Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 14:10, доклад
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы салалардың жылдам диверсификациялық дамуы және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға байланысты. Осының ішінде қоғамдық тамақтану саласының дамуы тиімді үрдіс болып табылады.
1. Пән өзектілігі.
2. Мейрамхана бизнесіндегі маркетингке жалпы шолу.
Пәнге жалпы кіріспе.
Әдебиет: Шок «Маркетинг в ресторанном бизнесе»
Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы салалардың жылдам диверсификациялық дамуы және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға байланысты. Осының ішінде қоғамдық тамақтану саласының дамуы тиімді үрдіс болып табылады. Себебі, ол біріншіден халықты жұмыспен қамтамасыз етсе, екінші жағынан экономикалық өсу үшін белгілі бір мөлшердегі үлесін қосады. Жалпы қоғамдық тамақтану саласы саудалық қызметке жатады. 2010 жылғы Қазақстан Республикасының саудадағы қызметте алатын үлесі ЖІӨ-ң 12,2%. Қоғамдық тамақтану орындары бірқалыпты дамуда, сонымен қатар еліміздің басқа да экономикалық салаларымен салыстырғанда динамикалық өсуі байқалады. Статистикалық берілгендер бойынша қоғамдық тамақтану саласынан түсетін пайда жылына 700 млн АҚШ долларын құрап отыр (барлық қоғамдық тамақтану орындарын қоса есептегенде). Ал соңғы дағдарысқа дейінгі бес жылда оның өсімі 37% болды. Бұл салаға салынған инвестиция орташа 3-4 жылда қайтарылады. Қоғамдық тамақтану жүйесінде мейрамхана ерекше орын алады.
Мейрамхана бизнесі – тұтынушының жақсы демалуына қолайлы жағдай жасай отырып, сонымен қатар оның эмоционалды және эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыра отырып, тұтынушыға жоғары сапалы тағамдар мен қызметтер түрлерін ұсынатын арнайы мамандандырылған қызмет түрі.
Қазақстандағы мейрамханалар қызметі нарықтық экономикаға көшкеннен бастап белгілі өзгерістерге ие болды. Халықтың әлеуметтік жағдайы жоғарылаған сайын әлеуметтік-мәдени және мәдени демалатын орындарға сұраныс та арта түсті (кафе, мейрамхана, клубтар). Қоғамдық тамақтану нарығында ұсынылатын өнім, қызмет, олардың бағасы, бәсекелестігі тұтынушылар сегментіне байланысты икемделді. Ол үшін маркетинг қызметі қолданылуда.
Қоғамдық тамақтану
Отандық қоғамдық тамақтандыру орындарының құрылымы еуропалық елдермен салыстырғанда өзгеше, мысалы, Францияда жалпы қоғамдық тамақтандыру орындарының көлемі 41% (мейрамхана), Норвегия 38%, Германия 28%, Қазақстанда 4,5%.
Мейрамхана бизнесіндегі маркетинг спецификасы.
Әдебиет: Гурович «Маркетинг гостиниц и ресторанов»
Маркетинг ғылымы өте күрделі эволюциялық жолмен қалыптасты және даму жолында барлық салаларды қамти отырып өзінің керектігін дәлелдеді.
Мейрамхана бизнесінде «қонақ» деген ұғым өте маңызды роль атқарады, себебі басқа салада ол «тұтынушы» ретінде қалыптасса, мейрамхана және қонақ үй бизнесінде ол «қонақ» ретінде қабылданады.
Мейрамхана бизнесінде ең басты назар қонақтарды күтіп алу, оларды орналастыру, тамақтандыру, жақсы көңіл-күй сыйлау және шығарып салу қызметі өте жоғары деңгейде өтуі керек:
Мейрамхана бизнесінде қызметті өндіру мен тұтыну өзара байланысты.
Мейрамхана бизнесіндегі маркетингте көбінесе ішкі маркетинг қолданылады. Ішкі маркетинг – маркетингтің философиялық тұрғыда қолданылуы және персоналға қарым-қатынасы мен тұтынушыға қызмет көрсету әдістері.
Қызмет көрсету маркетингінің негізін қалаушы Грен Росс ішкі маркетингке байланысты келесі концепцияны айтады: «мейрамхана қызметкерлері немесе персоналдары дұрыс қызмет көрсету үшін арнайы ынталандырылуы және клиентке бағытталған шаралар қолданылуы қажет».
Мейрамхана бизнесіндегі маркетингте барлық қызмет түрлері маркетинг тұрғысынан басқарылуы керек. Маркетингті басқару:
Мейрамхана бизнесінде тұтынушылар сұранысын зерттеу үшін міндетті түрде маркетингтік зерттеу жүргізіледі. Ол үшін ақпарат қажет. Маркетингтік ақпарат жіктелуі:
Белгілердің жіктелуі |
Маркетингтік ақпарат түрлері |
Сипаттамасы |
Мазмұны бойынша |
Нормативті |
Нақты бекітілген ақпарат, кез келген зерттеу мұны негізге алады |
Есептік-статистикалық |
Қонақ үй және мейрамхана индустриясында қолданылатын фактілік ақпарат және олардың қорытындылары | |
Оперативті |
Маркетингті басқару объектілеріне қатысты шешімдер қабылданатын ақпарат (бұйрықтар, хаттар) | |
Анықтамалық |
Каталог, проспект, анықтама, прейскурант | |
Ғылыми-техникалық |
Мейрамхана және қонақ үй индустриясында қолданылатын ғылыми-техникалық, ғылыми зерттеулер бойынша шығатын басылымдар | |
Жүйелендірілген |
Көрсеткіштер құрамы көрсетілген ақпарат | |
Жүйелендірілмеген |
Регламенттелмеген сипаттағы ақпараттан тұрады, көбінесе хат, есеп беру, анықтамаларда беріледі. | |
Ақпараттың қамтылатын кезеңі |
Тарихи |
Мейрамхананың өткен уақыттағы қызметінің нәтижесін көрсететін ақпараттар |
Ағымдағы |
Бизнестің қазіргі дамуын қамтиды | |
Маркетингтік шешімдер қабылдау кезеңдері |
Констратирлі |
Объектіні маркетингтік басқару жайлы берілгендер |
Түсіндірмелі |
Маркетинг жүйесіндегі өзгерістерді және оған әсер ететін факторларды қарастырады | |
Жоспарлы |
Маркетинг бағдарламасын, стратегияларын белгілі бір мақсат үшін маңызды шешім қабылдауда қолданылады | |
Маркетингтік бақылау |
Мейрамхананың ағымдағы қызметін бақылауды қамтитын негізгі аспектілер (маркетинг бюджетінің орындалуына баға беру, нарықтағы үлесін анықтау, өткізу мүмкіндіктерін талдау, маркетингтік ревизия) | |
Бағалау мүмкіндігі |
Сандық |
Зерттелетін объектінің негізгі жағдайы жайлы нақты сандық берілгендер қарастырылады (нарық сыйымдылығын анықтау, маркетингке кеткен инвестиция мөлшерін және бағасын анықтау) |
Сапалық |
Зерттелетін объектіге сапалық сипат беру (жынысына байланысты, тұтынушылар құрамы, мекен-жайы, төлем қабілеттілігі және қызмет) | |
Ақпарат сипаты |
Демоскопиялық |
Тұтынушы жайлы нақты ақпарат (жасы, жынысы, ұлты, әлеуметтік жағдайы, табысы және отбасылық бюджеті) |
Экоскопиялық |
Жалпы экономикалық жағдайлар, нарық жағдайы, нарық конъюнктурасына әсер ететін факторлар, баға деңгейі | |
Ақпарат көздері |
Біріншілік |
Эксперимент, пікір сұрау, бақылау |
Екіншілік |
Бухгалтерлік баланс, статистика, басылымдар, аналитикалық материалдар |
Мейрамхана бизнесіндегі
маркетингті басқару
Мейрамханадағы ішкі ақпарат:
Сыртқы ақпарат:
Мейрамхана бизнесінде маркетингтік зерттеу жүргізудің тиімділігі мен мәнділігі келесі принциптерге байланысты:
Мейрамхана бизнесінде маркетингтік зерттеу әдістемесі.
Маркетингтік зерттеу жүргізуде ақпаратты жинау мен өңдеу – оның әдістемелік негізіне жатады.