Марганец – топшасы, қосылыстары, химиялық және физикалық қасиеттері, минералдары және рудасының түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2013 в 20:40, реферат

Описание

Марганец табиғатта пиролюзит MnO2, гаусманит Mn3O4, браунит Mn2O3, марганец шпаты MnCO3, родонит MnSiO3, марганец жылтыры MnS және т.б. құрамы күрделі минералдар түрінде кездеседі. Марганец кендері Украинада, Закавказьеде, Оралда, Қазақстанда, Батыс Сібірде және басқа жерлерде бар. Марганецке бай кендерден біздің ел дүние жүзінде 1-орын алады.
Марганец алюминотермия әдісімен алынады, ондай марганецте 4-6% Al, Si, Fe болады, алюминотермиялық марганец түсті металдардың құймаларын даярлауға ұсталады.

Содержание

I. Кіріспе .....................................................................................................................................3

1. Марганец топшасы.............................................................................................................4

1.1. Марганецтің қосылыстары................................................................................................6

1.2. Марганецтің химиялық және физикалық қасиеттері......................................................7

II.Негізгі бөлім

2. Марганец минералдары.Псиломелан ..............................................................................8

2.1. Пирозюзит..........................................................................................................................9

2.2. Родохрозит…………………………………………………………..…….……….........11

Қорытынды ......................................................................................................................13

Әдебиеттер тізімі .............................................................................................................14

Работа состоит из  1 файл

Ақнұр Марганец.doc

— 917.50 Кб (Скачать документ)

 

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

    Қ.И.Сәтбаев атындағы  Қазақ Ұлттық Техникалық  Университеті

 

     Қ.Тұрысов атындағы Геологиялық барлау институты

 

  Жалпы геология, минералогия және петрография кафедрасы

 

 

 

 

                                                   Орындаған:Ажибекова Ақнұр

                                                         050709 металлургия мамандығы

                                            МЦИ-08-2к тобы студенті

 

 

 

Марганец –  топшасы, қосылыстары, химиялық және физикалық қасиеттері, минералдары және рудасының түрлері.

 

 

 

Ғылыми жетекші: профессор,

геология-минералогия

ғылымдарының  докторы О.Б.Бейсеев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2010

Мазмұны

 

I.  Кіріспе .....................................................................................................................................3

 

1.      Марганец топшасы.............................................................................................................4

 

1.1.   Марганецтің қосылыстары................................................................................................6

 

1.2.   Марганецтің химиялық және физикалық қасиеттері......................................................7

 

II.Негізгі бөлім

 

2.     Марганец минералдары.Псиломелан ..............................................................................8

 

2.1.  Пирозюзит..........................................................................................................................9

 

2.2.  Родохрозит…………………………………………………………..…….……….........11

 

        Қорытынды ......................................................................................................................13

 

       Әдебиеттер  тізімі .............................................................................................................14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

    Марганец табиғатта пиролюзит  MnO2, гаусманит Mn3O4, браунит Mn2O3, марганец шпаты MnCO3, родонит MnSiO3, марганец жылтыры MnS және т.б. құрамы күрделі минералдар түрінде кездеседі. Марганец кендері Украинада, Закавказьеде, Оралда, Қазақстанда, Батыс Сібірде және басқа жерлерде бар. Марганецке бай кендерден біздің ел дүние жүзінде 1-орын алады.

   Марганец алюминотермия  әдісімен алынады, ондай марганецте  4-6% Al, Si, Fe болады, алюминотермиялық марганец түсті металдардың құймаларын  даярлауға ұсталады.

   Марганецті  кремнийтермия  әдісімен де алады:

MnO2 + Si = Mn + SiO2

   Таза марганец алу үшін оның сульфатының не хлоридінің ерітіндісін электролиздейді.

