерімен ауыратындар 20 млн-нан әлдеқашан асып кетті.
Біздің елімізде де осы тенденция сақталып отыр. Соңғы он жылда зәр жолы және жыныстық ауруға шалдығу көрсеткiшi 70% - ға өсiптi. Бұл - нәрестесiз некелердiң көбейуiне соқтырып отыр. Оның iшiнде соңғы уақытта ерлердiң бедеулiк көрсеткiшi әйелдердiң бедеулiгiнен артып отыр. Мамандар бұл мәселе медициналық мәселеден әлеуметтiк мәселеге айналды дейдi. Қазiргi уақытта қазақстандық бес еркектiң әрбiр төртiншiсi жыныстық ауруға шалдыққаны белгiлi... Оның бiрнеше себептерi бар. Нарықтық заманмен бiрге келген әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың шиеленiсуi адам жүйкесiне ауыр тиiп отырғаны белгiлi. Ол бiр себеп болса, алкоголь iшiмдiгiне берiлу, темекiқұмарлық тағы бiр себеп.
Соңғы уақытта iндет сипатын алған жыныстық жолмен берiлетiн кеселдерге (хламидиоз, микоплазмоз, герпес т.б.) шалдығу көбейiп кеттi. Дер кезiнде қажет деңгейде емделмеген бұл аурулар ер-азаматтардың жыныс мүшелерiнiң созылмалы қабыну түрiне айналып, жаппай сипат алады. Ал бұл, өз кезегiнде ерлердiң жыныс мүшелерiнiң функциясының (белсiздiк, бедеулiк) жартылай не толық жоғалуына соқтырады. Мысалы - Рейтер синдромы дейтiн ауруға шалдығу, предстательный безiнiң семуi т.б. кеселдерге ұрындырады. Нақты өмiрде, қазiр еркектерде ешқандай сырт белгi бермейтiн инфекция жұқтырған жағдайлар көп ұшырап жүр. Оған мысал - хламидия, микоплазма, уреоплазма, қарапайым ұшық (герпес) жұқтыру, цитомегаловирус, токсоплазма жұқтырғанда сырт белгi кейде тiптi де болмайды. Ал бiрақ бұл кеселдер - бала тастау, нәрестенi ерте босану, не туа бiтер мүгедектiкке соқтыратыны анықталып отыр.
Негізгі бөлім
Жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы- ЖИТС- жыныстық жолмен контакт арқылы берілетін, адамның иммунды тапшылық вирусы тудыратын қауіпті инфекциялық ауру. Бұл ауру кезінде иммунологиялық реакцияларға жауапты моноциттер мен лимфоциттер вирусқа шабуыл жасап, азғаның иммунды жүйесін бұзады. Ауру нәтижесінде ағзаның әр бір инфекцияға және микроорганизмдерге қарсыласу қасиеті лезде төмендеп, ал мұндай қауіптілік қалыпты жағдайда кездеспейді. Ауру әдеттегі пайда болған инфекциядан немесе қатерлі ісіктен, әсіресе жиі қанның қатерлі ісіктерінен және лимфоидты тіндерде болатын-Капоши саркомасынан өледі.
Жыныстық жолмен жұғудың басқа да жолдары бар:
1. Адам иммунитет
тапшылығын тудыратын вирусы
бар аналардан құрсақтағы
2. АИТВ (ВИЧ)-пен зақымдалушының қанын біреуге қайта құю кезінде оның жұғу мүмкіншілігі өте жоғары болуы.
3. Стерилизацияланбаған медициналық шприц инелерін наркомандар компаниясында қолдану арқылы.
4. Гомосексуальді( бір жынысты) жыныстық қатынас арқылы.
Теориялық жағынан сүйісу арқылы жұғуы мүмкін, бірақ бүкіл әлемде бірде-бір осындай жағдай тіркелмеген. АИТВ қол алысқанда, бір бөлмеде тұрғанда жөтелу және түшкіру арқылы, ыдыс-аяқ, киімдер, ішкі киімдер, бассеин суынан, моншадан, қолжуғыштан, дәретханадан, шаштараздан, маникюрден, массаждан, сондай-ақ шіркейлердің шағуынан берілмейді. Қазіргі кезде «қатерлі топтар» деген маңызды ұғым бар, олар қатерлі аурулардың жұғуына жағдайы бар адамдар.
ВИЧ-пен (АИТС) зақымдалу үшін қауіпті топтар мыналар:
1. Жыныс серіктерін жиі ауыстыратын еркектер.
2. Еркектер мен
гомосексуальисті еркектердің
3. Нашақорлардың
топ ішінде вена арқылы
4. Жыныстық серіктері көп әйелдер немесе жезөкшелікпен айналысатындар.
