Экскурсияны даярлау методикасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2013 в 21:58, контрольная работа

Описание

Экскурсия (лат. excursіo – сапар) – ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық. Экскурсияның мазмұны зерттеу нысанына байланысты. Тақырыбы бойынша мәдени-тарихи, ғыл. жаратылыстану, өндірістік, өлкетану, т.б. Экскурсиялар болады. Экскурсияны оқу жүйесіне байланысты мектептерде жиі қолданылады.

Работа состоит из  1 файл

реферат.docx

— 161.04 Кб (Скачать документ)

«Экскурсия» (excursio) латын  тілінен аударғанда «серуендеу»  деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын  елдегі (жердегі) туристік ресурстарды  танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі.

Экскурсия негізінен 3 бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. Экскурсия білім алудың негізгі  формасы. Сондықтан экскурсия өткізген уақыты бойынша емес, тақырыбы бойынша  жүйеленген. Экскурсияның бірнеше түрлері  бар. Олар: тарихи, кәсіптік, табиғи, архитектуралық, әдеби және т.б. Алғашқы экскурсияға  себепші болған өткен ғасырлардың  қоғамдық өмірі. Сол кезде жиі  діни, әулие жерлерге қажылық жасаумен байланысты болды. Жалпы айтқанда, экскурсиялар мемлекеттің түрлі кезеңдерінде әр түрлі функцияларды атқарған. Ол ғасырдың қызығушылығына байланысты болған. Экскурсиятанудың пән ретінде дамуы  Совет Одағында педагогика, өлкетану, мұражайтану, туризмнің дамуымен тығыз  байланысты болды. Өткен ғасырлардың  белгілі мұғалімдері экскурсияны  оқу процесінің белсенді түрі деп  санаған. Сондықтан экскурсия алғашында  мектептерге енгізілген. Табиғатқа  шығу, айналамен тануда, экскурсияның маңызы зор. Кейіннен оқу экскурсияларымен қатар оқудан тыс экскурсиялар пайда  бола бастады. Бірақ олар алғашында  өте аз, тек қана бай адамдардың қолына жеткен. Олар сол кезде Крымға, Кавказға, шет ел курорттарына саяхат жасаған. Экскурсия кезінде білім алу мақсаты XVIIIғ алдыңғы қатардағы прогрессивті адамдар қойған. Ол үшін түрлі қоғамдық бірлестіктер құрып, қаржы мәселелерін ірі демеуші арқылы шешкен. «Экскурсия» сөзі латын тілінен пайда болған. Орыс тіліне XIXғ енгізген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық», кейіннен «серуенге шығу», «жорық» деп белгіленген.

Экскурсия кезінде тек  қана әңгімелей берсе біраз уақыттан кейін экскурсияға деген қызығушылық  төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады. Сондықтан объектілерді көрсетудің, әңгімелеудің арасында үзілістің болуы  тиіс.Экскурсия жасаған кезде  маршрутқа байланысты үзілістерді  жоспарлайды. Қала сыртына жасалған экскурсияла үзілістер ұзақтау  болады. Үзілістерді дұрыс пайдалану  керек. үзіліс кезінде пікір алысуға, көргенді талқылау дұрыс емес. Өйткені, кейіннен аудиоториялық қызығушылығы төмендейді. Лекция тыңдаушыларының  зерттеуі бойынша 14-ші, 25-ші, 34-ші минуттарда тыңдаушылардың назары төмендейді екен. Сондықтан экскурсиялық методика осы  уақыттарда жаңа объектті енгізеді. Одан басқа назар аударарлық тәсілдерді пайдаланылады (жазылған дыбысты тыңдау, слайдтарды көрсету).

Жұмыстың мақсаты: Экскурсияны  даярлау методикасының жүргізілуін  қарастыру, оны жетілдіру жолдарын қарастыру.

Жұмыстың міндеті: Экскурсияны дайындау методикасына түсінік беру, оның түрлері мен ережелерін атап көрсету, «Әдіс», «Әдістеме», «Әдіснама» түсініктерін ажырата білу.

Жұмыстың өзектілігі: «Туризм» мамандығында оқитын студенттер арасында экскурсия ұйымдастыруды қызықтыру, оның жаңа методикаларын іздестіруге итермелеу.

Қорытынды

Экскурсия (лат. excursіo – сапар) – ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар немесе жорық.

Сөз тұлғасы орыс тіліне XIX ғасырда енген. Басында бұл сөз «әскери шапшаңдық» деген мағынада қолданылып, кейін сөз мағынасы «серуенге шығу», «жорық», саяхаттау деген ұғымға ауысқан.

 Методиканың жалпы ұғымы – алдына қойған мақсатқа жетуі. Ал, «экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі.

Экскурсия методикасының  негізгі ережелері.

1. Экскурсантқа көруге, тыңдауға  және сезуге көмек беру;

2. Экскурсантқа объекті  көрудің, түсінудің практикалық  дағдысын беру;

3. Тақырыпқа, әңгімеге, көрсетуге  бүкіл экскурсия бойы тұрақты  назар қамтамасыз ету.

Экскурсия маршрутын жасағанда  экскурсиялық топтың қозғалыс кезінде  уақытты үнемді пайдалануды есте сақтау керек. Бірқалыпты объектілерді көрсете беруде сақ боду керек. Экскурсияның уақытын көрсетумен, әңгімелеумен және паузалармен толықтыру қажет.

Экскурсия кезінде тек  қана әңгімелей берсе біраз уақыттан кейін экскурсияға деген қызығушылық  төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады. Сондықтан объектілерді көрсетудің, әңгімелеудің арасында үзілістің болуы тиіс.Экскурсия жасаған кезде маршрутқа байланысты үзілістерді жоспарлайды. Қала сыртына жасалған экскурсияла үзілістер ұзақтау болады. Үзілістерді дұрыс пайдалану керек. үзіліс кезінде пікір алысуға, көргенді талқылау дұрыс емес. Өйткені, кейіннен аудиоториялық қызығушылығы төмендейді. Лекция тыңдаушыларының зерттеуі бойынша 14-ші, 25-ші, 34-ші минуттарда тыңдаушылардың назары төмендейді екен. Сондықтан экскурсиялық методика осы уақыттарда жаңа объектті енгізеді. Одан басқа назар аударарлық тәсілдерді пайдаланылады (жазылған дыбысты тыңдау, слайдтарды көрсету).

Әдістеме - педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар.

Әдістеме ғылымы тек тәрбие туралы ілім — дилактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психология, педагогика, физиология т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі  озат тәжірибелер мен мәселелерді  жедел ғылым талдаудан өткізіп  отырады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. http:// kk.wikipedia.org/

2. http://tourlib.net

3. Емельянов Б.В. Экскурсоведение. Учебное пособие. М., 2002.


Информация о работе Экскурсияны даярлау методикасы