   Марганец – қатты, жылтыраған, морт сынғыш металл; сырт қарағанда темірге ұқсайды. Ауада сырты қорғаушы оксид қабыршағымен қапталады. Сұйық қышқылдарда оңай ериді, активтілік қатарындағы орны алюминий мен мырыштың арасында болғандықтан тұз қышқылымен, сұйық күкірт қышқылымен шабытты реакцияласып  сутекті бөліп шығарады. Ал, азот қышқылы және қою күкірт қышқылымен  әрекеттескенде Mn2+ ионына дей3н тотығады.

     Салқындатқан  азот қышқылында марганец, ауадағы  оттекттің әсерінен түзілетін   оксид – қабыршағынан да гөрі  берік тығыз қабыршақпен  қапталады.

 

 

 

 

 

 

1.Марганец топшасы

   Менделеевтің  периодтық жүйесінің VII – B тобының элементтерін  марганец топшасы деп атайды.

  Марганец топшасына   марганец, технеций және рений жатады, бұлардың жалпы сипаттамасы төменде келтірілген.

 

 Элемент

 Марганец

 Технеций

 Рений

Белгісі

Атомдық массасы

Изотоптары

Рет нөмірі

Валенттік электрон-ы

Ашылу жылы

Жер қыр-ғы мөлшері

Тығыздығы (р), г/см3

   t0 0C

  tқ 0С

Атом радиусы, км

Э2+ ион радиусы, км

Э7+ион радиусы, км

Иондану энергиясы  

Mn

54,9380

55

25

3d54s2

1774

0,01

7,21

1247

2146

0,129

0,052

0,46

7,432

Tc

(99)

-

43

4d55s2

1937

жоқ

11,5

2127

3927

0,136

-

0,56

7,28

Re

186,2

185,2

75

5d55s2

1925

1∙10-7

20,99

3175

5760

0,137

0,072

0,56

7,87


 

Марганец үшін MnII және MnIV тұрақты.

VII –B  тобының элементтері – типтік металдар. Металдардың кернеу қатарында марганец сутекке дейін тұр және оның тотықтырғыш емес қышқылдардан ығыстырып шығарады.

Mn + 2H3O+ + 4H2O + [Mn(H2O)6]2+ +H2

 

 

 

Диоттекпен ұнтақ түріндегі  марганец пен рений шабытты реакцияласып , MnO2 және Re2O7 түзеді. Тұтасқан түріндегі металды тотықтырса, олар пассивтеніп  өте  жұқа оксид  қабыршағымен қапталады. Галогендермен оңай реакцияласып, галогенидтер түзеді. Марганецтің  тұрақты қосылыстары: MnF2, MnCl2, MnBr2, MnI2.

    Марганецтің оксидтерін галоген, сутек қышқылдарымен әрекеттесе, жоғарырақ дәрежеде тотыққан қосылыстары түзеді.

   Азот пен  жоғары температурада  құрамы әр түрлі нитридтер   түзеді. Mn5N2, Mn3N2, Mn2N, Mn4N. Осылардан басқа аралық қосылыстары да болуы мүмкін. Марганец нитридтері – қатты, химиялық тұрақты заттар. Марганецті болаттардың беріктігін арттыруда бұл нитридтердің мәні зор. Марганец нитридтері түзілуде d – қатпарындағы электрондар үлкен роль атқарады. Олардың кейбіреулері, мысалы, Mn4N ферромагниттік қасиеті бар, әрі электр өткізгіш. Көміртек пен марганец балқыған күйінде реакцияласады, одан – Mn4C, Mn3C6, Mn3C, Mn5C2 сияқты қосылыстар түзіледі. Олардың құрылымы  хромның, темірдің карбидтері сияқты.

    Кремний мен марганец  – Mn3Si, Mn5Si3, MnSi, MnSi2, рений Re2Si, ReSi, Re5Si3 силицидтер түзеді. Силицидтер металдар сияқты электрөткізгіштер.    

   Бор мен марганец – Mn4B, Mn2B, MnB, Mn3B4 сияқты боридтер түзеді. Бұл боридтер химиялық активті заттар, қышқылдармен, ыстық сумен де айырылады.

