Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Марта 2012 в 11:21, реферат
туристік ұйымдар, мекемелер
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт
Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті
Спорт және дене тәрбиесінің ғылыми негіздері кафедрасы
Орындаған: туризм мамандығының І курс,
11топ студенті Нуржанова Г.
Тексерген: аға оқытушы Жумекенова Д.Е.
Қостанай
2008
Туристік ұйымдар
Туристік ұйым сияқты құрылымды қарастыра отырып, мынадай сұрақтарға жауап беруге болады: туристік ұйым дегеніміз не және оның туризм жүйесінде алатын орны? ол қандай мәселелерді шешеді? туристік ұйымдардың қандай типтері бар?
Туристік ұйымдар туристік саясатты қалыптастырады, яғни туризм шарттарын тиімді жағынан құру және оның дамуын ынталандыру шарт. Бұндай ұйымдық құрылым ретінде туристік ұйымдардың жеке шаруашылық немесе мемлекеттік құрылым негізінде құрылады. Олар өзінің әрекетін үш деңгейде орындайды: ұлттық(федералды), облыстық және қалалық (коммуналды).
Туристтік ұйымдар мемлекеттік және жеке құрылымдарды аймақта, ұлттық және халықаралық, сонымен бірге тұрғылықты деңгейді қамтиды. Бұндай ұйымдар мемлекеттік және елдерде туризм дамуын жоспарлау үшін, туристік өнімнің өтімділігін координациялау үшін қажет.
Федералды деңгейде туристік ұйымдардың федералды және үкімет рангісі болады. Олар туризмге тура немесе жанама түрде әсер етеді.
Аймақтық туристік ұйымдарды басқарудың әртүрлі деңгейінің иерархиялық құрылымы.
Ұлттық (федеральды)
деңгей
бірлестіктер
Аймақтық
(регионалды) деңгей туристік бірлестіктер
Тұрғылықты деңгей
Коммуналды деңгейдегі туристік ұйымдардың ерекшелігі олардың әрекетінің мемлекеттік және жекелік жақтарын ажыратып көрсетудегі қиындық. Бұрын инфрақұрылымның қалыптасуымен, жарнамалық және қонақтарды күтумен туризм басқармасы айналысқан. Ал соңғы жылдары осы тапсырмалардың орындау міндетін - туристік басқарма, ұйымдар, ақпараттық орталықтар, ААҚ және т.б. тексереді. Коммуналды деңгейдегі туристік ұйымдардың мүшесі ретінде негізінен қонақ үй және сауда мекемелері, сонымен бірге өзінің аймағындағы туризмнің дамуына көңіл қойған барлық тұлғалар мен фирмалар.
Туризмдегі басқару шешкен тапсырмаларды, қазіргі кезде басқару мен бірлестіктер дәл сол тапсырмаларлы шешеді: туристік инфрақұрылымның қалыптасуы, жарнама, қонақтарды күту, туристтерді орналастыру, жайлы делдалдық қызметтермен айналысады.
Сонымен, мемлекеттік туристік ұйымдар - бұл саяси мекеме. Жеке туристік мекемелерде өзінің әрекеттерін үш деңгейде ұйымдастырады. Бірақ та құрылуы мен қаржыландыруы мемлекеттік емес құрылымдар тарапынан ұйымдастырылады. Туристік ұйымдардың әрекеттері жоғары әсерге жетуі үшін мемлекеттік және жеке кәсіптердің бірігуі шарт.
Демек; әртүрлі территориялық деңгейде облыста, территориялық бірлікте, аймақта, мемлекетте туристік ұйымдар қажет.
Тұрғылықты туристік ұйымдардың функцияларына: туристер үшін ақпараттық бюро ұйымдастыру, рынокты зерттеу, рыноктың сұрақтары бойынша кеңес беру, кадрларда квалификациялау оқыту бағдарламасы, қонақ үйде орындары броньдеу жүйесі, жәрменкіге жалпылай қатысу, пікірді қалыптастыру.
