Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 05:51, реферат

Описание

Алғаш рет кәсіпкерлік және кәсіпкер терминін ХVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж) енгізді. Ол: «Кәсіпкер– тәуекел негізінде пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыратын адам» деген.
А.Смит «Халықтар байлығы мен себебі туралы зерттеулер» еңбегінде кәсіпкердің сипатына көп назар аударады. Ол кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатында тәуекел ететін меншік иесі деп сипаттайды. Кәсіпкер өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді.
Атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950) : «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».
Француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832) былай деген: « Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Яғни кәсіпкерлер– алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар.
Еуропа және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы Марко Поло да кәсіпкерлікке анықтама беріп өтті: « Кәсіпкер – сыртқы саудамен айналысатын адам» деген.

Содержание

І. Кәсіпкерліктің теориялық негіздері.
ІІ. ҚР-дағы кәсіпкерлік.
ІІІ. Жамбыл облысындағы кәсіпкерлікке сипаттама.
Қорытынды.

Работа состоит из  1 файл

кәсіпкер.docx

— 25.20 Кб (Скачать документ)

Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негіздері

Жоспар:

І. Кәсіпкерліктің теориялық  негіздері.

ІІ. ҚР-дағы кәсіпкерлік.

ІІІ. Жамбыл облысындағы  кәсіпкерлікке сипаттама.

Қорытынды.

 

  І. Кәсіпкерлік – адамдардың белгілі бір істі істей алу қабілетті және іскерлік белсенділігі.

Алғаш рет кәсіпкерлік  және кәсіпкер терминін ХVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734жж) енгізді. Ол: «Кәсіпкер– тәуекел негізінде пайда табу мақсатында өндірісті ұйымдастыратын адам» деген.

 А.Смит «Халықтар байлығы мен себебі туралы зерттеулер» еңбегінде кәсіпкердің сипатына көп назар аударады.  Ол кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатында тәуекел ететін меншік иесі деп сипаттайды. Кәсіпкер өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді.

Атақты неміс экономисі  Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950) : «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу».

Француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832) былай деген: « Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». Яғни кәсіпкерлер– алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар.

Еуропа және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы Марко Поло да кәсіпкерлікке анықтама беріп өтті: « Кәсіпкер – сыртқы саудамен айналысатын адам» деген.

Рим құқығында «кәсіпкерлік»  ұғымы коммерциялық іс-әрекет, іс ретінде  қарастырылды. Кәсіпкер ретінде қоғамдық құрылысты дамытатын арендатор  деп есептелінді.

 

  Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі.  Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.  Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринимательство) – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.  Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.  Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады. 

 

ІІ.  2006 жылы қабылданған ҚР « Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңынан кейін республикада жеке кәсіпкерліктің дамуы және қолдау шарттарының құрылуы қоғамдық бірлестіктердің рөлі күшейді.

Қазіргі күнде республикада қоғамдық бірлестіктер саны 200 асады  және кәсіпкерлердің салалық бірлестіктерінің, әлеуметтік мәселелерді шешуде азаматтармен мемлекет арасында, азаматтық қоғамды  құру сұрақтарында және кәсіпкерлер  ортасында қоғамдық қатынастар механизмдерді  реттеудің бірі болып байланыстырып  отырады.

Ең негізгісі болып табылады:

  • Мемлекттік орган үшін – кәсіпкерліктен сараптау қорытындысы болуы міндетті;
  • Кәсіпкерлік үшін – негізделген қорытындыны дайындау салалық, аумақтық кәсіпкердің ойын есептегенде.

Бұл мемлекетпен және бизнесте және мемлекеттік органдармен жеке кәсіпкерлік қызығушылық танытатын конструктивті диалогты оларға қатысты шешімді қабылдаған кезде, олардың қызығушылық білдіретінінде қамтамасыз етеді, ал кәсіпкерлер бірлестіктеріне нақты өздерінің заңқорғаушы қызметтерін іске асу тәсілдерін және мемлекеттік органдардың барлық деңгейлерінде мамандырылған және өздерінің белсенді мүшелерінің бизнес- қоғамдастықтарының қызығушылық танытатын сұрақтарын көрсетуде анықтауға мүмкіндік береді.

