Су туризмі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:05, доклад

Описание

Су туризмі –белгілі бір су объектілері (өзендер,көл жағалары) бойынша ұйымдастырылып өткізілетін,арнайы (қайықтар,салдар т.б.) жүзу құралдары бар жорықтарды ұйымдастыруға байланысты іс-әрекеттер.Су туризмінде қолданатын жүзу құралдары әр түрлі (байдаркалар,балон қайықтар,кильді қайықтар,катамарандар,тегіс табанды қайықтар т.б.) су жорықтары бойынша кездесетін кедергілер де ерекше ( желдер,толқындар, сарқырамалар т.б.).

Работа состоит из  1 файл

Су туризмі.docx

— 18.38 Кб (Скачать документ)

Су туризмі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

 Мында өту: шарлау, іздеу

 

Су туризмі –белгілі бір су объектілері (өзендер,көл жағалары) бойынша ұйымдастырылып өткізілетін,арнайы (қайықтар,салдар т.б.) жүзу құралдары бар жорықтарды ұйымдастыруға байланысты іс-әрекеттер.Су туризмінде қолданатын жүзу құралдары әр түрлі (байдаркалар,балон қайықтар,кильді қайықтар,катамарандар,тегіс табанды қайықтар т.б.) су жорықтары бойынша кездесетін кедергілер де ерекше ( желдер,толқындар, сарқырамалар т.б.).Су саяхаттарының туризмнің басқа түрлері алдында артылықшылықтары бар.Су туризмі палатканың салмағымен де,көлемімен де қысылмайды,ол өзімен бірге киім,балықтар аулау құралдарын,итін,көбірек азық-түлік алады[1]. Су туризмі спорттық туризмінің бір түрі болып табылады, ол су бетінде болатын арнайы маршруттық кедергілерді өтуді қамтиды. Ол да белгілі бір кедергілерден өтуді қарастырады. Су туризмі өзге де спорттық туризм түрлері сияқты дәрежелерді қамтиды. Ол дәрежесі бар және дәрежесіз деген екі топқа ажыратылады. Мысалыға, 1-ден 6-ға жейінгі дәреже түрі болса, 6-сы ең қиыны болып табылады. Су туризмі белгілі бір түрлерге бөлінеді: каякинг, рафтинг, желкенді қайық көмегімен және өзендерге сплав жасау. Аса қиын емес су жорықтары қарапайым үрлегіш қайық арқылы жүзеге асырылады. Су туризмімен айналысу үшін үрленгіш, ағаш дуалынан жасалған қайықтар қолданылады. Сонымен қатар, коммерциялық түрде сплав жасау үшін рафт жиі пайдаланады.

 

 Хиллегом маңындағы канал

 

 Су туристері

 

Су туризмі жорыққа шыққан адамнан көп төзімділікті қажет етпейді, бірақ саяхатшылардың жүзе білетін қайықты дұрыс бағыттап, ескек есе алатын болуы міндетті. Қайықты бастапқы орнына апарып қою немесе ағаштарды байланыстырып, жүзуге дайындау тәрізді жұмыстар су саяхатының дамуын біршама шектейтіндей. Сумен саяхат өзіңмен бірге көп жүк алуға мүмкіндік береді, дене жүгін азайтады, саяхатшы дүниетанымын тарылтып, өзен жағалауларымен тұйықтайды.Сумен күндіз саяхат жасағанда ең бастысы ағыс жылдамдығына өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырымен өзен қайранының терең, таяздығына байланысты 0 шақырымнан 80 шақырымға дейінгі қашықтыққа бара аласыз. Біздің елімізде кездесетін көптеген өзен бойындағы қатты жыныстар шоғырының күрделі де қауіпті болатыны мәлім, олар жағаларды жиі жағалап жүруге, қайықтарды сүйреп, жүктерді тасымалдауға мәжбүр етеді.

[өңдеу]

Су саяхаттарының маршруттары

 

 

Су саяхаттарының маршруттары жолың күрделілігіне,ондағы бөгет-кедергілердің сипатына және ондағы қиыншылықты жеңіп өтуіне байланысты бес дәрежеге бөлінеді. 1-ші дәрежеліге туристердің жеңіл өтуіне болатын кедергілері ғана бар ақырын ағыстағы жазықты өзендер жатады. 2-ші дәрежелі күрделілікке ағысы тез ағатын таулы,орманды өзендер тән. 3-ші дәрежелі саяхаттарға күрделірек бөгеттері бар өзендер мен көлдер бойынша маршруттар енгізіледі. 4-ші және 5-ші дәрежелі маршруттағы саяхаттар анық көрінетін спорттық сипатта келеді,бұндай саяхат әдістемесі арнайы жетекшілікпен болады.

 

Құрылуы бойынша су саяхаттарының маршруттары мынадай болады:

 

1) бір немесе бірнеше өзендер ағысы бойынша төмен қарай жүзу;

 

2) көл немесе су қоймаларын басып өтетін өзендердің ағысы бойынша төмен қарай жүзу;

 

3) жарты дөңгелекті маршрут – бұнда маршруттың бастапқы немесе дөңгелекті келетін бөлігін ағысқа қарсы жеңіп өтеді. Егер жарты дөңгелектің басы және соңы құрғақ жолмен біріксе,бұндай маршрут айналмалы (кругосветка) деп аталады;

 

4) топтың бір өзеннен басқаға қайықтары мен жүктерімен ауысып жүруі;

 

5) аралас типті маршрут. Маршрутты бастайтын немесе аяқтайтын су плоттарымен бірге болатын жаяу-су саяхаттары ең әйгілі;

 

6) цептік маршрут – бірнеше кезеңге бөлінген қандай да бір су жолы бойынша өтеді.Маршруттарын аяқтай отырып, топ қайықтарын сақтауға қалдырады,өздерінің саяхаттарын келесі каникулдық мерзімде жалғастырады;

 

7) цептік маршрутта бірнеше топтың арасында қайықтарды қолдануды бөле және кезеңдерді өту кезектілігін бекіте отырып,оны эстафеттіге айналдыруға болады[2].

[өңдеу]

Су туризміндегі жеке жабдықтар

 

Су туризмінде жеке жабдықтарға рюкзак, гидроқап, спальник, төсеніш, гигиеналық жабдықтар, жеке тасу заттары, құтқару күртешелері, каска т.б. жатады.Егер туристік немесе спорттық жорықтар каякта өтетін болса, каяк жеке жабдық болып табылады. Өз кезегінде мынадай қайықтар, рафттар, катамарандар, плоттар немесе бубельдер қоғамдық жабдықтарға жатады[3].

[өңдеу]

Пайдаланған әдебиет

↑ «Туризм және өлкетану негіздері» : Оқу құралы/ О.Б.Мазбаев,Б.Н.Атейбеков,Б.К.Асубаев.-Алматы:КазҰПУ,2006.

↑ Саяхат жорықтарын ұйымдастыру мен өткізудің жалпы негіздері»/Оқу құралы/- Алматы,1996 7б.

↑ «Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс-тәсілдерінің негіздері» пәні бойынша 050902 «Туризм» мамандығына арналған оқу құралы/ С.Аманжолов атындағы шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Экономика және қаржы факультеті «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы – Өскемен,2007.


Информация о работе Су туризмі