Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 07:52, реферат

Описание

Туризм әлемдiк экономикада басты рөлдiң бiрiн атқарады. Дүниежүзiлiк Туристiк Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша ол әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң әрбiр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары.docx

— 32.59 Кб (Скачать документ)

Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары

    Туризм  әлемдiк экономикада басты рөлдiң  бiрiн атқарады. Дүниежүзiлiк Туристiк  Ұйымның (ДТҰ) деректерi бойынша ол әлемдегi жалпы ұлттық өнiмнiң оннан бiр  бөлiгiн, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдiк өндiрiстiң  әрбiр 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етедi.

    Туризм  жалпы алғанда, мемлекеттiң экономикасына үш оң нәтиже бередi:

1. Шетел  валютасының құйылуын қамтамасыз  етедi және төлем теңгерiмi мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткiштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың  жұмыспен қамтылуын көбейтуге  көмектеседi. ДТҰ мен Дүниежүзiлiк туризм және саяхат кеңесiнiң бағалауы бойынша туризм өндiрiсiнде құрылатын әрбiр жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-тен 9-ға дейiн жұмыс орны келедi екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдiң  инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседi.

    Республикада  жүзеге асырылып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өмiрдi реформалау туризмдi және оның инфрақұрылымын толық қамти қойған жоқ. Туризмнiң  материалдық базасының нашарлығынан Қазақстан жыл сайын миллиондаған долларды жоғалтуда, бұл туристiк  салаға күрделi қаржыны, сондай-ақ отандық  және шетелдiк инвесторлар қаражатын  тартуды қажет етедi.

    Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005 жылы Қазақстан  Республикасының аумағында 515 туристік объект болды, оның ішінде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий  орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс  аймағы, 27 демалыс үйі, 24 туристік база, 35 сауықтыру лагері, 4 тау шаңғысы  базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспірімдер туризмі  орталығы, 7 сауықтыру кешені, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөніндегі мемлекеттік  кәсіпорын және басқалары (клубтар, қолөнершілер қалашықтары) - 5.

     Елде  үш, төрт және бес жұлдызды 78 қонақ  үй жұмыс істейді, қалған қонақ үйлер  басқа санаттарға жатады.

     Мамандандырылған  орналастыру орындарында: 106 санаторий, пансионат, санаторий-профилакторийде 2005 жылы емдеу-сауықтыру қызмет көрсетулерін 257,4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс  базасы мен үйінде, пансионаттарда 32686 адам демалған. Неғұрлым танымал  емдеу орындарына «Сарыағаш» (ОҚО), Арасан-Қапал (Алматы облысы), «Мойылды», «Баянауыл» (Павлодар облысы), «Жаңақорған» (Қызылорда облысы), Щучье-Бурабай  аймағы (Ақмола облысы), «Каспий» (Маңғыстау  облысы) және басқалары жатады.

     Бұл туризм саласына инвестиция тартудың оң үрдістеріне куә болады, алайда қабылданып отырған шаралар инфрақұрылымды дамытуға және туристік индустрияны  инвестициялауды ынталандыруға  анық жеткіліксіз. Талдау көрсеткеніндей, елдің инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың жалпы сомасынан  туристік ұйымдардың қызметін жүзеге асыруға 2004 жылы тек 139 млн. теңге, 2005 жылы 242 млн. теңге және 2005 жылы 48,3 млн. теңге тартылған.

     Туристік  қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына шекараның арғы жағынан  келген туристер сапары іскерлік мақсатта болатынын (іскерлік туризм) және олар сапалы әрі қызмет көрсетулердің  толық жиынтығын ұсынатын қонақ  үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсетті. Елдің іскерлік орталықтары - ірі қалалардағы халықаралық деңгейдегі қонақ үйлер желісінің одан әрі дамуы дәл осы іскерлік туризмге байланысты болады.

     Алайда, қонақ үйлерді, пансионаттарды, демалыс  үйлері мен базаларын қоса алғанда, орналастыру объектілерінің материалдық  базасы, сондай-ақ санаторийлік-курорттық  мекемелер моральдық және физикалық  тұрғыдан тозудың жоғары шегіне жетуімен сипатталады.

     Әуе көлігі саласында

     Халықаралық туризмді дамытуға ықпал етуші негізгі  факторлардың бірі жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазіргі уақытта  республикаға алыс шетелдің алты авиакомпаниясы («КLМ», «Lufthansa», «British Airlinees», «Asiana Air Arabia», «Сhiпа South Airlines», «Turkish Аirlinеs») тұрақты  ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы «Эйр Астана» Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндістан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты  рейстер жасайды.

     Қазіргі уақытта Қазақстанның халықаралық  авиатасымалдарға қол жеткізе алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент  қалаларында бар.

     Сапарлардың басым көпшілігінің әуе көлігін  пайдалану арқылы жүргізілетінін ескерсек, авиапаркті жаңарту, жолаушыларды әуе  көлігімен тасымалдау географиясын кеңейту, туристік ағынды көбейту мақсатында елеп-екшелген баға мен тариф саясатын айқындау, қызмет көрсету сапасын  арттыру қажет.

Бүгiнгi таңда Қазақстанның халықаралық  авиажелiлерінің Германияға, Үндiстанға, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне, Түркияға, Италияға, Корея Республикасына, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Таиландқа ұшуды жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар. Iшкi және халықаралық  рыноктарда жұмыс iстейтiн "Эйр Қазақстан" ұлттық тасымалдаушысы және басқа авиакомпаниялар  авиа тасымалдарын жүзеге асырады. Туристердiң  көпшiлiгi сервис және қызмет көрсету  сенiмдiлiгi жағынан отандық тасымалдаушыларға  қарағанда авиа рейстерiн жүргiзетін  шетелдiк тасымалдаушылардың қызметiн  пайдаланғанды жөн көредi, мұның  өзi отандық тасымалдаушылар жасайтын авиа рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсiз. Оның үстiне, авиабилеттер құнының  қымбаттығы Қазақстанның туристiк өнiмнiң  құнын өсiредi және тиiсiнше оның халықаралық  рыноктағы бәсекелесу қабiлетiн төмендетедi.

     Темір жол көлігі саласында

     Соңғы жылдары темір жол көлігі билет  құнының қолжетімділігіне байланысты республика халқының негізгі жол  жүру құралына айналды.

     Статистика деректері бойынша, 2007 жылы темір жол көлігін 87615 турист (10,27 процент) пайдаланған.

     Қазақстан аумағы бойынша өзімізде жасақталған 132 бағдар жолаушылар поезы жүріп өтеді. Оның ішінде қала маңындық қатынаста 69 бағдар бойынша; жергілікті қатынаста - 49, мемлекетаралық қатынаста - 11, халықаралық қатынаста - 3 поезд жүреді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағы  арқылы ТМД елдерінде жасақталған 17 жолаушылар поезы бағдары өтеді.

     Жолаушыларға  темір жол көлігінде сервистік қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар көзделген: Қазақстан Республикасы аумағында да, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында да жолаушылар поезында жолаушылар үшін ланч-бокстар құрудың технологиялық процесінің жобасы қарастырылуда, «ЖВ купе», «РИЦ купе» санатындағы вагондардың жолаушылары үшін безендіріліп, мамандандырылған ақпараттық буклет шығару бағдарламасының жобасы әзірленді.

     Сонымен қатар «Жолаушылар тасымалы»  акционерлік қоғамының поездарындағы  қызмет көрсету деңгейі халықаралық  стандартқа сәйкес келмейді. Вагон  паркінің әбден тозуы және біршама  бөлігінің ұзақ уақыт пайдаланылуы, оларды ауыстыру немесе қайта жаңғырту қажеттілігі жолаушылар тасымалының  өзін-өзі ақтамайтындығымен, оларды субсидиялаудың мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатындығымен түсіндіріледі.

Негiзгi темiр жол тасымалдаушысы "Қазақстан  темiржолы" республикалық мемлекеттiк  кәсiпорны 14 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның темiр жолдарымен транзитпен Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдiң, Тәжiкстанның және Түркiменстанның жолаушылар пайыздары өтедi.

     Автокөлік саласында

     Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары тізбесіне ірі туристік oбъектілерге апаратын және туризмді одан әрі дамытуда барынша қызығушылық тудыратын мынадай жолдар енгізілуіне байланысты соңғы жылдары туристік мақсатта автокөлік белсенді түрде пайдаланылып жүр:

     1. Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;

     2. Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;

     3. Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл;

     4. Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркіменстан  шекарасы;

     5. Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;

     6. Астана - Қостанай - Челябі - Екатеринбург.

Автомобиль  көлiгi шекаралас мемлекеттерге шоп-туризмдi ұйымдастыру және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшiн пайдаланылады. Алайда, оны дамыту, тұтасымен алғанда, жолдардың жай-күйiне және туристiк  көлiк құралдарына тиiстi техникалық қызмет көрсетiлуiне де байланысты болады. Республиканың автобус паркi қараусыз қалған, сонымен бiрге қазiргi заманғы  жайлы автобустар жоқтың қасы, бұл  туристерге қызмет көрсетудi жоғары деңгейде ұстауға мүмкiндiк бермейдi.

     Су  көлігі саласында

     Каспий  теңізіндегі Ақтау порты Қазақстанды Ресей,  Түркіменстан, Әзірбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен ішкі су жолдары бойынша қатынастар бар.

     Шығыс Қазақстандық су жолдары республикалық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  жолаушылар тасымалдауға лицензиясы бар  және туристік қызметке кіріктірілген  кемелер yшін Өскемен мен Бұқтырма шлюздері арқылы шлюздеу құнының 25 проценті мөлшерінде жеңілдетілген тариф белгіледі. Бұл ретте Өскемен және Бұқтырма шлюздері арқылы aз мөлшерлі флотты шлюздеу ұзындығы 10 м. дейінгі кемені - шлюздеу құнының - 10%-імен және 10 метрден ұзын кемені - шлюздеу құнының 20%-імен жеңілдетілген тариф бойынша белгіленген кестемен жүргізіледіЕлдің басқа да су артериялары туристік мақсатта пайдаланылмайды. Сонымен қатар жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Еуропадан келген туристердің Каспий теңізі бассейні аумағында үлкен қызығушылығы жағажай туризмінде де және круиз ұйымдастыруда да байқалды.

Келешекте экологиялық жағынан таза қоғамдық туристiк көлiктi дамытуға назар аудару қажет.

    Орналастыру құралы. Туристiк бизнестi шектеушi елеулi факторлардың бiрi туризм индустриясы материалдық базасының мүмкiндiктерiнiң төмендiгi болып табылады. Қазiргi уақытта, республиканың қонақ үйлерiнде, турбазаларында, кемпингтерiнде және басқа орналастыру объектілерiндегi сыйымдылық жүктеменiң 35%-ын құрайды. Соңғы бес жылда 605 қонақ үй жабылды. Облыс орталықтарында шетелдiк келушілерге сапасыз туристiк өнiм берудiң басты себебi тиiстi сыныптағы қонақ үйлердiң болмауы, ал қолдағы бар қонақ үй базасы 80 пайызға ескiрген, қонақ үйлердiң бiр бөлiгiнiң жай-күйі мүлде нашар және банкроттық жағдайда тұр, себебi олар 60-шы жылдары салынған.

    Талдау  көрсеткенiндей, туристiк сыныптағы қонақ үйлердiң (2-3 жұлдызды немесе шағын және орташа мейманханалар) рентабельдiлiгi неғұрлым жоғары.

Халықаралық туристiк рынок бүгiнгi күнi миллиардтаған  айналымы және қатаң бәсекелестiкте  орасан зор механизмдi бiлдiредi, сондықтан, бiрiншi кезекте мiндет Қазақстанға  ғана тән ерекшелiгi бар және сұраныс болатын туристiк өнiмдi (бұдан әрi - турөнiм) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерiнде қазақстандық турөнiмнiң жарқын болашағы бар екенi көрiнетiн болады.

    ДТҰ-ның ұсынымдарын ескере отырып жүргiзiлген талдау мен қазiргi тәжiрибенiң негiзiнде, қазақстандық турөнiмнiң екi базалық құрамдас бөлiгiн баса көрсетуге болады: Жiбек жолы бойындағы мәдени туризм (зиярат ету және дәстүрлi) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте эко оқиғалы туризм үшiн Жiбек жолы бағытымен өтетiн ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.

    Қазақстандық  туристiк өнiмнiң ерекше белгiсi оның сипатының маусымдығы болып табылады, бұл маусымнан басқа кезде нақты шаралар қабылдауды және туризмнiң баламалы түрлерiн дамытуды талап етедi.

Жоғарыда  көрсетiлген сегменттерге сәйкес инфрақұрылымның белгiлi бiр талаптары бар. Ол қарапайым, салыстырмалы түрде қымбат та, үлкен де емес (25-100 орын шегiнде) экологиялық таза жерлердегi бiр орында клиенттер 2-3 күн болуға есептелген туристiк бағыттарда орналастырылған объектiлер болуы тиiс.

    Қазақстанның  бизнес-туризм сегментiнде белгiлi бiр болашағы бар. Бұл - ең алдымен Алматы, Астана, Атырау қалалары. Геосаяси жағдай мен табиғи шикiзат-ресурстары Қазақстанға бизнес және халықаралық конвенцияларға қатысу мәселелерi бойынша келушiлер бизнес туристер санын көбейтедi деген болжам жасауға мүмкiндiк бередi. Жоғарыда көрсетiлген орталықтардың инфрақұрылымы негiзiнен халықаралық стандарттарға сай келедi. Алматы қаласы республика үшiн стратегиялық (әуе, автомобиль, темiр жол) қақпасы болып табылады және негiзгi көшi-қон осы қала арқылы өтедi. Әртүрлi жиындар өткiзуге қолайлы ғимараттарынан және қонақ үйлерiнен басқа, қалада ойын-сауық құру үшiн барлық жағдай жасалған, сонымен қатар қала маңындағы радиусы 500 км жердегi аумақта тамаша рекреациялық аймақтар орналасқан. Астана қаласы осындай стратегиялық аймақ болып келедi. Бiздiң мемлекетiмiздiң жас ел ордасы ретiнде өзiндiк келбетi мен инфрақұрылымы бар қалаға деген қызығушылықтың күннен күнге артуы қалада халықаралық және iшкi туризмдi жылдам дамытуға қызмет ететiн болады.

Информация о работе Қазақстанда туризм инфрақұрылымының даму болашағы және оны жүзеге асыру жолдары