Сақтандыру компанияларына санкция қолданатын уәкілетті органдар шаралары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 18:53, реферат

Описание

Санкция – құқықтық актілерінің элементі болып табылады. Сақтандыру компанияларының осы құқықтық актілердегі міндетті қызметтерін орындамаған кезде қолданылатын іс-шаралар. Жалпы сақтандыру заіына сәйкес қандай санкциялар бар, соған тоқталып өтсем.

Содержание

1. Сақтандыру компанияларына қойылатын жалпы санкциялар
2. Ертерек ден қою шаралары
3. Санкциялар және де өзге де ықпал ету шаралары
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Office Word (7).docx

— 23.99 Кб (Скачать документ)

 

        Жоспар

1. Сақтандыру компанияларына  қойылатын жалпы санкциялар

2. Ертерек ден қою шаралары

3. Санкциялар және де өзге де ықпал ету шаралары

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сақтандыру  компанияларына санкция ретінде  уәкілетті органдарының қолданылатын шаралары

 

Санкция – құқықтық актілерінің  элементі болып табылады.  Сақтандыру компанияларының осы құқықтық актілердегі міндетті қызметтерін орындамаған кезде қолданылатын іс-шаралар. Жалпы сақтандыру заіына сәйкес қандай санкциялар бар, соған тоқталып өтсем.

Санкциялар:

 1. Сақтандыру ұйымына немесе сақтандыру

брокерiне санкциялар қолдануды уәкiлеттi орган не сот осы Заңға сәйкес

жүргiзедi.

2. Уәкiлеттi орган санкциялар ретiнде мынадай шараларды қолданады:

      1) Қазақстан  Республикасының заңдарында белгiленген негiздер бойынша және тәртiппен әкiмшiлiк айыппұл салуды;

      2)  Белгiленген негiздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұруды;

      3) Көзделген негiздер бойынша лицензиядан айыруды;

      4) Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын оның

акционерлерiнен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауды және оларды жаңа инвесторға сатуды;

      5) Тұлғаларды сақтандыру (қайта

сақтандыру) ұйымының аталған  басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң)

iс-әрекеттерiн қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейдi деп

тану үшiн жеткiлiктi деректер негiзiнде бiр мезгiлде сақтандыру (қайта

сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерiнiң лауазымына тағайындауға

(сайлауға) берiлген келiсiмдi керi қайтарып ала отырып, қызметтiк

мiндеттерiн орындаудан шеттетудi қолдануға құқылы.

 

2. Ертерек ден қою шектеулi ықпал ету шаралары

 

      1. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының

пруденциялық нормативтердi және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар

мен лимиттердi бұзуын, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуды

анықтаған, сақтандыру (қайта  сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары

мен қызметкерлерiнiң және сақтандыру брокерiнiң заңсыз әрекеттерiн

немесе әрекетсiздiктерiн анықтаған, сондай-ақ уәкiлеттi органның осы

Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда уәкiлеттi

орган сақтандыру (қайта  сақтандыру) ұйымына және сақтандыру брокерiне

мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн:

      1) жазбаша мiндеттеме талап етудi;

      2) орындалуға мiндеттi жазбаша ұйғарым берудi;

      3) жазбаша ескерту шығаруды;

      4) жазбаша келiсiм жасауды қолдануға құқылы.

      Уәкiлеттi орган актуарийдiң сақтандыру және сақтандыру қызметi

туралы заңнаманы бұзуын анықтаған жағдайда уәкiлеттi орган осы

тармақтың 2) және 3) тармақшаларында  аталған шектеулi ықпал ету

шараларын қолдануға құқылы.

 

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе сақтандыру

брокерiнiң жазбаша мiндеттемесi орын алған кемшiлiктердi және (немесе)

Қазақстан Республикасының  заңнамасын бұзғанын мойындау фактiсiн,

сондай-ақ сақтандыру (қайта  сақтандыру) ұйымы басшылығының немесе

сақтандыру брокерiнiң анықталған кемшiлiктерге және (немесе) Қазақстан

Республикасы заңнамасының бұзылуына бұдан әрi жол бермеу жөнiндегi

кепiлдiгiн қамтуға тиiс.

 

      3. Жазбаша нұсқама - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының

немесе сақтандыру брокерiнiң анықталған Қазақстан Республикасы

заңнамасының бұзылуын, сондай-ақ шарттық мiндеттемелердi бұзушылықтарды

қатаң белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуға мiндеттi түзету

шараларын қолдану туралы және анықталған Қазақстан Республикасы

заңнамасының бұзылуын одан әрi болғызбау туралы нұсқауы.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокерi

жазбаша мiндеттемеге сәйкес өзiне қабылдаған мiндеттемелердi қатарынан

алты ай бойы бұзған жағдайларда да уәкiлеттi орган жазбаша нұсқама

шығара алады.

      Бұл жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жазбаша

нұсқаманы алған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күн iшiнде уәкiлеттi

органға жазбаша нұсқамада көрсетiлген мерзiм шеңберiнде қаржылық

сауықтыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын беруге мiндеттi. Жоспарланған

iс-шараларды орындау кезiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы

уәкiлеттi органға iс-шаралар жоспарында айқындалған iс-шаралардың

орындалуы туралы есеп бередi.

      Жазбаша нұсқаманы орындау мерзiмi шеңберiнде пруденциялық

нормативтер одан әрi төмендетiлген жағдайда сақтандыру (қайта

сақтандыру) ұйымының активтердi шеттетуi уәкiлеттi органның келiсiмiмен

жүзеге асырылады.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокерi

уәкiлеттi органға жазбаша нұсқаманы сонда көрсетiлген мерзiмде

орындағаны туралы хабарлауға мiндеттi.

      Уәкiлеттi органның  жазбаша нұсқамасына сотқа шағымдану оны орындауды тоқтата тұрмайды.

 

      4. Жазбаша ескерту сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе

сақтандыру брокерiне, егер орын алған Қазақстан Республикасының

заңнамасын бұзушылықтар уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жойылмаса,

сондай-ақ сақтандыру (қайта  сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокерi

өзiне қабылдаған мiндеттемелердi жазбаша мiндеттемесiнде және (немесе)

уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасында белгiленген мерзiмде

орындамаған жағдайда, осы Заңның 53-3-бабында көзделген санкцияларды

қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органның хабарламасы болып табылады.

 

      5. Жазбаша келiсiм - уәкiлеттi орган мен сақтандыру (қайта

сақтандыру) ұйымы немесе сақтандыру брокерi арасындағы анықталған

бұзушылықтарды және (немесе) кемшiлiктердi жою қажеттiгi туралы және

осы бұзушылықтарды және (немесе) кемшiлiктердi жою жөнiнде бiрiншi

кезектегi шараларды бекiту туралы келiсiм. Жазбаша келiсiм екi тарап та

орын алған бұзушылықтарды және (немесе) кемшiлiктердi жою үшiн оларды

уәкiлеттi орган анықтаған сәттен бастап екi айдан астам мерзiм қажет

деген ұйғарымға келген жағдайда жасалады.

 

      6. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе

сақтандыру брокерiне бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан,

осы бапта айқындалған кез келген шектеулi ықпал ету шараларын қолдануға

құқылы.

 

      7. Осы бапта келтiрiлген шаралар, егер уәкiлеттi орган сақтандыру

(қайта сақтандыру) ұйымының  iрi қатысушыларының, олардың лауазымды

адамдарының немесе қызметкерлерiнiң бұзушылықтары, заңсыз әрекетi

немесе әрекетсiздiгi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық

жағдайын нашарлатқанын  анықтаса, осы тұлғаларға да қатысты қолданылуы

мүмкiн.

   

 

 

 

  САНКЦИЯЛАР  ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫ

 

     1. Сақтанушылардың  заңды мүдделерiн қорғау, сақтандыру (қайта

сақтандыру) ұйымдарының  қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, олардың қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметiмен байланысты тәуекелдердiң ұлғаюын болғызбау мақсатында уәкiлеттi орган сақтандыру(қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық жағдайының нашарлауына әсерететiн мынадай факторларды:

      1) төлем қабiлеттiгi маржасы жеткiлiктiлiгiнiң нормативiн төмендетудi;

      2) өтiмдiлiгi жоғары активтердiң жеткiлiктiлiгi нормативiн төмендетудi;

      3) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген,

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауына

әсер ететiн өзге де факторларды анықтау үшiн сақтандыру (қайта

сақтандыру) ұйымдарының  қызметiне талдау жасауды жүзеге асырады.

 

      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық  жағдайын

талдау нәтижесiнде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша  көрсетiлген факторлар анықталған жағдайда уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың акционерлерiне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылықтұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жағдайының нашарлауын және сақтандыру қызметiмен байланысты тәуекелдердiң ұлғаюын болғызбау

жөнiндегi ертерек ден қою шаралары көзделетiн iс-шаралар жоспарын табыс

ету жөнiнде жазбаша түрде талап жiбередi.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) олардың

акционерлерi аталған талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен

аспайтын мерзiмде әрбiр тармағы бойынша атқарылу мерзiмдерi мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып, iс-шаралар жоспарын әзiрлеуге және уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.

      Уәкiлеттi орган iс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде сақтандыру

(қайта сақтандыру) ұйымы  және (немесе) олардың акционерлерi оны

жоспарда белгiленген мерзiмдерде орындаудың нәтижелерi туралы уәкiлеттi

органды хабардар ете отырып, оны iске асыруға кiрiседi.

      Iс-шаралар жоспары мақұлданбаған кезде уәкiлеттi орган талаптар

қою арқылы сақтандыру (қайта  сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың

акционерлерiне төменде тiзiп көрсетiлген ертерек ден қою шараларының

бiреуiн немесе бiрнешеуiн:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ұйымдық  құрылымын және (немесе) штат санын өзгертудi;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша мiндеттемелер

қабылдауды шектеудi, оның iшiнде тәуекел дәрежесi жоғары кейбiр

сақтандыру сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн шектеу жолымен

шектеудi;

      3) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде дивидендтердi есептеп шығаруды және (немесе) төлеудi тоқтатуды;

      4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы немесе өзге де қызметкерлерiн лауазымынан шеттетудi;

      5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем  қабiлеттiгi

маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын

қамтамасыз етуге жеткiлiктi мөлшерде ұлғайтуды;

      6) әкiмшiлiк шығыстарды, оның iшiнде қызметкерлердi қосымша

жалдауды тоқтату немесе шектеу, сақтандыру делдалдарына комиссиялық

сыйақыларды төмендету, еншiлес ұйымдарды жабу, сондай-ақ Қазақстан

Республикасының аумағында  да, одан тысқары жерлерде де тәуелдi

ұйымдардағы қатысу үлесiн азайту жолымен қысқартуды қолданады.

 

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық  тұрақтылығын

арттыруға бағытталған iс-шаралар жоспарын осы баптың 2-тармағында

белгiленген мерзiмде табыс етпеген немесе осы жоспардың iс-шараларын

уақтылы орындамаған, сондай-ақ ертерек ден қою шараларын уәкiлеттi

органның талабына сәйкес орындамаған немесе уақтылы орындамаған

жағдайда сақтандыру (қайта  сақтандыру) ұйымына және (немесе) олардың

акционерлерiне осы Заңда көзделген әсер ету шаралары және (немесе)

санкциялар қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. www.adilet.zan.kz

2. www.google.kz


Информация о работе Сақтандыру компанияларына санкция қолданатын уәкілетті органдар шаралары