Туристік ұйымдардың әр турлі деңгейіндегі басқарма функцияларын келесідей қисынға келтіруге болады:
тұрғықтыты курорттық және аймақтық туристік саясатты құру және орындау;
бірлескен саясат, рынок жағдайын ескере отырып;
туристік өз-өзінді тануды қалыптастыру;
мәдениетті, фольклорлық, қоғамдық және спорттық өмірді ұйымдастыру және т.б.
Халықаралық туристік ұйымдар
Халқыаралық туристік ұйымдар – туристік, дүние жүзілік және аймақтық тәуелсіз және үкіметтер аралық құрылымдар. Ол ұйымдардың мақсаттары: туризм саласы бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайту, туризм ісіндегі саясатты ыңғайластыру. Дүние жүзіндегі бірінші туристік ұйым – 1898 жылы Люксембургте құрылған туристік қауымдастықтың халықаралық лигасы. Дүние жүзі бойынша 100-ге тарта туристік ұйымдар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірілері: Дүние жүзілік туристік ұйым (ДТҰ), Туристік агенттіктер қауымдастығының дүние жүзілік федерациясы, Туристік агенттіктердің дүние жүзілікқауымдастығы, экскурсиялар мен турлардың халықаралыққауымдастығы, туроператорлардың халықаралық федерациясы, Ортақ рыноктың туристік қауымдастығы, Азия мен Тынық мұхиты елдерінің туристікқауымдастығы, Латын Америкасы туристік ұйымдарының конфедерациясы.
Бұл ұйымдардың өздерінің жарғысы, нақты мақсаттары мен міндеттері, құрылым формалары бар.Олардың қызметі туристік компаниялардың мүдделерін қорғауға, әр түрлі конфликтік ситуацияларды шешуге бағытталған.
ДТҰ басқару органдары: Генералды ассамблея (2 жылда 1 рет жиналады), Атқарушы комитет (1 жылда 2 рет жиналады), ол Генералды ассамблеямен және Генералды ассамблея тағайындаған секретариатпен 4 жыл мерзіміне таңдалады. ДТҰ құрамында тұрақты және уақытша комиттер мен жұмыс топтары, сонымен қатар Еуропа, Америка, Шығыс Азия, Тынық мұхиттық аймақтар мен Оңтүстік Азия комиссиялары қызмет атқарады. ДТҰ қызметі мүшелік және БҰҰ-ның спецқорларының жарналарымен қаржыландырылады.
ДТҰ 1975 жылдың 2-ші қаңтарында құрылған. ДТҰ-ның штаб-пәтері Испания мемлекетінің Мадрид қаласында орналасқан.
Жарғыға сәйкес ДТҰ-ға кіреді: нақты мүшелеріне – мемлекет ұсыныскелері; қауымдастық мүшелері – сыртқы саясатының тәуелсіздігі жоқ, территориялар ұсыныскелері; қосылған мүшелер – туризммен немесе туристік бизнестің қызығушылығын ұсынатын халықаралық және ұлттық қауымдастықтардың, ұйымдардың ұсыныскерлері. 1990 жылы ДТҰ-ға 106 мемлекет мүше болды.
Туристік клубтар
Клуб – жалпы рекреациялық қызығушылықтар мен мақсаттармен біріктірілген, бірақ олардың мамандырылған облыстағы қызметімен байланысты емес адамдарға қызмет көрсетудегі туристік ұйым. Клуб қызметінің маманы К.Ригел «Клуб – біріншіден адамдардың белгілі бір мақсаттағы бірігуі немесе жиналуы» деген тұжырым жасады. Клубтар XVII ғасырдың соңында Ұлыбританияда пайда болған. Бірінші кездері клубтар өздерінің тұтынушыларына тамақ, сусын және түнейтін орындарды ұсынған болатын. Урбанизация кезінде ауыл клубтары пайда бола бастады. 1882 жылы Массачусестс штатында (АҚШ) Бруклинде алғашқы ауылдық клуб ашылған.
Туризмде кең тараған клуб түрлері мыналар:
ландштафты клубтар
демалу клубтары
қайырымдылық клубтары
қалалық клубтар
университеттік клубтар
қоғамдық клубтар
даму клубтары
Ландштафты клубтар – ауылды аймақтарда орналасқан, клуб мүшелеріне және олардың жанұясыеа мамандырылған рекреациялық және туристік қызмет көрсетудегі жеке рекреациялық ұйым. Ландштафты клубтардың иелері клуб мүшелерінің біреуі болады. Ірі ландштафты клубтардың бірі «Сьрра» (АҚШ).
