Салт-дәстүр

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Апреля 2013 в 12:43, доклад

Описание

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату,қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады.

Работа состоит из  1 файл

Салт-дәстүр.doc

— 95.00 Кб (Скачать документ)

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату,қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.

Уақыт мектеп мұғалімдеріне  жастарды жаңа заман талаптарына  сай, әрі озық ұлттық дәстүр рухына тәрбиелеп, өмірге әзірлеу секілді  жауапты міндеттерді жүктеп отыр. Егеменді елімізге сай ұрпақ тәрбиелеп  шығудың бірден-бір жолы ол –  өсіп келе жатқан ұрпақты эстетикалық тұрғыдан шыңдау. Осыны халықтық педагогика арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік сын сапасы өскелең  мәдениетке бір күнде жеткен жоқ. Осы мол зор қазынаның түп-төркіні  сонау 6-8 ғасырдағы Орхан Енесей ежелгі түрік жазбаларынан басталады. Қазіргі Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық қазбалар біздің ертедегі ата-бабаларымыздың тек мал баққан, жерін шет жаудан қоғаған батыр жауынгер ғана емес, ақын, жыршы, шешен, сонымен қоса сәулетші, мүсінші, ұста, зергерде болған екенін дәлелдеді.  
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат міндеттерінің ең бастысы - өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Ал ұрпақты жан-жақты келбетті етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім тәрбиелік, білім танымдылық ролі орасан зор. Өзге халықтар сияқты қазақ елінің ұрпақ тәрбиесі жөнінде атам заманнан бері жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілікті, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. 
Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап оның есейіп, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынас атаулының барлығы салт-дәстүрден өзекті орын алып, адамның дүниеге көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі . 
Жер жүзінде екі мыңнан астам ұлт пен ұлыс тіршілік етеді десек, солардың әрқайсысының өзіне ғана тән әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Олар – халық мәдениетінің аса мәнді құрамдас бөлігі, одан ол халыққа жататын адамдар мәдениетінің деңгейі, рухани байлығы, басқа ұлттар мен ұлыстардан, халықтардан айырмашылығының барлық белгілері анық танылады. Сонымен қатар салт-сана, дәстүр қатып-семген, мәңгі өзгермейтін нәрселер емес. Елдің мәдениетіне, экономикасына ілесіп өркендеп отырады. 
Дәстүрсіз халық жоқ. Ол тарихи негізінде қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып жалпыға бірдей әдеп, инабат нормасы болып табылады. Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру. 
Тұрақтылық болмаса даму да болмайды. Соның нәтижесінде әрбір жаңа ұрпақ өткен ғасырлар мұрасының әсеріне ұшырап, оған бойсұнуға әзір. Белгілі француз социологі Э.Дюркгейм “Дәстүр – адамдардың қоғамнан дайын күйінде табатын, өздерінің тәртіптерін жөнге түсіріп және әрекетке келтіріп отыратын тетік. Дәстүрді бұзғаны үшін берілген жаза тайпалардың бірлігін сақтауға көмектесетін қорғаушы құрал болып табылады” – дейді.  
Бұл жерде әңгіме Бірлестіктің берік өмір сүруі үшін, оған кіретін адамдарға дәстүр талаптарын орындаудың міндеттілігі жайында болып отыр.  
Дәстүрдің тағы бір қызметі – жақындастыру. Мұның тарихтағы айқын көрінісі – рулық қауымдастықтар, олардың ауызбірлігі, тұтастықтарын сақтауға ұмтылушылық “Кімнің жерін жайласаң, соның жырын жырлайсың” деген мақал осыған байланысты айтылған.  
Дәстүр ақпараттық қызмет атқарады. Ақпарлар дәстүр арқылы екшеліп, қорытылып, қоғам жадында сақталады, соның арқасында ғасырдан ғасырға жетеді. Соған байланысты адамдардың дүниеге келген жаңа ұрпақтары өзара қарым-қатынас нормаларын қайтадан жасап қалыптастырып әуреленбейді, яғни бұрыннан қалған жол-жосынды басшылыққа алады. 
Дәстүрде жиналған ақпарлар арқылы ата-бабадан қалған материалдық және мәдениетке иеғ мұрагер болады. Мысалы халқымыздың “Ата салған жол бар, ене пішкен тон бар”, “Ата көрген – оқ жонар, ана көрген – тон пішер” деуінің мәні бұрынғыдан қалған жөн-жосық, әдеп-салттың басшылыққа алынуға міндеттілігін білдіреді.  
“Түбірлі мәселені шешерде, түп атадан келе жатқан жолды ұстар” дейтін мақалдардың бір әулеттен келесі әулетке ұмытылмай жетіп келе жатуының өзі- дәстүр. Халық осындай дәстүр жалғастығын зор мұрат санайды. “Атадан ұл туса – игі, ата жолын қуса игі” деген ұлы арман соған меңзейді. 
