Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 16:18, реферат
«Методика» деген сөз грек тілінен пайда болған «метод» деген сөз – «бір нәрсеге жол» деп аударылады. Методиканың жалпы ұғымы – алдына қойған мақсатқа жетуі. Ал, «экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі.
«Методика» деген сөз грек тілінен пайда болған «метод» деген сөз – «бір нәрсеге жол» деп аударылады. Методиканың жалпы ұғымы – алдына қойған мақсатқа жетуі. Ал, «экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі. Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХғғ енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды. Экскурсиялар туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың сонымен 30-жылдардың басында өрлей бастады. 1928ж «Советский турист» АҚ құрылды, 1930 ж «Бүкілсоветтік пролетарлық туризм және экскурсия еркін қоғамы» (ОПТЭ) болып өзгертілді. Көптеген қалаларда «Норкампросаның» эксурсиялық-туристік орталықтары ашылды. 1936 ж бастап туризм және экскурсияны дамыту төрағалығын ВЦСПС және оның өкілдігіне иық артылды[1].
1. Экскурсантқа көруге, тыңдауға және сезуге көмек беру;
2. Экскурсантқа объекті көрудің, түсінудің практикалық дағдысын беру;
3. Тақырыпқа, әңгімеге, көрсетуге бүкіл экскурсия бойы тұрақты назар қамтамасыз ету.
Бұл ережелерді іске асыру үшін экскурсоводтан тек қана экскурсия мазмұнын ғана білу емес, оны өткізу және жүргізу методикасын білуін қажет етеді.
Экскурсия методика жұмысы 2 бөліктен тұрады:
1. Экскурсия дайындау методикасы;
2. Экскурсия өткізу методикасы.
Экскурсанттар объектіні тамашалауда
Экскурсия маршрутын жасағанда экскурсиялық топтың қозғалыс кезінде уақытты үнемді пайдалануды есте сақтау керек. Бірқалыпты объектілерді көрсете беруде сақ боду керек. Экскурсияның уақытын көрсетумен, әңгімелеумен және паузалармен толықтыру қажет. Көрсету мен әңгімені пайдаланудың 4 варианты бар:
1. Әңгіме мен көрсетудің бірге жүріп отыруы – экскурсанттар бейнеленіп жатқан объектіні зерттейді;
2. Тек қана әңгіме айтылады – қалаға сипаттама бергенде және тарихи оқиғалар қарастырылғанда;
3. Тек қана көрсету жүргізіледі – объектіні экскурсовод көмегімен зерттеу;
4. Көрсету де, әңгімелеу де жоқ – экскурсанттардың өзіндік жұмысы (бақылау, алған әсер мен білімді меңгеру).
Экскурсия кезінде тек қана әңгімелей берсе біраз уақыттан кейін экскурсияға деген қызығушылық төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады. Сондықтан объектілерді көрсетудің, әңгімелеудің арасында үзілістің болуы тиіс.Экскурсия жасаған кезде маршрутқа байланысты үзілістерді жоспарлайды. Қала сыртына жасалған экскурсияла үзілістер ұзақтау болады. Үзілістерді дұрыс пайдалану керек. үзіліс кезінде пікір алысуға, көргенді талқылау дұрыс емес. Өйткені, кейіннен аудиоториялық қызығушылығы төмендейді. Лекция тыңдаушыларының зерттеуі бойынша 14-ші, 25-ші, 34-ші минуттарда тыңдаушылардың назары төмендейді екен. Сондықтан экскурсиялық методика осы уақыттарда жаңа объектті енгізеді. Одан басқа назар аударарлық тәсілдерді пайдаланылады (жазылған дыбысты тыңдау, слайдтарды көрсету)[
Информация о работе Экскурсия методикасының негізгі ережелері