Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 18:06, реферат
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмрінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық – заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І бөлім. Сақтандыру нарығы
1.1. Сақтандыру нарығының мәні және атқаратын функциялары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
1.2. Сақтандыру нарығының түрлері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы
сақтандыру нарығы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
Қолданылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15
- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр:
экономикалық және құқықтық негіздемелері бойынша (ұзақ дағдарыс жетілмеген заңнамалық база) ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай
артта қалып келеді. Дамыған нарықтык қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрі қамтиды. Жеке басты сақтандыру және
азаматтардың мүлкін сақтандырудың көптеген түрлері нашар дамыған, бұл халықтың табысының төмен болып отырған деңгейіне байланысты.
Қазақстан Республикасы сақтық рыногының қатысушылары мыналар
болып табылады: сақтық ( қайта сақтандыру ) ұйымы; сақтық брокері;
сақтық агенті; сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлык ұйым (уәкілетті аудитор); өзара сақтандыру қоғамы;
сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де
заңи және жеке тұлғалар.
Жұмыс істейтін қызметкерлерді қоспағанда, Қазақстан Республи-касының аумағында тұрақты тұратын және табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтан-дырылуға тиіс.
Қазақстан Республикасының "Міндетті әлеуметтік сақтандыру" туралы заңына сәйкес "Әлеуметтік сактандырудың мемлекеттік қоры" акционерлік қоғамы құрылған, ол бірден-бір құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылатын коммерциялық емес ұйым. Қор Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге, қордың уақытша бос қаражатын ұлттық банк арқылы қаржы құралдарына орналастыруға, жыл сайын аудит өткізуді камтамасыз етуге, заңнамалық актілерге сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті. Қордың өз қаражатын оның жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленеді:
есептеу объектісінен 2 пайыз;
есептеу объектісінен 3 пайыз.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режімі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері белгіленген (2005, 2006 және 2007 ж.ж. 1-ші қаңтарынан бастап ҚР-ның заңнамалық актісімен белгіленетін ең төменгі жалақының тиісінше 1,5, 2 және 3 пайызы).
Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады.
Соңғы жылдары сақтандырудың отандық рыногында оң тенденциялар байқалуда. 2006 жылы сақтық сыйлықақыларының көлемі 27,1 пайызға көбейіп, 120,2 миллиард теңгені құрады, міндетті сақтандыру бойынша сақтық сыйлықақыларының көлемі 136,4 пайызға (2,8 миллиард теңгеге дейін) өсті. Ерікті мүлікті сақтандыру бойынша ол 18,6 пайызға (23,3 миллиард теңгеге дейін) көбейді. Сақтық төлемақысының көлемі 80 пайызға (4,2 миллиард теңгеге дейін), соның ішінде міндетті сақтандыру бойынша 73,5 пайызға (1,3 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Сақтық ұйымдарының жиынтық есептік меншікті капиталы 47,3 пайызға (9 миллиард теңгеге дейін) көбейді, сақтық резервтері 66,7 пайызға (4,5 миллиард теңгеге дейін) өсті.
Барлық сақтық ұйымдарының жиынтық активтері 2006 жылы Қазақстанда 65,6 пайызға көбейіп, 0,7 миллиард теңгені құрады.
Қазіргі
кезде Қазақстанда 34
сақтық үйымдарының
сақтық қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензиялары
бар, соның ішінде 6 –
шетелдіктердің қатысуымен
және екеуінің өмірді
сақтандыру бойынша, 27-сінің
көлік құралдары иелерінің
АҚЖ-ні міндетті сақтандыру
бойынша лицензиялары
бар, 6 сақтық брокерлердің, 30
актуарийлердің, 34 аудиторлық
ұйымдарының және 67
аудитордың сақтық қызметінің
аудитын жүзеге асыруға
лицензиялары бар.
Қорытынды
Қорытындылап айтқанда, сақтандыру нарығы біз үшін өте қажетті көрсеткіш болып табылады. Себебі сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Мемлекеттік сақтандыруға мемлекеттік бюджет пен оның шығыс бөлігін қалыптастыратын қазір заңдық және атқарушы билік органдарының қарамағындағы халықтың еңбекпен қамтылмағандарын әлеуметтік қамтамасыз етілуін қамтитын әлеуметтік сақтандыру енуі тиіс. Халықтың бұл тобына түсетін жәрдемақылар мен жеңілдіктер, олардың қоғамға енгізген еңбек үлесіне емес, адамдардың бұл санатының тек мұқтаждық және еңбекке жарамсыздық дәрежесімен анықталады. Сақтандыру төлемдерін қоғамның барлық жұмысқа жарамды мүшелері мен жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан жиналған қаражаттан төлеу қажет. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бүкіл халық үшін міндетті болуы тиіс. Мемлекеттің міндетті ісі- кепілділік. Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорын құру міндетті сақтандырудың жаппай және әлеуметті мәнді түрлері бойынша сақтанушылрдың мүдделерінің жоғарырақ қорғалуын қамтамасыз етеді. Бұл қордың құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі болып есептеледі. Қатысушылары – сақтандырудың міндетті түрлерін жүзеге асыратын барлық сақтандыру ұйымдары. Сақтанушыларға мәжбүр болған кепілдікті төлемдер Қор арқылы тек сақтандыру ұйымы таратылуға мәжбүр болған жағдайда жүзеге асырылады.
Сақтандыру
– сақтанушылардың
сақтандыру жағдайлары
салдарынан шеккен залалдарын
өтеу үшін сақтандырылушылардың
жарналары есебінен
сақтандыру қорының
құрылуына байланысты
осы қорға қатысушылардың
арасында туындайтын
қайта бөлу қатынастарының
жүйесі. Мүлікті сақтандыру,
жеке басты сақтандыру,
жауапкершілікті сақтандыру ,
кәсіпкерлік тәуекелдікті
сақтандыру , әлеуметтік
сақтандыру түрлеріне
бөлінеді және міндетті,
ерікті сақтандыру нысандарында
жүзеге асырылады. Сақтандыру
түрлері кәсіпорындардың,
ұйымдардың, азаматтардың
нақты сақтандыру мүдделерін
ескереді, сақтандыру
объектілері мен заттарының
кең шеңберін түрлі
сақтандыру жағдайларынан
сақтандырмалық қорғаумен
қамтуға мүмкіндік береді.
Қолданылған әдебиеттер
1.
С. Құлпыбаев, Қаржы:
оқулық. – Алматы: 2007.-489-504
беттер.
2.
Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова.
Макроэкономика.- Алматы: 2003.
3.
Ж.Ә. Күлекеев., К.С. Есенғалиева.,
Н.Б. Тастандиева. Микро
– макроэкономика
терминдерінің орысша
қазақша сөздігі. Алмат, 1995.
4.
Н.Қ. Мамыров., Ж.Ә. Күлекеев.,
Г.К. Султанбекова. Экономика:
оқулық. – Алматы: 2003.
5.
Н.Қ. Мамыров., К.С. Есенғалиева.,
М.Ә. Тілеужанова. Микроэкономика.
«Экономика», 2000.
6.
С.Р. Тоқсанбай., - Толық
экономикалық орысша
қазақша сөздік. «сөздік
– словарь», 1990.
7. www.fond.kz
8.
www.kase.kz
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығы