Қазіргі қонақүй типтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 16:46, курсовая работа

Описание

Әлемдік тәжірибеде қазіргі қонақүй шаруашылығының дамуы клиенттерге (қонақүй қызметін тұтынушыларға) бағасына тәуелді болған көпвариантты қонақүй сервисін ұсынады. Жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі сервис түрлерінің қатарына жаңа көлемдегі қызмет түрлерінің пайда болғанын хабарлайды.

Содержание

І. Кіріспе


ІІ. Негізгі бөлім

1. Қонақүйді сипаттайтын белгілер

а) Номерлік фондтың көлемі

б) Орналасқан орны бойынша қонақүй түрлері

2. Орналастыру орындарының белгілері мен типтері (кесте)


ІІІ. Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

қонақүй типтері.doc

— 64.00 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім  және Ғылым министрлігі 
 
 

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан  Мемлекеттік университеті 
 

Кафедра: «Халықаралық туризм және сервис» 
 

 
 
 

Тақырыбы: Қазіргі қонақүй  типтері 
 
 
 
 
 

                                                            Орындаған: Асылбекова А.А

                                                            Тобы: СТ-07-7к2

                                                            Қабылдаған: Маханбет  Н.Р 
 
 
 
 
 
 
 

ШЫМКЕНТ 2009ж

Жоспар 

І. Кіріспе 

ІІ. Негізгі бөлім

1. Қонақүйді  сипаттайтын белгілер

    а)  Номерлік фондтың көлемі

    б)  Орналасқан орны бойынша қонақүй  түрлері

2. Орналастыру  орындарының белгілері мен типтері  (кесте) 

ІІІ. Қорытынды 

Қолданылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Әлемдік тәжірибеде қазіргі қонақүй шаруашылығының дамуы клиенттерге (қонақүй қызметін тұтынушыларға) бағасына тәуелді болған көпвариантты қонақүй сервисін ұсынады. Жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдары қазіргі сервис түрлерінің қатарына жаңа көлемдегі қызмет түрлерінің пайда болғанын хабарлайды.

     Сонымен, 100 жыл алдын орналастыру орындарының 2 түрі ғана болған, олар:

  • жоғары орындағы қоғам өкілдері үшін аса керемет қонақүйлер;
  • барлық қалғандар үшін уақытша тұрушы аулалар.

     Басқалар  үшін өзге таңдау жоқ еді олар өз уақытын жолда өткізуге мәжбүр еді. Ал, қазіргі қонақүй өнімін тұтынушы үшін орналастыру орындарының аса салтанатты қонақүйлерден бастап экономикалық класспен мотельдер мен кемпингтерге дейінгі көптеген орналастыру орындарының түрлері мен формаларын қолдана алады. Әрбір адам өзіне қолайлы вариантты, қалауы және ақшасына қарай табуы мүмкін.

     Нарықтық  қатынастарда қонақүй шаруашылығы  қарқынды дамуда, даму қарқыны шапшаң болмаса да, бизнесмендер мен қонақүй  сервисімен айналысатындар қалаулары бойынша дамуда.

     Қазіргі қонақүйлер төмендегідей ажыратылады:

  • тағайындалуы бойынша;
  • сыйымдылығы бойынша;
  • қабаттылығы;
  • конструкциялық типі бойынша;
  • жайлылық деңгейі;
  • пайдаланылатын мерзімі (жыл бойына, маусымдық);
  • орналасқан орны (қала, курорт және т.б.);
  • функционалдық белгілеуі бойынша;
  • тамақпен қамтамасыздандырылуы бойынша;
  • баға деңгейлері бойынша.

Аталған барлық факторлар қонақүй ғимаратының  архитектуралық-жоспарланған құрылымында, қонақүй жобасын жасауда есепке алынады. Қонақүйді сипаттайтын негізгі белгілері: сыйымдылығы, қабаттылығы, комфорт деңгейінің тағайындалуы. 
 
 
 
 
 
 

Қонақүйді сипаттайтын белгілер 

     Территорияда  орналасуы бойынша қонақүй төмендегідей бөлінеді:

     -қалада  орналасқан (қала орталығында, қала  шетінде);

     -ауылдық  жерде орналасқан (мысалы, биік таулы  аймақтарда ).

     Номерлік  фондтының көлемі. Қонақүй сыйымдылығы тиянақты жатын орындар санымен анықталады. Сыйымдылығы бойынша қонақүй классификациясы әлем елдерінде әртүрлі. Мысалы, Щвейцария мен Австрия елдеріндегі қонақүйлер 100 орындық ең аздеп саналады, 100-200 орын – орта деңгей, 200 орыннан көп – ірі деп есептеледі; Чехия елінде 120 орынға дейін – аз деңгей, 500 орынға дейінгі – орташа, 500 орыннан жоғары – үлкен; АҚШ-та 100 орынға дейінгі – аз, 500 орынға дейін – орташа, 500 орыннан жоғары – ірі деп есептеледі.

     Ресей елінде көлемі бойынша қонақүйдің арнайы  классификациясы жоқ, дегенменде олардың  топталуы төмендегідей: 150 орынға дейін (100 номерден көп емес) – аз сиымдылықтағы  қонақүй, 150-ден 400 орынға дейін –  орташа сыйымдылық, 400 орыннан көп  – жоғары деп саналады.

     Дүниежүзілік  қонақүйлердің номерлік фонды негізінен  аз және орта қонақүйлерден құралады.

     Соңғы уақытта туризмнің маңызды өсу  шегімен және экономикалық алғышарттармен байланысты бірнеше жаңа қонақүйлердің  сыйымдылық тенденциясының ұлғайғанын мәлімдейді.

     Үлкен сыйымдылықтағы қонақүй құрылысы бірінші  кезекте экономикалық пікірлерді қажетсінеді. Сыйымдылық көлемі ұлғайғанда көбірек қуатты және заманауи технологиялық және инженерлік жабдықтау, дұрыс шешім қабылдау керек. Сонымен, мысалыға, қонақүй жобасымен айналысатын архитекторлар бірдей комфортты қонақүйдің сыйымдылығының 3,3 есеге (132-ден 440-қа дейін) ұлғаюы, бір қонақүй орнының құрылыс шығындары шамамен 27%-ға төмендейді, ал 100-ден 400-ге номер санының ұлғаюы асхана ауданының тек қана 2 есеге ұлғаюы қажет екенін айтады, ал қосымша орындарға бар жоғы 50%-ке.  Отандық және шетелдік мамандар қонақүй эксплуатациясы мен құрылыс аудандарында қонақүй сыйымдылығының ұлғаюы басқаруда қиындықтарды туғызады деп белгілеген. Бұл түсінік негізінен 2000 орынға жуық қонақүй лерге қатысты.

     Баға  көрсеткіші бойынша, негізінен ақылы  қызметтер құрылған (номерлік фондта көрсетілетін) қонақүйлер төмендегідей жіктеледі:

     - бюджеттік (25-35 АҚШдоллары);

     - экономикалық (35-55 АҚШ доллары);

     - орта дейгейде (55-95 АҚШ доллары);

     - бірінші клссты (95-195 АҚШ доллары);

     - апарт-отель (65-125 АҚШ доллары);

     - люкс-отель (125-525 АҚШ доллары).

Қонақүйде клиенттердің болу ұзақтығына қарай  екіге бөлінеді, олар:

  • ұзақ болу үшін келген клиенттер;
  • қысқа мерзімді болу үшін.

Қонақүй қызметінің жылдық жұмыс жасау ұзақтығына қарай:

    -жыл  бойына жұмыс жасайтын;

    -маусымдық  жұмыс жасайтын (жаздық, қыстық).

Тамақпен  қамтамасыздандырылуы бойынша келесідей  бөлінеді:

  • толық пансионмен қамтамасыз ететін;
  • тек таңертеңгі аспен қамтамасыз ететін;
  • тамақпен қамтамасыз етпейтін.

     Қабаттылық. Әлемдік іс-тәжірибе көрсеткеніндей, қонақүйлер бір-екі қабаттан 40-қабатқа  дейін немесе оданда жоғары болып  құрылады. Қонақүйдің қабаттылық сұрақтары  экономикалық, нормативтік талаптарға, құрылыс материалдар конструкциясына, ғимаратты тұрғызу методына тәуелді.

     Көбірек таралған қонақүй қабаттары:

  • Ресейде – 5-6 қабаттан;
  • Чехияда – 8-14 қабаттан;
  • Венгрияда ірі емес қалашықтарда – 4-5 қабат, ал ірі аудандар мен курорттарда – 6-11 қабаттан;
  • Германияда – 8-10 қабат;
  • Англияда – 10-15 қабатты құрайды.

    Қонақүй ғимараты қабаттылығы бойынша келесі топтарға бөлінеді:

  • азқабатты (1-2 қабат);
  • орта қабатты (3-5 қабат);
  • жоғарғы қабатты (6-9 қабат);
  • көпқабатты ( 1 категория – 10-16 қабаттан; 2 категория – 17-25 қабаттан; 3 категория – 26-40 қабаттан);
  • биік ғимараттар (40- қабаттан да жоғары).

       Қонақүй ғимараттарының топтарын анықтау үшін негізгі факторлардың бірі адамдарды  өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету  шарасы болып табылады. Бұл әрекет архитектуралық-жобалау, ғимараттың конструктивті және инженерлік-технологиялық шешімі, сонымен қатар өрт жағдайында адамдар эвакуациясын анықтауда, сигнализация типтерінің санында, түтіннің таралуында, түтіннің кетуінде т.б. факторларға ықпалын тигізеді. Отандық қонақүйлерде өрт қауіпсіздігі жағдайында екі қабаттан жоғары ғимараттарда екі баспалдақтан кем болмауы тиіс.

       Жоғары  қабатты қонақүйлер 8-9 қабатты биіктікте  құрады, яғни бұл топтардың ішіндегі ең тиімдісі. Олардың құрылысы қарапайым  монтаждық құралдар көмегімен іске асады; өртті сөндіру кезінде 30-метрлік автомеханикалық саты  қолданылады.

       Көпқабатты  қонақүйлер құрылыс тәртібін сақтай отырп құрылады. Мұндай ғимараттар негізінен адамдарды өрт қауіпсіздігінен  қорғау шаралары, транспорттық сұрақтарды, инженерлік комуникация және т.б. қарастырады.

       Бұдан басқа 10 қабаттан жоғары қонақүй ғимараттарында жүкті пассажирлік лифттің болуы талап етіледі. Көпқабатты қонақүй ғимараттары қиын және қымбат құрылыс қатарына жатсада, соңғы 25 жыл ішінде қалаларда оларды тездеп салуда. Мұны құрылыс техникаларының прогрессі, жалып қала қабаттылығының өсуімен қалалық құрылыстардың дамуы, шетелдердегі жер учасьткілерінің бағасы қымбат тұратындығынан, негізінен қала орталықтарында, жарнамалық құралдардың қатары т.б. тұрғысынан түсіндіруге болады.

       Жаңа  қабатты қонақүйлердің жобасы – қиын тапсырма, өйткені әрбір нақты жағдай көптеген есептеулерді шешуді қажетсінеді. Олар: техника-экономикалық критерийлері, конструкциясы, нормативтік талаптары, қонақүй сыйымдылығ және т.б.

       Қонақүйдің  жайлылық деңгейі техникалық жабдықталуын, номерлік фондтың құрамы мен сапасын, ұсынылатын қызмет түрлерін анықтайды. Жайлылық деңгейі бойынша қонақүй классификациясы көптеген елдерде бар. Шетелдердегі бұл классификация қазіргі кезде 2 басты бағытты құрайды. Біріншісі «статикалық» деп аталып, онда номерде ванна санузелмен, нақты орналастыру мысалы, жабық бассейн, сауна т.б. яғни, нақты қонақүй сыйымдылығымен қызсет көрсететін персоналдар санымен байланысты. Бұл бағыт салыстырмалы жаңа материалдық базаны жоспарлайды. Басқа бағыт «динамикалық» факторларды сервис қызметін ұсынады. Щвейцарияда қонақүй классификациясы осы бағытқа тәуелді.

       Қазіргі үлкен сыйымдылықтағы және жоғарғы  жайлылық деңгейіндегі қонақүйлер комплекстік  қиын организм іспетті, олардың құрамына әртүрлі функционалдық орналастыру  белгілері: жасау, қызмет көрсету және қабылдау, орналастыру, қоғамдық тамақтану, мәдени-бұқаралық тағайындаулар, тұрмыстық қызмет көрсету, административті, қызмет, шаруашылық  құрамының дамуы, техникалық орналастыру және т.б. Заманауи қонақүй құрамында іскер контакттер үшін  басқа да орындар (конференц залдары,) киноканцерт залдары, кешзалы, банк бөлімі, бассейн, сауна, спортзалдар, көрме ұйымдастыру үшін орындар, сауда кәсіпорындары, гараждар және басқалардан құралады.

       Қарапайым қонақүйдің әртүрлі орындары функционалдық  белгілері бойынша тпоталады, санитарлық-гигиеналық және өртке қарысы талаптарға жауап бередеі. Қанашалықты қоанқүй жайлылығының жоғары деңгейі мен сыйымдылығының жоғарылығы, соншалықты оның құрамында әртүрлі орындардың болуы мен көьірек күрделі функционалдық құрылымға ие болады. әлемдік практикада қонақүйдің функционалдық схемасын құру мен жобалау әртүрлі, біреуі күрделі технологиялық процесстермен құрса, басқа қонақүйлерден өтетіндей етіп, қонақүй кәсіпорын жұмысына қажеттіліктерді сақтайды.

       Қонақүйдің  функционалдық ұйымында ғимараттағы есік сандары қажет. Үлкен сиымдылықтағы және комфорт деңгейі жоғары қонақүйлерде 3-4 есік тен кем болмауы тиіс:

  • басты есік, негізінен тұрақты жасайтындар мен басқа да келушілерге арналған;
  • қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы есік, қаладан келушілер басты қолданушылар;
  • қонақүй жұмысшылар үшін бір немесе бірнеше есіктер;
  • арнайы есік, қонақтардың жүктерін жеткізу үшін.

     Бұдан басқа да, қонақүйде жүк кіргізетін, жүк шығаратын шаруашылық ауласы керек, яғни қонақүйге таза төсектерді, жиһаздарды, әртүрлі инвентарьлар,  инженерлік жабдықтаулар, қоғамдық тамақтану кәсіпорыны үшін шикізат пен азық-түлік жеткізетін, сонымен қатар қонақүйден кір төсектерді, азық-түлік қалдықтарын, қоқыстарды шығаратын алаң қажет етіледі. Аз сыйымдылықтағы қонақүйлерде негізінен басты екі есік қолданылады: басты және қызметтік-тұрмыстық орындар есігі, сонымен қатар жүк тасымалдайтын, жүк шығаратын алаң.

Информация о работе Қазіргі қонақүй типтері