Ғылыми зерттеулердің әдістері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 10:01, магистерская работа

Описание

1. Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек.

Работа состоит из  1 файл

Ғылыми зерттеулердің әдістері.doc

— 114.00 Кб (Скачать документ)

1. Ғылыми зерттеулердің құрылымы, кең мағынада ғылыми танымның тәсілі немесе ғылыми әдістің өзі болып табылады. Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді.

Қазіргі заманғы  ғылым белгілі методологияға, яғни қолданылатын әдістердің жиынтығына негізделген. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.

Зерттелетін заттардың  әртүрлілігінен пайда болатын, жаратылыстану  ғылымы мен гуманитарлық танымның методологиялары  арасында бірқатар айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымы методологиясында заттың жеке ерекшіліктері ескерілмейді, себебі ол баяғыда қалыптасып зерттеушінің назарынан тыс қалған. Мысалы, тарих ғылымында заттың пайда болуын, оның жеке ерекшіліктерінің толығымен қарастырады. Әлеуметтік танымның методологиясы жаратылыстану методологиясынан пәннің өзіндегі айырмашылықтары бойынша ажыратылады: 1) әлеуметтік таным өзін - өзі жоюшы нәтижеге алып келеді (“биржаның заңдарын білу осы заңдардың өзін жоюға әкеліп соғады”-деп жазды кибернетиканың негізін салушы Н.Винер); 2) егер жаратылыстану ғылымдары танымында жекелеген фактілер бірдей болса, әлеуметтік танымда ондай емес. Сондықтан, әлеуметтік таным методологиясы фактілерді жалпылап қана қоймай, сонымен бірге ол аса үлкен маңызға ие индивидуалды фактілермен жұмыс істейді. Осы фактілерден объективті үрдіс пайда болып, солармен де түсіндіріледі. Гуманитарлық таным методологиясының өзіне тән ерекшелігі осында.

Қазіргі заманғы  ғылымда жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың методологияларының бір-біріне жақындасу тенденциясы байқалуда, бірақ олардың негізгі және қағидалық айырмашылықтары әлі де сақталуда.

Ғылыми әдістер  эмпирикалық және теориялық әдістер  болып бөлінеді.

Эмпирикалық әдістерге  төмендегілер жатқызылған:

1) бақылау –  объективті шынайылықты арнайы түрде қабылдау;

2) суреттеу –  объектілер туралы мәліметті  табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;

3) өлшеу- объектілерді  ұқсас қасиеттері немесе белгілері бойынша салыстыру;

4) тәжірибе жасау  – құбылысқайталанған кезде қажетті  жағдайлар қайталакғанына байланыстыөзгерістерді арнаулы дайындалған орындар арқылы бақылау.

Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге  төмендегілер жатқызылады:

1) формаландыру - зерттеліп отырған шынайы процестердің  мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру;

2) аксиомаландыру  – дәлелдеуді керек етпейтін  аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет  етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру;

3) гипотетикалық  - дедуктивтік әдіс – нәтижесінде  эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын  бір-бірімен, дедуктивті байланыста  болатын гипотезалардың жүйесін жасау.

Зерттеу әдістерінің  классификациясы аса күрделі  мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге  бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.

Жалпы ғылыми әдістер  ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге  болады:

- анализ –  жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;

- синтез –  заттың құрамдас бөліктерін біртұтас  затқа біріктіру;

- абстракциялау  - зерттеліп отырған құбылыстың  қажетті емес қасиеттері мен  қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;

- жалпылау –  объектілердің жалпы белгілері  мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;

- индукция –  жеке қорытулар негізінде жалпы  тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;

- дедукция –  жалпы тұжырымнан жеке тұжырым  жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;

- аналогия –  объектілердің бірдей белгілерінің  ұқсастығы негізінде олардың  ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік  беретін таным әдісі, басқаша  айтқанда, аналогия - ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б.

- классификация-  зерттелетін пәннің зерттеушіге  қажетті маңызды белгілері бойынша  түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).

