Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 18:23, реферат
Жаңа туристік өнімді әзірлеудің негізгі сатылары
• Идея іздеу
• Идеяны іріктеу
• Өнімнің мәнін ашу және оны тексеру
• Маркетинг стратегиясын әзірлеу
• Маркетингтік мүмкіндіктерді талдау
• Туристік өнімді әзірлеу
• Өнімді рынок жағдайында сынақтан өткізу
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
а) Жаңа туристік өнімді әзірлеудің негізгі сатылары
б) Жаңа туристік өнімді рынокқа шығару
III Қорытынды
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Туризм және рекреациялық география кафедрасы
Тақырыбы: Жаңа туристік өнімді нарыққа ұсыну
Орындаған: Балмұханова Г
Қабылдаған: Алиева Ж Н
Алматы, 2012
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
а) Жаңа туристік өнімді әзірлеудің негізгі сатылары
б) Жаңа туристік өнімді рынокқа шығару
III Қорытынды
Жаңа өнімді құрастырудың негізгі кезеңдері
Маркетингте жаңа туристік өнімді әзірлеудің бірнеше сатыдан тұратын белгілері бар. Жаңа туристік өнімді әзірлеу идея іздеуден басталады. Ол кездейсоқ емес, керісінше жүйелі түрде жүргізіліп отыруы тиіс. Әйтпесе, фирма тапқан ондаған идеяның басым бөлігі оның қызмет ерекшелігіне сай келмеуі мүмкін. Фирма негізінен қандай өнімдер мен қай рынокқа ден қою керектігін анықтап алуы қажет. Жаңа дүние арқылы қандай мақсатқа қол жеткізбек: ол қолма-қол ақшаны көптеп тапқысы келеме, ілде, рыноктың белгілі бір бөлігінде негізгі рөлше ие болуды қалай ма, болмаса, өзге мақсаттары бар ма? Осы жағын нақтылап алған жөн.
Жаңа туристік өнімді әзірлеудің негізгі сатылары
Жаңа дүние жасауға қажетті темеша идея көздері жетіп артылады. Бұндай идеяларды тұтынушылардың сұраныстары арқылы таба аламыз. Мәселен тұтынушылардың қажеттіліктерін клиентура сауалнамасын жүргізу, келіп түскен арыз-шағымдарды топпен бірге талқылау арқылы бақылап отыруға болады. Идеяның тағы бір көзі – ғалымдар. Олар қолданыстағы туристік өнімнің жетілдірілген түрін немесе жаңадан түпнұсқа өнім жасап шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, туристік фирма бәсекелестердің тауарларын үнемі бақылауда ұстап, олардың ішіндегі сатып алушылар үшін ең өтімдісін анықтап отырғаны дұрыс. Клиеттермен үнемі байланыста жүретін фирма қызметкерлері де жақсы идеялардың тағы бір көзі қызметін атқара алады.
Алайда дея қанша көп болғанымен олар іріктеуді қажет етеді және іріктеу кезінде ең маңыздыларына ден қойған жөн. Әрбір идея ұсынылып отырған өнімнің клиенттер сұранысына сәйкестігі ғана емес, оның қажетті табыс деңгейін қамтамасыз ету мүмкіндігіне және туристік кәсіпорынның маркетингтік стратегиясын жүргізуге тигізген көмегі арқылы өлшенеді. Мәселен, жаңа өнім туралы идеяларды «Қызмет түрінің фирма мен клиентке қажеттілігінің көрсеткіші» матрицасын қолдану арқылы іске асыруға болады. Матрица «Қызмет түрінің фирма мен клиенттерге қажеттілігінің көрсеткіші». Матрицаның жоғарғы сол жақ бөлігінде орналасқан өнімдер тартымды деп саналады, ал оң жақтағы төменгі бөлігіндегі өнімдерді ысырып қою қажет.
