Орта ғасырдағы діни, қажылық, емдік, спорттық туризмнің дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 15:01, реферат

Описание

Орта ғасырлық мәдениеттің хронологиялық шеңберлері V ғасырдың соңы, дәлірек айтсақ, 476 жыл – Батыс Рим империясының құлаған жылы, ол ерте феодалдық мемлекеттер орнында пайда болды, XVII ғасырдың екінші жартысы – Ағылшын буржуазиялық революциясының кезеңі, бұл Европада феодализмді жойып, капиталистік қатынастарды орнатуға негіз болды. Осы кезеңнің барлық мәдени өмірі көбінесе христиандықпен анықталды, бағыт-бағдардың жаңа этикасын дайындады, дүниеге және ондағы адамның орнына жаңа көзқарасты қалыптастырды. Осы дәуір ойшылдарының әсемдік туралы ілімдері барлық көрінетін формаларды жасаушы Құдайды түсінуге бағытталған.

Работа состоит из  1 файл

срсп 4.docx

— 26.04 Кб (Скачать документ)
 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  министрлігі   

Л.Н.Гумилев  атындағы Еуразиялық Ұлттық Университеті

Экономикалық  факультеті

«Туризм»  кафедрасы 
 
 
 

СОӨЖ  №4

БАЯНДАМА 
 

ТАҚЫРЫБЫ: Орта ғасырдағы діни, қажылық, емдік, спорттық туризмнің дамуы.

                                             
 
 
 
 
 
 
 

                                             ОРЫНДАҒАН: Жақсылық Жібек, Тур-21қ.

                                                    ТЕКСЕРГЕН: Акишева Еркеш Қасымбекқызы. 
 
 
 
 
 
 
 

АСТАНА, 2011

       Орта ғасырлық  мәдениеттің хронологиялық шеңберлері V ғасырдың соңы, дәлірек айтсақ, 476 жыл – Батыс Рим империясының құлаған жылы, ол ерте феодалдық мемлекеттер орнында пайда болды, XVII ғасырдың екінші жартысы – Ағылшын буржуазиялық революциясының кезеңі, бұл Европада феодализмді жойып, капиталистік қатынастарды орнатуға негіз болды. Осы кезеңнің барлық мәдени өмірі көбінесе христиандықпен анықталды, бағыт-бағдардың жаңа этикасын дайындады, дүниеге және ондағы адамның орнына жаңа көзқарасты қалыптастырды. Осы дәуір ойшылдарының әсемдік туралы ілімдері барлық көрінетін формаларды жасаушы Құдайды түсінуге бағытталған. Тарих та құдайдың ниетін жүзеге асыру ретінде қабылданды. Философия – «дін іліміне қызмет көрсетуші», орта ғасырлық философтың көзқарасы бойынша оның мұндай функциясы оның жалғыз ақтайтын дәлелі бола алады. Дін ілімі орта ғасырлық адамның әлеуметтік практикасының «ең жоғары қорытындысы». Орта ғасырда математика, сәйкесінше математикалық символдар тілі болған. Алайда бұл математикалық символдар дін ілімінің символдары болған, өйткені математика «сакральды арифметика» түрінде болды, ол құдайшыл шындықтарды символдық түсіндіру қажеттіліктеріне қызмет етті.

      Орта ғасырларда «шіркеу – Құдай бекінісі» мағынасын білдірді. XII-XIV ғасырларда тараған готика қалалық орта ғасыр мәдениетінің дамуымен тығыз байланысты. Бұл аты шартты түрде: ол Қайта Өрлеу дәуірінде пайда болған және «готтар өнері», яғни варварлар деген мағынаны берген. Готика мәдениетінде бұл ғасырларда маңызды орын алған Құдайға деген табынушылық, сенім мазмұны өзінің көрінісін берген. Белгіленген көптеген бейнелер символикалық түрде Құдай марқабатын бейнелеген. Жебе тәрізді аркалары мен терезелері, мұнаралары, төбелері бар готикалық ғимараттар мен ордалар ортағасырлық лас көшелерден бөлініп шығуы аспанға, Құдайға ұмтылады деген сеніммен тұрғызылған. Төбелері биік готикалық құрылыста ауа кең болды. Бүкіл қабырғаны алып тұрған түсті витражды терезелерден бөлменің ішіне кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылып тұрған күн сәулесі түседі. Осының бәрі орган музыкасымен үйлесімде діндарлардың ерекше эмоционалды-шаттық күйін тудырды: барлық линиялардың аспанға ұмтылысын, тастың дематериализациясы адамға жерге қатысты басқа әлемде тұрғандай сезім тудыратындай әсер ету керек болатын. Готикалық собор христиан сенімінің сұлулық пен гүлдену үлгісі ғана емес, қаланың сәттілік символы болды. Париж Құдай Анасының соборы, Франциядағы Рейм және Шартр соборлары, Германиядағы Кельн соборы, Англияда Солсберри аббаттылығы және Вестминстер аббаттылығы готика құрылыстарының жауһары болып саналады.

     Орта ғасырлардағы әйелдер мен  еркектер қоғамы өте діни көзқараста болды, бұл дінге деген құштарлық христиан  адамдарын  қажылық мақсатта мыңдаған шақырым жерлердегі діни орындарға баруына кедергі болған жоқ:  Иисус Христостың дүниеден кеткен жері Иерусалим, шіркеу Әкесінің қаласы Рим, немесе апостол Сантъягоның бейітіне табынушылықты білдіретін  Испаниядағы Сантьяго де Компостела қаласында қажылық етті. Бұл саяхаттар өзіне діни көзқарастар мен мәнді  уағыздайтын қажылық сапарлар болып табылды. Орта ғасырлардағы бұл қажылықтар кезінде адамдар өздерін бар әсерден азаттықты сезінді: күнәлардан арылып уақытша күнделікті өмір ырғағынан бөлектенді. Сапар кезінде достары мен жақындары мазаламайтын ерікті адам болды, және де христиандық сенімнің ең басты борышы – Иисус Христостың өмірлік жолын қайталады.                                                                                                                                          Түріктердің ықпалымен Иерусалимнің құлдырай бастауы Қасиетті әулие-әнбие жеріне қажылық жасау ынтасына қиындықтар әкелді. Сондықтан XII және XIII ғасырлар бойы бүкіл христиан қауымы ежелгі Иерусалим  территориясын қалпына келтіруге құштарлық етті.   

     Осы мақсаттағы еуропалық христиандық мемлекеттердің ұйымдастырған әскери экспедициялары крест жорықтары деген атпен танымал болды. Бұл әскери кампаниялар тек діни мағынаны емес, сонымен қатар әскери, сауда не экономикалық мақсаттарды көздеген еді.

       Бұл жорықтардың көбісі христиандардың арасындағы өзара келіспеушілік әсерінен оң нәтиже бермеді. Дегенмен, экономикалық және мәдени мағына жағынан көп нәтиже әкелді, яғни, еуропалықтар мен Таяу Шығыс елдері арасында сауда, мәдени  алмасушылық болды.

      Жалпы, орта ғасырларда  діни туризмнің  ошақтары күрт  дами бастады –  көп адамдардың  ағымы христиандық  және мұсылмандық  қасиетті жерлерге  баруы ең басты діни факторды көрсетті.

      Еуропадағы бұл  кездегі үлкен  қажылық орталықтарының  бірі – Ахен  қаласы. Бұл қала  Батыстың және  франктердың императоры  болған ұлы Карлдың  империясының астанасы  болған; ал Ахендік  кафедралды соборы - IX ғасырда ұлы Карлдың  бұйрығымен соғылған  ең маңызды шіркеуі. Бұл собордың соғылған кезінен бастап Карлға Лев Ш. Папасының Иерусалим мен Константинопольдан сыйға тартқан христиандық бас ұратын бірнеше жәдігерлер сақталған: Дева Марияның киімі, сәби Христостың бүркеніші, Иисустың таңғышы, шоқындырушы Иоаннаның жамылғысы, Иисус Христостың шешесі Мария мен Иисустың белдігі, және оның крестке асқандағы арқаны әкелінді. 800-1238 жылдар аралығында бұл заттар тек король мүшелігіндегі адамдар үшін ғана табынуға рұқсат етілді, осыдан кейін бұл заттар халық назарына берілді, ал 1349 жылдан бастап IV Карл бүкіл Еуропада обаның аяқталған кезінде жетіжылдық  «Ахендік қажылық» циклін енгізді. Осыдан бастап жеті жылда бір рет Ахен соборында сақталған бүкіл қасиетті заттар әлем христиандары назарына қойылды. Осы кезден бастап бұл қажылық жаппай сипат алды.

      Қажылық процестерге көмек сипатта Еуропа елдерінде дінді уағыздаушы мектептер ашыла бастады. Құлдық қоғамның ыдырауы және құлауы оны жаңа феодалдық құрылысты өзгертуге алып келді. Ол, сөзсіз, оның алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивтік сипатта болды (себебі негізгі өндіргіш күш-шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте құлдарға қарағанда кейбір ынталылық танытты), бірақ феодалдық құрылыстың негізіне феодалдардың, діниелерінің жерге жекеменшігі жатты.

      Шығыста, Византияда христиан шіркеуі күшті империялық билікке тәуелді болды. Византия императорлары V ғасырлардан бастап шіркеу өмірінде маңызды роль атқарды; тіпті шіркеу соборларын шақыру құқығын да император шешті, ол қатысушылар құрамын анықтап, олардың қаулыларын бекітті. Батыста шіркеу мемлекетке бағынбағандығымен қатар ерекше орынға да ие болды. Рим папасы маңызды саяси фигура болды. Батыс пен Шығыс шіркеулерінің арасында қарама-қайшылықтар пайда болып, уақыт өте келе принциптік сипатқа ие болып, тереңдей берді. ІХ ғ. ортасында филиоква – католик шіркеуінің Қасиетті Рухтың Құдай-әкеден ғана емес (Шығыс шіркеудің позициясы), Құдай-ұлдан (Батыс шіркеудің позициясы) шығуы туралы дауы болды. 1054 ж. шіркеулер бір-бірінен толық тәуелсіздігін жариялаған кезде біржолата бір-бірінен қол үзді.

      Ерте ортағасырлық кезеңге ересейлердің – христиан шіркеуінің негізгі постулаттарына қайшы келетін ерекше ілімдердің пайда болуы жатады. Олардың әр түрлі идеялары болды. Олармен күрес жолының бірі инквизиция – католик шіркеуі құрған сот-полицей мекемесі болды, ол ХІІІ ғ. үнемі шіркеуі соты ретінде жұмыс жасады. Инквизицияның ресми құрылған жылы және бірінші инквизициялық процесс жылы 1229 жыл саналады.

      Кейіннен, Феодалдық құрылыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік шіркеу болды. Ол орта ғасырлық батысевропалық қоғам өмірінде ерекше рөл атқарды. Шіркеу бұқара халықты басты-жаншуды жақтап отырды.

      Католиктік діниелері ертедегі мәдениетке қарсы болды: ғылымға, өнерге, мектепке;

      Манастырлардың жанында манастырлық мектептер, шіркеулердің – приходтық мектептер ашылды. Ең алдымен ол мектептер діни адамдарды дайындады. Бұл мектептердің мұғалімдері – монахтар мен діниелері оқитын ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында тәрбиелеуді, оларды оқуға және жазуға олар үшін жат латын тілінде оқытты, құдайға құлшылық ету латын тілінде жүргізілді. Бұл мектептерде оқыту өте қиын, әрі ұзақ болды. Балаларды үлгермегені және аз-кем тәртіпті бұзғаны үшін шәкірттерді өте ауыр дене жазасын беріп отырды.

      Епископтің соборы мен кафедрасының жанынан кафедралық немесе собор мектептері жұмыс істеді. Бұл мектептерде “жеті еркін өнер” деп аталатын пәндер жүргізілді: грамматика, риторика (шешендік өнері), диалектика (діни философияның алғашқы негіздері), арифметика, геометрия, астрономия, саз өнері. Собор мектептерінде жоғары лауазымды діниелері даярланды.

    Феодалдар (рыцарлар) ерекше тәрбие мен білім алды, олар жеті “рыцарлық қасиеттерді” меңгерді: атқа міне білу, суға жүзу, найзалау, садақ ата білу, аңшылық, шахмет ойнай білу, өлең шығару және орындай білу. Оқып, жаза білу міндетті болмады.

    Феодалдардың қыздары білімді үйде және әйелдер монастырларында алды, оны оларды діни рухта тәрбиеленді, оқуға, жазуға және қолөнеріне үйретті.

      Жоғарыда атап өткенімдей, христиан дінінің пайда болуы ғылым мен өзге де білім салаларын тежей бастады. Католиктик шіркеу әкелері бұл саларға қарсы күрес жүргізіп, тежеп отырды.

      Дегенмен, сол орта  ғасырларда медицина  ғылымы дами бастады.  Ол негізінен практикалық  негізде дамыған.Банщик-цирюльниктер  дейтін адамдар  қан тоқтату, суставтарды  емдеу, ампутированиемен  айналысқан. Қоғамда  бұл адамдардың  мамандығы адам  денесімен, қанмен, өліктермен байланысты  болғандытан «таза  емес» шаруа деп  танылған. Кейіннен  медицина өте үлкен  қарқынмен дами  бастап, банщик-емдеушілір, банщик-хирургтар  пайда бола бастайды. Оларға емделу  мақсатында көпшелік  жүгіне бастайды, бірақ олардың  жұмыс істеуі үшін  ең алдымен 8жылдық  оқу практикасын  өту керек еді.

      Орта ғасырларда  ғылыми медицина  нашар дамыды. XI—XII ғасырларда адамдарды емдеу магиялық, яғни жоғарғы күштерге, символикалық заттарға сену есебінде жүргізілді. Тұмар тағу, қасиетті жерге бару, белгілі бір магиялық күші бар өлеңдерді жиі айту ауруды емдейді деп саналды. Медицина саласында Құдайға сену қатар жүрді. Темір не қола тұмарлардағы Иса сөздері, библия сөздері адамды сауықтырады деп танылды.

