Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 18:02, курсовая работа
Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар жүйесінде толық жарамды субъект ретінде қызмет жасауы, экономикалық кеңістік шеңберінде өзінің ұлттық мүдделерін айқын анықтауын талап етеді. Қазіргі таңда мемлекетіміз сыртық сауда саясатын жаңа әріптестерді іздестіруге, олар арқылы сату нарықтарын кеңейтуді көздейді. Осындай жағдайда дамыған ел өз шекараларын ашып, реттеудің әкімшілдік әдістерін ғана қолдана алады. Ал біз үшін әзір мұндай реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндігіміз жоқ, себебі ұлттық экономикамыз әлсіз болып, халықаралық деңгейде болып жатқан құбылыстар мемлекетке зор әсерін тигізеді.
I. Кіріспе……………………………………………………………………………3
II. Негізгі бөлім:
1.1.Кедендік баждың экономикалық мәні және оның маңызы…………...5
1.2.Кедендік төлем мен салық түрлері…………………………………….....9
1.3.Кедендік төлем ставкаларының түрлері, төлеу тәртібі және есептеу тәртібі……………………………………………………………………….15
1.4.Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайларын шешу …….17
III.Қортынды……………………………………………………………………….20
IV.Пайдаланған әдебиеттер………………………………………………………23
1.4 Кедендік төлемді анықтаудың өндірістік жағдайын шешу.
Кедендік ресімдеудің жаңа тәртібін іске асырудағы ең басты мақсат - тауарлар тасымалдауда жасырын айналымға тосқауыл қойып , кәсіпкерлердің делдалдар көмегінсіз жұмыс істеуіне ықпал ету, кедендік ресімдеуді жеңілдету және кедендік қызметінде жоғары жауапкершілік қалыптастыру. Дегенмен , бұл жаңа тәртіп кейбір көлеңкелі топтар тарапынан тосқауылға тап болып , жұмысқа айтарлықтай кедергілер келтіруде.
Мысалы, Қытай Халық Республикасы шекарасымен шекаралас Қорғас шекарасы арқылы халық тұтынатын тауарлар тиелген 600-ге жуық жүк автокөліктері жиналып, кедендік ресімдеуден өтпей тұр. Кедендік бақылау қызметіндегі жаңа ереже шарттары осыған дейін ескі әдіспен жұмыс істеп үйренген , кедендік төлемдердің 1 бөлігін мемлекеттік бюджетке аударудың орнына , қалтасына басуға әдеттенген сыбайлас жемқорлар үшін әрине, өте тиімсіз болып шықты.Бұл орайда кедендік ресімдеудің жаңа тәртібінен қарсы тұрушылар кімдер деген орынды сауал туатыны сөзсіз. Олар - тауатдың бұрынғысынша текше метрі бойынша кедендік төлемдер мен салықтар алуды жақтайтындар.
Қоғастағы жағдайды көзбен көру, кәсіпкерлермен тиісті мекемлер басшылары мен пікірлесу - қордаланған мәселелер түткілін бірлесіп шешуге деген көпшіліктің шынайы ұмтылысын айқын аңғартады.
Еліміздегі өзге салалар сияқты, кеден қызметінде де сыбайлас жемқорлықпен күрес ықпалдылығын күшейтудің маңыздылығы орасан.
Кедендік бақылау қызметі мамандарының есептеуінше, орташа алғанда, жүк тиелген көләікті мысалы, Алматы қаласна дейін әкелу 37000 долларды құрайды. Кәсәперлдің делдалдарға төлеген осы қаражатынан мемлекеттік бюджетке түсетіні тамшы дай десе де болады.
Қазіргі кезде 0,6 евро ставкасын енгізгенен кейін 1 жүк көлігін кедендік ресімдеуден өткізу құны кәсіпкерге біршама арзан түсіп отыр.
Шекара аумағын бақылауға
алған бір емес, бірнеше
мемлекеттік құрлымдар
Осындай
кедендік төлемді анықтаудың
өндірістік жағдайларын шешу
және осындай мәселелердің алдн
алу керек.