5. СПИД тараған
жергілікті тұрғындармен
6. СПИД-қа қарсы
зерттелмеген донорлардан көп
қан құйылған гемофилиямен
7. ВИЧ-ті жұқтырған немесе СПИД-пен ауыратындармен жыныстық қатынастағы адамдар.
8. ВИЧ немесе
СПИД-пен ауыратын анадан
СПИД-тің байқалу әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оның анықталуы ерекше жауапкершілікті керек етеді. Сондай-ақ мынадай адамдарға көңіл аудару керек:
1. Ешқандай себепсіз температурасының ұзақ көтерілуі.
2. Лимфатикалық түйіндердің үлкеюі.
3. Жиі тұмау,
бронхит және өкпе қабыну
4. Теріде түйінді өсінділер, терінің қалыңдауы.
Қандай жағдайда да қатерлі топтардағы адамдарды ВИЧ- инфекциясының бар-жоғын және келісім арқылы анонимді тексеру керек.
Осы уақытқа дейін СПИД-пен ВИЧ-қа қарсы дәрілер де, егуде жоқ. Барлық қолайлы құралдарды және әдістерді қолдану арқылы оның жұқпауына өзіңіз жағдай жасаңыз.
Қазақстан Республикасында ВИЧ-пен 15-29 жастағы адамдар арасында ауру қаупі бар. Ауру жұқтырған адамдардың ішінен 68 %-ын осы аралықтағы жастар құрайды. Жас адамдар тәртіп ерекшелігі және оларда жыныс жолмен жұғатын СПИД туралы ақпараттың аздығынан, яғни бұл проблема толық шешілуден әлі алыс жатыр.
Мерез(SYPHILIS,LUES)
Мерез – адамның барлық мүшелері мен терілерін зақымдайтын, емделмесе, бірнеше жылға созылатын, балаларына өтетін (туа біткен мерез) созылмалы жұқпалы ауру. Этиологиясы: Мерездің қоздырғышы бозғылт трепонеманы 1905 жылы Шаудин мен Гоффман ашқан. Бозғылт трепонеманың ұзындығы 4-10 м, жуандығы 0,25м 8-10 иірімдерден тұратын иірімді микроорганизм. Электронды микроскоппен қарағанда шеттерінде кішкене талшықтар көрінеді және олар денесінде де болады. Бозғылт трепонема (treponema pallida) өте тез қозғалады. Қозғалыстың бірнеше түрлерін байқауға болады:
1)өз өсінің бойымен айналу;
2)алға және артқа қарай;
3)маятник тәрізді тербетілу;
4)контрактильді-толқынды қозғалады.
Мерездің диагнозын дәлелдеу үшін бірден-бір қолайлы тәсіл трепонеманы қараңғылаған микроскоп арқылы іздеп табу. Бұл зерттеудің тиімділігі –тек тірі трепонеманы табу ғана емес, олардың әр түрлі қозғалысын көру және сол арқылы трепонемалардың басқа түрлерінен ажыратуға мүмкіндік туады. Қараңғылаған микроскоппен зерттеу Тиндаль феноменіне негізделген: егер қараңғы бөлмеге кішкене саңылаудан күн сәулесін түсірсе, онда сол сәуле өткен жерде жарықта көрінбейтін көптеген майда тозаңдар көрінеді. Өйткені ауадағы тозаңдар күн сәулесін әр жаққа таратып, солардың бірі біздің көзімізге түседі. Қараңғылаған микроскоппен зерттегенде де сол объектіге конденсор арқылы тік емес, жанынан күшті күн сәулесін түсіреді. Объектіге түскен сәуле шағылып, микроскоптың объективіне түседі де, зерттелетін объект адамның көзіне көрінеді.