Зерттеу процесі  барысында төмендегідей интерғылыми  әдістер қолданылады:

• экстрополяция  – ойдың дамуы немесе белгілі  бір тарихи кезеңдегі тенденциялардың  ашылуы, яғни жасалған заңдар мен тұжырымдардың бақылау аймағынан басқа аймаққа ауысуы;

• интерполяция - құбылыстардың динамикалық қатарында  көрінбейтін, бірақ осы қатар  мүшелерінің арақатынасын ашу негізінде  параметрлерді, функцияларды, көрсеткіштерді табу;

• модельдеу  – шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу;

• ретроспекция- объектінің жүйелі түрдегі сипаттамасын алу үшін зерттеу объектісінің тарихи дамуын зерттеу, яғни оның әртүрлі уақыт  кезеңдеріндегі дамуының динамикалық  қатарын зерттеу;

• эксперттік бағалау - эксперттің немесе эксперттердің  тұжырымдары мен ойлары;

Күрделі құрылымды  объектілерге анализ жасау үшін төмендегі  әдістерді қолданады:

- декомпозиция  – үлкен жалпы бір мақсатты  бірнеше топтарға бөлу;

- селекция –  зерттелуге келетін варианттарды  іріктеп алып, маңызы жоқ фактілерді алып тастау;

- агрегирование  – жекелеген сипаттамаларды жалпы  сипаттамаға біріктіру.

Егер объектінің құрылымы жүйесіз болса, оны талдау үшін дезагрегациялау, яғни жалпылаушы сипаттамаларды жеке сипаттамаларға жекелендіреді.

Жоғарыда айтылып  өткен әдістердің немесе тәсілдің ешқайсысы да, дара түрде зерттеудің негізіділігін, дәлділігі мен дәйектілігін қажетті деңгейде қамтамасыз ете алмайды. Сол себепті зерттеуде жоғары нәтижеге жету үшін олардың бірнеше түрінің жиынтығын пайдалану ғана тиімді бола алады.

 

1.4 Ғылыми танымның логикасы мен парадигмалары

Зерттеу құралдарына  түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі  логикалық қатарды құрайды. Әдіс - зерттеу барысында белгілі бір  қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе практикаға негізделген түрі. Процедура – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы. Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы. Методика – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер. Методология - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе – күрделі құбылыстар мен процестерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.

Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен  аяқталады. Ғылымның түсініктілігі  бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н.И.Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония - түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы - үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі болып табылады.

 

Ғылым философиясы

Ғылым  шындықты танудың ерекше нысаны ретінде

Ғылым қоғамдық сана нысандарының бірі ретінде философия, дін және т.б. қатар объективті шындық туралы білімді алуға және жүйелендіруге  бағыттал-ған, өзіне жаңа білімді  өңдеу бойынша және анықталған нәтижелерді  алудың іс-әрекетін енгізеді. Ғылым табиғат пен адам және оның тіршілік ететін әлеуметтік мәдени ортасының зерттелетін объектілерінің қасиеттері мен қарым-қатынастары туралы білімді тарихи жағынан дамытатын жүйесі болып табылады.

Ғылым – мәдениеттің  анықтаушы қосалқы жүйелерінің бірі.  XXI ғасыр басында оның 800-ден астам анықтамасы болды, сондықтан "ғылым" ұғымын қайта тұжырымдау процесінде туындаған қиыншылықтар заңды, немесе әрбір ғалым ғылым феноменінің меншікті түсіндіруін береді. Альберт Эйнштейн, ғылым – бұл сезімтал әлемнің "ретсіздік көп түрлілігін" «ойлаудың бірыңғай жүйесіне» сәйкестендіруге ұмтылыс, - деп бейнелеп суреттеген.

Жалпы оның анықтамасы шеңберінде ғылым – бұл рухани және материалдық шындық туралы объективті, жүйелі және дәлелденген білімдерді қалыптасты-румен байланысты теориялық та және практикалық та саладағы іс-әрекеттің ерекше нысаны. Егер неғұрлым дәлірек айтқанда, бұл анықтаманы нақтылайтын ғылыми қызметтің бірнеше бағыттарын атау керек:

-  шындықтың  сыртқы емес, мағыналық сипаттамаларын анықтау;

- әлемнің объективті бейнесі туралы білімнің логикалық тұрғыдан қарам-қайшылықты жүйесін қалыптастыру;

- анықталған  табиғи және әлеуметтік заңдар  негізінде нақты объектілер және  процестер жағдайын жобалау; 

- танымдық әрекеттің  арнайы құралдарын жасау және әзірлеу, мысалы, математикалық әдістер, зерттеу жабдықтары және т.б.;

- еңбекті қоғамдық  бөлу саласында кәсіби қызметтің  ерекше түрлерін тарату (ғалымдар, инженерлер және т.б.);

- кітапханалардан,  ақпараттық орталықтардан және  т.б. алынған білімді алу, сақтау, тарату және енгізумен айналысатын ұйымдар және мекемелердің арнайы жүйесінің қызмет етуі. 