   Күкірт пен марганец екі   сульфид – MnS, MnS2 түзеді. Химиялық активті заттар , MnS2 жаратылыста минералдар құрамында кездеседі. Екеуі де қыздырса  ауада жана бастайды, қышқылдар әрекетінен айырылғыш. Болаттар металлургиясында  үлкен мәні бар қосылыстар.

   Фосфор мен марганец Mn5P2, Mn3P, MnP2, MnP, рений – ReP3, ReP2,ReP, Re2P фосфоридтерін түзеді. Сумен  тек ұнтақ түріндегі марганец, қыздырған кезде  реакцияласып сутекті бөліп шығарады.

 

 

1.1. Марганецтің қосылыстары

   Марганец 2-7валенттік білдіріп, химиялық  қосылыстар түзеді. Марганец жоғары температурада  күкірт, азот, көміртекпен қосылады.

   Марганец қосылыстарының  ішінде 2,4 және  7 валентті  қосылыстары маңызды.

   2 валентті  марганец  қосылыстары. Марганец (II) оксиді MnO – марганец оксидтерін сутекпен тотықсыздандырғанда , жасыл түсті ұнтақ түрінде түзілетін негіздік оксид,  шалаөткізгіштік қасиеті бар, оған сәйкес  гидроксиді  Mn (OH)2 негіз, екі валентті марганец тұздары мен сілті әрекеттесуінен  түзілетін ақ түсті тұнба. Ашық ауада  тотыққаннан  түсі  күңгірттеніп Mn(OH)4 айналады.

   4 валентті марганец қосылыстары. Марганецтің қосылыстарының ішіндегі тұрақтысы 4 валентті  қосылыстары (MnO2). Төмен валентті  қосылыстар  тотыққанда да,  жоғары валентті  қосылыстары  тотықсызданғанда да осы  MnO2 түзіледі.  MnO2 амфотерлі болғанымен оның негіздік те, қышқылдық та қасиеттері нашар білінеді.

   6 валентті марганец қосылыстары. Пиролюзитті KOH-тың 50%-ды  ерітіндісімен араластырып  2500C ауадағы  оттекпен тотықтырса:

                          2MnO2 + 4KOH + O2 = 2K2MnO4 + 2H2O

   6 валентті марганец  қосылыстары тотықтырғыш;  марганец тотықсызданып – төрт валентті  MnO2, не екі валентті Mn2+ қосылыстарға айналады.

   Бірақ  екінші  жағынан күшті тотықтырғыштар  әсерінен жеті валентті марганец   қосылысына айналып тотығады:

3K2MnO4 + Cl2 = 2KMnO4 + 2KCl

   7 валентті марганец қосылыстары. Марганец ангидриді Mn2O7 – марганецтің ең  жоғары валентті оксиді – жасыл тартқан қоңыр, май сияқты сұйықтық. Тұрақсыз, арнаулы шара қолданбаса, өздігінен, қопарылыспен айырылады:

2Mn2O7 = 4MnO2 + 3O2

 Марганец қышқылы тек су ерітіндісі  түрінде ғана белгілі, өте күшті қышқыл.

   Сілтілі ортада  реакция көбіне  бейтарап ортадағыдай  жүреді. Сілті өте көп жағда йда  жеті валентті марганец  алты валенттіге айналады.

 

1.3. Марганецтің   физикалық және химиялық қасиеттері.

Марганец күмістей ақ түсті,  морт, ауыр металл. Марганец  электрохимиялық кернеу қатарында  алюминий мен мырыштың арасынан орын алады. Бұл жағдайда оның химиялық  акивтігінің  жоғары екенін көрсетеді. Марганец қалыпты  жағдайда тығыз оксидтер қабатымен  қапталады, ал бұл  қабат металды ары қарай тотығудан сақтайды. Марганец қыздырғанда  оттегімен, күкіртпен, галогендермен, азотпен, көміртегімен  әрекеттеседі, ал сумен  ондан сутекті  ығыстырады:

