Ауыр бетон

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 18:17, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыста ауыр бетонды сынау МЕСТ 10180-90 талаптарының анықталу жолдары көрсетілген, жұмыста бетон қасиетін анықтау жайлы тереңірек мәлімет берілген, сондай - ақ бетонның техникалық талаптары, қабылдау ережесі, сынау әдістері, маркілеу, тасымалдау және сақтау, сипаттамалары айтылған. Сонымен қатар курстық жұмыста бетонның физика-механикалық қасиеттері,бетон араласпасының жылжымалылығы, қатқылдығы, орташа тығыздығы, бетонның 28 тәуліктен кейінгі беріктігі,ылғалдылығы,су сіңіргіштігі және бетонның өндірістік құрамы, бетон шығымының коэффициентін есептеу жайында мәліметтер берілген

Содержание

Нормативтік сілтемелер...............................................................................................
Анықтама.......................................................................................................................
Белгілеулер мен қысқартулар......................................................................................
Кіріспе............................................................................................................................
1 Негізгі бөлім
1.1 Әдеби шолу..............................................................................................................
1.2 Тақырыпқа байланысты теориялық мәліметтерді таңдау...................................
1.3 Мемлекеттік стандарт талаптары..........................................................................
1.4 Эксперименттік бөлім............................................................................................
1.5 Материалдың физика-механикалық қасиеттерін анықтау..................................
1.6 Бетонның ылғал сыйымдылығы және ылғал өткізгіштігі...................................
1.7 Бетонның негізгі беріктік заңы..............................................................................
2 Сынаққа қажетті құрал-жабдықтар мен приборлар................................................
2.1 Сынықты жүргізу әдістемесі..................................................................................
3 Бөлім бойынша қорытынды.......................................................................................
4 Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі...............................................................
Қорытынды.....................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................

Работа состоит из  1 файл

ауыр бетон.doc

— 256.50 Кб (Скачать документ)

Аннотация

 

 

Курстық жұмыста ауыр бетонды сынау МЕСТ 10180-90 талаптарының анықталу жолдары көрсетілген, жұмыста бетон қасиетін анықтау жайлы тереңірек мәлімет берілген, сондай - ақ бетонның техникалық талаптары, қабылдау ережесі, сынау әдістері, маркілеу, тасымалдау және сақтау, сипаттамалары айтылған. Сонымен қатар курстық жұмыста бетонның физика-механикалық қасиеттері,бетон араласпасының жылжымалылығы, қатқылдығы, орташа тығыздығы, бетонның 28 тәуліктен кейінгі беріктігі,ылғалдылығы,су сіңіргіштігі және бетонның өндірістік құрамы, бетон шығымының коэффициентін есептеу жайында мәліметтер берілген.

Курстық жұмыстың көлемі: 30

Кесте саны: 4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

Нормативтік сілтемелер...............................................................................................

Анықтама.......................................................................................................................

Белгілеулер мен қысқартулар......................................................................................

Кіріспе............................................................................................................................

1 Негізгі бөлім

1.1 Әдеби шолу..............................................................................................................

1.2 Тақырыпқа байланысты теориялық мәліметтерді таңдау...................................

1.3 Мемлекеттік стандарт талаптары..........................................................................

1.4 Эксперименттік бөлім............................................................................................

1.5 Материалдың физика-механикалық қасиеттерін анықтау..................................

1.6 Бетонның ылғал сыйымдылығы және ылғал өткізгіштігі...................................

1.7 Бетонның негізгі беріктік заңы..............................................................................

2 Сынаққа қажетті құрал-жабдықтар мен приборлар................................................

2.1 Сынықты жүргізу әдістемесі..................................................................................

3 Бөлім бойынша қорытынды.......................................................................................

4 Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі...............................................................

Қорытынды.....................................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нормативтік сілтемелер

 

Осы курстық  жұмыста  келесі  сілтемелер қолданылған:

МЕСТ 10180-90 Бетондар.Бақылау үлгілерінің беріктігін анықтау әдістері.

МЕСТ 12730-78 Бетондар тығыздық,ылғалдылық,су жұту,кеуектілік және су         өткізгіштігін анықтайтын тәсілдердің жалпы талаптары.

МЕСТ 310.2-76 Цементтер. Ұнтақ майдалығын анықтау эдістері.

МЕСТ 7473 - 94 Бетон араласпа. Техникалық шарттар.                      

МЕСТ 8735-88 Құрылыс жұмысындағы құм. Сынау әдістері.

МЕСТ 10180- 90 Бетондар. Бақылау үлгісінің беріктігін аныктау әдістері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Анықтамалар

 

 

Бетон - ірі және майда толтырғыштан, судан, тұтқыр заттан құралған, қату арқылы пайда болған жасанды зат.