Қазақстан Республикасының ұлттық өндірушілердің, тұтынушылардың және мемлекеттің мддесін барынша қорғауға бағытталған кедендік саясат керек. Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет кеден саясаты құралдарын қолданудың тиімді механизмін қалыптастырлуы қажет. Кеден саясатының мақсатты қолданылған жағдайда ғана тиімді болады. Кедендік төлемдерді алудың мәселелерін талдау ретінде мынандай қорытынды жасалды:
Қазақстан үшін кеден саясатын жақсарту, оның құралдарын жетілдіру, бұл ең алдымен заңды және нормативті актілерді қалыптастыруды жалғастыру болып табылады. Қазақстан Республикасының кеден саясатының құралдарын жетілдірудің бірнеше жолдары бар; баждаодың көп түрлілігі, оларды әр бір салада дұрыс қолдану , халықаралық ережелерімен сәйкесінше сыртқы саудадағы тарифтік және бейтарифтік реттеуді жетілдіру, мөлшерлемелерді өзгертіде асығыс жасамау, өз еліміздің өндірушілерінің жағдайларын ескере отырып , жеңілдік жағдайлар жасау керек.
1 Кеден саясатының құралдарының қолданған кезде, ең алдымен , Қазақстандық тұтынушылардың төмен сатып алу қабілеттілігіне назар аудару керек. Орташа жылдық ақша табысының шығыс көздері, негізінен азық – түліктік тауарлардан құралады. Ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарлардың импорты көп жағдайда ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етіп отыр.Осыған орай кедендік саясат ішкі нарықтағы сұранысқа негізделе отырып қалыптасуы керек.
2 Кеден саясатының негізгі міндеттерінің бірі- импортты алмастыруда өндірісті дамыту және ынталандыру. Қазақстан импорттап отырған өнімдердің көбісін өзі өндіріп шығара алады және оған барлық мүмкіндіктері бар әлемдік тәжірибеде қалыптасқан салаларда қорғаудың негізгі кеден саясатының құралы - кедендік тарифтің кедендік бажы.Баждардың көп болуы сауданы реттейтін мүмкіндік.
3 Қазақстан жер байлығы мол мемлекет. Мұнда шикізат мөлшері көп.Сондықтан шикізатты экспортқа шығару көп жағдайда іске асыуна кедергілер болуы керек.Ол үшін экспорттық квота қолданылады. Сыртқы саудада тарифтік және бейтарифтік реттеулерді жетілдіру қажеттілігі - Қазақстан тауарларының бәсекелестік қабілетін және тауарлар нарығы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуді талап етеді және нақты шешім қабылдап барып , өзгеріс негізу керек.Кедендік баждар ішкі нарық жағдайымен негізднлуі керек.Кедендік төлемдер салу және алу механизиміне жетілдіруге маңызды көіл бөлу керек.Бірінші кезекте өндірушілері мен тұтынушыларды қорғап, сонымен бірге импорттаушыларға өздері бастаған қызметін дұрыс жүргізуіне мүмкіндік беруде тарифтерін дұрыс есептеп , қолдану үлкен әсер етеді.
4
Кедендік саясаттың дамуының
болашағы Қазақстан Республикасының
кедендік қызметінің қалыптасуының
алғашқы кезеңі оның
дамуы және жұмыс жасау
жағдайларын жүзеге асыруда
толық қызмет атқармайды. Ғылыми
негізделген саясат кедендік
қызметтің жұмысына үлкен
әсер етеді.Кеден саясатының
құралдарының жетілдіру үшін ,
олардың тиімділігін анықтау
керек, әр бір құралды
дұрыс пайдалана білу қажет.
Отнадық өндірушілерді көптеген
салықтардан босатып оларға
жеңілік жағдайлар жасау, өз
өнеркәсібімен бірге экономикамызды
жақсарту жолында үлкен
жетістіктерге жетуге
мүмкіндік береді.Ал егерде
халықаралық ұйымдарға
мүше болу халықаралық
ережелерге сәйкесінше сыртқы
сауданы ретткуді талап
етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1 Кеден органдарының құқықтық мәртебесі: теориясы мен практиканың мәселелері. ЖақашевД.С
2 Қазақстанның кеден құқығы. Әлібеков С.Т
3 «Салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер туралы » ҚР заңы
4 Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы: проблемалар және оларды шешудің жолдары. – Алматы 1998 -136 бет
5 ҚР- ның кеден кодексі – Алматы: Юрист, 2003- 255 бет
6 Салық және салық салу Крамаренко Т.Н.Қомбарова А.М.
7 Карагусова Г. Налоги: сущность и практика использования. – Алматы “Қаржы қаржат ” , 1994г.
8
«Егемен Қақазстан» газеті – Алматы
2007ж