Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2011 в 16:50, реферат
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі мен қызметінің тиімділігін бағалау және талдау қаржылық талдаудың қорытынды кезеңі болып табылады.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анықтауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаражаттың қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тікелей тәуелді болады.
Жоғарыда
айтып өткендей, кейбір актив түрлері
әртүрлі айналым жылдам-дығына, яғни
олардың ақша қалпына көшу жылдамдығына
ие болады. Қаражат-тың айналымда
болуының ұзақтығы ішкі және сыртқы сипаттағы
бірқатар әр бағыттағы себептердің
жиынтық әсерімен анықталады. Бірінші
қатарға кәсіпо-рынның әрекет өрісін,
салалығын, ауқымын және тағы да басқаларын
жатқызуға болады. Елдегі экономикалық
жағдаймен оған байланысты шаруашылықты
жүргізу шарттары да кәсіпорынның активтерінің
айналымдылығына да әсер ет-пейді. Сөйтіп,
елдегі өтіп жатқан инфляциялық процестер,
кәсіпорындардың басым
Қаражыттың айналымда болу кезеңі, едәуір дәрежеде кәсіпорынның ішкі жағдайымен бірінші кезекте, оның активтерін басқару стратегиясының тиімді-лігімен (немесе жоқтығы) анықталатындығын айта кету керек.
Шынында
да, қолданылған баға саясаты, құрылған
актив құрылымы, пайда-ланылған тауарлы-материалдық
қорларды бағалау әдістемесіне байланысты
кә-сіпорын өз қаражатының айналымының
ұзақтығына көп немесе аз әсер ету
ер-кіндігіне ие болады.
Іскерлік
белсенділік коэффициентінің
кәсіпорынның төлем қабілетіне тікелей әсер етеді. Оған қосымша, басқадай бір-дей жағдайда қаражаттың айналым жылдамдығының өсуі кәсіпорынның өн-дірістік-техникалық күшінің артқанын көрсетеді.
Кәсіпорынның
іскерлік белсенділігінің
1.Капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті. Ол жылына қанша рет айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын және активтердің әрбір ақша бірлігі сатылған өнімнің қанша ақша бірлігін әкелгенін көрсетеді. Бұл көрсеткіш мына формула бойынша анықталады:
К = Д / А
Мұнда, К - капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
А - авансталған капитал.
Біздің кәсіпорын үшін капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жыл басында – 0,99 рет; жыл соңында– 1,05 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурс-тарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кә-сіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 99 тиын, ал жыл соңында 1теңге 5 тиын келтірді.
2. Негізгі құралдардың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылы-ғын көрсетеді, яғни кәсіпорынның кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайда-ланудың тиімділігін сипаттайды. Ол саудадан түскен табысты (ақшаны) қалдық құны бойынша кезеңдегі негізгі құралдардың шамасына бөлу арқылы есептейді.
Қор қайтарымдылығы
коэффициентінің артуына
Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін білдіреді.
Біздің кәсіпорын үшін негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті жыл басында – 2,47 рет; ал жыл соңында – 1,79 рет болды.
Көрсеткіш
соңғы жылдары кәсіпорынның негізгі
құралдардың пайдалану
3.Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті. Ол мына формула бойынша қаралады:
К = Д / С
Мұнда: К - меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
С - меншікті капиталдың шамасы.
Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудың артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншікті иелері тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жағдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.
Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 1,21 рет, ал жыл соңында – 1,26 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның меншікті капиталдың пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді.Егер жыл басында кәсіпорында меншікті капиталдың әрбір ақша бірлігі 1 теңге 21 тиын, ал жыл соңында 1 теңге 26 тиын келтірді.
4. Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағымдағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:
К = Д / Т
Мұнда: К - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Т - ағымдағы активтер.
Ағымдағы активтердің (айналым капиталының) айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айна-лымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өңдіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.
Айналымның
жылдамдауы нәтижесінде айналым
қаражатының заттық эле-менттері босайды,
шикізат, материалдар, отын қорлары
мен аяқталмаған өнді-рісті
Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 2,32 рет, жыл соңында –3,34 рет болды.
Көрсеткіш
соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы
активтердің пайдалану
5.Материалдық йналым қаражатының айналымдылық коэффициенті.Кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді.
Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.
Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:
К = S / З
Мұнда: К - материалдық айналым құралдарының айналымдылық
коэффициенті;
S - сатылған өнімнің толық өзіндік құны;
З - өндірістік материалдық қорлар.
Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.
Біздің кәсіпорынымызда сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құны негізінде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті жыл басында – 6,52 рет; жыл соңында – 6,65 рет болды.
6. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:
К = Д / Д
Мұнда: К - дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Д - дебиторлық борыш.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген ком-мерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді.
Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффи-циенті жыл басында – 3,98 рет; жыл соңында – 7,93 рет болды.
7.Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сату-дан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың шамасына қаты-насымен анықталады:
К = Д /К
Мұнда: К - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
К - кредиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.
Сонымен,
біздер кәсіпорынның іскерлік белсенділігін
сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді қарадық,оларды
талдау,кәсіпорын өзінің қаражатын қаншалықты
тиімді жұмсағанын айқындауға көмектеседі.Бұл
көрсеткіштерді талдаумен қатар,кәсіпорынның
базарлық белсенділігін бағалауға болатын
басқа да көрсеткіштерді қарап жіне жан-жақты
талдап қорыту керек.