Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 18:29, реферат
Сервис-бұл халыққа қызмет көрсету немесе оларға қызмет ұсыну. Сервисті жүзеге асыру қызмет көрсету сферасы арқылы оның неғұрлым дамыған компонентті-қызмет көрсету сферасы арқылы жүзеге асырылады.
Тұтынушыларға тұрмыстық қызмет көрсетудің деңгейі, экономикалық әдебиеттерде тұтынушылар қажеттілігін сапалы қанағаттандыру және оның дәрежесін сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылады.
Сервистік қызметтің дамуындағы әлеуметтік
алғы шарттың пайда болуы
Сервис-бұл халыққа қызмет көрсету немесе оларға қызмет ұсыну. Сервисті жүзеге асыру қызмет көрсету сферасы арқылы оның неғұрлым дамыған компонентті-қызмет көрсету сферасы арқылы жүзеге асырылады.
Тұтынушыларға тұрмыстық қызмет көрсетудің деңгейі, экономикалық әдебиеттерде тұтынушылар қажеттілігін сапалы қанағаттандыру және оның дәрежесін сипаттайтын ұғым ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда, тұрмыстық қызмет көрсету деңгейі және тұтынушыларға тұрмыстық қызметтер ұсынудың сапасын сәйкестендіруде қызмет көрсету деңгейі, қызметтердің құрылымы мен көлемімен анықталады және тұрғындарға осы қызметтерді ұсынудың сапасына байланысты болады.
Тұтынушыларға қызмет көрсетудің жоғары деңгейі, төмендегідей ұйымдастырушылық міндеттердің негізінде қалыптасады:
1. тұтынушыларға қызмет көрсетуде жоғары мәдениеттілікке жету;
2. тапсырыстарды орындаудың жылдамдылығы;
3. қызмет көрсету мен өндірісте прогрессивті формаларды пайдалану;
4. қызметтің кең ассортиментін ұсыну;
5. қызметті орындауда жоғары сапалықты қамтамасыз ету;
6. құрылымдылық бөлімшелерді тиімді орналастыру;
7. кәсіпорынның жұмыс режимін оңтайландыру;
Осы жағдайлар мен олардың жиынтығы сервис саласындағы кәсіпорынның тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл ұйымдастыру міндеттерінің орындалуы тұрмыстық қызметтер өндірудегі негізгі факторларды пайдаланудың оның ішінде жұмыс күшін сапалы қолданудың жағдайларымен тығыз байланысты. Ғылыми зерттеуде қызметтер, біріншіден күшпен орындалатын іс-әрекеттердің жиынтығы ретінде, екіншіден құн (өндірістегі қоғамдық қажетті еңбек шығындар) және тұтыну құны (құндылығы) бар, еңбектің өнімі ретінде анықталады. Бірінші жағдайға сәйкес қызметтің өзіндік айырмашылығына байланысты төмендегідей ерекшеліктерін бөлуге болады:
1. сезілетін және сезілмейтін белгілердің болуы және олардың жиынтығы (мысалы, сезілмейтін қызметтің түріне – аудитордың кеңесі, тренердің жұмысы жатқызылады).;
2. қызметтердің сатылып алынуы және өндірілуі уақыттарының сәйкестілігі;
3. қызмет көрсету үдерісінде, тұтынушы қызметтің өндірілуін көреді және бұл процеске әсер етуіне мүмкіндігі бар (барлық жағдайларда емес);
4. тауарға қарағанда қызметтердің біртектілігі және стандартталу деңгейінің аз болуы;
5. қызметті тұтынушылар қызметтің нәтижесінің белгісіздігінен жоғары тәуекел аймағында болады;
6. көптеген тұрмыстық қызметтерге сұраныс көбінде маусымдық сипатта болады;
7. тауар ретінде қызметті сақтауға болмайды;
8. өндірісте және тұтынуда қызмет дербестік сипатта болады;
9. қызметтердің материалсыздығы;
10. қызметердің әртүрлілігі;
11. тұтыну фазасынан кейін қызмет жойылады.
Шетелдік және отандық экономикалық әдебиеттерде, бәсекелестік жағдайда, кәсіпорының қызметін ұйымдастыруға, оның ішінде қонақ үй тұтынушыларына сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін әртүрлі ғылыми алғышарттарды ұсынады.
