Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2012 в 13:18, курсовая работа
«Шөгінді лес топырақтардағы құрылыс» - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Шөгінді топырақтарға күш әсер еткенде және өз массасының әсерінен суланған кезде шөгетін, яғни әр түрлі деформацияға ұшырайтын топырақтар жатады. Бұл топырақтарға негізінен лес топырақтар жатады. Меншікті жағдайында едәуір берік бұл топырақтар суланғаннан кейін беріктігін жоғалтады.
Кіріспе.
Шөгінді лес топырақтардағы құрылыс.
Шөгінді топырақтарды имараттың негізі ретінде қолдану принциптері.
Шөгінді топырақтардағы қадалы іргетастар.
Негізгі судан қорғау шаралары.
Негізгі құрылымдық шаралар.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Судан қорғау шараларын жүргізгенде, ең бастысы, сумен қамтамасыз ететін құбырларды және канализацияны қатаң қадағалау керек. Су немесе су ерітінділерін тасымалдайтын құбырлардың ағу орындарын қадағалап, жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Судан қорғау шараларын дұрыс жүргізу шөгудің алдын алады.
4. Шөгінді лес топырақтарындағы құрылыста имараттардың дұрыс пайдалануы үшін, іргетастың шөгуі рұқсат етілген шөгуден аз болуы үшін қажетті шараларды жүргізу керек. Құрылымдық шаралардың негізі мынада: имараттың қатаңдығын жоғарылату арқылы рұқсат етілетін шөгу шамасын ұлғайту. Шөгінді топырақтарда тұрғызылған имараттарда құрылымдық шараларды жүргізу барысында біркелкі емес шөгу жағдайында имараттардың тез арада қайта пайдалануға берілу жағдайларын ескере кету керек.
Негізгі құрылымдық шараларға мыналар жатады:
Ғимараттар негізіндегі шөгу деформацияларын көптеген зерттеу жұмыстары және шөгінді топырақтарда орналасқан тәжірибелі зерттеулерден алынған нәтижелер шөгу деформациялары кезінде негізде шөгулер байқалатынын көрсетті. Бұл шөгулердің көлемі берілген бөліктің сулану көзінен орналасу қашықтығына байланысты. Кейбір жағдайларда ғимараттың жеке бөліктерінде ғимарат іргетасы мен негізі арасындағы байланыстың жоғалуы байқалады. Әдетте құбылыс 2-10 тәулік көлемінде байқалады. Нәтижесінде су жан-жаққа таралып, көрші аудандардың шөгуі басталады. Байланыс жоғалған жағдайда ғимаратта кернеулер пайда болуы мүмкін. Оның салдарынан іргетастың шөгу шамасының әртүрлілігіне байланысты иілу пайда болады.
Кірпіштен тұрғызылған имараттардың қатаңдығын темірбетонды белдеушелер орнату арқылы елеулі арттыруға болады. Темірбетонды белдеушелерді жабынның деңгейінде орналастыру керек. Белдеушелерді темірлеу есептеулермен бектіледі. Көп жағдайда темірбетонды белдеушелердің биіктігі 15-40см-ге тең. Белдеушенің ені, әдетте, кірпіштен қаланған қабырғаның жарты еніне тең болады. Жабын деңгейінде темірбетонды белдеушелер қабатаралық жабынмен бірігіп, нәтижесінде қатты диафрагма пайда болады.
Іріпанельді құрылыста темірленген белдеушелерді қабырғалық панельдерге орнатады, ал стерженьдерді дәнекерлейді. Ғимараттың қатаңдығын арттыру мақсатында іргетас құрылымының қатаңдығын арттыру шаралары қолданылады. Құрама іргетастардан бас тартып, олардың қатаңдығын арттыру үшін ленталы жеке темірбетонды іргетастармен алмастыру ұсынылады.
Өндірістік имараттардың құрылысында жеке ұстындарды көтеруді қарастырған жөн. Мұндай жағдайда арнайы тіреу ауданшалары орналастырылады.
Шөгінді топырақтарда тұрғызылған өнеркәсіптік имараттарды пайдалануда өте көп жағдайда ұстындардың шөгуімен байланысты кранастылық жолдардың ығысу проблемалары туындайды.
Кірпіштен
қаланған ғимараттардың қатаңдығын
арттыруды кірпіш пен ерітінді маркаларын
арттыру және кірпішті ұстындарды темірлеу
арқылы жүзеге асыруға болады. Қатаңдық
ғимараттарды жіктермен жеке блоктарға
бөлгенде де артады. Шөгінді топырақтардағы
іріпанельді ғимараттар үшін жіктер арасындағы
қашықтық 20-40 метрге тең. Қатаңдықтары
әр түрлі шаралар арқылы жоғарылатылған
ғимараттардың жағдайын бақылау көп жағдайда
мұндай ғимараттар ешбір жөндеулерсіз
ұзақ уақыт бойы пайдаланылуын көрсетті.
3.
Қорытынды
Қорыта келгенде, мен өз тақырыбымның өзекті мәселесін қарастыру мақсатында ең алдымен жалпы шөгінді топырақтар туралы жазып өттім. Негізгі бөлімнің бірінші бөлімшесінде шөгінді топырақтарды имараттардың негізі ретінде қолдану принциптері туралы қарастырдым. Екінші бөлімшеде шөгінді топырақтардағы қадалы іргетастарды атап өттім. Осы екі бөлімшені қарастыру барысында сулану кезінде туындайтын қиыншылықтарды атап өтіп, негізгі судан қорғау шараларын ұсынуды жөн көрдім. Судан қорғау шараларын 3-бөлімшеде жазып өттім. Сонымен қатар, шөгінді топырақ жағдайларында тек қана судан қорғау шаралары жеткіліксіз деп ескеріп, 4-бөлімшеде негізгі құрылымдық шараларды қарастырдым.
Шөгінді
топырақтардағы ғимараттар мен имараттар
құрылысы мен жобалау тәсілдерін
іздестіруге бағытталған
4.
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі