Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 20:00, реферат
Описание
Кәсіпкерлік дегеніміз - бұл өзінде үнемі түрдегі тәуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сәйкес келтіріліп отыратын экономикалық қызмет. Бизнестің отаны ретінде АҚШ елін қарастырады. Өйткені бұл елдің кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі анағұрлым мол, екіншіден, ел үкіметі де кәсіпкерліктің дамуына ерекше көңіл бөледі.
«Кәсіпкерлік» (ағыл. business) ұғымын алғаш рет XVIII ғасырда ағылшын банкирі әрі экономисі Ричард Кантильон (1680 – 1734) қолданған болатын.
Кәсіпкерлік дегеніміз - бұл өзінде үнемі түрдегі тәуекел жағдайларында тауарлық ұсыныс пен сұраныс өзара сәйкес келтіріліп отыратын экономикалық қызмет. Бизнестің отаны ретінде АҚШ елін қарастырады. Өйткені бұл елдің кәсіпкерлікті дамытудағы тәжірибесі анағұрлым мол, екіншіден, ел үкіметі де кәсіпкерліктің дамуына ерекше көңіл бөледі.
Тарих көрсетіп отырғандай, шындығына келгенде, шағын бизнес ірі бизнеспен табысты түрде бәсекелесуде, себебі ол дағдарыс жағдайларында анағұрлым икемді, анағұрлым ұтқыр, анағұрлым тұрақты болып келеді және үнемі түрде дамып отыруға, жаңашылдық енгізуге тез қабілетті. Шағын кәсіпорынды ашудың бірнеше жолдары бар: жаңа кәсіпорын ашу; франчайзинг; жанұялық бизнес.
Кәсіпкерлік қызмет циклі үш кезеңнен тұрады: қалыптасу, әрекет ету және даму. Осыған сәйкес кәсіпкердің әр кезеңдегі қажеттіліктері әр алуан. Мысалы, қалыптасу кезеңінде кәсіпкерге кәсіпкерлік қызметті құру тәртібі туралы ақпарат, бизнесті жүргізу негіздері туралы баспатқы капитал, қажет ғимараттар, бизнес-байланыстар қажет.Әрекет ету кезеңінде бизнесті басқаруды ұйымдастыру, қаржылық ресурстар, қажет жабдықтар мен ғимараттар, қосымша блім, нарық қажеттіліктері туралы ақпаратқа қол жеткізу көзделеді. Ал кәсіпкерліктің даму кезеңінде қажеттіліктер деңгейі артады, оған төмендегілер жатқызылады: басқару жүйесін жетілдіру, еңбеккерлердің біліктілігін арттыру, инновациялық технологиялар, кәсіпорынның беделін арттыру, жеке брендті дамыту, жаңа нарықтарға шығу, инновациялық жобаларды қаржыландыру, қаржылық ресурстар, білікті мамандар, т.с.с.
Жалпы шағын және орта бизнес саласы нарықтық экономика жағдайында экономикалық, әлеуметтік және саяси қызмет атқарады. Шағын және орта бизнестің экономикалық қызметі жалпы ішкі өнім өндірісіне, оның салымдары мен экономика құрылымына әсері бәсекелік ортаны қалыптастырумен анықталады, халықтың экономикалық тәуелсіздігін нығайтып, олардың сұранысының төлем қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Шағын және орта бизнестің әлеуметтік қызметі экономикадағы жұмыссыздық мәселесін шешу аясында жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуға қабілетті. Ал шағын және орта бизнестің саяси қызметі шетелдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қоғамда меншік иелерінің дербес таптарының қалыптасуымен айқындалады. Бұл Президентіміздің анықтаған маңызды бағыттарының бірі – қоғамда орта тапты қалыптастыруға мәнді ықпал етеді, шағын және орта бизнес, сәйкесінше қоғамдағы саяси тұрақтылыққа кепіл болады.
Қазіргі таңда бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне душар болады. Ішкі факторлар қатарына кәсіпорынның қызметімен тікелей байланысты факторлады жатқызуға болады. Бизнеске орталық макроәсерлерді төмендегідей бөлуге болады:
1. экономикалық факторлар – ЖІӨ өсуі, инфляция, жұмыссыздық деңгейі, фискалдық және монетарлық саясат, бағаны және еңбекақыны қадағалау деңгейі;
2. бизнесті мемлекеттік қолдау – кәсіпкерлерге қаржылық қолдау, менеджментке көмек көрсету, бизнесті ақпараттық қолдау, шағын және орта бизнесті қолдау, салық салу жүйесі арқылы ынталандыру, қоғамдық кәсіпкерлік климат қалыптастыру;
3. әлеуметтік факторлар - өмір сүруге қажет минимум және өмір сүру деңгейі, тұтынушылық белсенділігі, демографиялық өзгерістер;
4. ресурстық факторлар – қоршаған ортаны қорғау, энергиямен қамту, табиғат ресурстарын пайдалану;
5. технологиялық факторлар – ғылыми зерттеулерге жұмсалған шығындар, технологиялық жаңашылдық өңдемелер, патенттер мен ізденімпаздықты қорғау, автоматтандыру және роботтандыру.
Кәсіпкерлікті басқару үрдісі жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация жән бақылау қызметтерінен құралады. Өз кезегінде жоспарлау стратегиялық менеджмент, стратегиялық маркетингті жасап шығару, бизнес-жоспарды жасақтау қамтиды. Кәсіпкерлікті басқарудағы ұйымдастыру барлық деңгецдегі кәсіпкерлікті басқарудың сәйкес құрылымдарын құрумен байланысты. Мотивация ретінде кәсіпкерлік белсенділікті қолдайтын тетіктерді жасақтау түсініледі. Ал кәсіпкерлікті басқару үрдісіндегі бақылау қызметінде сәйкес түзетулер енгізу мақсатында жрспарлы іс-әрекеттердің ауытқуларды айқындау жүзеге асырылады.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, нарықтық қатынастар қалыптастыруда шағын және орта бизнес мемлекеттік қолдауды көп қажет етеді. Бұл әсіресе, өз елінің экономикасында «сілкініс» жасаған елдер Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Еуропа елдерінің тәжірибесінен айқын.
Мысалы, АҚШ-тағы шағын кәсіпкерлік ел экономикасының сауықтырылуында шешуші рөл атқарады. Бұл үшін 1953 жылы АҚШ-та шағын бизнес әкімшілігі құрылған болатын. Оның қызметі клиенттерге бағытталған, сапалы, кең ауқымды бағдарламаларды қалыптастыру болып табылады.
Ал Жапонияда шағын және орта кәсіпорындарда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін мамандандырылған органдар желісі құрылған. Жапонияда шағын және орта бизнесте маңызды рөлді технопарктер атқарады. Технопарктердің көмегімен бұл елде шағын және орта бизнестің 70 пайызға жуығы құрылды, оның жартысынан мәнді көп бөлігі жоғары технологиялық өнім өндірісіне бағытталған. Сонымен қатар шетелдік инвесторларды тарту мақсатында жапон Үкіметі жеңілдікті жағдайлар жүйесін (жеңілдікті қарыз, несие, салықтық жеңілдіктер, техникалық және кеңс беру қызметі, ақпараттық-компьютерлік қызмет, т.с.с.) жасақтаған.
Нарықтық экономикасы дамыған елдердің шетелдік тәжірибесі кәсіпкерліктің экономикада аса маңызды міндеттерді орындап отырғанын көрсетіп отыр. Жапон экономикасы екінші дүниежүзілік соғысынан кейін шағын және орта кәсіпорындардың арқасында жылдам қалпына келді, сөйтіп «жапондық экономикалық ғажайып» орын алды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының мәліметтері бойынша әлемдік экономикада шағын кәсіпорындардың саны барлық кәсіпорындардың жалпы санының 95%-нан асады. Олардың үлесі әрекеттегілерінің 60%-нан астам бөлігін құрайды, ал олардың ЖІӨ-дегі үлесі 50%-ға дейін жетеді. Ал Жапонияда мысалы, шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі компаниялардың жалпы санының 99,6%-ын, ЖІӨ-нің 55%-ын және өнеркәсіпте қызмет ететіндер санының 80%-ын құрайды. АҚШ-та - ЖІӨ-нің 50%-дан артық бөлігі, инновациялардың жартысынан астам бөлігі, ұлттық жұмыс күшінің 2/3 артық бөлігі шағын кәсіпкерлікте еңбек етеді.
