Туристік компаниялар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:23, курс лекций

Описание

Туризм – экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан, ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен валюталық түсімдердің үлкен көлемдері жеке туристік индустрияның қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді ықпалын тигізеді.

Работа состоит из  1 файл

турист3к компаниялар.doc

— 24.00 Кб (Скачать документ)

Туристік компаниялар

Туризм –  экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан, ірі  қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен  валюталық түсімдердің үлкен  көлемдері жеке туристік индустрияның қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді ықпалын тигізеді.

 Қонақжайлық индустриясы адамдар қызметінің түрлі кәсіпқой аяларын біріктіреді, атап айтқанда: туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, көпшілік тамақтануы, демалыс пен ойын-сауық, конференция, семинар мен түрлі көрмелерді ұйымдастыру, спорттық, мұражайлық-көрмелік, экскурсиялық қызмет, сонымен қатар қонақжайлық саласына қатысты кәсіпқой білім беру аясы. Қонақжайлық индустриясы – күш-жігері қонақтардың, олардың ішінде туристер де, жергілікті тұрғындар да бар, түрлі қажеттіліктерін орындауға бағытталған адамдардың кәсіби қызметінің күрделі, құрама аясы.

Соңғы жылдары  туристік нарығы орналастыру  қызметіне  ұсыныстың өсуі мен сұраныстың азаюымен сипатталады. Мұндай жағдай ХХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап қонақ үй басшыларының онсыз да мазасын алып жүрген бәсекелестіктің күшейуіне әкелетіні мәлім. Қонақ үй бизнесіндегі стратегиялық бәсекелестіктегі артықшылықтарды қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі болып өзінің бәсекелестеріне қарағанда неғұрлым жоғары сапалы қызмет көрсету болып табылады. Бұл жерде мақсатты клиенттерге, олардың күткенінен әлдеқайда асып түсетін, қызмет көрсету басты бағыт болып тұр. Осыған сүйеніп, тұтынушы әуелі қызмет көрсетушіні таңдайды, сонан соң олардың ұсынған қызметін өздерінің күткендерімен салыстырады. Егер де көрсетілген қызмет олардың күткенімен сәйкес келмесе, клиент қызмет көрсету фирмасына бар ынтасын жояды, ал егер де сәйкес келсе немесе олардың күткендерінен асып түссе, олар бұл қызмет көрсетушіге болашақта тағы келуі мүмкін. Сол себепті, қызмет көрсетуші өзінің мақсатты клиенттерінің талаптары мен ойларын мүмкіндігінше дәл айқындай алуы қажет.

Сапаны талдау саласында  жүргізіліп отырған  зерттеу жұмысымыздың өзектілігі бүгінгі нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ең үздік басқарушылық шешімдерді іздеу мен қонақжайлық аясындағы басқару ісін жетілдірудің қажеттілігімен түсіндіріледі. Қонақ үй қызметінің сапасын талдау тәсілдерін қарастыру қызмет көрсету мен қонақ үй қызметін жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында жасалады. Нарық қатынастарының дамуы жаңа мақсаттарды тудырады, ал бұл басқару ісін әбден жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде қонақ үй басшылары әрқашан қызмет сапасымен басқаруды жақсартып, оның кеңеюіне, ғимараттарды қайта құруға, жаңа технологияларды ендіруге және т.б. аса көңіл бөліп отыруы тиіс.


 

 

 

 

 

 

 

"Экосистем" фирмасы

Фирма қызметінің негізгі  бағыты- экологияляқ туризм, қызықты  турлар ұйымдастыру, экологиялық насихат  жұмысын жүргізу, табиғат қорғау, сол сияқты , халықаралық табиғат  қорғау бағдарламаларына белсенділікпен қатысу, Шығыс Қазақстанның Катон-Қарағай аймағын ұлттық паркке айналдыру, ақпараттық-жарнамалық буклеттер шығару және халыққа жеткізу, Шығыс Қазақстан туралы бейне фильмдер түсіру т.с.с.

Бұл фирма 8 жылдан бері Европа, Америка, ТМД елдерінен қонақтар қабылдайды. Альпинистер , тау туристері , ат,велосипед, автомобиль және мотосаяхатты ұнатушыларға , геологтар мен минерал зерттеушілеріе, балықшылар, орнитолог, ихтиолог, діни топтар үшін арнаулы маршруттар жасалған.

"Ұлы Жібек" жолын  қайта жандандыру бағдарламасы аясындағы "Көшпелілердің" арнаулы туры қызмет көрсетеді. Тур бағдарламалары ағылшын және неміс тілдеріне аударылған.

Мекен-жайы: 492000 Қазақстан  Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, М:Горький көшесі, 21-305.

243, тел. 3232- 26-54-38 ; Факс: 3232- 26-77-97

E-mail: altai-es@ukq.kz. Web - site: www.ukq.Kz/travel

«Изумрудный Алтай» туристік фирмасы

 

Мақсаты - Шыәыс Қазақстанда  туристік жорықтарды, Бұқтырма су қоймасына  жазғы демалысты ұйымдастыру. Компанияның  келешек жоспары түрлі салада туристік қызметті одан әрі дамыту: альпинизм, көп күндік жорық, атпен серуен, қорықтарға саяхат, балық аулау, вело-мототуризм, қызықты оқиәалар саяхаты, ғылыми-танымдық жорықтар, демалыс күнгі жорықтар, жастар және балалар туризмі.

«Аю-Да» демалыс базасы(Бұқтырма су қоймасы)

-жазғы демалыс базасы (сыйымдылығы 800 адам)

«Изумрудный» демалыс  орталығы (Тау Үлбісі)

- сәнді қонақжай кешені

(сыйымдылығы 800 адам), мәжіліс  залы

• тау шаңғысы базасы

«Алтай Альпісі» демалыс  базасы

Өскемен-Зырян тасжолынан 22 км., қаладан 40 мин. қашықтықта. База таулы жерде, орман -тоғайдың ортасында орналасқан.

Директоры: Морозько Елена  Николаевна

Мекен-жайы: Қазақстан  Республикасы, Шығыс-Қазақстан облысы

Өскемен қаласы, Пролетарская көшесі, 160

Телефон: (3232) 24-23-29, 24-93-46

Факс : (3232) 24-30-26

e-mail altau@ukg , kz

web-site :http://www.altay.kz

 

 

Туристік фирма «Рахман  қайнары»

 

Туризм рыногында 1995 жылдан бастап жұмыс істейді. Қызметінің негізгі  бағыты биік таулы «Рахман қайнары» санатория базасында санаторлық-курорттық ем жүргізу, «Княжьи горы» тау шаңғысы кешенінде қысқы демалысты ұйымдастыру, сонымен бірге, Қазақстан Алтайының тауларына жорықтар ұйымдастыру. 2001 жылдан бастап Балалар Туристік орталығы ұйымдастырылды, онда балаларға арналған бағдарламалар ұйымдастырылады. Фирманың өз автопаркі бар, онда комфортабелді автобустар және өзге де жоғары сапалы техника қызмет көрсетеді.

«Рахман қайнары» санаторийі

Катон-Қарағай Мемлекеттік  ұлттық саябағы және ботаника-минералогиялық қорық аумағында орналасқан. Табиғи жерасты минералды родон сулары көптеген ауруларға шипа: тірек-қозғалыс аппараты, сүйек-бұлшық ет жүйесі, орталық және перифериялық жүйке жүйесі, эндокриндік жүйе, гинекологиялық аурулар, тері аурулары(псориаз)

«Княжьи горы» демалыс  базасы.

Өскемен қаласынан 35 км. қашықтықта, Шығыс Қазақстанның көрікті аймағында  орналасқан. Қыста дем алушыларға - көтергіш, прокат, тау шаңғысы құрал-жабдықтарын  сатып алу, жоғары класты нұсқаушылар, сақтау камерасы ұсынылады. Екі 1,5 және 2 км созылған сырғанақ жол әзірленген. Сноубордқа арналған жолдар, атпен серуен, шаңғы тебу, орыс моншасы бар.

Жылдың қар болмайтын  кезінде демалатындар үшін: тау велосипедтері, ат және пейнтбол прокатқа ұсынылады. Жазда 10-15 жастағы балалар үшін сауықтыру лагері жұмыс істейді.

Директоры: Целищев  Андрей Васильевич

Мекен-жайы: Қазақстан  Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы , Өскемен қаласы

Тихая көшесі,11

Тел.: (8 3232) 22-18-28. Факс: (8 3232) 47-57-19

E - mail: rksales @ lik . kz

Web-site: http://www.altaytravel.ru


Информация о работе Туристік компаниялар