Сондықтан да жеткіншек ұрпақтың дәстүрге құрметпен, әрі ықтияттылықпен қарауы, яғни оны түсінуі, дәстүрді бұзып алып, адамдардың көңіліне қаяу салудан қатты сақтануы айрықша мәнді қастерлі қасиет саналады. Ондай жастар “көргенді” деп бағаланады, көптің алғысына бөленеді, дәстүрмен сыйыспайтын іс істегендер “тексіз”, “көргенсіз” деген өте жеккөрінішті атқа ие болып, қауымдастық алдында абыройдан айырылып, ауыр айыпқа бұйырылады.  
Сонымен қатар дәстүрден, ғұрып-салттан адамдар өзінің жеке басын таниды. Мұнда адамдардың айналадағы заттар – нәрселер мен табиғат құбылыстарына қатынасындағы жеке ұлттың және кәсіби өзгешеліктер көрініс табады. Мысалы, Үндістанда сиыр мен маймылды ерекше құрметтеуі, қытайлардың, жапондардың жыланның етін, италяндықтардың есектің етін аса сый тағамға санауы, қазақта қойдың басын сыйлы қонақ ретінде ер адамға, қырғызда әйелге ұсынуы тағы басқа сияқтылар сондай салт-ғұрыптар өзгешеліктеріне жатады да, соларға байланысты әдептік талаптар келіп шығады. Ел мен ел, ұлыс пен ұлыс шекаралас, аралас-құраласта өмір сүреді. Сондықтан олардың ғұрып- салт ырымдарында ұқсастық та бар. Мысалы Иранда жылдың ақырғы сәрсенбісін киелі күнге балап, ол күнгі барлық тілек қабыл болып, ойлаған ой іске асады деп ырымдайды екен. Ирандықтар бұл сәрсенбіні «қызыл сәрсенбі» деп атайды. Әсіресе ол күнді бойжеткен қыздар асыға күтеді. Олар соңғы сәрсенбіге байланысты шартты орындар, түрлі жоралғы –кәделер жақсы жасалса, тұрмысқа шығуымыздың сәті түседі деп сенеді. Біздің халқымызда бар: Сәрсенбі сәтті күні той жасапсыз, 
Тойыңыз құтты болсын, қыз атасы! – деп «Тойбастар» жырында айтысатын, сол күнгі бастаған ісі сәтті болады деп ұғынылатын «Сәрсенбінің сәттісі» ырымының да иранның «қызыл сәрсенбісімен» бір негізден шығуы да ғажап емес. Мұның бәрі әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлерінде кейде әріден жалғасатын сабақтастық та, діни наным бірлігінен бастау алған ұқсастық та, тарихи аралас құраластық. Ұзақ уақыт іргелес шекаралас өмір кешуден болған ауыс-түйістер де кездесетіні сондай-ақ өздеріне ғана тән, былайғы жұртқа өрескел, ерсі көрінетіндері де болатыны дәлел.  
Қазақ - дәстүрі бай және оны қатаң сақтайтын халық. Туған халқының мінез-құлқы, наным-сенімін жете зерделеген ғұлама Ахмет Байтұрсынов қазақтың құдайдан кейінгі қорқатыны дәстүр бұзушылық екенін айтады. Қазақ дәстүрді білмегенді, сыйламағанды надан дейді. Бұл - өте ауыр сөз, ауыр кінә, бірақ әбден орынды баға. Қазақтың туыстық, құда – жекжаттық, той-томалақ өткізу, өлім жөнелту, аруақ сыйлау, үлкенді, ата-ананы құрметтеу, қыз ұзатып, келін түсіру, жүйелі сөзге жығылу, тоқтау, обал-сауап, дастархан, шаңырақ, қонақ сыйлау т.б салт-дәстүрлерінде қаншалық адамгершілік, ізгілік, көргендік жатыр. Осындай дәстүрлерімізді ардақтап, қадір тұтуға ақыл-парасаты, мәдениеті, білім-білігі жетпеген жетесіз надан, көргенсіз болмағанда не болады? Рас, кешегі кеңес заманында халықты ұлттық жадынан, тілінен, төлтума мәдениеті мен діни нанымынан қол үздіруге бағытталған зымиян саясат жүргізілді. Соның салдарынан қазақтың бірнеше ұрпағы, осы күнгі егде, қарт кісілеріміздің көпшілігі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізден бейхабар болып қалады. Оқу-тәрбие орындары болмаса, қазіргі отбасы, ата-аналар салт-дәстүр жөнінен ұл-қыздарына толымды тәрбие беруде білімдері, тілі жағынан қиындық көруде. Қазақты қазақ етіп, ұлтымызды ұлт етіп келген және солай болып қалуға тиісті ата салт, асыл дәстүрімізді, шала, шалағай ортада кездесіп жүргендей, қолжаулық етіп, сөз алдарға ғана қолданып, құнсыздандыруға немесе өңін айналдырып, рухына жат “жаңа замандық” жамаулар жамап боямалауға, әрине болмайды. Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз ата-бабаларының жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланған, бала тәрбиесіне ерекше мән бере, үміт арта сергек қараған.  
Салт-дәстүр ұлттық тәрбие. Ұлттық тәрбиені оқыту үшін мектепте мұғалім баланың жас дара ерекшеліктеріне сай ұғымына байланысты ертегі, мақал-мәтел және алуан түрлі салт-дәстүрлерді педагогикалық тұрғыдан іріктеп алу керек. Балаға ұлттық тәрбиені дер кезінде меңгерту ұстаздың басты міндеті. Төменгі сынып оқушыларына ізеттілікті, кішіпейілділікті, қайырымдылықты үйрету тәрбиелеу. Оның бастамасы қазақ халқына тән үлкен бір ерекшелік “сәлемдесу” дәстүрі. Сондықтанда қазақ халқында “Сәлем - сөздің атасы”- деген мақал бар. Ендеше оқушының басты қарым-қатынас жасауының басты әліппесі сәлемдесуден басталады.

Адам баласының әрқайсысының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-

келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар.Ол- көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі процесс. Әр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақ жалғасы болғанынан өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді. Әлем тарихында этнопедагогикалық, ұлттық тәрбие туралы білім ғасырлардан ғасырға тамырын терең жайып келеді.

Тәуелсіз Қазақстан  жағдайында біз ұлттық тәрбие беруді қазақ этнопедагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есептейміз. Өйткені, жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс еуропалық және американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды. Қазақ этнопедагогикасындағы білім өз мәні жағынан оқушылардың ішкі дүниесін, оның рухани-адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағыттала алуы мүмкін және солай бағытталуы тиіс. Қазақ этнопедагогикасының бұл арада ерекше мүмкіндіктері бар.

Өйткені, оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі қазақ халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді. Ұлттық сана мен халықтық тәлім- тәрбиенің ілкі бастауы бесіктен қалыптасатыны белгілі. Имандылық,

инабаттылық, мейірімділік секілді халқымызға тән қасиеттердің түп төркіні мен байырғы бастауларын танып-білу жолында ерінбей-жалықпай ізденіс, зерттеулер ұйымдастыру, бұларды тәлім-тәрбие үрдісінің тұрақты жүйесіне айналдыру – барша жұрттың, әсіресе ұстаздар қауымының абыройлы міндеті.

Халқымызда  баланы жөргегінен бастап оны ер жеткенге дейін үздіксіз

тәрбиелеу жүйесі, халықтық педагогика дәстүрі болған. Ата-бабаларымыз ұлттық ізгілікті, елдің мерейін көтерген рухани мұраны көрегендікпен кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.Асыл өсиеттей аталы сөздерді білу – баршаның парызы.

...Қазақ барлық  сенім, әдетімен де, ойын-сауыгымен  де әр кезде де

жасаған адамдарының  тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар, өлең-жырлар жасауымен де, сауыққа құмарлығымен де, халықтық заңның көптеген кодекстерін сақтауымен де, соттық шешімдерімен де, полициялық шараларымен де ең ақылдылардың қатарына қосылады... Қазақтар жаратылысының өзінен-ақ қабілетті, дарынды және ғажайып сезімтал –деген екен Ш. Уәлиханов. Халқымыздың сан ғасырлық тыныс- тіршілігінің өзіндік ерекшеліктерінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары да мол. Егеменді пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары пайда болды. 
Қазақстанның егеменді ел болуымен байланысты оқу-ағарту ісінде оның басшылыққа алатын негізгі идеялық бағыты, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030 » бағдарламасында көрсетілгендей ... « Қазақстандық патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын, салт-дәстүрдің, ұлттық мәдениеттің сақталуын, Қазақстанда тіршілік етуші ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуді, олардың саяси экономикалық және мәдени байланысын жетіліп көркеюіне баса назар аудару » т.б. болмақ. Ұлттық тәрбие беруде көзделетін мақсат келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық жасау, оларға қажетті білім беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру, бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында өздерінің ата-бабаларының дәстүрін сақтай отырып еңбек етуге әзір болуын қамтамасыз ету болмақ. Келер ұрпақ бейбіт өмірде шапшаң қарқынмен дамушы, гүлденген отанының патриоты болып өсуі тиіс. Президент өзінің Қазақстан халқына арналған үндеуінде «Мемлекетке қажетті барлық басты ерекшеліктердің ішінде білімге зор мән беріледі. Себебі білім беру ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып саналады » — дейді. Ал Қазақстан үкіметі қабылдаған « Білім туралы » заңның « білім жүйесі » аталатын екінші бөлімінде « Білім беру жүйесінің басты міндеттері: Қазақстан Республикасына шын, адал патриот азамат даярлау ... олар мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін халықтар достығының негізінде. Тәрбиеленген халық, отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен құқықтарын сезінген ... Қазақстанда тіршілік етуші қазақ халқы мен басқа да халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын қадір тұтып игеруге пейілді азамат болуы керек » — делінген. Осы міндеттерді ойдағыдай орындап шыға алатын азаматтарды тәрбиелеу.

Ұлттық  ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі қолданылып келген бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ақ серек- көк серек», «Айгөлек», «Жаяу жарыс», «Соқыр теке», «Ақ боран», «Төбетей», «Бәйге», «Орамал тастау» т.б.

Мақал-мәтелдер – халықтың ауызша ақындық шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан қамтылған.

Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор.

Халқымыз ғасырлар бойы өз ұрпағын адамгершілікке, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп келді. Осы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің өзегі, алтын діңгегі халықтық педагогика болды деуге болады. Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімімен өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деген мәлім.

Сондай-ақ Қазақстан  Республикасының «Білім туралы»  заңында да «Қазақ халқының мәдениеті  мен дәстүр-салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау бірінші кезектегі міндеттердің бірі» деп атап көрсетілген. Халықтық тәрбие, ол ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге дамып келе жатқан көне тарихи жүйеге жататыны кімге болса да аян.

Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні.

Салт-дәстүр дегеніміз  – халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаналық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп, өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды.

Мәселен, қазақтың жаугершілік заманында құрдас батыр жігіттердің ұлы жорыққа аттанар алдында ақ қой сойып, қанына найзаларын малып, «өлсек бірге өлеміз, опасызды ант атсын» деп төс түйістіріп анттау немесе әке-шешенің асырап алған баласы мен туған балаларының саусақтарын ақ қойдың бауыздау қанына малғызып, «қаны бір бауырмыз» деп ант ішкізіп, құшақтастырып сүйістіру ырымдары бүгінде ұмыт болған. Ал бұрын болмаған ақ шашты қариялардың алтын-күміс неке тойларын жасау бүгінгі салт-дәстүрден тұрақты орын алды. Халық: « Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тоғызы бар», «Әдет-әдет емес, жөн әдет» деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдаланып келген.

