Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 21:51, дипломная работа

Описание

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны- кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.

Содержание

Кіріспе
I-ТАРАУ.Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі
1.1. Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы.
1.2. Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері.
III-ТАРАУ.Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары.

Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

жаннура7КӘСІПОРЫНЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ.doc

— 112.50 Кб (Скачать документ)

     Айналымға құралдар енгізу коэффициенті (Kе)- айналым  капиталының айналыс коэффициентіне (Кайн) қарсы бірлік. Енгізу коэффициенті азайған сайын, кәсіпорынның айналым  капиталы тиімді қолданылады және оның қаржылық жағдайы жақсарады.

     Кәсіпорынның  айналым қорларын пайдалану көрсеткіштері

     Материалды  ресурстардың шығынын зерттеу және болжау үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады: пайдалану коэффициенті, өнім шығару (жартылайфабрикат), шикізаттан шығарылған өнім коэффициенті.          

     Пайдалану коэффициенті пайдаланылған шикізат пен материал көлемін көрсетеді. Ол тиімді шығынның (масса, теориялық шығын) материалдың шығын нормасына қатынасына тең:  

     ПК= тиімді шығын/материалдың шығын нормасы. 

     Өнім  шығару коэффициенті пайдалану коэффициентіне кері көрсеткіш. Ол материалды ресурстардың шығын нормасының тиімді шығындарға қатынасымен өрнектеледі. 

     ӨШК= материалдың шығын нормасы/тиімді шығын. 

     Шикізаттан  шығарылған өнім коэффициенті жұмсалған шикізаттың құрамындағы қолданылған тиімді заттар көлемін көрсетеді. Ол шикізат құрамындағы тиімді заттар көлемін шикізаттың толық көлеміне қатынасымен көрсетіледі. 

     ШШӨК= тиімді заттар көлемі/шикізат көлемі. 

     Кәсіпорында барлық материалдық ресурстарды  пайдалануын көрсететін маңызды көрсеткіштері- өнімнің материал сиымдылығы (Мс) және, бұған кері, материал қайтарымдылығы (Мқ) болып табылады.

     Мс= МЗ/ТӨ;       Мо=ТӨ/МЗ;

     Мс= МЗ/Vc;       Мо= Vc /МЗ;

     МЗ- кәсіпорындағы жұмсалған материалдар  көлемі,

     ТӨ- кәсіпорындағы тауарлы өнім шығарылымы,

     Vс- сатылған өнім көлемі.

     Өнімің  материал сиымдылығының жеке көрсеткіштері:

     Электросиымдылық

     Мэл= жұмсалған электроэнергия көлемі/өнім көлемі;

     Энергосиымдылық

     Мэв= тұтынылған энергия көлемі/ өнім көлемі; 

     Кәсіпорынның техникалық- экономикалық көрсеткіштері

     Жалпы табыс= өткізілген өнімнен түскен түсім- өткізілген өнімнің өзіндік құны;

     Негізгі қызметтен түскен түсім= жалпы табыс- кезең шығындары;

     Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс= негізгі қызметтен түскен түсім- негізгі емес қызметтен түскен түсім;

     Корпоративті  табыс салығы=30%;

     Салық салғаннан кейінгі жиынтық табыс=салық  салғанға дейінгі жиынтық табыс -  корпоративті табыс салығы;

     Таза  табыс= салық салғаннан кейінгі жиынтық табыс;

     Өнім  рентабельдігі= (таза табыс/өткізілген өнімнің өзіндік құны+кезең шығындары)* 100;

     Сату  рентабельділігі= (таза табыс/өткізілген өнімнен түскен табыс)* 100;

     Өндіріс рентабельділігі= (таза табыс/негізгі  құралдардың орташа жылдық құны+айналым  құралдарының орташа жылдық құны)* 100;

     1 жұмыскердің еңбек өнімділігі= өткізілген өнімнен түскен табыс/жұмыскерлер саны;

     1 жұмысшының еңбек өнімділігі= өткізілген  өнімнен түскен табыс/жұмысшылар  саны;

     1   жұмыскердің орта айлық еңбек  ақысы= (жұмыскерлердің еңбекақы  қоры/жұмыскерлер саны)*12 айға;

     1   жұмыскшының орта айлық еңбек ақысы= (жұмысшылардың еңбекақы қоры/жұмысшылар саны)*12 айға;

     Қор қайтарымдылығы= өнім көлемі/негізгі құралдардың орташа жылдық құны;

     Қор сиымдылығы= негізгі құралдардың  орташа жылдық құны/ өнім өлемі;

     Қормен  қарулану= негізгі құралдардың орташа жылдық құны/жұмысшылар саны;

     Амортизация суммасы = (негізгі құралдардың орташа жылдық құны*амортизация нормасы)* 100;  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       

Информация о работе Кәсіпорынның неізгі капиталын пайдалану