Өнімнің өзіндік мәнін дайындау және оны тексеру дегеніміз туристік кәсіпорын жұмысындағы маңызды сәттің бірі болып табылады. Өнім идеясы мен оның асиарының арасындағы айырмашылықты бөліп алудың маңызы зор. Өнім идеясы – фирманың рынокқа ұсына алатын келешек өнімі туралы жалпы ұғым.
Өнімнің мәні – идеяның пысықталған нұсқасы, онда тұтынушылар үшін маңызды түсініктер жатқызылады.
Идеяның мәнін ашуда оның туристік фирма үшін тиімділігі мен ұсынылып отырған нұсқа туалы жалпы рынок клиенттерінің пікірін білу әдістері қолданылады. Клиенттер арасында жүргізілген сауалнама нәтижесіне қарап келешек өнімнің даму перспективасы мен ықтимал сату көлемін болжап білуге болады.
Туристік өнім рыноктық төмен бағаға жоғары деңгейлі қызмет көрсетумен ғана емес, ұсыныстың дара сипаты мен аталған туристік өнімнің өзіндік, қайталанбас келбеті арқылы да бағаланады. Мәселен, Француздың «APSARA» агенттігі музыкалық, тарихи, археологиялық сынды ерекше турларды ұйымдастырумен айналысады. Оның бағдарламаларының негізгісі – мұзжарғыш кемелермен Антарктидаға және Арктикаға апару. Антарктидаға алғашқы круиз 1989 жылы ұйымдастырылды. 1996 жылы авантюристер ресейлік «Капитан Хлебников» мұзжарғышымен мұзтауларға аттанған болатын. 80-жылдардың басында Францияда жасалған кемедегі қауіпсіздік, гигиена мен жайлылық деңгейі әлемдегі ең қатал деген талаптарға сай келеді. Онда шомылатын бөлмелері бар каюталар орнатылған. Кеме бортында – сауна, жылытылатын бассейн, гимнастика залы, конференц-зал, спутниктік байланыс бар. Австрия аспаздары круиз бойына Еуропаның тамаша тағамдарын әзірледі. Үй күтушілері мен даяшылары – орыстар болса, дәрігері еуропалық немесе американдық білікті мамандардан таңдалған. Мұзжарғыш кішігірім катерлер мен екі ұшақпен жабдықталған, бұл айрықша әсер алғсы келген саяхатшыларға арналған бірегей дүниелер еді. Саяхатта бір ай бойы Антарктика жартыаралында тұру мүмкіндігі қаралған. Туристер итбалықтар мен морждардың, 100000 пингвин мекендейтін Разочарование аралының мұзтауларындағы тіршілікті тамашалайды. Сонымен қатар туристер 1700м биіктіктен түсіп тұрған орасан зор мұз таяқшаларынан тұратын Петр аралдарын, Кэмпбелл және Окленд аралдарын аралай алады. Осылайша француз агенттігі мүлдем өзгеше туристік өнім жасап шықты. Бәсекелестерінің мұны қайталануы оңайға соқпайды.
Өнімнің ең үздік деген
мәні таңдап алынғаннан кейін маркетингтік
стратегия дайындауғы кірісуге болады.
Ол жаңа өнімді рынокқа шығаруға арналған
нақты шаралар туралы түсінік
беруі тиіс. Ең алдымен маркетингтік
стратегияда мақсатты рынокты жан-жақты
талдау жасалынып, осы өнімді сатып
алғысы келетін клиенттер тобы анықталуы
тиіс. Мақсатты рынокқа қатысты сараптама
жүргізу жақын арадағы
Жаңа туристік өнімді әзірлеудің келесі сатысы – маркетингтік мүмкіндіктерді сараптау болып табылады. Оларды негізгі үш бағыт бойынша талдаған дұрыс:
Егер маркетингтік мүмкіндіктердің осы құрамдас бөліктерін талдау сәтті шықса, өнімді дайындауғы кірісе беруге болады.
