Қонақ үй бөлмелерінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 03:33, курсовая работа

Описание

Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады.

Содержание

КІРІСПЕ

І Тарау. ҚОНАҚ ҮЙ СЕРВИСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Қонақ үй бизнесі: дамуы мен жіктелуі
1.2 Қонақ үй қызметтерінің спецификасы
1.3 Қонақ үй сервисі сапасының элементтері
ІІ Тарау. “КАРАВАН САРАЙ” ҚОНАҚ ҮЙ-МЕЙРАМХАНАЛЫҚ КЕШЕНІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚАРЕКЕТІ
2.1 “Караван Сарай” қонақ үй-мейрамханалық кешенінің ерекшеліктері мен ұйымдастыру құрылымы
2.2 Қаржылық қарекетті талдау
2.3 “Караван Сарай” қонақ үй-мейрамханалық кешенінің сервистік қызметінің қазіргі жағдайы
ІІІ тарау. ҚОНАҚ ҮЙ САПАЛЫ СЕРВИСІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ДАМЫТУ
3.1 Ішкі маркетинг саясатын енгізу және басқару
3.2 Еңбек ресурстарын тиімді басқару қонақ үй сервисінің сапасын жоғарлату құралы ретінде
3.3 Пайдалылықты өсірудің приоритетті бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа состоит из  1 файл

ursovaya.docx

— 16.50 Кб (Скачать документ)

Details

Parent Category: Қазақша рефеттар, дипломдар

Category: Туризм қазақша

МАЗМҰНЫ 
 
КІРІСПЕ 
 
І Тарау. ҚОНАҚ ҮЙ СЕРВИСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 
1.1  Қонақ үй бизнесі: дамуы мен жіктелуі 
1.2  Қонақ үй қызметтерінің спецификасы 
1.3  Қонақ үй сервисі сапасының элементтері 
ІІ Тарау. “КАРАВАН САРАЙ” ҚОНАҚ ҮЙ-МЕЙРАМХАНАЛЫҚ КЕШЕНІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚАРЕКЕТІ 
2.1 “Караван Сарай” қонақ үй-мейрамханалық кешенінің ерекшеліктері мен ұйымдастыру құрылымы 
2.2 Қаржылық қарекетті талдау 
2.3 “Караван Сарай” қонақ үй-мейрамханалық кешенінің сервистік қызметінің қазіргі жағдайы 
ІІІ тарау. ҚОНАҚ ҮЙ САПАЛЫ СЕРВИСІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫН ДАМЫТУ 
3.1 Ішкі маркетинг саясатын енгізу және басқару 
3.2 Еңбек ресурстарын тиімді басқару қонақ үй сервисінің сапасын жоғарлату  құралы ретінде 
3.3 Пайдалылықты өсірудің приоритетті бағыттары 
 
ҚОРЫТЫНДЫ 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
ҚОСЫМША 
 
 
 
