Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:09, доклад
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бұл жерде біз бағдарламаның барлық нормативтік-құқықтық құжаттарын жариялап, субсидия алу үрдісімен танысамыз, стандартты жобаны жүзеге асыру бойынша ол 20 күннен 32 күнге дейін жалғасады. Сондай-ақ кәсіпкерлер үшін жоба және оның ашықтығының қолжетімді болуын жан-жақты қамтамасыз етуге тырысады, мысалы, біз «Бизнестің жол картасы-2020» аясында арыз берген кез келген кәсіпкер өз жобасының бекітілу сатысымен танысып отыруы үшін апта сайын жобалар картасын жаңартып отырады.
« Бизнестің жол картасы-2020»
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бұл жерде біз бағдарламаның барлық нормативтік-құқықтық құжаттарын жариялап, субсидия алу үрдісімен танысамыз, стандартты жобаны жүзеге асыру бойынша ол 20 күннен 32 күнге дейін жалғасады. Сондай-ақ кәсіпкерлер үшін жоба және оның ашықтығының қолжетімді болуын жан-жақты қамтамасыз етуге тырысады, мысалы, біз «Бизнестің жол картасы-2020» аясында арыз берген кез келген кәсіпкер өз жобасының бекітілу сатысымен танысып отыруы үшін апта сайын жобалар картасын жаңартып отырады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы төрт бағыттан тұратыны белгілі. Бірінші бағыт – жаңа бизнес-бастамаларды қолдау, оның аясында өндірісті қайта жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жаңа жобалар мен несиелерге қолдау көрсетіледі. Бұл бағыт бойынша мемлекеттік қолдау кәсіпкерлердің несиелерді сыйақыландыруды төлеуге кеткен шығындарын қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Биылғы қыркүйек айындағы қорытындыларға сәйкес, барлық өңір бойынша субсидия алуға 522 өтініш мақұлданып, субсидия алу бойынша 332 келісімшарт бекітілді. Сондай-ақ бірінші бағыт аясында несиелерді кепілденіру құралы жұмыс істейді. Мысалы, банк беретін несие кепілмен қамтамасыз етілмесе, онда кәсіпкер «Даму» қорынан алынған несиенің 50 пайызына дейін кепіл ала алады. Осы бағыт бойынша бүгінгі таңда 72 өтініш мақұлданып, 16 келісімшартқа қол қойылды. Екінші бағыт – кәсіпкерлік секторды сауықтыру, оның аясында Қор қаржы дағдарысына байланысты уақытша қарызын өтей алмай және несиені төлеу мерзімін қадағалай алмаған кәсіпкерлерге несие береді. Онымен қоса, егер банк қарыз алушыға қызығушылық танытса, біз ол жобаны қарастырамыз және банктің несие комитетінің рұқсатынан кейін ставка жылына 15 пайызға дейін төмендетіледі, оның 5 пайызын Қор төлейді. Субсидия алудың ең басты шарты – сауықтырудың сауатты жобасы. Қазір осы бағыт бойынша 139 жоба қаралып, 102 келісімшартқа қол қойылды. үшінші бағыты - экспорттық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету. Қолдау сондай-ақ несиелер бойынша пайыздық ставкаларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады, мемлекет несие бойынша ставка 14 пайыздан аспаған жағдайда 8 пайызын қаржыландырады. Қазіргі таңға дейін біз 58 өтінішті мақұлдадық және 38 келісімшарта қол қойдық. Осы көрсеткіштер бойынша Қазақстанда белсенді жұмыс істейтін шикізат емес саладағы экспорттаушыларың саны қанша екенін және олар аймақтарда қалай таралғанын анықтауға болады, бұл әкімдіктер үшін аймақтың экспорттық әл-ауқатын дамыту бойынша белгі бола алады.Төртінші бағыт аясында Қор кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді (start-up кәсіпкерлерді) оқытуды, кәсіпкерлікті енгізу және «Іскерлік байланыстар» жобасына сервистік қолдау көрсетуді жүзеге асырады. Бұл бағытты белсенді түрде жүзеге асыру 2011 жылдың екінші тоқсанынан басталған. Кәсіпкерлерді оқыту мен ақыл-кеңес беру де бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету негізіне жатады. Кәсіпкерлік саласында қаржылық сауаттылығы жоқ кәсіпкер өз ісін алып кете алмайтыны анық. Және де оқыту жөніндегі жобалардың нәтижесі іс жүзінде жақсы көрініс табуда. Ілкі сатыларда Қордың жекеменшік қаражаты есебінен ғана қаржыландырылған кәсіпкерлерге ақпараттық-ақыл кеңес беру жобалары қазіргі таңда үлкен қызығушылыққа ие болып, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жеке құрамдас бөлігіне айналды. Мысалға, кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерді (старт-ап кәсіпкерлерді) оқыту басында Қордың «Бизнес-кеңесші» Бағдарламасының аясында жүзеге асырылған болатын. Төртінші бағыттың басқа да құрамдас бөліктері туралы айтатын болсақ, «Іскерлік байланыстар» жобасын атап өтуге болады, бұл жобада біздің кәсіпкерлеріміздің дамыған елдердегі сәйкес кәсіпорындарда тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылған. Шын мәнінде шағын және орта кәсіпкерлік дегеніміз – бұл ресурстар арасындағы күрес емес, дағдылар арасындағы бәсекелестік, біздің кәсіпкерлерді сол дағдылдарға үйрету керек. Сонымен қатар «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына менеджмент, маркетинг және қаржы басқаруды жүргізудің ең озық әдістерін есепке ала отырып, Назарбаев Университеті мен батыстық бизнес-мектептер базасында «Бизнестің топ-менеджментін оқыту» құрамдас бөлігі кіреді.
Жалпы алғанда, қазірдің өзінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының әлеуметтік және экономикалық аспектілердегі нақты нәтижелері туралы айтуға болады. Біріншіден, бағдарламаны жүзеге асыру есебінен 32 мыңнан астам жұмыс орны сақталып қалды. Қаржыландырылған кәсіпорындарда тағы да 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. Екіншіден, осы уақытқа дейін қаржыландырылған кәсіпорындардан бюджетке 32 млрд. теңге деңгейінде кіріс түседі деп күтілуде.
Менің ойымша, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидаларының жүзеге асырылуы басты фактор болып табылады, себебі несиені жекеменшік банкттер береді, ал мемлекет жеке кәсіпкерлердің дамуы үшін мүмкіндіктер жасайды. Сондай-ақ кешенді қолдау көрсету қағидалары да қызықты, бұл жерде сервистік қолдау көрсету аясында кәсіпкерлер үшін тегін түрде бизнес-жоспар дайындалып, компанияның веб-сайтын әзірлеуге көмектеседі. Мысалы, субсидиялау мен кепілендіруді пайдалана отырып, кәсіпкерлер қолжетімді несие ресурстарын алады, ал қызметін арттыру аясында бизнесті басқару дағдылары жетілдіріледі.