Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 20:34, реферат
Қорғасын (лат. Plumbum), Pb – элементтердің периодты жүйесінің IV-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 82, атом массасы 207, 2.
Қорғасын өте ерте заманнан белгілі, одан жасалған тиын ақша, медальондар ертедегі Египет қазбаларынан көп табылған. Жер қыртысындағы мөлшері 1.6 07 %, ол жеке күйінде кездеседі. Ең маңызды кені- галенит- қорғасын жылтыры PbS; Қазақстандағы кендері Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда және Қарағанды облысында.
Қорғасын Pb
Қорғасын (лат. Plumbum), Pb – элементтердің периодты жүйесінің IV-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 82, атом массасы 207, 2. [1]
Қорғасын өте ерте заманнан белгілі, одан жасалған тиын ақша, медальондар ертедегі Египет қазбаларынан көп табылған. Жер қыртысындағы мөлшері 1.6 07 %, ол жеке күйінде кездеседі. Ең маңызды кені- галенит- қорғасын жылтыры PbS; Қазақстандағы кендері Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда және Қарағанды облысында. Қорғасын бос күйінде көкшіл-сұр түсті жұмсақ және ауыр металл, оңай балқиды. Қорғасынды өндіру үшін, оның рудасын алдымен байытады, одан шыққан концентратта 40-78% қорғасын болады. Концентраттағы қорғасын көбіне полиметаллургия әдісімен алынады. Қорғасын-өнеркәсіп пен техникада кең пайдаланылатын түсті металл. Ол атмосферада коррозия және қышқылдар әсеріне төзімді болғандықтан, химиялык аппапатуралар (әсіресе, күкірт қышқылы өндірісінде) және кабель, оқ, бытыра дайындауда, радиоактив сәулелерінен қорғануда, медицинада кең қолданады.[2][3]
Қорғасын қосылыстары –
Қазаққа қорғасын қымбат па, денсаулық қымбат па?
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Өткен жылдың қазан айында баспасөз беттерінде «Шымкент қорғасын зауыты қайта жанданды» деп сүйінші сұраған мақалалар жарық көрген болатын. Үкімет басшысының орынбасары Әсет Исекешов мырза кәсіпорынның тыныс-тіршілігін өз көзімен көріп, қорғасын зауытының қожайыны «Южполиметалл» корпорациясы мен «Қазақмыс», «А-мега трейдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арасындағы үшжақты келісімнің негізінде толыққанды жұмыс істей бастағанын атап өткен болатын. Алайда бұл қорғасын зауыты аумағында тұратын жергілікті тұрғындар үшін сүйінші емес, басты байлық – денсаулыққа аса зиян, қат-қабат қайғыға бастайтын жағымсыз жаңалық еді.
Көп ұзамай зауыт түтініне тұншыға бастаған тұрғындар билік өкілдері жанайқайларын жүре тыңдап, құлақ аспаса, ереуілге шығуға дайын екендіктерін айтты. Олар зауыттың зиянды қалдықтарын өз көзімен көру үшін шенеуніктерді үйіне қонаққа шақырған-ды. Тіпті билік үшін үйлерін уақытша босатып беруге дайын екендіктерін, балалар арасында аурудың күрт артқандығын ашып айтты.
Жақында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған осы жиында облыс әкімі Асқар Исабекұлы баяндама жасады. Сол баяндамасында Шымкенттегі қорғасын зауыты аумағындағы экологиялық ахуалға айрықша тоқталды. 1934 жылы салынған зауыт бүгінде қаланың ортасында қалып қойған. Кәсіпорынның жалпы аумағы 116 гектарды құрайды. Ауа мен айналаға тасталған қорғасын қалдықтарының салдарынан топырақ пен ауаның улану деңгейі нормативтік шектен бірнеше жүз есеге артып кеткен. Мәселен, зауыт маңындағы мектепке дейінгі мекеме орналасқан жердің топырағына зерттеу жүргізілгенде, норма бойынша 32 мг/келі қорғасын болуы керек болса, шын мәнінде ол 24 900 мг/келіге дейін көтеріліп кеткен.
Соның салдарынан «Қорғасын поселкесі» аталып кеткен үлкен аумақта қазіргі уақытта ауру-сырқау жандар көбейіп кетті. Тексеруден өткізілген балалардың 65 пайызының қанындағы қорғасын көлемі нормадағыдан артып кеткендігі анықталған.
Дүниеге келген сәбилер арасында ауадағы қорғасын қалдығының әсерінен кемтар болып туылып жатқандары қаншама. Мамандардың мына бір мәліметіне құлақ түрер болсақ, қорғасын зауытының зиянды қалдықтарының салдарынан сол маңдағы тұрғындар арасында қалыпты жағдайдан ауытқып туған сәбилердің саны екі жарым есеге, тері аурулары екі есеге, тыныс алу жүйелері ауруы екі есеге және зәр шығару жүйелері аурулары екі есеге дейін артқан.
Иә, денсаулықтан, оның ішінде сәбилердің денсаулығынан артық қандай байлық, қандай бақыт бар десеңізші. Осы күрделі мәселелердің барлығын қабырғасынан қойған облыс әкімі бұл қиын жағдайды тез арада шешу қажеттігіне Үкімет басындағылардың көзін жеткізгендей болған-ды. Сондай-ақ облыс басшысы бұл мәселені шешудің екі жолы бар екенін де Премьердің алдында «пример» келтіре дәлелдеп берді. Зауытты қала сыртына көшірген жағдайда онда істеп келген мыңға тарта жұмысшының әлеуметтік мәселесін шешу жайлы өз ойларын жеткізді.
Зауыттың адам денсаулығына қаупі өте күшті екені әлдеқашаннан айтылып келеді. Біраз уақытқа зауыт жұмысын тоқтатып, тұрғындар тынышталып қалған болатын. Кәсіпорынның іске қосылуымен бұл проблема қайта күн тәртібіне көтерілді.
Гүлмира Бейсенова, мектеп мұғалімі: – Зауыт бұрындары зиянды қалдықты түнде, таңғы кезде тастайтын. Қазір тал түсте де тастай беретін болды. Даладағы адам жөтеліп, тұншығып әбігерге түседі. Өткен оқу жылының барысында қалдық күндіз жиі тасталды. Зауыттың зиянды қалдығы гүрс етіп бірден тасталғанда сабақтағы балалар шетінен жөтеліп қалады. Зиянды қалдық ағзаға сіңіп қалатын көрінеді, оның шығуы қиын деседі. Оқушыларымыз жастайынан уланып жатқанын ойласам, жүрегім сыздайды. Зиянды қалдық киімімізге қонады. Ақ киіміміз қара-қошқылданып кетеді. Жуып, далаға жайған киімдерімізді алып қоймасақ, таңертең қара күйе жаққандай күйге түседі.
«Зауыт 1934 жылы салынған болса, шамамен 1960 жылдары бір рет қана жөндеуден өткізілген. Оның ауаға тастап жатқан зиянды қалдықтары өте ауқымды екені дәлелденген. Солай бола тұрса да, меншік иесі өз мүддесіне жұмыс істеп, қаншама адамның денсаулығын құртып, өмірін қысқартуда екенін кім есептеп жатыр? Бұл зауыттың қала ішінде жұмыс істеуіне жол беруге болмайды. Елдің арыз жазып жатқаны дұрыс», – дейді Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық қорғау және реттеу комитетінің Оңтүстік Қазақстан филиалы Шу-Талас экологиялық департаментінің директоры Әбдіғани Атымтаев баспасөзге берген сұхбатында.
Ауаға тасталған қалдықты аз десеңіз, зауыт сыртында 2,5 миллион тонна қалдық жасанды тау болып үйіліп жатыр. Елдің айтуынша, осы қалдық жеке бір адамға сатылып кеткенге ұқсайды. Мұндай қалдықты жекеге сатуға бола ма екен? Оны тез арада жою қажет емес пе? Жауапсыздықтың шектен шыққаны сонша – сол қалдықтардың айналасы қараусыз, қоршаусыз қалып қойғанын қайтерсіз. Адасқан мал былай тұрсын, онда ойнап жүріп табанымен шоқ басып алған балақайлардың саны артып барады. Ашық-шашық жатқаннан кейін не болмайды?
Мәселеге қанығып, ой елегінен өткізген Үкімет басшысы көмек болатынына уәде еткен еді. Елбасының өзі назарға алған ең танымал «тарихи ластанулардың» құрамында қорғасын зауытының аумағы да енгізілген. Зауыттың зияндылығы туралы қазіргі бас эколог Н.Әшімов облыста әкім болған кезде де қатты көтерген болатын. Алайда қорғасын қалдығының денсаулыққа залалы мың мәрте дәлелденгенімен, әзірге нақты тірлік, нәтиже болмай тұр. Бәлкім, болып та қалар. Тек тездету керек, әйтпесе ағзасына сырқат жамағандардың, іштен мүгедек болып туған балалардың обалы кімге?!