Бетон араласпасы - ірі және майда толтырғыштан, судан, тұтқыр заттан құралған, бірақ қатпаған жылжымалы жасанды зат.

Жылжымалылық  - конус арқылы анықгаған кездегі жайғасымдылық.                                                                          

Қатаңдылық -вискозиметр арқылы анықтаған кездегі жайғасымдылық.           

Орташа тығыздық - материалдың табиғи жағдайындағы бірлік   көлемінің   салмағы.

Нағыз тығыздық - материалдың абсолютті тығыз жағдайындағы бірлік көлемінің   салмағы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Белгілеулер мен қысқартулар

 

 

МС (МЕСТ) - мемлекеттік стандарты

БСС - құрғақ бетон араласпасы

БСГ - дайын бетон араласпасы

КО - конустың отыруы

СЖ - қышқылдық 

Ж – қаттылық

П - жылжымалығы

П2 - жайғасымдылық маркасы

МПа - Мегапаскаль

мм - миллиметр

см - сантиметр

км - километр

кг - килограмм

м - минут

с-секунд

л – литр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Бетон – белгілі мөлшерде алынатын щебеннен (гравийден), құмнан, қоспалардан тұратын бетондық араластың қалыпталыну және қатаю нәтижесінде пайда болатын жасанды тас материалы. Бетондар өнеркәсіптік, азаматтық , гидротехникалық және басқа да ғимараттарда кеңінен қолданылады. Олардан тұтастық (құрылыс орнында жасалынатын) және жиналмалы (зауыттарда, полигондарда   индустриялық тәсілмен жасалынатын) ғимараттар элементтерін (іргетастарын, бағаналарын, арқалықтарын, жамылтқыларын және т.б.) жол және әуежайлары жабындыларын жасайды. Бетонды машина құрылысында машиналардың салмақты бөліктерін жасау үшін де қолданады.

Бетонның  шаруашылықта кең қолданылатын себебі одан жасалынатын бұйымды қажетті  қасиетімен, өлшемімен,пішінімен және бет сипатымен алуға болатындығында. Бетондар жұмысын қысқы мезгілде және жылдың кез  келген уақытында орындай беруге болады. Бетонның  физикалық-механикалық қасиеттерін (тығыздығын, мықтылығын, мәңгілігін және  т.б.  қасиеттерін)  кең    аралықта реттеу  және берілген бағытта қалыптастыру үшін тиісті құрамын таңдап алады,  бетондар араласпасын өндірудің рационалдық технологиясын қолданады және бетон структурасы құрылу процесін реттейді. Прогрессивті құрылыстық материал  ретіндегі  бетонның ең маңызды сипаттамасы   - технологиялық  процестерін толық механикалау және автоматикалау     мүмкіндігінде. Бетон бұйымдарының пішіні мен бет сипаты  әрқалай  болуы мүмкін.  Сәулеттік жағынан бетон жетерліктей  икемді. Қажет болған жағдайда  бетон бет өңін,   бедерін түрлі  қалыптар қолдану арқылы  әрқалай бейнеде алуға толық мүмкіндік бар. Түсті цементтерді  қолданғанда бетон бұйымдарының түстері    қалауымызша өзгертіледі. Бетон  және темірбетон  бұйымдарының  сәулеттік мәнерлігін  таңдау және реттеу  үшін  құрылысшылардың бұдан басқа да мүмкіншіліктері   жетерліктей.  Сонымен бірге бетонның  кемістіктері де бар.  Кемістіктерінің ең бастысы игендегі (созғандағы) салыстырмалы мықтылығының төменділігі. Бұл кемістігін жою үшін бетон бөлшектеріне керекті жағдайларда металдық стержень, тор (арматура)  салады.  Бетондардың ұзақ уақыт қатаятындығынан олардан алынатын конструкцияларды жасай салып, бірден пайдалануға беруге болмайды.  Бетон араласпасын конструкцияға құйып және қалыптап  болған соң оңды қатаюы  үшін оған тиянақты  түрде күтім  қажет болады. Технологиялық мән - жайын  ғылыми негізде  шешу арқылы бетонның  агрессивтік  ортада  тұрақтылығы  жетімсіздігін, шөгіну және ісіну  кезіндегі деформациялануын,  ыстыққа  шыдамсыздығын  және  т.б. жаман қасиеттерін жоюға мүмкіншілік бар. Бетон құрамдарының  әрқайсысы оның қасиетіне өзінше айтарлықтай әсерін тигізеді.  Айталық, оның    80-85%   көлемін құрайтын  щебень (немесе гравий)  және құм бетонның қатты қаңқасын   құрастырады. Олар  көпшілігінде жергілікті  табиғи материалдар  немесе өндіріс  қалдықтары болып  келетіндіктен, бетонның құнын   төмендетеді.  Цемент  және су  өзара физикалық –химиялық  әрекеттесу нәтижесінде  пайда болатын  жаңа құрамдар  щебень мен құмнан  құралған  қатты қатты  қаңқаны  біріктіре  тұтастайды. Бетон араласпасын  және бетон қасиетін реттеу  мақсатында  тиісті құрамын таңдап  арнаулы қоспалар  қолданады.  Олар  бетон қоспасының  қатаюын тездетуді   немесе  баялатуы, азғантай су шығынында оның төселімдігін  жақсартуды, беріктігін  және аязға  төзімділігін  жоғарылатуды, сондай-ақ, қажетті  жағдайда  бетон қасиетін берілген  бағытта  өзгертуді  қамтамасыз  етеді. Бетондар  қасиеттері  тек құрамаларының  сапасына ғана емес,  олардың  құрылымдарына  көбірек байланысты   болады. Материалдарды  дұрыс таңдай  отырып, бетондар  структурасын  қатаю процесінде реттеу  жолдарымен   бірдей   құрамалар негізінде алынатын  бетондар қасиеттерін  кең аралықта  өзгертуге әбден болады. 

