Қонақ үй қызыметінің арнаулы нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Марта 2012 в 15:13, реферат

Описание

Қызмет көрсету саласы халық шаруашылығының бір бөлігі болып саналады және экономикалық заңдарға бағынады. Сол қаланың немесе елді мекеннің. Қызмет көрсету сферасының экономикалық әдебиеттегі түсінігі: тұрмыстық қызмет, транспорттағы жолаушы және байланыс қызметі, тұрғылықты және коммуналды қызмет, туристік-экскурциялық қызмет, медициналық-санитарлық қызмет, т.б.

Содержание

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
а) Қонақ үйдегі қызмет көрсету
ә) Қызмет көрсетуді басқару
б) Қонақ үй қызметтерінің сапасы
в) Ситуациялық жағдай
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Маркетинг кейс.doc

— 127.50 Кб (Скачать документ)

Мұндай шешімдер мен мақсаттар кәсіпорынның көлеміне және оның құрылысы үшін мекен-жайдың таңдалуына, сәулеті мен интерьерінің таңдалуына, жиһазының, құралдарының таңдалуына, персоналдың жиналуына өте зор әсер етеді.                                                        Ірі қонақ үй кәсіпорындарының басқарушылық құрылымы бас директорге бағынатын 5-6 бөлім директорларының қызметі болуы мүмкін. Бұл тамақтандыру жүйесінің директоры, орналастыру бойынша директор, қаржылық, техникалық, коммерциялық директорлар. Олар басқарудың орта деңгейі болып табылады және жоғарыдағы жетекшілікпен жасалған кәсіпорынның жұмыс істеу саясатының жүзеге асуын қамтамасыз етеді, бұрықтардың бөлімшелерге және бөлімдерге жеткізілуін және орындалуын қадағалайды. Бөлімдердің директорларының міндеттемелері көп және шешім қабылдау еркі бар. Олар сонымен бірге қонақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сұрақтарды шешеді.Мысал ретінде, техникалық директор инженерлік-эксплуатациялық бөлімді басқарады. Түрлі кәсіпорындарда техникалық директордың қызметі әр түрлі болып аталады: бас инженер, эксплуатация бойынша директор, ғимараттың бас технигі. Оған ремонтты-эксплуатациялық қызметтің менеджері және инженерлік жүйелер және коммуникациялар қызметінің менеджері бағынады.                            Барлық басқару деңгейлерінің жетекшілері, сонымен бірге, орындаушылық функциясын да атқарады. Атқарушылық функциялардың үлес салмағы басшылық деңгейінің жоғарылауымен төмендейді. Есептеулер мынаны көрсетіп отыр: жоғарғы деңгейде олардың үлесі 10% көлемінде, ал орта деңгейде - 50% және төменгі деңгейде - 70% жуық менеджерлердің уақытын алып отыр.                                                                                                   Жалпы уақыттың мұндай үлестірілуі үш деңгейдің де менеджерлері бойынша тапсырмалар және мамандығы бойынша тапсырмалар. Бұл кез келген басқару деңгейінің жетекшісі уақыттың анықталған бір пайызын басқарушылық шешімдерді қабылдауға және анықталған бір пайызын мамандығы бойынша шешімдерді қабылдауға кетіретінін көрсетеді.                                          Басқару деңгейінің көтерілуімен мамандық бойынша тапсырмалардың үлес салмағы төмендейді, ал менеджмент бойынша өседі.                                                       

 

 

Қонақ үй қызметтерінің сапасы

 

Қонақ үй қызметтерінің сапасы өндірістік фирмалардың сапасынан шұғыл ерекшелінеді. Оның ерекшелігі қонақ үй кәсіпорынның өнімі бір уақытта өндіріліп – тұтынылатынында. Зерттеушілер сапаны қонақ үміттерін қанағаттандырып, одан асу мүмкіндігі ретінде анықтайды. Сапаға ұмтылу – шексіз үрдіс, бірақ бүгінгі күн қонақ үй бизнесіндегі барлық бірлестіктер онымен айналысатын уақыт. Қызмет көрсету сапасының моделі танылған бес сатылы модель ретінде кең қолданылады. Ол қызмет көрсетудің сапасын қонақтың үміттерін қанағаттандыру көзқарасынан анықтайды. Модельді жасағандардың айтуынша "қызмет көрсетудің бір қадамы – қонақтардың үміттерін және қызмет көрсету сапасында қандай қиындықтар туу мүмкіндігін білу болып табылады. Басқаша айтқанда, фирма өз қонағының үміттерін білу, және де сол күтулерін үлгілі сапамен іске асыру керек”. Бұл модель маркетингпен тығыз байланысты, өйткені оның негізінде тұтынушы қажеттіліктеріне бағдарлау жатыр.

Бүгінгі күні туристік нарық еңбек нарығы мен табыстар деңгейінің айнасы болып қалыптасып жатыр. Туризм сервистік қызмет арқылы қонақ үй шаруашылық жүйесін қалыптастырады. Сервис элементтері қонақ үй келушілерін бұл жерге оралуға әрдайым дайын болатын эмоционалды жағдайы жоғары клиенттерге айналуға көмектеседі. Қонақ үйдің бірегейлігі – қызметшілері өнім бөлігін құрайтынында. Сондықтан маркетинг мамандары қонақ үй қызметшілердің қонаққа сапалы қызмет көрсетуге ынтасы мен мүмкіндіктері бар екенінде сенімді болу үшін барлық жағдайлар жасауы керек. Туризм қазіргі кездегі интенсивті дамып отырған салалардың бірі және ел экономикасының жетістікті дамуында үлесі зор. Ал, қонақ үй шаруашылығы туризм дамуында маңызды орын алатындықтан, оның қызмет етуінің тиімділігін кепілдейтін жоғары сапалы сервисті ұйымдастыру мәселесі бүгінгі күні өте актуальді деп санаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қонақ үй қызметі — бұл қонақ үй персоналдары мен қонақтар арасындағы ұйымдастырылған түрде қонақтардың қалауын қанағаттандыратын қызметтер. Бұл жағдай қонақ тұрғаннан бастап қонақ үй арасында үздіксіз жүріп отырады. Барлық берілген қызмет түрлері маркетингтің спецификасын анықтайды.                                                                                                  Қонақ үй қызметтерінің ерекшеленетіні, оны оңай түрде оқып, бағалай мүмкін емес. Мұндай жағдай қонақ үйге қиындық әкеледі.                                                        Адам қызметті пайдаланғанда сауатты менеджмент персоналдардың рөлі зор. Қонақ үй қазіргі заманға сай технологиямен жабдықталуы мүмкін, жайлы жағдай болып және қазіргі талапқа сай материалдармен безендірілсе де онда бәрі-бір бір нәрсе жетіспейді, яғни ол негізгі ойлар мен сезу элементін қалыптастыратын, қызмет етуші адамдар. Қызмет көрсету кім және қашан оған жағдай туғызатынға тәуелді. әдетте жиі кездесетін, категориялары бірдей қонақ үйлердің сервистері әртүрлі: бір қонақ үйлерде номерлерді ереже бойынша қатаң түрде қадағалап, тазалап отырады, ал бір қонақ үйлер тек клиент жалоб жасағанда ғана тазалайды.                                                       

Қонақ үй қызметтерінің өзгеруі факторларға әсер етеді:

- қонақ үй кадрларының құрамымен ұйым жұмысы;

- жеке тұтынушыларға қызмет;                                                                                                 

Қызметтің өзгеруі мамандандырылған түрде өсу стандарты және қызмет көрсету стандарты деп бөлінеді.                                                                                                  Қызмет көрсету стандарты — клиенттерге жоғары сапалы түрде кепілдеме берген, клиенттерге қызмет көрсету ережесінің міндетті комплексі.              Маркетингтегі қонақ үй бизнесі маркетингтің негізгі зерттеулері период бойынша өсу және құлдырау болуы мүмкін (сезонға, апта күндеріне, каникульға және т.б.). Мұндай жағдайда қонақ үй қызметінің нарықтағы жағдайын маркетинг бойынша зерттейді.                                                                                                                Қонақ үй қызметі комплексті түрде әртүрлі қызметтерден тұрады, «клиенттің» тұтыну жағдайына қарсы, «қызмет көрсету пакетін» жасау.              Қонақүй кәсіпорнының ұйымдастыру құрылымы арнайы қонақүй белгілері мен белгіленеді. Ол: орналастыру жағдайы, қонақтардың ерекешелігі және басқада фактор мен белгіленеді.                                                        Қызметтер және қонақ үй қызметтері принципиалды түрде тауарлардан ерекшеленеді.                                                                                                                                                          Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі қонақтарға технологиялық қызмет көрсетумен анықталады. Қонақ үйдегі технологиялық процесс өзіне мыналарды кіргізеді:

- қонақтарды қона үй алдында күтіп алу;

- тіркеу, құжаттарды безендіру және қонақтарды орналастыру;

- номерде қызмет көрсету;

- тамақтануда қызмет көрсету;

- мәдени сұрақтарды, спорттық, денсаулық және фитнес қызметтерін қанағаттандыру;

- шығарып салуын безендіру, жолға шығарып салу.

 

 

 

 

 

 

Ситуациялық жағдай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.      http://visitkazakhstan.nur.kz

2.      http://www.kazakh.ru

3.      http://www.almaty-info.net

4.      http://www.kaztour-association.com сайттары.

 



Информация о работе Қонақ үй қызыметінің арнаулы нарығы