Жұқтыру тәсілдері мен шарттары. Мерез тікелей ауру адамнан сау адамға тері немесе шырышты қабық арқылы жұғады, кейде үй-іші тұтыныс заттары арқылы да мүмкін (егер аурудың қоздырғыштары бар сұйықтықтар жағылып қалған болса). Әр түрлі заттар арқылы жұқтыру-бозғылт трепонеманың дымқыл орталарда өзінің қоздырғыштық қасиетін ұзақ уақыт сақтай алатындығына байланысты. Ауруды жұқтырудың ең басты шарты-науқас адаммен жыныстық қатынаста болу, бұл тікелей жұқтыру деп аталады. Керісінше, күнделікті өмірде тұтынатын заттар арқылы жұқтыруға болғанымен, гигиеналық шараларды бұлжытпай орындаудың арқасында, қазіргі кезде жұқтыру мүмкіндігі өте аз. Мұндай жолдармен жұқтыру көбінесе тек сүйіскенде, ауыздың шырышты қабаты арқылы-түкірікпен, кейде тіпті бір төсекте жатқанда мүмкін, науқас адамды қараған кезде медицина қызметкерлері де жұқтырып алулары ықтимал, ондайда кәсіби жұқтыру жолы деп есептеледі. Жұқтыру мүмкіндігін есепке ала отырып, тікелей жыныстық қатынастан кейін, әсіресе қасық, пиала т.б. тамақ ішетін ыдыстардың қауіпті екендігін білу қажет, өйткені науқас адам аузының шырышты қабығында орналасқан мерез белгілерінен (жара, түйіншек) сілекей арқылы бозғылт трепонемалар жаңағы ыдыстарға жағылып қалады. Тазартудан өтпеген қандай құралдар болмасын (медициналық аспаптар, үрлеуіш музыкалық аспаптар т.б.) жұқпалы аурулардың көзі болып табылады. Мерездің жалпы патологиясы. Мерез ауруының өзіне тән екі ерекшелігі бар: 1)клиникалық белгілерінің жасырын кезеңдермен алмасып отыруы (толқындап дамуы); 2) дене мүшелерінде, теріде немесе шырышты қабықта бозғылт трепонеманың әсерінен болатын клиникалық және патологоанатомиялық процестердің бірте-бірте өзгеріп келе олардың тіпті өрістеп, ауырлай түсуі.
Соз(гонорея)- жыныстық жолмен берілетін, жыныстық контакті арқылы берілетін, жиі кездесетін ауру. Бұл несепағар өзегінің іріңдеуімен және ауру тудыратын микроорганизм-гонооккың болуымен сипатталады. Гонореяның еркектер мен әйелдерде біршама айырмашылықтары бар.
Еркек Гонореясы. Еркектерде ол тек жыныс жолымен ғана жұғады. Жаңа гонорея (2 ай ауру кезінде) және созылмалы гонорея (2 айдан жоғары) деп бөлінеді. Аурудың байқалуы 3-тен 5-ке дейінгі күн аралығында пайда болады (кейде 1 күннен- 2-3 апта аралығында болады).
Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы, сосын кілегейлі бөліністер байқалады(жыныс мүшесінің басы). 3-4 күннен кейін ауру құбылыстары қатты көрінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару мен ісіну пайда болып, ол тығыздалып және аурулы болады. Ірің бөлінеді:лайланады,сары түсті және көп бөлінеді. Несепшығаруда ауру пайда болады. Жалпы ағза азап шегеді және әлсіздік, қозғыштық пайда болады. Содан басқа бұл қолайсыз жұқтырылған факт жүйкені тоздырып, психо- эмоционалды стрессті қалыптастырады.
Егер бұл жағдайда медицианалық көмекке назар аудармаса, онда қуықта инфекция тереңіне таралады. Несеп шығару жиі болады және ақырында ауруы күшейеді.
Емделуі жеткіліксіз немесе емделу толық өткізілмесе, онда гонорея созылмалы түріне көшеді. Несептің бөлінуі азаяды және онда іріңдік қауыз бен жіптер табылады. Қосалқы және қуық алды бездерге тарап, аурудың күйі біршама нашарлайды. Қосалқы бездің зақымға ұшырауы, жоғарғы температура, бездің ісінуі және бірден ауруымен байқалады. Өзектің тарылуы келешек ұрықсыздықпен аяқталады.
Қуық алды бездің зақымдануы жоғарғы температурамен және шап ауруымен сипатталады. Импотенцияның дамуы да ықтимал.
Әйелдердегі гонорея. Еркектер сияқты жұқтыруының негізі жыныстық жолмен өтеді. Бірақ әйелдерде, әсіресе, жас қыздарда дәретханадан кейін, басқа ішкі киімнен, жөкеден, сүлгіден жұғуы мүмкін. Әйелдерде созылмалы және латтенті гонорея әлсіз ағады. Ақырғы кезде оларда ауру белгілері байқалмай, сөйтіп олар жұқты- рудың негізгі көзі болады. Жыныстық мүшелерінің құрлысының әртүрлі болуына байланысты еркектер мен әйелдер гонореясының ағымы да әр түрлі.
Несепағар өзегінің
зақымдануы әйелдерде еркектердікі
сияқты өтеді. Әйелдерде инфекцияның
тез терең енуі,несепағар
Гонорея қынап пен жатырдың мойнына зақым келтіруі мүмкін. Олардың кілегей қабығы жұмсарып, іріңдеп кетеді. Іштің төменгі бөлімінде ауру сезімі байқалады.
Информация о работе Жыныстық жолмен берілетін аурулар түрлері