Бетонның  құрылыстық   көрсеткіштері  құрылымдарының  ірілігімен,  гранулометриялық  құрамымен, түйіршіктер пішінімен  және олардың  сандық  қатынастарымен, өзарпа орналасуымен  және   структуралық  байланыстарымен, сондай-ақ, кеуектері  мен ақауларының болуымен анықталады. Құрамаларының  (щебеннің, құмның, цемент тасының) қасиеттері әртүрлі болғандығынан, бетондар структурасы біркелкі  болуы мүмкін емес. Оның үстіне  бетондар бұйымдарын  жасау процесінде  бетон структурасында  пайда болатын көптеген  ақаулар (микрожарықтар, кеуектер) болады. Бұл жоғарғы дәрежеде  шоғырланған ішкі кернеудің  бетонда пайда болуына  себепкер болып,  оның механикалық  қасиеттеріне күшті әсерін тигізеді.                     

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1    Негізгі бөлім

 

 

1.1 Әдеби шолу

 

1.2 Тақырыпқа байланысты сипаттама

 

Ауыр бетон - құрылыстық бұйымдар мен конструкцияларды көптеп шығаруға қолданатын бетонның басты түрі.

Қазіргі кезде  көбінесе В20 кластағы бетондарды өте  жиі қолданады. Дегенмен, құрылыста  төменгі кластағы бетондар үлесі төмендеп, орташа және жоғарғы кластары көбеюге бет алған, бірақ әлі де бұрынғысынша қолданып жатқан бетонның басым көпшілігі В25 класқа дейінгі бетон араласпасының жылжымалылығына, қолданылатын толтырушыларға, цемент сапасына байланысты бірдей класстағы бетон алуға кететін цемент шығыны кең аралықта ауытқиды. Бірқатар темірбетон конструкциялары мәңгілігінің төмендеу және цемент шығыны артық болу (100 кг/м дейін) себебінің бірі - ірі толтырғыш ретінде құм-гравийлық араласпаны, сондай-ақ, сапасы төмен фракцияланбаған және былғаныш щебеньді қолдану. Қазір жуылған және фракцияларға бөлінген шағал тас мұқтаждығын 20-30% ғана қанағаттандырады. Бетонды тек жуылған және фракцияланған толтырушылар негізінде алуға толық көшу -болашақтың меншігі. Мысалы, үш-төрт фракциядағы ірі және екі фракциядағы майда толтырушылар негізінде және ең аз цемент шығыны мен сапасы жақсы, структурасы бір текті бетондар алынатындығында күмән жоқ.

АҚШ, мысалы, 15 фракция  түрлі толтырушылар шығарады. Шет  елдерде көптеген ғимараттар үшін қолданылатын материалдар сапасы, дозалау және бетон араласпасын дайындау деңгейі нәзік химиялық технология процестері деңгейінде ұйымдастырады.

Ірі толтырғыштары  жоқ Қазақстанның бірқатар аудандарында майда түйіршікті бетон қолдану  тіпті тиімді. Солай болғанда, кұрылысты  тездету және бұйымдар мен конструкциялар құнын төмендету мүмкіншілігі туады. Майда түйіршікті бетондардан бұйымдар мен конструкцияларды, әдетте, кәдімгі темірбетон бұйымдары және конструкцияларына арналған сызбалары бойынша, белгілі жабдықтарды қолдана жасап шығарады.

