Терроризм ұғымына анықтама беру. Оның себептерін түсіндіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 18:39, реферат

Описание

Терроризм (лаңкестік) не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген кәпірлердің анықтамасы бойынша «терроризм» («лаңкестік») сөзі өзінің мағынасы бойынша жихадты, мужахидтерді, шариғат елдерінде жаза қолдануды, тіпті Исламның өзін қамтиды.

Работа состоит из  1 файл

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы.docx

— 22.81 Кб (Скачать документ)

Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Терроризм туралы не білесің?

Мақсаты:Терроризм ұғымына анықтама беру. Оның себептерін түсіндіру.

Сынып: 9 «А»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                          Өткізген: Дюсекеева К.Р.

«Терроризм» («лаңкестік») ұғымының анықтамасы

Терроризм (лаңкестік) не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз  көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар  мен қоғамға байланысты әртүрлі  болады. Мысалы, көптеген кәпірлердің  анықтамасы бойынша «терроризм» («лаңкестік») сөзі өзінің мағынасы бойынша жихадты, мужахидтерді, шариғат елдерінде  жаза қолдануды, тіпті Исламның өзін қамтиды.

Алайда біздің бұл мақаламызда  сөз, Аллаһтың рұқсатымен, әһлю-Сунна  ғалымдарының түсінігіндегі «терроризм» («лаңкестік») термині туралы болмақ.

«Терроризм» («лаңкестік») – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады (рахаба, ирхабу, рахбатан); мағынасы –  «қорқыту» (“Лисануль-‘араб” және “ән-Нихая” 2/280).

Бұл сөз Құранда жиі колданылады, мысалы:  «Әй, Исраил ұрпақтары! Берген нығметімді еске алыңдар! Уәдемді орындаңдар. Мен де серттеріңді орындаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар (фархабун)» (әл-Бақара 2: 40).

Ислам ғалымдары қорқытуды «рұқсат  етілген» және «тыйым салынған» деп  екі түрге  бөледі.

Шариғатта заңдастырылған қорқытудың үш түрі болады:

Біріншісі – бұл әскери дайындық және күш арқылы діннің дұшпандарын  қорқыту, мейлі олар кәпірлер болсын, мейлі мұсылмандар болсын.

Екіншісі – екіжүзділер (мунафиқтар) мен дінге жаңалық енгізуді жақтаушыларды (бидғатшыларды) дәлел-дәйектер арқылы қорқыту.

Үшіншісі – күнәхарларды шариғатта  белгілі күналар үшін тағайындалған  жаза түрлерін (худуд) қолдану арқылы қорқыту.

 

Халықаралық терроризм 


Халықаралық терроризм -"мемлекет басшыларының, топ адамдардың, жалпы халықтың үрейін үшыру мақсатында адамдарға немесе жекеменшікке бағытталған бір мемлекет өкілдерінің екіншісіне қарсы акті жасау, үйымдастыру, жүзеге асыруға жәрдемдесу, қаржыландыру немесе қолдау көрсетуі немесе оған жол беру әрекеттері (Б¥¥-ның адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікке қарсы қылмыстар Кодексінің жобасындағы анықтамаға сәйкес). XXI ғ. басы Нью-Иорктегі, Вашингтондағы, Мәскеудегі, Мадридтегі, Лондондағы және басқа да терроризмнің барлық түрлерінің көрініс табуы лаңкестік феноменіне жаңаша көзқарасты талап етуде. Бүл оқиғалар адамзаттың жаңа тарихи кезеңге аяқ басқанының белгісі, осы орайда бүкіләлемдік қауымдастықтың өркениеті күштерінің лаңкестікке қарсы бітіспес соғыс жариялауымен сипатталады. "Халықаралық терроризм" үғымы 1970-шы жылдардан кеңінен таралғанымен, 2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін ғана жалпы мойындала бастады. Халықаралық террористік қүрылымдар лаңкестік актілерді ғаламдық мақсатгарға жету үшін қолданады, алайда нақтылы талаптар да қоймайды. Халықаралық лаңкестік шаралары ғаламдық БАҚ- тың көңілін аударып, соның арқасында қоғамды дүрліктіреді. Әлемдік тарихтың негізгі қайшылығы дамыған және дамушы елдердің арасындағы даму алшақтығы болып отыр. Осылайша, әлемнің екі жігінің арасындағы алшақтық дамудың негізгі тежеуішіне айналды

Халықаралық терроризм тамырлары


Қазіргі әлемде террористік  күш қолданудың негізгі себептері  келесідей:

  1. бірқатар ықпалды саяси топтар мен державалардың лаңкестіктің отына май қүйып, қолдап отыруы;
  2. лаңкестерді сапалы материалдық-техникалық қамтамасыз ету және түрақты қаржыландырып отыру, сондай-ақ оларға жасырынатын сенімді орындар дайындау;
  3. лаңкестердің әрекетін күшті идеологиялық (діни-фанаттық) және саяси қамтамасыз ету;
  4. лаңкестіктің ең алдымен еуропалық және солтүстік америкалық түтыну нарығына бағытталған есірткі бизнесімен байланыстылығы;
  5. лаңкестік үйымдардың қаржылық-өнеркәсіптік топтармен және әлемнің жекелеген елдерінің арнайы қызметтерімен өзара байланыстылығы;
  6. лаңкестердің "қылмыстық ортаға" экспансиясы және оларды қаружарақ саудасы, ойын және алкоголь бизнесі сияқты табысы мол дәстүрлі орталарынан тықсыруы;
  7. кез келген лаңкестік актінің ажырамас бөлігіне айналған елді елең еткізетін, БАҚ-тың міндетті қатысуымен өтетін жариялылығы.

Қазіргі түріндегі лаңкестіктің шығу себептері де, барлық соғыстар мен қарулы қақтығыстардай бірнеше  дәстүрлі негізге сүйенетіні белгілі: билік, ықпал, аумақ, шикізат көзі және түтыну нарығы үшін күрес, сондай-ақ үлттық және мәдени басымдықты, үлттық-мәдени және діни мемлекеттілікті талап  ету. Кенже дамыған және дамушы елдердің басым көпшілігінде жоғары дамыған  және әлемдік лидерлермен дәстүрлі жолмен соғыс жүргізуге қауқары  жоқ. Алайда, олардың кейбіреулерінің  осы күні салмақты экономикалық әлеуетімен қатар амбициясы да әсіп келеді, дегенмен әлемдік саясатқа ықпал  ету мүмкіндігі жоқ немесе шектелген. Бірақ, соғысқа жеткіліксіз болса  да, қорқытыпүркіту шараларына жарайтындай  қүралдары жеткілікті болып отыр.]

 

Алдағы аптада Қазақстанның бас қаласы Астанада ЕҚЫҰ-ның ұйымдастыруымен  өткен «Антитеррорлық конференция» өз жұмысын аяқтады. БАҚ өкілдерінің  көзінен таса, жабық режим түрінде  өткен осы форумда оған қатысушылар  жаңа мыңжылдықтағы басты қасірет  — мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін халықаралық терроризмге  қарсы күрес мəселелерін талқылады.

 

Халықаралық деңгейде жүргізілетін кез келген күрестегі сияқты, терроризмге  қарсы күрестің де сырт көзге аша  бермейтін, қатаң қорғалатын құпиялары  болатыны сөзсіз. Форумнан кейін арнайы ұйымдастырылған баспасөз мәжілісінде сол құпияның бетперде-сі сәл-пәл болса да ашылғандай болды. Лауа-зымды тұлғалардың мәлімдеуінше, алқалы жиынға қатысушылар күн тәртібіне қойылған негізгі мәселелер бойынша ортақ пікірге келген: яғни бұра тартып, бұған келіспеушілік білдіргендер болмаған. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ елдерінің құқық қорғау және арнайы қызмет органдары терроризммен ғана емес, осы халықаралық ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін басқа қатерлердің де барлық түрімен ымырасыз күрес жүргізетіндігі мәлімделді. Тіл безеп сөз сөйлеген шешендер ондай қатерлер қатарына қару-жарақ және есірткі сатумен айналысу, экстремистік іс-әрекеттердің барлық түр-лері жататындығын айтты. Елордадағы осы ауқымды халықаралық конференцияға қатысқан ЕҚЫҰ-ның Антитеррористік орталығының бастығы Рафаэль Перл: «Қазақстанның аталған халықаралық ұйымға төрағалық етуі сәтті өтіп жатыр. Соның дәлелі — бүгінгі өтіп отырған алқалы жиын. Қазақ елінің күш салуы арқасында қауіпсіздік саласында көптен бері қордаланып жиналып қалған қадау-қадау өзекті мәселелерді шешу-дің жолдарын белгілеуге қол жеткізілді. Қазақстан терроризмге қарсы күрес саласында бірқатар аса маңызды жобаларды жүзеге асыруды қолға алуға мұрындық болып, оған пәрменді қолдау көрсетті. Өз басым Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне өте жоғары баға беремін»,— деді.

ЕҚЫҰ-ның Антитеррорлық  орталығы АҚШ-та 11 қыркүйекте орын алған  қанды терактіден кейін іле-шала, яғни 2002 жылы құрылған болатын. Дегенмен, аталған орталықтың іс-қызметі күні кешеге дейін былайғы жұрт назарына көп ілікпей келген-ді, өйткені, сонау 1999 жылдан кейін мемлекет басшылары  деңгейінде аталған Ұйымның саммиті  бірде-бір рет өтпеген еді.



Информация о работе Терроризм ұғымына анықтама беру. Оның себептерін түсіндіру