Бүгінде Қазақстанда еңбекке жарамды белсенді тұрғындардың әрбір бесіншісі шағын және орта бизнесте еңбек етуде. Олардың шамамен алғанда тең жартысы – жеке кәсіпкерлер. Ал барлық тіркелген кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің 90% артық бөлігі шағын және орта бизнес секторына тиесілі болып келеді. Бұл тұрғыда біз орташа әлемдік көрсеткіштермен бір деңгейде келеміз.
Сонымен қатар, егер шағын және орта бизнестің ЖІӨ-де алатын үлесін салыстырар болсақ, Қазақстанда – бұл шамамен 16%. Ал, мысалы, Ұлыбританияда – 52%, Италияда – 55%, Германияда – 57%.
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік көпшілік сипатқа ие және салыстырмалы түрде серпінді құбылысқа айналған. Кейінгі төрт жыл ішінде тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2005 жылдағымен салыстырғанда 35%-дан артық шамаға өскен, және 2008 жылдың қорытындылары бойынша 1 млн. бірлікті құрады, мұнысы еліміздегі барлық шаруашылық етуші субъектілердің жалпы санының шамамен 92%-ын құрауда. Әрекет етуші шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ұйымдық-құқықтық формалар қимасындағы құрылымы көрсетіп отырғандай, 2008 жылы жеке кәсіпкерлердің саны 604 мың субъектіні немесе 60,3%-ды құрады, заңды тұлғалардың – шағын бизнес кәсіпорындарының шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 203 мың немесе 20,3%, шаруа (фермерлік) қожалықтардың саны – 194 мың немесе 19,4% құрады. 2008 жыл бойынша аймақтық қимадағы белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жүргізілген талдау төмендегі жағдайды көрсетті: шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ең көп саны Оңтүстік Қазақстан облысында (102 мың), Алматы облысында (79 мың) және Алматыда (60 мың) қызмет етеді. Ең төмен көрсеткіштерге Қызылорда (15 мың), Солтүстік-Қазақстан (18 мың), Маңғыстау (21 мың) және Батыс-Қазақстан (22 мың) облыстары ие болуда.
Кейінгі жылдарда кәсіпкерліктің жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығына қарамастан, экономиканың аталмыш секторының сапалық тұрғыдан дамуына кедергі болып отырған бірқатар проблемалар орын алуда. Мұндай проблемаларға мыналар жатады:
заңнамалық базаның жетілмегендігі – жеке кәсіпкерлік туралы заңдардың нормалары ескірген. Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі бірқатар мәселелер бойынша нақты нормалар шығарылмаған, мұнысы әкімшіліктік тосқауылдардың көбеюіне және әрекеттегі заңдардың әртүрлі пайымдалуына әкеледі;
кәсіпкерлік субъектілерін критерийлік тұрғыдан белгілеу мәселесі – кәсіпкерлік субъектілерін шағын және орта бизнес категориясына жатқызудың критерийлері әлемдік практикаға сәйкес келмейді. Төмендетілген құндылықтық критерийлер экономика мен бизнестің бүгінгі даму деңгейіне сай емес. Олар бизнестің жасанды түрде «бөлінуіне» ықпал етуде, отандық кәсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігі мен оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде.
салықтық жүйе жеткілікті дәрежеде дамымаған – Қазақстанның салық жүйесінде шағын бизнес ауқымының өсуіне және оның біртіндеп орта бизнеске айналуына арналған экономикалық стимулдар қарастырылмаған;
әкімшілік тосқауылдар – әкімшілік тосқауылдардың болуы шағын және орта бизнестің дамуына елеулі кедергісін тигізуде. Алайда оларды кешенді талдау осы мәселені бұрынғысынан да тиімді шешудің жолдарын ашуда;
кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының нашар дамуы және үзінділік сипатқа ие болуы – Қазақстанда орын алып отырған шағын және орта бизнесті қолдау инфрақұрылымы шағын және орта бизнесті дамыту шараларын қолдауды қамтамасыз етпейді және жоғары транзакциялық шығындарға негіз болуда;
шағын және орта бизнес өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі – қормен жеткілікті деңгейде жарақтандырылмауы, негізгі құралдардың жоғары тозу деңгейі мен төмен дәрежедегі жаңартылуы, сондай-ақ тұтастай шағын және орта бизнес секторының төмен технологиялығы еңбек өнімділігін, шағын және орта бизнес өнімдерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін төмендетуде;
қаржы ресурстарына қол жеткізу қиындығы – әлемдегі қаржы дағдарысы шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырудың жетіспеушілігі мәселесін одан әрі шиеленістіріп жіберді. Мемлекеттік Тұрақтандыру бағдарламасын уақытында жүзеге асыру дағдарыстық құбылыстардың шағын және орта бизнес секторына жағымсыз әсерін ішінара бәсеңдетуге мүмкіндік берді.