Майда түйіршікті бетоннан бұйымдар мен конструкцияларды жасарда щебень негізінде алынатын сол маркадағы бетонмен салыстырғанда, цемент шығынын көбірек (13-14%-ке) талап етеді. Бірақ конструкциялардың жалпы құны (аймақтық жағдайға, құм ірілігіне және конструкциялардың нақтылы түріне байланысты), құм құны онша жоғары болмайтындығынан 15-30% төмен болып шығады. Олай болса, ірі түйіршікті толтырушылары жоқ аудандарда майда түйіршікті бетоннан жасалынған құрылыстық бұйымдар мен конструкцияларды қолдану тиімді болатындығы сөзсіз.

Сараптап аңғаратын  болсақ, В30-В40 кластардағы бетондармен салыстырғанда В60-В80 кластардағы мықтылығы жоғары бетондарды қыспалы және кейбір имелі күш әсерінде істейтін конструкциялар элементтеріне, оның ішінде алдын-ала кернеуленген конструкцияларға да, пайдалану олардың қимасын 20-40% азайтуға, металл шығынын 50-250 кг/м3 төмендетуге жэне де кұны мен еңбек сыйымдылығын едәуір кішірейтуге мүмкіндік тудырады. Оның үстіне, мықтылығы жоғары бетон мәңгілігі талапқа сай келеді, сондықтан, - оны агрессивтігі жоғары жағдайда немесе соққылық әсерінде тұратын бұйымдар мен конструкцияларға, мысалы, жол жағалық тастарға, тротуар және жол плиталарына, діңгек қадаға, баспалдақтарға, көпір кұрылысындағы аралықтарға, эстакада таяныштарына және т.с.с. конструкцияларға қолдану тиімді-ақ.

Жоғарыдағы айтылған мәліметтерге сүйенер болсақ, 550, 600 маркалы цемент жетерліктей болса және болашақта конструкциялар номенклатурасы кеңеюін, жаңа техникалық құжаттар, өндіріс құралдары жасалу мүмкіншілігін ескерсек, жоғары мықтылық бетондардың жалпы жылдық қолдану көлемі жылдан жылға өсіп отыруы тиісті.

Суперпластификатор қоспасын қолдану  пайдаланған цементтердің маркасына  және 1 м бетонға қажет шығынына, толтырушылар гранулометриясына қойылатын  талаптарды төмендетуге мүмкіндік тудырады. Зерттеу және көптеген зауыттар тәжірибелері көрсеткендей, мұндай жағдайда маркасы 500 цементтермен В50 - В60 класстар бетонын, маркасы 550-600 цементтер және сапалы толтырушылар пайдаланып, В70-В80 кластар бетонын алуға толық мүмкіндік бар.

Жоғарғы мықтылық бетондар алу жолында жоғарғы маркалы цементтер мен жоғарғы сапалы толтырушылар жетімсіздігінен туатын шын мәніндегі технологиялық қиындықтарды бетон араласпасына суперпластификаторларды қосу арқасында едәуір дәрежеде жоюға болатындығына көз жеткізілген. Мықтылығы жоғары бетондардан жасалынатын конструкцияларды және бұйымдарды құрылыс практикасында барынша кең қолдану үшін Қазақстан аймақтарының барлығында сапалы толтырушылар алуға жарайтын, қатты тау-тас жыныстары жетерліктей.

Қолданылу көлемі бойынша қазір басымдау жасанды кеуекті толтырушылар тығыз толтырушыларға қарағанда қымбаттау. Сондықтан, кеуекті толтырушыларды қолданудың тиімділігін үй мен ғимараттарды салу және пайдалану жағдайларымен байланысты болатын проблемаларды жинақтай қарастырған дұрыс болады. Соңғы кездерде кеуекті толтырушыларды өндіру келемі 45 млн. м3 болды. Оның басым көпшілігі (83%) өртеп алынатын жасанды толтырушылар болды, мұның 70% керамзит үлесіне келетін. Сол цементтермен дайындалып жатыр, кейбір жағдайларда тіпті марка 500 колданады. Сөйтіп байланыстырушыларды оңтайлы қолданбай, алынған ерітінділер маркасы, жобалықтан едәуір жоғары болып шығады. Сондықтан осындай мақсаттар үшін қолданатын құрамында 50-70 % тапшы емес қоспалары бар цементтерін шығаруды сұранысқа сәйкестендіре ұйымдастырған ұтымды болады.

Информация о работе Ауыр бетон