Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2013 в 10:12, реферат

Описание

Сақтандыру ісінің пәні – сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған заңды мүліктік мүдделерін қорғау және тәуекелді басқаруға байланысты адамдардың біріккен мақсатты қызметі. Сақтандыру қызметі және сақтандыру ақша қорларын құру мақсаттары – бұзылған мүліктік мүдделерді қалпына келтіруге кепілдік беру және мемлекеттің қаржы жүйесін нығайтуға әсер ету.

Работа состоит из  1 файл

КАСИПКЕРЛИК сақтардыру конспект.docx

— 17.33 Кб (Скачать документ)

Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу

 

Сақтандыру ісінің пәні –  сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған заңды мүліктік мүдделерін қорғау және тәуекелді басқаруға  байланысты адамдардың біріккен мақсатты қызметі. Сақтандыру қызметі және сақтандыру ақша қорларын құру мақсаттары – бұзылған мүліктік мүдделерді қалпына келтіруге  кепілдік беру және мемлекеттің қаржы  жүйесін нығайтуға әсер ету.

Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы  немесе өзге де оқиғалар туындаған  кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандыру қызметі – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға  байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті  мемлекеттік органның лицензиясы негізінде  не Қазақстан Республикасының өзара  сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметі. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру  және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды  жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптар мен түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді  сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру»  саласы бойынша жүзеге асырылады. (Сақтандыру қызметі туралы ҚР заңы, 6-бап, 18.12.2000ж.)

өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай  сыныптарды қамтиды:

1. өмірді сақтандыру;

2. аннуитеттік сақтандыру;

3. өмірде белгілі бір  оқиғаның басталуынан сақтандыру;

4. сақтандырушының инвестициялық  кірісіне сақтанушының қатысуымен  өмірді сақтандыру.

«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай  сыныптарды қамтиды:

а) жазатайым жағдайлардан сақтандыру;

б) ауырған жағдайлардан сақтандыру;

в) автомобиль көлігін сақтандыру;

г) темір жол көлігін  сақтандыру;

д) әуе көлігін сақтандыру;

е) су көлігін сақтандыру;

ж) жүктерді сақтандыру;

з) осы тармақтың в)-ж) тармақшаларында  аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті  залалдан сақтандыру;

и) автомобилькөлігі иелерінің  азаматтық-құқықтық жауапкершілігін  сақтандыру;

к) әуе көлігі иелерінің  азаматтық-құқықтық жауапкершілігін  сақтандыру;

л) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

м) осы тармақтың и)-л) тармақшаларында  аталған сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;

н) заемдарды сақтандыру;

о) ипотеканы сақтандыру;

п) кепілдіктер мен кепілгерліктерді сақтандыру;

р) басқа да қаржы шығындарынан сақтандыру;

с) сот шығыстарынан сақтандыру.

Ерікті сақтандыру нысанындағы  сақтандырудың жекелеген сыныбын (түрін) жүргізу жағдайлары бойынша  қосымша талаптар, оның ішінде сақтандырудың  жекелеген сыныптары (түрлері) шеңберіндегі пруденциалдық нормативтер уәкілетті  органның нормативтік құқықтық актілерімен  белгіленеді.

Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау арқылы сақтандырудың бір  немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін және беретін сақтандыру өнімі болып  табылады. Сақтандыру ұйымы сақтанушыға  сақтандыру полисін бере отырып қосылу шарты нысанында сақтандыру шартын жасасу жөніндегі қызметті уәкілетті  органмен сақтандыру ережелерін келіскеннен  кейін ғана жүзеге асыруға құқылы.

Міндетті сақтандырудың  әрбір түрі сақтандырудың бөлек  сыныбы болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны  және оны жүргізу жағдайлары бойынша  әрбір сыныптың мазмұны және оны  жүргізу жағдайлары бойынша қосымша  талаптар міндетті сақтандырудың осы  сыныбын реттейтін заң актілерімен  белгіленеді.

 

Өмірді сақтандыру сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі  біткенге дейін не сақтандыру шартында белгіленген жасқа дейін өмір сүрген жағдайда сақтандыру төлемін  жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады. Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек  ету қабілетін (жасына байланысты, мүгедектігіне  байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы  немесе рента түрінде шартта белгіленген  мерзім ішінде немесе өмір бойы кезең-кезеңімен  сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру  көзделетін жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Сақтандырушының инвестициялық  кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру инвестициялық қызмет нәтижесінде  сақтандыру ұйымы қосымша сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру не сақтандыру сомасын ұлғайту арқылы алатын табысқа  сақтанушының (сақтандырылушының, пайда  алушының) қатысуы талап етіле  отырып, сақтандырылушы қайтыс болған немесе ол сақтандыру мерзімі аяқталғанға  дейін не сақтандыру шартында белгіленген  жасқа дейін өмір сүрген жағдайда тіркелген сомада сақтандыру төлемін  немесе зейнетақы немесе рента түрінде  сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру  көзделген жинақтаушы сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

 

Мүлікті сақтандыру мүлікті  иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге  байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне  Заңның 6-бабы, 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында  тізбеленген мүлікті қоспағанда, оның зақымдануы немесе жойылуы, ұрлануы салдарынан келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Азаматтардың мүліктерін сақтандыруды шартты түрде тұрғын үйді және үй мүлкін сақтандыру деп бөлуге болады. Тұрғын үйлерді сақтандыру кезінде тұрғын үй қорының объектілері  ерекше топ құрайды, сақтанушылар көбіне жеке меншік иелері.

Ұрлықтан сақтандыру кезінде  құқық бұзушының заңсыз тұрғын үйге кіру кезінде пайда болатын сақтандыру жағдайын ерекше көңіл бөлінеді.

Мүліктік сақтандыру – сақтандырушы сақтанушыға сақтандырылған мүлікке немесе сақтанушының өзге де мүліктік құқықтарына зиян келген жағдайда зиянның орнын толтырып беру туралы шарт жасасу процесі.

Сақтандырудың бұл түрі келесі тәуекелдердің орнын толтыру  үшін жасалынады.

- сақтандырылған мүліктің  жойылуы немесе бүлінуі; 

- қаржылық тәуекел; 

- үшінші тұлғалардың денсаулығына  немесе мүлкіне және өзге де  мүдделеріне зиян келтірілген  жағдайда азаматтық жауапкершіліктің  туындауы.

Мүліктік сақтандырудың  принциптері:

1. сақтандыру мүддесі; 

2. сақтандырушы мен сақтанушылардың  бір-біріне шынайы мәліметтер  беруі; 

3. сақтандыру жағдайы  туындаған ретте орнын толтыру; 

4. суброгация;

5. себепті байланыс


Информация о работе Сақтандыру қызметін құқықтық реттеу