Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 14:24, курсовая работа
«КазГерСтрой» холдингі 2007 жылы холдингтің құрылымдық ядросына айналған «КазГерСтрой» ҚК ЖШС- нің түрленуі арқылы құрылды. Холдинг құрамына үш құрылыс компаниясы, заманауи асфальтбетон зауыты және Қазақстан Республикасындағы қолданылатын құрылыс материалдарының сапасын зерттейтін бірегей неміс сынақ зертханасы кіреді. Кәсіпорын штатында 800- ден астам қызметкерлер жұмыс істейді.
Дисперсиялық
арматураланған асфальтбетон қоспасын
дайындаудың сапасын
Асфальтбетон қоспасының минералдық бөлігінің, яғни, битум және дисперсиялық арматураның, мөлшерленуін бақылау;
Араластыру сапасын және ұзақтығын бақылау (дайын асфальтбетон қоспасы біркелкі болуға тиіс, құрамында битуммен жабылмаған дәндер және талшықтар, жентектер болмауы тиіс);
Дайындаудың температуралық тәртібін және қоспаның температурасын бақылау;
Асфальтбетонның физика- механикалық сапа көрсеткіштерін бақылау.
Дисперсиялық арматураланған асфальтбетон қоспасын төсеу және тығыздаудың технологиялық ерекшеліктері
Дисперсиялық арматураланған асфальтбетон қоспасын төсеу және тығыздау кезіндегі температура ұсынылғанға сәйкес болуы тиіс. Асфальтбетон қоспасы құрамында дисперсиялық арматураның бар болуы төсеу және тығыздау кезінде температурадан ауытқуды болдырмайды, себебі тығыздалу коэффициенті төмендеуі мүмкін.
Асфальтбетонды полимерлік арматуралау модификаторы – жол жабындысының жоғарғы қабатына арналған дисперсиялық арматураланған қоспа дайындау үшін пайдаланылатын полимерлік этилен- пропиленнің регранулянты (РПЭП).
РПЭП
асфальтбетон құрылымын құруға қатыса
отырып, тұтқыр және дисперсиялық толтырушылардың
қасиеттерін көрсетеді. Асфальтбетон
жабындысының коррозияға, қозғалысқа,
сызат түсуге тұрақтылығын арттыру
үшін ыстық қоспа құрамында
РПЭП асфальтбетон қоспасына қоспалауыш арқылы енгізіледі. РПЭП өлшемі 3x3 мм, тығыздығы 0,9 г/см3, балқу температурасы 150 °С болатын қара түсті түйіршік. Оның құрамына әрқайсысы 40...60 % болатын полиэтилен және полипропилен кіреді.
4. САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУ. БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖӨНДЕУ
Мемлекеттiк
метрологиялық бақылауды жүзеге
асыру саласында қолданылатын өлшем
құралдары өндiрiстен немесе жөндеуден
шығару, пайдалану және импорт бойынша
әкелу кезiнде түрi бекiтiлгеннен
кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан
және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң
мемлекеттiк жүйесiнiң
Жабындыны бақылау 2 диапазонда жүргізіледі: 25мм- ге дейінгі және 150мм- ге дейінгі тереңдіктерде. Аспапта жабынды температурасы мен ылғалдылығынааа байланысты өлшеу нәтижелеріне түзетулер енгізу қарастырылған.
Калибрлеудің бірнеше тәртібі бар:
Бір нүкте бойынша (түйісу немесе ығысу коэффициентін енгізу);
Асфальтбетонның нақты түрі үшін градуирлік тәуелділікті қолмен енгізу;
Төселген және тығыздалған асфальтбетон қоспасының максималды тығыздығы берілетін жылдам калибрлеу.
Аспап келесі параметрлер өлшеуін жүргізеді:
Асфальтбетон тығыздығы кг/м3;
Тығыздалу коэффициенті;
Жабындының температурасы мен ылғалдылығы.
