Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 21:21, реферат
Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді,
Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдері
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жорық
Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, ш
Жорыққа шығар алдында топ мүшелері көптеген жағдайларды білуі қажет. Осылардың ең қарапайымы: тауға шығу дегеніміз не?, жорыққа шыққанда қалай тамақтану керек?, кездейсоқ жағдайларда, алғашқы көмекті қалай көрсету керек? деген сұрақтарға жауап іздеуден басталады.
Мазмұны [жасыр] 1 Туризм техникасы 2 Туризм тактикасы 3 Белсенді туризмнің тактикалық зерттемесі 4 Пайдаланған әдебиет |
[өңдеу]Туризм техникасы
Туристер орманға кіруде
Туристер суретке түсіруде
Туризм техникасы дегеніміз – туристік маршрутта кездесетін
Әртүрлі табиғи кедергілерді өту кезіндегі туристер білу қажет:
1. Сол бара жатқан маршруттың ерекшелігін білу.
2. Кедергілерді өту кезіндегі әдістерді жатқа білу.
3. Сол маршруттағы қажет болатын жабдықтарды толықтыру.
[өңдеу]Туризм тактикасы
Арнайы маршрут бойынша жүру
Кедергілерді өту
Асуды өту
Туризм тактикасы дегеніміз – қойылған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын, уақытын, мүмкіндігінше аз мөлшерде жұмсап және қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп, шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар, тактика – маршрут жолымен өту үшін қажетті құралдармен әрекеттер жиынтығы.
Тактика 2 кезеңнен тұрады:
1-кезең. Жорық алдындағы тактикалық іс-әрекеттер:
- Маршрутты таңдау;
- Жорыққа қажетті жоспарлы кестені құру;
- Жорыққа қажетті құрал-жабдықтар мен азық-түлікпен қамтамасыз ету;
- Жорыққа бара жатқан топтың деңгейін білу.
2-кезең. Жорық барысындағы тактикалық әрекеттер:
- Жорықтың жалпы жүріп өту жоспарын, кестесін құру;
- Рельефке қатысты жүру жолдарын таңдау;
- Маршруттағы кездесетін кедергілердің техникалық жолдары.
Тактика қателерінің нәтижесінде жарақаттану, мақсатқа жетпеуі, қаржыны, адамдар күшін, құрал-жабдықтарды артық жұмсау сияқты теріс салдарлар болуы мүмкін.
Тактикалық мәселелерді шешудің, оларды қиындататын әр түрлі факторлар болады:
1) Ауа райының шұғыл өзгеруі;
2) Табиғи апаттар;
3) Жарақаттар мен сырқаттар;
4) Топтың нашар хал-күйі және т.б.
Белсенді саяхаттың классификациясы
Белсенді туризмдегі классификацияланған туристік саяхат - белгілі бір қиындық категориясына сәйкес келетін бағыт. Туристік маршрут - белгіленген қызмет көрсету бағдарламасы бар белгілі бір уақытқа арналған алдын –ала жоспарланған жылжу трассасы.
Асулардан өту ерекшеліктері
1. Жолдың қиын бөліктерінің сипаттамасы
2. Асулардан өтуге қажетті техникалық,тактикалық және демалуға қажетті орындарды айқындау.
3. Маршруттық сандық сипаттамалары. Сақтандыру нүктелерінің саны.
4. Жорыққа қажетті арнайы жабдықтары
Қиындық категорияларды анықтауда 3 классификациялық сипаттама:
1. Маршруттың техникалық қиындығы.
2. Жорықтың ұзақтылығы ( уақытпен )
3. Ара – қашықтық (км)
- 5-ші категория үшін ара- қашықтық 10-20 күн.
- 4- ші категорияға 7-8 күн беріледі.
- 3-ші категорияға 4-5 күн.
- 2-ші категорияға 2-3 күн.
- 1-ші категорияға 1 күн.
[өңдеу]Белсенді туризмнің тактикалық зерттемесі
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Маршрут жібі бойынша қозғалу
Белсенді туризмнің тактикалық зерттелуі – жорық кезіндегі мақсаттағы қолданылатын қаражат одан басқа туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар жазған құжат.
І бөлімінде Маршрутты таңдап алу себептері, маршрутқа қойылатын критериялар:
1. Қауіпсіздік;
2. Маршруттың танымдылығы;
3. Маршруттың қиындылығы;
4. Ұзақтылығы.
ІІ бөлімінде Маршруттың жібі (ниткасы) қарастырылады. Жүріс графигінің 2 түрі болады:
1. Жоспарланған жүріс графигі;
2. Түрі тындырымды жүріс графигінде маршруттың ара қашықтығы, уақыты, жолдың мінездемесі және қауіпті жерлердің сипаттамасы беріледі.
ІІІ бөлімінде Маршруттың ара қашықтығы мен уақытына толық сипаттама беріледі.
ІҮ бөлімінде Маршруттың қосымша нұсқасы. Қосымша нұсқа негізгі бөлімнен жеңіл болуы керек.
Ү бөлімінде Маршрутта бара жатқан туристердің саны.
ҮІ бөлімінде Туристерге қызмет көрсететін топтың мінездемесі. Туристік топтың санды және сапалық құрамы келесі шарттарға байланысты болады:
1. Туризмнің түрі;
2. Маршрут қиындығы;
3. Аумақтың ерекшеліктері;
4. Туристердің саны.
Туристерге қызмет көрсететін топқа кіретін адамдар: гид, инструктор, сирдар, аспазшы, медбике.
ҮІІ бөлімінде Азық-түлік.
ҮІІІ бөлімінде Топтық құрал-жабдықтың сипаттамасы[3].
[өңдеу]Пайдаланған әдебиет
1. ↑ http://traveller.com.ua
2. ↑ http://ru.wikipedia.org
3. ↑ «Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдерінің негіздері» пәні бойынша 050902 «Туризм» мамандығына арналған оқу құралы / С.Аманжолов атындағы шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Экономика және қаржы факультеті «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы – Өскемен,2007.