Туристік өнімді әзірлеу
– жаңа ұсыныс әзірлеудегі ең жауапты
кезең. Бұл сатыда өнім өзегі барынша
бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Негізгі
мәселе – қызмет түрінің өнім мәнінде
көрсетілген сипаттамаларға сәйкес
келуіне қол жеткізу болып
табылады. Сонда ғана жаңа өнімді клиенттер
жақсы қабылдайды. Жаңа туристік өнімді
әзірлеу барысында ұсынысты дұрыс
жинақтай білу қажет. Қажеттіліктері бір-біріне
ұқсас келетін мақсатты топтар үшін
олардың барған жерде қоятын талаптарын
барынша толық қанағаттандыруға
мүмкіндік беретін туистік
Кешенді туристік ұсыныстар құрамы мынадай болуы мүмкін:
Кешенді қызмет көрсету туристердің бос уақытын тиімді пайдалануына және жоспар құруына, рыноктағы баға деңгейіне қарай бағыт алуына мүмкіндік береді. Бұл туристік өнімді пайдаланушылар санын сөзсіз арттырады.
Өнімді рыноктық жағдайында
сынақтан өткізу дегеніміз оның эксперимент
түрінде енгізілуін білдіреді. Ол жарнамалық
тегін (немесе жеңілдікпен) круиздермен
және автобус саяхатымен бірге жүргізілуі
мүмкін. Туристік өнімнің сапасын
іс жүзінде тексеріп көру, оның бағасының
қолжетімділігін тексеру
Жаңа туристік өнімді рынокқа шығару
Жаңа өнімді жасап қана қоймай, оның рынок пен әлеуетті сатып алушылар тарапынан қабылдануын қамтамасыз ету қажет. Осы жерде мынадай бір маңызды сұрақ туындайды: өнімді қашан іске қосу қажет. Егер бәсекелестердің артықшылығы көп болса өнімді рынокка шығаруға тым кеш, ал рынок әлі дамып жетілмеген болса өнімнің нақты мүмкіндіктерін анықтауғы тым ерте болмай ма? Сондықтан өнімді қолданысқа шығаруға қолайлы сәтті таңдай білетін кәсіпорындар рынокта жетекші рөл атқарады.
Жаңа туристік өнімді нарыққа шығара отырып, жарнама-насихат компаниясын дұрыс ұйымдастырып, өткізе білу қажет. Бұл жаңа өнімнің мақсатты тұтынушылар тобы назарын жаулап алуға мүмкіндік береді.
Кампания барысында клиенттің неліктен бәсекелестер қызметін емес, дәл осы өнімді таңдауы қажеттігі дәйекті түрде негізделуі тиіс. Жаңа туристік өнімді рынокқа «шығаруды» жеңілдету үшін алдымен, дара агенттерге арналған жарнамалық хабарландыруларберу тәсілі мен кәсіби баспасөзді пайдаланған дұрыс. Екіншіден жарнаманы қалың бұқараға арнау қадет, бұны жалпыға ортақ басылымдар, радио мен телеарналар арқылы жүзеге асыруға болады.кейде туризм бюролары, транспорттық компаниялар, демалыс базалары немесе отельдер бірлескен жарнама кампанияларын өткізіп отырады. Бұл кампанияларды әсіресе, демалыстың жаңа түрі немесе саяхат түрі ұсынылған кезде өткізген аса тиімді. Транспорт құралдарының қожайындары жиі-жиі түрлі жарнама каипанияларына қатысып отырады, яғни, жарнамаға өз қаржысын салады.