Аспаптың
негізгі үш өлшеу тәртібі бар:
үздіксіз, жеке және өлшеу сериясы
бойынша орташа нәтиже. Батарея зарядын
үнемдеу үшін өздігінен өшу тәртібі
қарастырылған. Қараңғы мезгілде жұмыс
жүргізу үшін жарықтандыру дисплейі
бар. USB–порт арқылы бағдармалық қамтамасыз
етілуін жаңарту мүмкіндігі де қарастырылған.
Техникалық сипаттамалары
Сипаттамалар атауы |
Сипаттамалар мәні |
Тығыздықты өлшеу диапазоны, кг/м3 |
1900…2700 |
Тығыздықты
өлшеуде жіберілетін |
± 2,5 |
Температураны өлшеу диапазоны, °С |
-10...+140 |
Температураны
өлшеу кезінде жіберілетін |
± 2 |
Тұтынатын қуат, Вт, артық емес |
1,5 |
Габаритті өлшемдері, мм, артық емес |
300х250х140 |
Ток көзінсіз жұмыс істеу уақыты, сағат, кем емес |
10 |
Салмағы, кг, артық емес |
4 |
Орташа қызмет ету мерзімі, жыл |
10 |
Аспапты пайдалану шарттары
Қоршаған орта температурасы, °С -10- нан -50
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, % 95
Атмосфералық
қысым, кПа
Типті бекіту белгісі
Типті бекіту белгісі электронды блоктың артқы панеліне бекітілген тақтаға соғылады және пайдалану бойынша басшылықтың титул парағына басылады.
Аспап жинақталуы
Атауы және шартты белгіленуі |
саны |
ПА- МГ4 тығыздық өлшеуіші |
1 |
Токпен қоректендіру құрылғысы |
1 |
USB кабель |
1 |
Қызметтік диск |
1 |
Пайдалану бойынша басшылық |
1 |
Футляр |
1 |
Тексеру әдістемесі МП 68- 243- 2010 |
1 |
Салыстырып тексеру
Тығыздық өлшеуішті салыстырып тексеру «ГСИ. Плотномеры асфальтобетона ПА- МГ4. Методика поверки МП 68- 243- 2010» бойынша жүргізіледі.
Салыстырып тексеруді өткізуде қолданылатын негізгі жабдықтар:
ГОСТ 24104 стандарты бойынша 0,1г дискреттік есеппен дәлдік класы жоғары зертханалық электрондық таразылар
ЛТ- 300 типті
зертханалық электрондық
Салыстырып тексеру аралығы- 1 жыл.
ҚОРЫТЫНДЫ
Асфальтбетон қоспасы – рационалды таңдалып алынған минералдық материалдардың белгілі қатынаста алынған битуммен қоспасы (қиыршықтас, малтатас және құмның минералдық ұнтақпен қосылысы).
Асфальтбетон – тығыздалған асфальтбетон қоспасы.
Берілген жұмыс барысында асфальтбетон сапасын жақсартудың бірден- бір жолы дисперсиялық арматуралау екендігі аталып өтті. Асфальтбетонды дисперсиялық арматуралау кезінде оның қасиеттерінің жақсаруы дисперсиялық арматура талшықтарының бүкіл ұзындықта созылуынан болады. Битумның адсорбциялық қабатымен жанасатын талшықтар «байланған» секілді болып бір құрылым түзеді. Мұндай құрылым өлшемдері мен пішіні барлық жабынды сипаттамаларын анықтайды. Асфальтбетон жабындысы материалының жұмысы әсерлі болады, егер ол тең беріктілікте болса. Дисперсиялық арматураланған асфальтбетоннан тең беріктілікті жабынды алу үшін жабындының дисперсиялық арматурамен толықтай толтырылуын қамтамасыз ету қажет.
Сонымен қатар,
жұмыс барысында асфальтбетон құрамын
есептеу де қарастырылды, яғни, ол ГОСТ
9128 талаптарына сай
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
Жол жұмыстарындағы еңбекті қорғау ережелері