КІРІСПЕ 
 
Қонақ үй және мейрамхана бизнес ортасы туризмнің жетекші факторы мен базасы болғандықтан, оны “алтын жұмыртқалы тауық” саласы деп атайды. Бірақ біздің елімізде қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнес көптеген себептерден шетелдегідей өріс алып жатқан жоқ, оның экономикалық және басқару негіздерін оқу экономикалық ғылымның жеке саласына әлі айналған жоқ, ал қонақжайлық қызмет көрсету маркетингі мен басқаруын тек кейінгі кезден ғана университеттік деңгейде оқыта бастады. Сондықтан бұл сала дамыған елдің тәжірибесін меңгерген жөн деп көреміз. Америка Құрама Штаттарында қонақ үй-мейрамханалық және туристік бизнесінде клиентке ерекше көңіл бөліп бағдарланумен ерекшеленетіндіктен, біз үлгі етіп американдық мектебін таңдадық. Бұл мектептің көрнекті өкілдері, қонақжайлық қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін қызметшілер, олар өз индустриясының басқа кәсіпорын қонағы жағдайында болғанда өздеріне қандай қызмет көрсетуді қалайтын болса, қонақтарға да сондай қызмет көрсетуі тиіс деп айтады. 
Темір жол, автокөлік пен әуе көлігінің дамуымен қоғам мобильдене берді. Бұл мобильділік, өз кезегінде, қонақ үй ісінің, тәуелсіз негізде басқарылған, негізінен жеке меншікте болған кішігірім кәсіпорын индустриясынан иелену мен басқарудың түрлі тәсілдері бар – франчайзинг, серіктік, аренда және шарт бойынша басқару – қазіргі кездегі индустрияға транформациясына көмектесті. Қонақ үйлер мен мотельдердің Американдық ассоциациасының мәліметтері бойынша, АҚШ қонақ үй индустриясы 44700 қонақ үйлер мен мотельдерден тұрады. Басқа елдерден ерекше АҚШ-та лауазымды, үкіметпен белгіленген қонақ үй классификациясы жоқ. Бірақ қонақ үйлерді тұрған орны, бағасы мен көрсетілетін қызмет түрлері бойынша жіктейді. Қонақ үйлер бөлмелерінің бағасы бойынша бюджеттік, экономдық, орташа, бірінші дәрежелі, апартаментті және көрікті болып бөлінеді. Өзінің тұрған орнына байланысты қонақ үйлер орталық, курортты, казинодағы, әуе вокзалды, автострадты болады.  
Қазіргі кезде әлемнің әр түрлі нүктелерінде қызметтер саласының феноменальді кеңеюіне айқын тенденция байқалуда. Сервистік қызмет – бұл біздің қажеттіліктерімізді қанағаттандырудағы реабилитациялы-альтруистік стилі құрылып жетілдірілетін адамзат қарым-қатынастарының саласы болып табылады. Қонақ үй сервисін дұрыс ұйымдастырып, дамыту үшін сервис мәдениетін дамыту керек. Қызмет көрсетудің жоғары мәдениеті қызметшілерге қонақтардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Қонақ үй қызметтерінің маркетингі саласында жұмыс істейтін адамдар, өз тауарының төрт спецификалық белгілерін ұмытпауы керек. Бірінші, материалды тауарларға қарағанда қызметтерді, оларды тікелей көрсету сәтіне дейін, дәмін татып, ұстап көріп, көруге және естуге болмайды. Екінші, қонақ үй индустриясында қызмет көрсету қызмет көрсететін адамды да, қызмет көрсетілетін адамды да қажет етеді, яғни қызметтер көзі мен объектісінен ажырамайды. Үшінші, қонақ үй саласының қызметтері құбылмалы, оның сапасы қызмет қандай жағдайда және кіммен көрсетіліп жатқандығына байланысты болады.  Және төртінші, қызметтер сақтауға келмейді. 
Қонақ үй қызметтерінің сапасы өндірістік фирмалардың сапасынан шұғыл ерекшелінеді. Оның ерекшелігі қонақ үй кәсіпорынның өнімі бір уақытта өндіріліп – тұтынылатынында. Зерттеушілер сапаны қонақ үміттерін қанағаттандырып, одан асу мүмкіндігі ретінде анықтайды. Сапаға ұмтылу – шексіз үрдіс, бірақ бүгінгі күн қонақ үй бизнесіндегі барлық бірлестіктер онымен айналысатын уақыт. Қызмет көрсету сапасының моделі танылған бес сатылы модель ретінде кең қолданылады. Ол қызмет көрсетудің сапасын қонақтың үміттерін қанағаттандыру көзқарасынан анықтайды. Модельді жасағандардың айтуынша “қызмет көрсетудің бір қадамы – қонақтардың үміттерін және қызмет көрсету сапасында қандай қиындықтар туу мүмкіндігін білу болып табылады. Басқаша айтқанда,  фирма өз қонағының үміттерін білу, және де сол күтулерін үлгілі сапамен іске асыру керек”. Бұл модель маркетингпен тығыз байланысты, өйткені оның негізінде тұтынушы қажеттіліктеріне бағдарлау жатыр. 
Осы жағдайлардың барлығын ескере отырып, қонақ үй кәсіпорнында сапаға жауап беретін сервисін ұйымдастыруын зерттеу – бұл жұмысымыздың мақсаты болып отыр. Зерттеудің объектісі ретінде Алматы қаласындағы “Караван Сарай” қонақ үй-мейрамханалық кешені алынуда. Және де мақсатқа жету жолында келесі міндеттерді шешу көзделіп отыр: 
- американдық мектеп тәжірибесін пайдалана отырып, сервистің қонақ үй шаруашылық қызметіндегі орнын анықтау; 
- жақсы сервис ұйымдастыруын қамтамасыз ететін қызметтің төрт спецификалық белгілерін және қызмет көрсету сапасының бес сатылы моделін қарастыру; 
- “Караван Сарай” қонақ үй-мейрамханалық кешенінің сервистік және шаруашылық қызметіне талдау жасау; 
- қонақ үй кәсіпорынның сервистік қызметін жетілдіру жолдарын ұсыну. 
Бүгінгі күні туристік нарық еңбек нарығы мен табыстар деңгейінің айнасы болып қалыптасып жатыр. Туризм сервистік қызмет арқылы қонақ үй шаруашылық жүйесін қалыптастырады. Сервис элементтері қонақ үй келушілерін бұл жерге оралуға әрдайым дайын болатын эмоционалды жағдайы жоғары клиенттерге айналуға көмектеседі. Қонақ үйдің бірегейлігі – қызметшілері өнім бөлігін құрайтынында. Сондықтан маркетинг мамандары қонақ үй қызметшілердің қонаққа сапалы қызмет көрсетуге ынтасы мен мүмкіндіктері бар екенінде сенімді болу үшін барлық жағдайлар жасауы керек. Туризм қазіргі кездегі интенсивті дамып отырған салалардың бірі және ел экономикасының жетістікті дамуында үлесі зор. Ал, қонақ үй шаруашылығы туризм дамуында маңызды орын алатындықтан, оның  қызмет етуінің тиімділігін кепілдейтін жоғары сапалы сервисті ұйымдастыру мәселесі бүгінгі күні өте актуальді деп санаймыз.


Информация о работе Қонақ үй бөлмелерінің ерекшеліктері