Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 15:59, доклад
«Материалтану» пәнінің оқу материалдары сөз болғанда, ең алдымен халық шаруашылығының көптеген салаларында кеңінен қолданылатын маңызды конструкциялық материалдар қатарына шойын мен болат жатқызылады. Шойынға қарағанда болат құрамында көміртек аз болғандықтан, шойынды қышқылмен байытып, көміртекті бірте-бірте кеміту жолымен болат алынады. Шойынмен салыстырғанда болаттың механикалық қасиеттері жоғары екендігін ескерсек, болат өндірістің негізгі материалы болып есептеледі. Сондықтан осы ғылыми мақалада болаттың негізгі түрлерін және қолданылу аясын талқылауды жөн деп білеміз [1].