Оңтүстік Қазақстан облысының туристік рекреациялық ресурстарын бағалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:10, реферат

Описание

Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздің ең ірі және де әдемі өлкесінің бірі болып қала береді. Облыс өзінің өте бай мәдени мұрасымен, тамаша жылы ауа-райымен, көркем табиғи пейзаждарымен ерекшеленеді. Табиғи жағдайы жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы республикамыздың басқа облыстарымен салыстырғанда өзінің әр түрлілігімен ерекшеленеді және көрші Орта Азия елдерімен Ортақ табиғи ұқсастықтарға ие. Мұнда Орта Азия сияқты кең шөлді жерлер мен дымқыл таулы және тау беткейлі жерлер бар

Работа состоит из  1 файл

Оңтүстік Қазақстан облысының туристік рекреациялық ресурстарын бағалау.doc

— 91.50 Кб (Скачать документ)

Сауран қалашығының  аудан жоспары дөңгелек тәрізді, қабырғалармен дөңгеленген, сақталған  бөліктері 3 метрден 6 метрге дейін созылған. Қалашық ішіне екі жол жүргізілген. Ең басты дарбаза қабырғаның солтүсік-шығыс бөлігінде орналасқан. Кіре беріс 20 метрлік дәліз секілді болып келген.

Ордабасы - Әбілқайыр  ханды бүкіл қазақ әскерлерінің бас қолбасшысы етіп сайлау Шымкенттің батыс жағындағы Ордабасы тауында болды. Мұнда ел тағдыры шешілер қысылтаяң күндерде әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билер мен дарабоз батырлар ақыл-кеңес құрды. Қазақ жасақтары шеруінің ізін "Үлкен Орда қонған" және "Кіші Орда қонған" мекендер мен Боралдай, Қошқарата өзендерінің жоғарғы жағындағы, Әбілқайыр атындағы сай атауларынан анық аңғаруға болады.

Еліміздің бостандық  алып, туелсіз ел болған соң, Ордабасында  ұланғайыр Қазақстан Республикасының  дүниеге келу тойы өтті. Оған тегі бір  түркі мемлекеттері: Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Татарстан, Башқұрстаннан және Түрік мемлекетінен көптеген өкілдер қаысты. Ордабасының төбесінде қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін көп еңбек сіңірген Төле би, Қаздауысты Қазыбек би, Әйтеке биге мәңгілік ескерткіш орнатылды.

Ақсу-Жабағалы қорығы - Талас  Алаттауының солтүстік-батыс бөлігін  және Өгем жотасын алып жатқан, 1926 ж. құрылған Қазақстандағы тұңғыш мемлекеттік  қорық. Құрамында Қаратаудың "Қарбастау" (126 га) және "Әулие" (100 га) телімдері бар. Жер көлемі - 75,09 мың га. Қазір Ақсу-Жабағалы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүние жүзілік қорықтар тізіміне енген. Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Ақсу-Жабағалы қорығы - табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми- зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі. Ғалымдар қорықтың табиғат байлықтары жөнінде 400-ден астам еңбектер жариялады.

Сарыағаш - Шымкент 110 шақырым  қашықтықта орналасқан. Ол 1939 жылы Сарыағаш ауданында қалыптасып, қазіргі уақытта  өзінің миенралдық емдік суы бар  курорттық зонасымен шетелге танымал болып отыр.

Сарыағаш ауданында 64 терминалды су құбырлары бар. Термоминералды су қорлары ауданның экономикасына  үлкен әсер етіп, оның экономикалық өсуіне мықты базалық құрылымды  қалыптастырады.

Осы жоғарыда айтылып  кеткен туристік обькетілер Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең маңызды тарихи-мәдени ескерткіштер болып табылады. Бұл Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан тарихи ескерткіштерді дұрыс және тиімді туризм саласында пайдалану облысқа туристерді тартуға мүмкіндік береді. Себебі жоғарыда көрсетіліп кеткен мәдени-тарихи ескерткіштердің  қазақ тарихында және әлем тарихында әр қайсысының өзінің  үлкен  орны бар. Оның кейбіреулер тіпті әлемдік тарихта жоғары бағаланып, ЮНЕСКО-ның құрамына енген. Бұл дегеніміз елде, облыста ішкі және сыртқы туризмді дамытуға үлкен тірек болып отыр. Қазіргі таңда осы ескерткіштерді туризм бағытында республика және облыс бойынша көптеген тур фирмалар қолдану үстінде.

Оңтүстік Қазақстан  облысында туризмді дамыту мақсатын жүзеге асыру үшін, қажетті бірегей  туристік рекрациондық ресурстар бар. Бұл халықаралық стандартқа сай туристік қызмет өндірісі бойынша еліміздің дамыған туристік индустриясын қалыптастыруды қаматамасыз етеді.

     

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

Байпаков.К.М. Средневековые  города Казахстана на Великом Шелковом пути-Алматы: Ғылым 1998г.

Смагулов.Е, Григорьев.Ф,Итенов.А  Очерки по истории и археологии Среднего Туркестана –Алматы:Ғылым 1998г.

Ердавлетов.С.Р  Казахстан –Туристский.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Е.А.Бөкетов  атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Оңтүстік Қазақстан облысының туристік рекреациялық ресурстарын бағалау