       Орта ғасырларда  ауруханалар шіркеу  мен монастырлар  қарамағында қызмет  атқарды. V ғасырдың өзінде монах Бенедиктің уставы бойынша ауруханалар тек емделушілерге ғана емес, сонымен қатар қажылыққа келген пилигрим, миссионер, кедей, саяхатшыларға да паналау орны болды.

     XII ғасырларда ісік, оба, туберкулез, қышыма, дененің деформациялануы, дизентирия, холера және т.б. аурулардың қаптап  кетуіне байланысты ауруханалар көптеп ашыла бастады. Және де тек ақсүйек, бай адамдарға арналған жоғары квалификациялы емханалар жұмыс істей бастады.

      Бұл ғылымның дамуы үшін қиын кездерде көптеген ғалымдар бұл салада еңбектерін жарыққа шығара бастады. Еуропада Авиценна ретінде танылған тәжік ұлтынан шыққан ұлы дәрігер Абу-Али Ибн-Сина (980-1037жж.) «Канон медицинских наук» атты өлмес еңбек жазып шағарды. Бұл ұлы еңбек араб, иран, классикалық медицина жетістіктерін біріктірген тәжірибеден өткен шығарма болды. XII ғасырдың өзінде латын тілдеріне аударылып 30шақты рет басылымнан өткізілді және де XVIII ғасырға дейін Еуропа білім бері орталықтарында сабақ программасына қосылды. Осы еңбекке сүйене отырып Еуропа елдерінде емдік туризмнің ошақтары пайда бола бастады. Себебі сабақ ретінде берілген білім тәжірибе негізінде жүргізіліп нағыз медицинаның негізі қаланды. Күн және ауа ванналары, профилактика және емдік мақсатта жүргізілетін дене жаттығулардың жүйесі, күрес, садақпен ату, атқа отыру еуропа адамдары үшін сауықтанудың бірден бір жолы болып табылды.

     Сонымен қатар,  анатомия саласында  ебектер жазып  шығарған Везалия,  Фаллопия, Евстахия және физикалық жаттығулар бағытында еңбк жазған  Рамбле, Амоса Комепский, әсіресе Иеропимо Меркуриалистың медицинаға қосқан үлесі зор. Меркуриалистың 1589жылы басылып шыққан трактаты «De arte gyiiinastiquae» («Искусство гимнастики»), орта ғасыр мен антикалық дәуірдегі бүкіл физикалық және емдік жаттығулардың кешенін біріктірді.

    Кейіннен өсімдіктер  мен шөптердің  дәрілік қасиеті  анықтала бастады,  одан әрі табиғаттың  сырларыны ашыла  бастады. Ерте  Ортағасырлық уақытта  курорттар ашыла  бастады. Олардың  әйгілісі Плом-бьер-Ле-Бен  мен Ахен болды. Одан әрі Спа және Котре минералды қайнарлары табылды, Абано Терме қайнарының емдік күші адамдарды өте жақсы сауықтырып отырды. XIV ғасырдың ортасында қазірдегі әйгілі курорт Карловы Вары болып өзгертілген Карлсбад курортының негізі қаланды. Фабиан Соммердің бұл сулар туралы еңбегінде бұл қайнардың табылуын төртінші Карл туралы мифпен байланыстырады екен. Аңыз бойынша IV Карл орманды-таулы жерге аң аулауға шығады екен. Құстардың маусымы келгенде Карл әрқашан бұл жерлерге өзінің иттерімен шығады. Күндердің күнінде Карлдың олжалы күні болады, иттердің бірі құсты іздеуге аттанып кетеді де. Бір кезде иттің қыңқылаған даусы шығады екен. Карл жетіп келгенді иттің атқылып шыққан ыстық судың қайнарына күйіп қалғанын көреді. Келесі рет Карл бұл жерге өзінің емші қызметкерлерімен келіп бұл судың дәмін көреді. Нәтижесінде емші қызметкерлер бұл судың емдік қасиетін анықтайды екен. Күндердің күнінде император Карлдың аяғына суық тиіп ауырып қалады. Бұл қайнардың жағасына барып емделіп шығады. Қайнардың осы қасиетіне тамсанған ол, өзінің қызметкерлеріне бұл аймақты адмдармен қоныстандырып, жан-жағына үйлерді салуға бұйрық береді. Бұл аңыздың шын болуы әбден ықтимал болуы кейіннен анықталды, археологтардың қазба жұмыстары кезінде бұл қайнарды қорғайтын бекіністің орны анықталды.

Информация о работе Орта ғасырдағы діни, қажылық, емдік, спорттық туризмнің дамуы