Демалу клубтары – коммерциялық немесе коммерцмялық емес ұйым. Ол клуб мүшелерінің демалуын ұйымдастыру мақсатында құрылған және ол мемлекеттік лицензия негізінде, туристік өнімді өңдейтін және іске асыратын туроператорлық және турагенттік қызметті жүзеге асырады.
Қоғамдық клубтар - өздерінің қатал нақты уақыт тәртібі жоқ клуб. Қоғамдық клубтардың мүшесі болу үшін, мүшелік жарнаны төлеу қажет. Қоғамдық клубтардың ішінде кең таралғандары: жүзу бассейндері, атлетикалық гимнатиканың қалалық клубтары.
Даму клубтары – спорттық немесе қоғамдық жұмысты ұйымдастыру үшін құрылысқа қатысатындар немесе үйді жалға алушы тұрғындарымен кооперативтік негізде ұйыдастырылған коммерциялық клуб.
Туристерге арналған клубтар – оқу орындарында, кәсіпорындарда туристік жұмысты ұйымдастыру формасы. Ол 300 адамнан кем болмаса ғана құрылады.
Туристік клубтар – қоғамдық туристік орган. Туристік клубтар туризм мен экскусия, туристік-экскурсиялық бірлестіктер бойынша жетекшілік кеңес болып жұмыс істейді. Туристік клубтардың басқарушы органы – туристік кәсіпорындардың, бірлестіктердің ұсыныскелерімен қалыптасатын кеңес. Қоғамдық туристік кадрлармен көпшілік және оқу-методикалық жұмыстарды ұйымдастырады.
Туристік клубтардың ішінен ең бірінші ашылған Ресейлік клуб «Орыс турингклубы» - Ресейдің туризм әуесқойлары ұйымдастырды. Ол 1895 жылы қалыптасты. Сондай-ақ Ресейде Қырым-Кавказ таулы клубы дамыды. Оны 1905 жылы таулы саяхат әуесқойлары ұйымдастырды. Оның бөлімдері Севастоплде, Баграхта, Бакуда, Ялтада және т.б. қалаларда болған.
Жасөспірімдердің туристік клубтары – жасөспірімдер туризімінің қоғамдық органы.
ХІХ ғасырдың екінщі жартысында Еуропада саяхат әуесқойлары біріге бастады. 1875 жылы Лондонда таулы саяхат әуесқойлары ең алғаш Улыбритания альптік клубын қалыптастырады. Осы ағылшын клубынан кейін ХІХ ғасырдың 60-шы жылдары Австрияда, Италияда, Швейцрияда альптік клубтар құрылады. ХІХ ғасырдың 90-шы жылдардың басында еуропалық мемлекеттерде және АҚШ-та осындай клубтар ашылы бастады.
Бүкіл еуропалық альптік клубтар таулы аймақтарда саяхаттарды ұйымдастырудан басқа, оларды зерттеумен де айналысқан. Ресейдегі ең алғаш клуб «Кавказ альптік клубы» 1878 жылы Тифлесте құрылды.
ХІХ ғасырдың соңында ресейліктердің арасында үлкен танымалдыққа таулы Қырым ие болады. Қырым таулы клубы 1890 жылдың 25 қаңтарда Одессада құрылды.
1895 жылы 15 сәуірде Петербург қаласында велосипелшілер-туристер қоғамының жиналысы өтті. Сол кезден бастап «Ресейлік велосипелшілері-туристері қоғамы құрылды».
Осы және басқа да клубтар туралы Ресейдің «Велосипедист», «Циклист», «Самокат», «Русский турист» журналдарында жаңалықтар хабарланып отырды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Менеджмент туризма: учебник / Н.И.Кабушкин. – 5-е изд., стереотип. – Мн.: Новое знание, 2005. – 408 с.
2. Зорин И.В., Квартальнов В.А Энциклопедия туризма: Справочник. – М.: Финансы и статистика, 2004. – 368 с.
3.Вуколов В.Н Введение в специальность Туризм
7