Мысалы, қөп  жылдар бойы «діни мейрам» деген  жаңсақ көзқараспен Наурыз мейрамын еліміз мүлде атаусыз қалдырып келсе, қазіргі демократия кезінде ол қайта жаңғыртылып, жалпы халық мейрамына айналды.

Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптары мен  байланысты туады. Мысалы, бала тәрбиесімен  байланысты: шілдехана өткізу, сүйінші  сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу тойлары; үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, келін түсіру тойлары, қалын-мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде-ырымдар, өлген адамды жерлеумен байланысты: арыздасу, қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау, өлген адамның жетісін, қырқын, жылын беру т.б. ырым-жырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп атайды.

Тұрмыс –  салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.

Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар.

Мысалы:

Жеті  қазына                      Жеті ата                           Жеті жұт

Ер жігіт                              1. Бала                            1. Құрғақшылық

Сұлу әйел                         2. Әке                               2. Жұт (мал қырылу)

Ақыл, білім                     3.Ата                                3.Өрт

Жүйрік ат                       4.Арғы ата                         4. Оба (ауру)

Қыран бүркіт                 5. Баба                               5. Соғыс

Берен мылтық               6. Түп ата                           6. Топан су

Жүйрік тазы (ит)          7. Тек ата                            7. Зілзала (жер сілкіну)

Жеті  күн                                 Жеті ғалым                        Жеті әулие

Бүгін                                          1. Шығыс                           1. Меке шәріп

Ертең                                         2. Батыс                               2. Мәдина шәріп

Бірсүгіні                                    3. Оңтүстік                         3. Бұхар шәріп

Арғы күні                                4. Солтүстік                         4. Шам шәріп

Ауыр күн                                 5. Аспан (жоғары ғалым)     5. Қатым шәріп

Соңғы күн                                6. Жер орта                            6. Құддыс (Мысыр)

                                                                                                                          шәріп

Азына                                       7. Жер асты( төменгі ғалым) 7. Кәләм шәріп

                                                                                                                       (Құран)

Жеті  жоқ                                                     Жеті жетім

Жерде өлшеуіш  жоқ                                1. Тыңдамаған сөз жетім

Аспанда тіреуш жоқ                                2. Киюсіз тозған боз жетім

Таста тамыр  жоқ                                       3. Иесіз қалған жер жетім

Тасбақада талақ  жоқ                               4. Басшысы жоқ ел жетім

Аққуда сүт  жоқ                                        5. Аққу – қазсыз көл жетім

Аллада бауыр  жоқ                                  6. Жерінен айырылған ел жетім

Жылқыда өт жоқ                                      7. Замандасы болмаса – бәрінен де сол жетім

 

Бес қару            Бес өсиет                            Бес намаз

Садақ               1. Топасқа сенбе               1. Таң намазы

Мылтық          2. Жауға иілме                    2. Бесін намазы

Найза               3. Сақ жүр                            3. Екінді намаз

Қылыш           4. Аз үйге сенбе                    4. Ақшам намазы

Айбалта         5. Жарлыдан сый алма         5. Жашиық намазы

 

Бес жаратылыс            Бес қатер

Күн                                  1. От

Ай                                    2. Жау

Жұлдыз                          3. Борыш

Күндіз                           4. Ауру

Түн                                5. Сөз

 

Үш даусыз            Үш арсыз                 Үш тәтті

Мінез                      1. Ұйқы арсыз          1. Жан тәтті

Кәрілік                  2. Күлкі арсыз          2. Мал тәтті

Ажал                      3. Тамақ арсыз         3. Жар тәтті

 

Үш  ғайып         Үш қадірлі            Үш қуат

Ажал ғайып        1. Ырыс              1. Ақыл қуат

Қонақ ғайып       2. Бақ                  2. Жүрек қуат

Несібе ғайып     3. Дәулет            3. Тіл қуат

Халық педагогикасы тәрбиені еңбек пен өнерге негіздей жүгізді. Тек бертін келе ғана оқу-білім дамып, ғылым мен техника өрістей бастаған кезеңде ғылыми педагогика дүниеге келді.


Информация о работе Салт-дәстүр