Әлемдік және отандық тәжірибеде жүйелілік амал, шектеулі қолданылады және жиі кешенді амалмен алмастырылады. Көп жағдайда қонақ үй кәсіпорын сервистік қызметін ұйымдастыруда, кешенді амал қолданылады, өйткені нақты мәселені білуге және әсер етуші факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Бұл біздің жағдайымызда, сервис сферасында жұмыс істейтін кәсіпорынның пайдасы және бәсекеге қабілеттілік жағдайларын немесе тұтынушыларға жоғары сапалы қызмет көрсету мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Нарықтық экономика жағдайында, кешенді амал, бәсекені күрделі әлеуметтік-эконономикалық фактор ретінде қарастырады. Бірақ-та, бәсекелестік стратегия, қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жоғары деңгейі мен пайдалылық мәселесін шешуде әртүрлі.
Орындаушы- тұтынушыларға қызмет көрсететін кәсіпорын, мекеме немесе кәсіпкер. Қызмет көрсетулер сипатына ұжымдар, кәсіпорынның нақты бір қызметкері, сервистегі жаңа идея мен технологиядағы генераторлар, менеджерлер мен кәсіпкерлер шығады.
Тұтынушы- өзіндік қажеті үшін қызметке тапсырыс беретін немесе тапсырыс беруге ниеті бар азамат. тұтынушылардың қатарына: сатушылыр, клиенттер, тапсырыс берушілер, пайдаланушылар жатады.
Функциялық белгілеріне қарап қызмет 2 түрге бөлінеді: материялдық және материялдық емес. Қызмет көрсетудің бірінші тобы материялдың өндіріс саласына, ал екіншісі материалдық емес салаға жатады. Өндірісте емес саланың қызмет көрсетуін қосымша анықтайды.
Халыққа қызмет көрсету сферасы-халыққа қызмет көрсететін мекемелердің, өнеркәсіптің, жекелеген азаматтардың жиынтығы.
Қосымша қызмет - қызмет көрсетуді тұтынушы мен тікелей байланыстағы орындаушының қызметі.
Қызмет түлерін мынадай талаптарға бөлуге болады: керекті ресурстармен қамтамасыз ету, орындаудың техникалық процесі, бақылау, сынау, қызмет көрсету процесі, қабылдау.
Қызмет көрсету саласы халық шаруашылығының бір бөлігі болып саналады және экономикалық заңдарға бағынады. Сол қаланың немесе елді мекеннің.
Қызмет көрсету сферасының экономикалық әдебиеттегі түсінігі: тұрмыстық қызмет, транспорттағы жолаушы және байланыс қызметі, тұрғылықты және коммуналды қызмет, туристік-экскурциялық қызмет, медициналық-санитарлық қызмет, т.б.
Қызмет көрсету сферасы басқа экономикалық салалардан ерекшеленеді: материалды шығындар мен амартизацияны қосқанда театрда-13,3%, циркте-17%, концерттік ұйымдарда-3,5%, саябақтарда-2,03%, өнеркәсіпте-82,8%, құрылыста-64,8%. Қызмет көрсетудің тауары-қызмет болып табылады және өзіне лайықты бағасы да болады. Бірақ мәдени қызмет көрсетулерде үнемі төлем ақы төлене бермейді: Сол үшінде қызмет түрін 2-ге бөледі.
а) ақылы б) ақысыз
Өндіріс немесе қызмет көрсету ежелден бері халық шаруашылығының бір бөлігі болып келеді. Халыққа қызмет көрсетуді бұл қоғамның рухани-мәдени өсуіне үлкен әсерін тигізді.
Қызмет көрсетудің ерекшеліктері мыналар:
1) Сезбеушілік, яғни олардың материялдық емес сипаты, басқа сөзбен айқанда қызмет көрсету клиентке, оған қызмет көрсету процесі аяқталғанға дейін айтарлықтай түрде ұсынылмайды.
2) Қызмет көрсетуді сақтауға болмайды, яғни қызмет көрсетуді ұсыну және тұтыну процесі бір мезгілде өтеді және тұтынушылар бұл процеке тікелей қатысушылар болып табылады.
3) Қызмет көрсету-бұл қызмет көрсетілместен бұрын оның сапалы және сапасыз екендігін білу мүмкін емес.