Көтерме агенттер үшін тұсаукесер рәсімдері өткізіледі, онда түрлі қойылымдар көрсетіледі. Оны семинар түрінде де өткізуге болады. Бұндай кездесулерге шақырылған агенттер үшін байқаулар ұйымдастырылап, жеңімпаздарға көптеген сыйлықтар беріледі. Клиенттерге жарнамалық кәдесыйлар беруге болады. Мысалы, саяхатшыларға арналған жаднама әзірлеу арқылы клиенттердің алдағы саяхатқа деген сенімін арттыруға болады. Оның үстіне бұл аса қымбатқа түспейді. Ол полиэтилен орамға салынған конверттен тұрады, конверттің ішінде клиенттің атына жазылған сақтандыру полисі, түрлі кеңестер тізімі, шақыру билеті және демалыс бағдарламасы бар. Кейде оның ішіне жол картасын неме туристік бюроның брошюрасын, ал клиент алыс жолға шығатын болса жол көрсетуші мен саяхат орны туралы кітапша салуға болады. Сонымен қатар, бұндай «туристік жаднамаларға» кеден ережелері, отель сипаттамалары, аялдамалар мен круизге алып шығатын кеме туралы ақпарат беретін парақтар, көрсетілетін қызмет пен саяхат сапасына қатысты сауалдар енгізілген қағаздар да енгізіледі. Бұл сауал қағаздарын саяхат аяқталғаннан кейін де қайтарып алуға болады. Саяхатқа шығатын мемлекеттің тілінде шығарылған ауызекі сөздік те толық жаднама рөлін атқара алады. Бұндай қосымша қызметтер агенттіктер үшін персоналдың таратуға жұмсалған уақытын есептемегенде 5 немесе 8 долларға түседі. Кей фирмалар клиентке фирманың маркасы жабыстырылған жол сөмкесін береді. Қажетті құжаттар салынатын бұндай сөмке сол агенттік үшңн үнемі жарнама жасап жүреді.
Клиенттердің назарын аудару үшін «қақпан» құруға да болады. Бұл әдіс АҚШ-та жиі қолданылады. Мысалы бұндай «қақпанға» 20-30 мин қалғанда жол белгілері салынып, туристке «Керемет Жүгері Сарайынан өтіп кетпеңіз!», «Ғаламат Жүгері Сарайына бес-ақ миль қалды!», «Келесіде солға бұрылыңыз, әйтпесе, тамаша Жүгері Сарайын көре алмай қаласыз!», «Солға бұрыл –Жүгері Сарайын көресің!» деген сынды аңдатпалар жасалады. Турист оңға бұрылудың орнына солға бұрылады. Сөйтіп ол Оңтүстік Каролина Штатының Митчелл қаласына келеді. Онда Жүгері Сарайынан басқа тартымды ештене жоқ. Сарайдың өзі күмбезі бар шаршы түрінде салынған, қабырғалары мен іші мен сыртынан түрлі-түсті жүгері собықтарынан құралған картиналармен безендірілген. Онда негізгі сыйлықтар дүкенінен басқа ештеңе жоқ. Дүкенде жергілікті сипаттағы тауарлар жиынтығы толық ұсынылған. Онда жергілікті «джекалоп» деп аталатын өнім сатылады. Киіктікіндей мүйізі бар сүп-сүйкімді қоянды сатып алмайтын турист жоқтың қасы.
Қарапайым туристік қақпан
төменгі принцип бойынша
Қорытынды
Жаңа туристік өнімді жасау барысында идея мен оны іске асыру аралығында қызмет түрлерінің болмашы бөлігі ғана коммерциялық негізден өтеді. Әзірленген өнімдердің басым бөлігі дайындаудың бастапқы сатыларынды-ақ «іске аспай» қалады. Жаңа өнімді рынокқа енгізу уақыты таяған кезде оны әзірлеу шығындары да күрт артады. Сондықтан жаңа өнімге қатысты идеяларды таңдауда қатал болу қажеті және рынокқа шығарғанмен ойдағыдай нәтиже бермейтін қызмет түрлерінің жасалуына жол бермеген дұрыс.
Осылайша, жаңа туристік өнімді
әзірлеп, рынокқа шығарған кезде
ғылыми жағынан негізделген әдіс
тәсіл мен маркетингтік зерттеулердің
дәлме-дәл мәліметтеріне
Информация о работе Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары