Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 21:34, статья
Абыз карьерінің ашық қоймаға руданы БелАЗ автосамосвалдары әкеліп, төгіп кетеді. Содан кейін руданы қосымша бульдозердің көмегімен қайта тиеуге ыңғайлы қылып, айлалық жұмыстарды атқарады. Бульдозер руданы жүк тиеу машинасына
ӘОЖ_622.61/.67=512.122
«АБЫЗ» КАРЬЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН БУНКЕРДІ ЕНГІЗУ
АРҚЫЛЫ ЖАҚСАРТУ
Абыз карьерінің ашық қоймаға руданы БелАЗ автосамосвалдары әкеліп, төгіп кетеді. Содан кейін руданы қосымша бульдозердің көмегімен қайта тиеуге ыңғайлы қылып, айлалық жұмыстарды атқарады. Бульдозер руданы жүк тиеу машинасына жақындату әрекетімен оның жұмысын біршама жеңілдетеді. Бұл карьердің басты мәселесі ол – автосамосвалдардың жүкпен тиелуге тұру уақыты. Яғни, бір автосамосвал тиелініп, тиеу орнын босатпайынша келесі автосамосвал тиеуге тұра алмайды. Біріншіден, тиелініп тұрған автосамосвал орнын босатпайынша келесі автосамосвалдың тиелуге мүмкіндігі болмайды. Бұны күтумен біраз уақыт кетеді. Екіншіден, босатылғаннан кейін автосамосвалдың тиеу орнына ыңғайланып тұруы. Бұған да өз кезегінде біршама уақыт кетеді. Осы мәселені аккумуляторлы бункерлерді енгізумен шешімін табуға болады. Яғни, аккумуляторлы бункерлерді енгізуден кейінгі уақытты технологиялық керегеннен қарасақ, автосамосвалдардың күту уақыты мүлдем жойылады (сурет 1).
Сурет 1 – Аккумуляторлы бункерді енгізгеннен кейінгі керегендердің салыстырмалы көрсеткіші
Аккумуляторды бункерді енгізу нәтижесінде қосымша екі жаңа жұмысқа орын табылып, жұмыскерлердің атқаратын жұмыс өнімділігін оңтайландырады. Бункерлерді енгізу нәтижесінде жүкті тиеуге кететін уақыт біршамаға қысқарады. Автосамосвалдар өз еріктерімен тиелу орнына келіп, ешкімді бөгемей өз жұмыстарын атқара береді.