Жалпы мемлекетте әр түрлі  серіктестіктер даму үстінде. Серіктестік– адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестіктер болады.  Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді.

Қатысушылары серіктестік  міндеттемелері бойынша өздерінің  жарғылық қорға салымдарымен дауап  беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз  болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік    қосымша жауапкершілігі бар серіктестік ( ҚЖШ ) деп аталады.

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық қоры  құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік ( ЖШС) деп аталады.

Толық серіктестіктің мүлкі  жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша  өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ  жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестік деп аталады.

Жарғылық қоры акциялардың  нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестік акционерлік қоғам  (АҚ) деп аталады. Ол ашық және жабық түрде болады:

  • Қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын АҚ ашық акционерлік қоғам болып табылады.
  • Акцияларды тек өз құрылтайшылар немесе алдын ала белгіленген өзге адамдар арасында таратылатын АҚ жабық ашық акционерлік қоғам

болады.

 

 

 

ІІІ.   Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінен жедел түрде алынған мәліметтер бойынша, 2012 жылдың 1-ші шілдесіне облысымызда  тіркеуге алынған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша белсенді жұмыс атқарып отырғандарының  жалпы саны 28604 бірлікті құраған, оның ішінде шағын бизнестегі  заңды тұлғалар – 1508, орта бизнестегі заңды тұлғалар саны –178, жеке кәсіпкерлер – 11494 және  шаруа қожалықтарының саны – 15408 бірлікті құрайды.

Аймақта шағын  және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны  124449 адамға жетіп отыр.

2012 жылдың қаңтар-маусым   айларында облысымыздағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 57,4 млрд. теңгенің   өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, оның ішінде шағын бизнестегі  заңды тұлғалар арқылы 12869,0 млн.теңге, орта бизнес заңды тұлғалары арқылы 32698,0 млн.теңге, шаруа қожалықтары арқылы 2902,0 млн. теңге және жеке  кәсіпкерлік саласында көрсетілген қызмет және атқарылған жұмыс көлемі 8893,0 млн. теңгені құрады.

2012 жылдың қаңтар-шілде   айларында облысымызда жаңадан 171 шағын кәсіпкерлік нысандары тіркеліп, қосымша 995  жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған  көмектің бірі – оларға несие беру болып табылады.

Облысымызда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірумен  айналысатын 13 екінші деңгейлі банк филиалдары жұмыс атқаруда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл филиалының деректері  бойынша екінші деңгейдегі банктер  тарапынан 2012 жылдың басынан бері облыс  кәсіпкерлеріне 13,5млрд. теңге несие қаражаты берілген(2011 жылдың осы уақыты аралығында  5,4 млрд. теңгеге несие берілді).

«КazMicroFinance» микронесиелік  ұйымы» ЖШС-нің Тараз филиалы  арқылы 2012 жылдың 6 айында  шағын кәсіпкерлік өкілдеріне жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгені құрайтын 7397 несие берілді..

Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді  қолдау, ауылшаруашылығы өнімдерін  өндірушілерге қаржылай көмек көрсету  мақсатында, облысымызда 10 ауылдық  несиелік серіктестіктері құрылып, солар тарапынан 2012 жылдың басынан  бері  279,6 миллион теңге көлемінде  несие қаражаты  берілген.

Облыста өндірілген өнім, жұмыс, қызметтің халықаралық сапа стандарттарына (ISO-9000, ISO-14000 және басқалары) көшу бойынша  айтарлықтай  біршама жұмыстар жургізілуде.  

Атап айтсақ,  2012 жылдың 1 шілдесіне   ИСО жуйесі облыстағы  358 кәсіпорында енгізілді.

Ел Президентінің «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту жөніндегі шаралар туралы»  Жарлығын орындау мақсатында, Тараз  қаласының әкімдігі  тарапынан 2012 жылдың басынан бері  кәсіпкерлікпен айналысу үшін  әкімшілік ғимараттар, кафелер, дүкендер, жазғы алаңшалар және басқа да нысандар соғуға жалпы көлемі 29,3747 га болатын 181  жер телімі  кәсіпкерлік субъектілеріне бөлініп берілген.

Кәсіпкерліктің дамуы арқасында,  облысымызда соңғы жылдары көптеген жаңа мекемелер мен кәсіпорындар  ашылды. Мысалы, Тараз қаласында светодиодты шырақтар шығаратын «Энерджи Тараз» ЖШС, Байзақ ауданында пластикалық құбыр шығаратын «Тараз құбыр зауыты», Мойынқұм ауданында гранит бұйымдарын шығаратын «Албасар» ЖШС, Жамбыл ауданында құрылыс заттарын шығаратын «Бином строй деталь» ЖШС, бір рет қолданылатын медициналық заттар шығаратын «Super-Pharm» ЖШСж.т.б.

Облысымыздағы кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, «Атамекен одағы» ҚҰЭП-ның аймақтық филиалы, «Жамбыл облыстық кәсіпкерлер ассоциациясы», «Қазақстан іскер кәсіпкер әйелдер ассоциациясы» ж.т.б. қоғамдық ұйымдар құрылып, белсенді жұмыс атқаруда.

Бүгінде аймақта 10 кәсіпкерлердің бизнес-ассоциациясы, 1 бизнес-инкубатор, 8 бизнес орталықтары жұмыс істейді. Қазіргі кезде бизнес орталықтары мен бизнес-инкубаторлардың көбісі жергілікті атқарушы органдар тарапынан дұрыс көңіл бөлінбегендігі және қаржының тапшылығы себебінен тоқтап тұр.

Сонымен қатар, «Даму» КДҚ» АҚ-ның филиалында кәсіпкерлерді қолдау орталығы құрылған.

Орталықтың міндеті – тартылған кеңесшілер арқылы орталықтың клиенттеріне қаржылай емес қолдау көрсету, ақпараттық және консалтингтік кешенді қызмет көрсету, және халықтың, кәсіпкерлік субъектілерінің барлық облыстарда және республикалық маңыздағы қалаларындағы белсенділігін арттыру.

Аймақтағы кәсіпкерлердің белсенділігін, бәсекелестігін арттыру мақсатында, жергілікті атқарушы органдар тарапынан жыл сайын «Қазақстанның үздік тауары», «Алтын сапа» және басқа конкурстар мен көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Атап айтқанда, облыс кісіпкерлері мен ірі кәсіпорын басшыларының қатысуымен  үстіміздегі жылдың 12 шілдесінде Тараз қаласындағы Тар МУ-нің «Жастар сарайы» ғимаратында жергілікті атқарушы органдардың үйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары» атты аймақтық көрме-конкурсы өткізілді. Аталған іс-шараға облысымыздың алдыңғы қатарлы 67 кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпорындар қатысты.

Конкурсты өткізу жөніндегі облыс әкімі бастаған әділ қазылар алқасының шешімімен конкурстың белгіленген 3 номинациясы бойынша 9 жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда, «Казфосфат», «Энерджи-Тараз», «ФабрикаПошТараз», «Супер Фарм» «Асыл Дизайн» ЖШС-тіктері, «Айналайын» ҚБ,  ЖК «Амангелді», ЖК «Мешелова» және «Зылиха» Ш/Қ.

Аталған кәсіпорындар мен  кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары Астана қаласында ағымдағы жылдың желтоқсан айында  өткізілетін республикалық қөрме-конкурсқа Жамбыл облысының атынан қатысатын болады.

 

Қорытынды:

  Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Менің ойымша, қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады. Әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негізінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін емес. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтыңтың дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негіздері