Mn0 + 2H+ OH = Mn2+(OH)2H20

    Тұз қышқылымен  және сұйытылған  күкірт  қышқылымен  марганец  қуатты түрде әрекеттесіп   олардан сутегін ығыстырады:

Mn0 + H2SO4 = MnSO4 + H20

     Марганец электрохимиялық  кернеу қатарында өзінен кейін орналасқан  металдарды олардың тұздарынан ыңыстырады:

Mn0 + CuSO4 = MnSO4 + Cu0

   Марганец концентрлі  күкірт қышқылымен  және азот қышқылымен  әрекеттесіп  тотығады:

Mn0 + 2H2SO4 = MnSO4 +SO2 + H2O

3Mn + 8HNO3 = 3Mn (NO3)2 + 2NO + 4H2O

 

 

 

 

 

 

2.Маргенец минералдары

Псиломелан

Псиломелан – mMnO ∙ MnO2 ∙ nH2O. Формуласы дұрыс белгіленбеген. Грекше псилос-қасқа, мелас-қара деген сөз.

  Химиялық  құрамы  тұрақсыз. MnO және MnO2 арақатыстары  әр  мөлшерде, орта есеппен MnO2 және  60-80%, MnO 8-25%, H2O 4-6% болады. Қоспалары: Fe2O3, Al2O3, SiO2, CaO2, MgO, BaO, K2O, Na2O, CoO т.б.  Сирек те болса 1-8% тунгомелен (WO3) кездеседі.

    Қаттылығы  4 – 6, меншікті салмағы 4,4 – 4,7. Түсі қара, қара сұр. Дағы қызғылт  қара; Жылтырлығы металл тәрізді. Жымдастығы болмайды. Сингониясы  ромбалық; көпшілігі аморфтық.

    Кристалдық  бейнесі. Әдетте кристалы  ерітіндіден   жиналған  іркінді  формалардан   қабат-қабат  зоналы  құрылыста  немесе  жұқа  кристалдық агрегаттарда байқалады.

   Жаратылысы. Псиломелан  ең алдымен экзогендік жағдайларда:  марганец  руда кендерінің  тотықтану   зоналарында  және  шыққан тегі  шөгінді кендерде пайда болады.

   Шығу тегі – гидротермалық рудаларда  псиломелан  көпшілігінде  барит пен және кварц пен  бірлесіп минералдардың  ақырғы желілері  есебінде байқалады.

 

2.1.Пиролюзит

 

 


 

 

 

 

 

Пиролюзит – MnO2.Бұл гректің   пирос – от, люзиос – құртамын  деген сөздерінен шыққан.

   Химиялық құрамы: Mn 63,2%, O 36,8%. Майда түйіршікті және жасырынды кристалды массаларда  кездесетін механикалық жолмен араласқан қоспалары: Fe2O5 , SiO2, H2O т.б.

  Қаттылығы: жеке  кристалда  5-6, топ кристалда 2 шамасына дейін  жұмсарады,  меншікті салмағы  5, жымдастығы жоқ. Сингониясы тетрагондық.

  Крситалдық құрылысы  рутилдің  структурасына ұқсас. Кристалдары тек қуыстарда ғана  сирек кездеседі. Олардың бейнесі инелі немесе  таяқ тәрізді. Түсі қара сұр, қара, сызықтығы қара, жылтырлығы шала металл  тәріздес.

   Жаратылысы. Пиролюзит  гидротермиялық  кендерде,  тотықтану  жағдайда едәуір сирек кездеседі.  Көбінесе ол басқа марганец  минералдарынан  табиғи  өзгерту   зонасында пайда болады. Пиролюзиттен  марганец металы өндіріледі. Марганец  темір мен шойын қорыту үшін, шынын тазарту үшін, бояу, құрғақ  электр батареясын жасау үшін керек. Марганецтен медицинада химиялық  препараттар жасалады.

Информация о работе Марганец – топшасы, қосылыстары, химиялық және физикалық қасиеттері, минералдары және рудасының түрлері