Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың нысандары мен тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 15:03, доклад

Описание

Дүниежүзілік банк жариялаған жыл сайынғы "Бизнес жүргізу" (Doing Business Report) басылымының деректері бойынша 2009 жылы Қазақстан осы басылым қамтыған әлемнің 181 елінің арасында "бизнес жүргізу бостандығы" индексі бойынша 70 орында, "лицензиялау" саласындағы көрсеткіші бойынша 175 орында тұратын болады. Бұл ретте осы көрсеткіш тек құрылыс саласындағы рұқсат беруді ғана есепке алғанын айту керек.

Работа состоит из  1 файл

Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың нысандары мен тәртібі.docx

— 25.29 Кб (Скачать документ)

Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың нысандары мен  тәртібі

     Дүниежүзілік банк жариялаған жыл сайынғы "Бизнес жүргізу" (Doing Business Report) басылымының деректері бойынша 2009 жылы Қазақстан осы басылым қамтыған әлемнің 181 елінің арасында "бизнес жүргізу бостандығы" индексі бойынша 70 орында, "лицензиялау" саласындағы көрсеткіші бойынша 175 орында тұратын болады. Бұл ретте осы көрсеткіш тек құрылыс саласындағы рұқсат беруді ғана есепке алғанын айту керек. 2007 жылғы тамызда қолданысқа енгізілген жаңа редакциядағы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) лицензиялау жүйесін оңтайландыруда белгілі бір прогресті қамтамасыз етті. Шетелдік сарапшылардың бағалауы бойынша Заңмен шамамен 240 мың кәсіпкерге лицензия беру қысқартылды, бұл қазақстандық бизнеске лицензиялық алымдардың жете түспеуінен мемлекеттік бюджеттің кірістерін азайтпастан шамамен 80,0 млн. АҚШ долларын үнемдеуге мүмкіндік берді.

       Қазақстанда лицензиялау жүйесін жетілдіру жүргізіліп отырған әкімшілік реформа шеңберінде жүзеге асырылуда, оның барысында 2004 - 2007 жылдар ішінде лицензияланатын қызмет түрлерінің саны үш есеге дерлік қысқарды, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы жекелеген қызмет түрлері бойынша лицензиялау функцияларын орталықсыздандыру жүзеге асырылды.

       Бұған дейін жүргізілген шараларға және қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, бүгінгі таңда рұқсат беру құжаттарын алуды талап ететін қызмет түрлерінің саны барынша жоғары қалпында қалып отыр. Талдау кәсіпкердің мемлекеттік органдармен және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларымен тікелей байланысын болдырмайтын "жалғыз терезе" қағидатының жұмыс істемейтінін көрсетті. Лицензиарларды қоршаған ортаны қорғау, ядролық, радиациялық, өнеркәсіптік, өртке қарсы қауіпсіздік мемлекеттік энергетикалық қадағалау, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласындағы органдармен үйлестіру деңгейінің жеткіліксіз болуына байланысты осы органдардың лицензия беру немесе бермеу туралы қорытындыны келісу кезінде келісілген өзара іс-қимыл жасау тетігі жоқ.

            Осы уақытқа дейін лицензиарлар "Лицензиялау туралы" Заңға көзделген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып электрондық қызмет көрсетпей отыр, лицензиарлардың ведомстволық ақпараттық жүйелерінің қызметтерді электрондық түрде көрсетуге әзірлігі деңгейінің төмендігі байқалады, электрондық қызмет көрсету жөнінде мамандарды оқыту жүргізілмейді, электрондық лицензиялау жүйесі енгізілмеген, мемлекеттік органдардың лицензиялау саласындағы әкімшілік регламенттері жоқ, мүдделі органдарға, бизнес қоғамдастықтарға және кәсіпкерлерге лицензиялау мәселелері жөніндегі қажетті ақпаратқа рұқсаты жоқ. Осы факторлардың барлығы лицензия беру кезінде "жалғыз терезе" қағидатын енгізуге кедергі келтіреді, лицензиялау рәсімін күрделі етеді, лицензия беру мерзімін созады. Лицензия алу тәртібі өзінің бұрынғы негізінде қалған, лицензия алуға арналған өтінім беру лицензиялаудың мақсаттары мен қағидаттарына тікелей қатысы жоқ мәліметтерді қамтитын құжаттардың едәуір пакетінен тұрады.

     Лицензиялаудың қағидаттары мен рәсімдерін нақтылауды және тиісінше кейбір жалпыға кең таралған қызмет түрлерін лицензиялаудың орындылығын, талап етеді, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің қызметі регламенттелмеген, заңды тұлғалардың филиалдарына лицензиялық бақылауды жүзеге асыру қиындатылған, лицензиар органдардың тізбесі, өтінім берушінің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы қорытындының бірыңғай нысаны бекітілмеген.

     Лицензиялаудан басқа, рұқсат беру жүйесінің элементтеріне аккредиттеу, сертификаттау, рұқсат беру, келісу жатқызылған.

     Рұқсат беру құжаттарын беру рәсімдері көп жағдайда қайталанады, әсіресе, лицензия беруге келісу және лицензиялаудан кейінгі бақылау барысында. Бүгінгі таңда, лицензиарлардың лицензияланатын қызмет түрлерін ұлғайту үрдісі, сондай-ақ түрлерді ішкі түрлерге бөлу (мысалы, түсті және қара металл сынықтары айналымы, улы заттар, фармацевтикалық қызмет, білім беру және басқа салада) жолымен жекелеген қызмет түрлері шеңберінде ішкі қызмет түрлерін жіктеу байқалып отыр, осының салдарынан тиісті заңға тәуелді актілер қайта бекітілуге жатқызылады. Осыған байланысты біліктілік талаптарының тұрақтылығы қамтамасыз етілмей отыр.

