Металлургия өндірісінің негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 13:54, реферат

Описание

Рудадан металл қорыту, тазарту үдерістері жоғары температурада жүзеге асатындықтан, металлургиялық агрегаттарда табиғи және жасанды отындардың қатты, сұйық және газ күйіндегі түрлерін жағуға тура келеді.
Металлургия жағылатын отынның жылу шығарғыштығы мен беріктігі жоғары, құны арзан және зиянды қоспалар (S P) мөлшері аз болуын талап етеді. Отын органикалық заттардың құрамына енетін С, Н2, О2, N, S сияқты т.б. бөлшектерден тұрады.

Работа состоит из  1 файл

Металлургия өндірісінің негіздері.docx

— 16.27 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Металлургия өндірісінің негіздері

 

1.1.Отын

 

Рудадан металл қорыту, тазарту  үдерістері жоғары температурада жүзеге асатындықтан, металлургиялық агрегаттарда табиғи және жасанды отындардың қатты, сұйық және газ күйіндегі түрлерін жағуға тура келеді.

Металлургия жағылатын отынның  жылу шығарғыштығы мен беріктігі  жоғары, құны арзан және зиянды қоспалар (S P) мөлшері аз болуын талап етеді. Отын органикалық заттардың құрамына енетін С, Н2, О2, N, S сияқты т.б. бөлшектерден тұрады.

Қатты отын. Қатты отынның табиғи түріне ағаш, торф, тас көмір, антрацит және жанғыш (тақта тас) сланец жатады. Ағаш отынның химиялық құрамы: 49,4-50,4% С, 5,9-6,1% Н2; 40,1-42,7% О2; 0,7-1,0% N2. Оның жылу шығарғыштық қабілеті =10,5–12,6 (), ағаш отынның құрамында күкірт сияқты зиянды қоспа жоқ, күлділігі аз болғандықтан, бұл отын бағалы металлургиялық отындар түріне жатады, бірақ ағашты металлургиялық отын ретінде пайдалану тиімсіз болғандықтан, қазіргі кезде отынның бұл түрі сирек қолданылады. Ағаш отын металлургиялық пештерде тамыздық ретінде, генератор газын алу үшін, кейде металдың ерекше бағалы түрлерін қорыту үшін пайдаланылады.

Көмір. Көмірдің қоңыр көмір, тас көмір, антрацит сияқты түрлері металлургия өндірісінің негізгі отыны болып табылады.

Көмір–ерте заманда жер  бетінде болған көп клеткалы өсімдіктердің  қалдығы. Тас көмірдің құрамы оның кенінің  географиялық орнына байланысты өзгеріп  отырады. Оның орташа құрамында 75-90% С, 2-6% Н2, 2-4% S, 10-20% күл болады. Жылу шығарыштық қабілеті =30.26–31.5.

Көмірдің барлық түрлерінің ішінде металлургия үшін құндысы–кокстелетін  көмір. Өйткені металлургияда көмір  кокс түрінде пайдаланылады. Кокс, кокстелетін  көмір 1000º-1200º С температурада кокстеу пештерінде құрғақ айдау арқылы алынады. Кокстелетін көмір бөлшектері ені 3 мм-ге жеткенше ұсақталып, 6-8% ылғалдандырылады.Осылайша дайындалған көмір арнаулы қондырғының көмегімен люк арқылы кокс пешіне салынады. Көмірді 1000 -1200º С температураға дейін қыздырғанда, оның  құрамындағы ұшқыш заттар бөлініп шығады да, қуысталып кокске айналады. Үдеріс аяқталғаннан соң, есік арқылы температурасы жоғары кокс пештен бағыттаушы тор арқылы болат вагонға төгіліп, өшіргіш мұнарада судың жәрдемімен өшіріледі.

Кокстеу камерасы ұзындығы 13-13,8 м, ені 0,4-0,45 м, биіктігі 3,9-4,5 м параллелопипед тәрізді етіп жасалып, екі жағынан  қыздырылады.  
 
 
 

 

 

 

 


Информация о работе Металлургия өндірісінің негіздері