4) Өз сапасы бойынша өзгергіштік, олар қаншалықты көбінесе қызметкердің маман дәрежесіне оның жеке ерекшеліктері мен көңіл-күйіне тәуелді[3].
Қызмет көрсетудің тауардан негізгі және принципті айырмашылығы мынада тауар материалданған және өндірушіден шеттетілген еңбек нәтижесі тауарды тұтынушыға дейін жеткізу процесі процедураның стандартта жиынтығы арқылы жүзеге асырылады ( өнімді көтерме және жеке саудаға, беру және оны әрі қарай жатқызу, қызмет көрсетуді жасау кезінде «сақтау» және «сату» кездері болмайды).
Қоғамдық күшпен өндірістің дамуы шаруашылық қызметке сұранысты өсірді. Қызмет экономикада басты роль ойнап, қызмет сферасы және қызмет рыногы пайда болды. Қазіргі заманғы экономикадағы өзекті тенденцияның бірі ұсынылған қызмет көрсетудің феноменді өсуі болып табылады. Мемлекеттік статистикалық органдардың мәліметі бойынша, дамыған индустриальды мемлекеттердің ұлттық өнімдегі қызмет көрсету үлесі 2/3 тен 3/4 –ке дейін құрайды. АҚШ-та жұмыс істейтіндердің саны 17%-ға жетті және бұл сала, болжамға сай, жақын арадағы 10 жылға барлық жаңа жұмыс орындарының 90%-ға беруі тиіс.
Ресейдің мемелекеттік статистикалық мәлімет бойынша, 2002 жылы Ресей халқы 1,1 тиын мен сомға жуық ақылы қызмет көрсетуді қажет етті, оның ішінде қонақ үйде қызмет көрсету және таратудың ұқсас құралдары 32,1 млрд рубльді қажет етті, демалыс-сауықтыру мекемесі 22,9 млрд сомға, туристік мекеме 15,2млрд сомға жетті мұнымен, мысалы, транспортпен, қызмет көрсету 263,9 млрд сомға немесе 24,2%-ды құрайды[4].
Көптеген корпорациялар мемлекеттік статистикалық өнім өндірістік жерде көрінбейтін қызмет көрсетумен айналысады.
Рыноктың экономикада қызмет көрсету саласы- сату және сатып алу орталығы. Басты экономикалық дамудың мемлекеттік қызмет көрсету салалары:
- Ұттық кірістің барлығы (ҰКБ) – тауар қызмет бағасы рыноктық бағадағы халықтың қолданылуы және мемлекеттік сатып алу, капитал салу, сальдолық төлем ақылық баланс.
- Ұттық кіріс-бұл ұлттық кірістің барлығынан амортизациялық құнды алып тастауы.
- Барлық қоғамдық өнім (БҚӨ) немесе өзін ақтаушы қоғамдық өнім-ұлттық табыс, сонымен қатар қызмет көрсету үшін материалды шығындар.
Мемлекеттің экономиканың дамудың ең басты көрсеткіші барлық ішкі өнім жоғарыда айтылғандай экономикада қызмет көрсетудің ерекше маңызы туралы қорытынды жасауға болады. ол мынадай факторларға байланысты:
а) қызмет көрсетудің жоғары табыстылығымен, ереже бойынша, оларды өндіру сәтінде тұтынылатын;
б) салыстырмалы түрде жоғары емес материялының көмегімен яғни қосылған бағаның көлемін өсіреді, демек ұлттық кіріс;
в) орындалған қызмет көрсету үшін жедел мерзімде төлемақы төлеу.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ҚР-да сервисті дамытудың әлеуметтік-мәдени мәселелері. Алматы. 2000. Жолдасбеков Ә.Ә.
2. Сервисная деятельность/ С.Н. Коробкова, В.И. Кравченко, С.В. Орлов, И.П. Павлова / Под ред. В.К. Романович. – СПб.: Питер, 2005. 156 с.
3. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көлік стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 13, 121-құжат).
4. «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы № 231 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 47, 499-құжат).
5. Экономика предприятия. Учебник для вузов. Под ред. Горфинкеля, проф. В.А. Швандара.-3е изд. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001.-718с.
6. Аванесова, Г.А. Сервисная деятельность: Историческая и современная практика, предпринимательство, менеджмент. – М.: Аспект Пресс, 2004
Информация о работе Сервистік қызметтің дамуындағы әлеуметтік алғы шарттың пайда болуы