     Лицензиялау туралы заңнаманың жетілмегендігі өз кезегінде саны 70 актіден асатын заңға тәуелді қабылданған актілердің сапасына және санына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өздері және оларға ведомстволық бағынысты құрылымдар бастамашы болатын ведомстволық нормативтік актілер санының көп болуына әсер етеді. Нормативтік құқықтық актілерді талдау көп дәрежеде лицензиялау және жекелеген қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарының ережесі жетілдірілуі және оңтайландырылуы тиіс екендігін көрсетті. Лицензиялау және біліктілік талаптарының ережесі лицензиялаудың мақсаттары мен қағидаттарына тікелей қатысы жоқ артық нормаларды алып тастау мақсатында қайта қаралуы, ал бұйрықтар, нұсқаулықтар лицензиялар беруді және кейіннен лицензиялық қызметті қамтамасыз ететін қосымша рұқсат беру жүйесін құратындықтан ведомстволық актілер жойылуы тиіс.

     Осылайша, лицензиялау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін пысықтауды талап ететін бірқатар мәселелер бар.

     1. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру, лицензиялау қағидаттарын нақтылау, "жалғыз терезе" қағидаты бойынша жұмыс тетігін әзірлеу, лицензияланатын қызмет түрлерін оңтайландыру, рұқсат беру құжаттарының тізбесін заңмен анықтау, біліктілік талаптарының тұрақтылығын қамтамасыз ету.

     2. Рұқсат беру құжаттарын елеулі түрде қысқарту (екі еседен артық).

     3. Лицензия беру кезінде мүдделі мемлекеттік органдардың келісілген өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету және тетігін енгізу.

     4. Рұқсат беру жүйесі саласындағы электрондық қызметтерді енгізу, нақты уақыт режимінде рұқсат беру құжаттарын электронды түрде алу жүйесін енгізу.

     5. Рұқсат беру құжаттарының электрондық тізілімін жасау.

     Лицензиялаудың  негiзгi принциптерi

1. Лицензиялар беру лицензияның осы түрi үшiн белгiленген талаптарға сай келетiн барлық адамдар үшiн бiрдей негiздер мен тең шартқа сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттiк кәсiпорындарға басым лицензиялар беру құқығына тыйым салынады, бұған заң актiлерiмен мемлекеттiк монополияға жатқызылған қызмет түрлерi кiрмейдi.

2. Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтар (жеке кәсiпкерлер) лицензияны заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен алады. Қазақстан Республикасының Үкiметi шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне лицензия берудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлеуге хақылы.

3. Бәсекелестiктi шектеу немесе кәсiпкерлердiң қандай да бiр топтарына олардың меншiк нысандарына, ведомстволық мүдделерiне не болмаса орналасқан жерiне қарай артықшылықтар беру мақсатында лицензия беруге тыйым салынады. Лицензия беру монополизмнiң күшеюiне немесе кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiн шектеуге себепшi болмауға тиiс.

4. Лицензиялар иелiктен алынбайды, яғни, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, лицензиат оларды басқа жеке немесе заңды тұлғаларға бере алмайды.

5. Лицензиялар алу осы Заңда лицензиялау көзделген қызмет түрлерiн ғана жүзеге асыру және iс-әрекет (операциялар) түрлерiн ғана атқару үшiн қажет.

6. Қызмет  түрлерi бойынша лицензиялық тәртiп енгiзу немесе оны жою  мемлекеттiк қауiпсiздiк, мемлекеттiк монополияны iске асыру, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету, айналадағы ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрi мен денсаулығын қорғау мақсатында осы Заңмен белгiленедi.

     Лицензиялар мынадай белгiлерi бойынша ажыратылады:

     1. Субъектiлер бойынша:

1) Қазақстан  Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына берiлетiндер;  

2) шетелдiк заңды тұлғаларға, шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдар мен халықаралық ұйымдарға берiлетiндер.

     2. Қызмет көлемi бойынша:

1) бас  - қызметтiң белгiлi бiр түрiмен айналысуға, мерзiмiне шек қойылмай, егер олар бірыңғай технологиялық кешенге енетін болса, қызметтің бірнеше түріне бас лицензия беруге жол беріледі;

2) бiр жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе мөлшер (заттай немесе ақша түрiнде), сондай-ақ капиталдың қозғалысына байланысты, тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін 180 күннен артық мерзімге төлемді кейінге қалдыруды не аванстық төлемді көздейтін экспорт-импорттық мәмілелер бойынша жүргізілетін операциялар үшін Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында белгіленген мерзім шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операциясын жүргiзуге берiлетiндер.

3) операциялық  - банк қызметiнде белгiлi бiр операциялар жасауға және валюталық заңдармен белгiленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операциялар берiлетiндер.

     3. Қолданылатын аумақтық аясы бойынша:

1) қолданылуы  Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағымен шектелетiн;

2) Қазақстан  Республикасының бүкiл аумағында қолданылатын;

3) Қазақстан  Республикасынан тыс жерлерде қолданылатындар.

     Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар

1. Өтiнiш берушiге лицензия берудi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленетiн және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн лицензиарлар жүргiзедi.

1-1. Лицензиялау саласындағы тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

2. Белгiлi бiр кәсiпкерлiк қызмет түрiмен айналысуға, мұндай қызметтi жүзеге асыратын субъектiлерге қарамастан заңмен көзделгеннен басқа жағдайларда лицензиялар берудi бiр орган жүргiзедi.

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметті лицензиялаудың нысандары мен тәртібі