Тәуелсіз Қазақстанның құрылған сәтінен бастап кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың тарихын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады:
1. Алғашқы кезең - 1992 және 1994 жылдар аралығы;
2. Екінші кезең – 1994 және 1996 жылдар аралығы;
3. Үшінші кезең – 1997 және 2000 жылдар аралығы;
4. Төртінші кезең – 2001 және 2003 жылдар аралығы;
5. Бесінші кезең – 2004 және 2007 жылдар аралығы;
6. Алтыншы кезең – 2008 жылдан бастап осы уақытқа дейін.
Осы саладағы алғашқы шаралардың біріне Қазақстан Республикасындағы 1992-1994 жж. арналған Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдау жатады, ол жеке кәсіпкерліктің оны ауқымы бойынша бөлусіз тұтастай алғандағы қалыптасуы мен дамуының негізін қалады. Сол сәттерде кәсіпкерлікті дамытудың негізгі кедергілеріне толық сипатқа ие және тұрақты заңдардың, лайықты салықтық саясаттың жоқтығы, инвестициялар мен несиелерді, өндірістік панажайларды, шикізаттық ресурстарды, ақпаратты алудағы қиындықтар, яғни Бағдарламада көздеген кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нақты механизмінің жоқтығы айналды.
Кәсіпкерлердің тобын белсенді түрде қалыптастыруға арнап қажетті жағдай тудыру мақсатында, сол арқылы экономикалық реформалардың сенімді әлеуметтік базасын қамтамасыз етумен республикамызда Қазақстан Республикасындағы 1994-1996 жж. арналған Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту бағдарламасы әзірленіп және қабылданған болатын. Аталмыш кезең салық реформасының жүзеге асырылуымен елеулі болды, оның басты мақсаты қолданыстағы салықтар мен төлемдерді азайту арқылы салықтық аурытпалықты азайту, сондай-ақ еліміздің бүкіл аумағында салық ережелерін бірыңғай қолдануды қамтамасыз ету болатын. Ел экономикасын реформаландыру барысында шағын бизнес басты рөлге ие бола бастады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту өнеркәсіп секторын әртараптандырумен біріктірілумен «Қазақстан - 2030» стратегиясының негіздерінің біріне айналды.
1997 және 2000 жылдар аралығында шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болып отырған алдыңғы кезеңнің проблемаларын шешу және қол жеткізілген жағымды беталыстарды тұрақтандыру мақсатында мемлекетпен төмендегідей шаралар жүзеге асырылған болатын:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 6 наурызындағы № 3398 «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсетуді күшейту мен оны дамытуды жандандыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығы қабылданған болатын, ол шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту шараларының мәртебесін мемлекеттің экономикалық саясатының басымдылыққа ие саласы ретінде бекітті және жүргізіліп отырған шараларды ең алдымен тұрғындардың жұмыс бастылығын қамтамасыз етуге, соның әлеуметтік проблемаларын шешу мен еңбектік белсенділікті дамытуға, тұтынушылар нарығын тауарлар мен қызметтердің кең ассортиментімен толықтыруға бағыттады;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі 1997 жылдың 26 сәуірінде Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құрған болатын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылдың 26 сәуіріндегі № 665 «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы» Қаулысы).
3) 1999-2000 жылдарға арналған Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданды, ол өзінің нарықтық экономикадағы ерекше рөліне орай дәл осы шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын белгілеген болатын.
2001 жылы Қазақстан Республикасындағы 2001 - 2002 жж. арналған шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі кезекті мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, ол шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғаудың құрылып отырған инфрақұрылымының тиімділігін арттыруды, шағын кәсіпкерлік саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруді, шағын кәсіпкерлікті қолдаудың қаржы-несиелік механизмдері мен инвестициялық саясатын жетілдіруді, шағын кәсіпкерлікті мамандармен, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуді, аймақтардағы шағын кәсіпкерлікті дамытуды көздеген болатын.