- "Science" (ғылым) және "scientist" (ғалым) терминдері ХХ  ғасырдың бірінші жартысында  еуропалық университеттік практикада  тұжырымдалды, олармен математика, физика және химия және басқа жаратылыстану ғылымдар саласындағы қызмет белгіленді. Әлеуметтік ғылымдар саласындағы қызмет үшін кейінірек "social science" термині пайдаланыла бастады.

Генезис процесінде және ғылыми білімді дамытуда оның жіктелуіне көңіл  аудару күшейді.

Ғылымның бірінші жіктелуі антикалық дәуірде пайда болды. Аристотель философияны бірыңғай ғылым  ретінде "теориялық философия" және "практикалық философия" мен "шығармашылық философия" деп  бөлді. Бәрінен бұрын, "теориялық  философияны" ол физикалық, математикалық және теологиялық философияға, поэтика мен риторикаға бөлінеді. Логика ғылымның барлық жүйесінде пропедевтика (кіріспе) ретінде баяндалады.

Ағылшын ойшылы Ф. Бэкон Жаңа уақытта ғылымды оған қазіргі  замандағы материалды жіктеуді әзірледі: адам білімі үш тармаққа немесе салаға бөлінді, атап айтқанда тарих (жады), поэзия (қиял) және философия (пайым), бұл ретте, білімнің белгіленген салалары олардың соңғы жан-жақты нақтылануына ұшырады.

Француздық Ағарту ісінің өкілдері Дидро және басқалар "Ғылым, өнер жә-не қолөнер энциклопедиясы немесе Түсіндірме сөздігі" шеңберінде механика-ны, физиканы, химияны, физиологияны және басқа ғылымдарды атап көрсетті.

Сен-Симон қоғамның таптық құрылымының ұқсастығы бойынша  ғылымды жіктеуді, яғни теология –  құл иеленушілік және феодалдық қоғам, ал капитализм - позитивизм және т.б. ұсынды.

Позитивизм өкілі О. Конт, ғылымды дамытудың «үш сатысы»  доктрина-сын, атап айтқанда теологиялық, метафизикалық және позитивті доктринасын  ұсынды, бұл ретте оның пікірі бойынша  белгілі ғылымдардың әрқайсысы белгіленген сатылармен біртіндеп өтеді. Сәйкес сатылардан тек қана жаратылыстану ғылымдары, астрономия, физика, биология және т.б. ғана емес, сонымен бірге гуманитарлық ғылым – социология да өтеді.

Гегель ғылымды (философияны) терең жіктеуді ұсынды. "Нақты философия" оларды "табиғат философиясы" және "рух философиясына" бөледі. "Табиғат философиясына" механика, физика, органикалық физика енгізіледі. "Рух философиясы" "субъективті рух" - антропология, феноменология, психо-логия; "объективті рух" - құқық, мораль, адамгершілік және "абсолюттік рух" -  өнер, дін, философия деп бөлінеді.

Ф. Энгельс ғылыми білімді  жіктеуге маңызды көңіл аударған, ол салыстырмалы жай механикалық  нысандардан неғұрлым күрделі әлеуметтік нысандарға айналатын материя қозғалысының нысандарының ұғымын басшылыққа алған. Ф. Энгельс бойынша ғылыми білім құрылымы мынадай түрде болады: механика, физика, химия, биология; еңбек теориясы арқылы (антропогенез) әлеуметтік ғылымдарға және ойлау туралы ғылымдарға өту байқалды. Олар әзірлеген жіктеуде техникалық ғылымдарға да орын табылды.

Информация о работе Ғылыми зерттеулердің әдістері