Туризмдегі жетістік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Апреля 2012 в 13:33, реферат

Описание

Туризмнің негізгі атқаратын 4 мақсаты бар. Олар:
1) Сауықтыру (рекреациялық);
2) Танымдық (экскурсиялық, топтық серуен);
3) Іскерлік;
4) Ғылыми (зерттеу жұмыстары).

Работа состоит из  1 файл

туризмдегі жетістік.doc

— 94.00 Кб (Скачать документ)


                                             Кіріспе

 

Халықаралық экономикалық байланыстардың айрықша түрі болып табылатын халықаралық туризм қазіргі кезде жедел дамып келеді. Оған жеке аймақтар мен елдердегі қалыптасқан рекреациялық ресурстар алғышарт болады. Халықаралық туризм үлесіне шамамен дүниежүзілік жиынтық ішкі өнімнің 6% -ы, әлемдік инвестициялардың 7% -ы және жалпы жұмыс істейтін халықтың 10% -ы, әлемдік тұтынушылық шығынның 12% -ы, әрбір 16-шы жұмыс орны  тиесілі; туризм күшті дамыған кейбір елдерде бұл көрсеткіш одан да жоғары. Мысалы: Мальдив Республикасында туризм мен оған бағдарланған салалар жиынтық ішкі өнімнің 25% -ын береді; Кубада мемлекет қазынасына түсіретін пайдасы жағынан (1998 жылы – 1 млрд АҚШ доллары) халықаралық туризм 1-орында тұр. Жалпы шетел туристерін қабылдау жөнінен Еуропа жетекші орын алады, оның үлесіне барлық туристердің 60% -дан астамы тиесілі. Америкаға шетел туристерінің 20%-ы, Азияға 10%-ы келеді. [1,192]

        Туризмнің негізгі атқаратын 4 мақсаты бар. Олар:

       1) Сауықтыру (рекреациялық);

       2) Танымдық (экскурсиялық, топтық серуен);

       3) Іскерлік;

       4) Ғылыми (зерттеу жұмыстары).

Бұл мақсаттарды қысқаша ашып, талдап өтекен жөн. Сауықтыру – еңбек ету процесіндегі жұмсалған күшті қалпына келтірумен байланысты ұйымдастырылатын туризм түрі. Танымдылық  - туристердің белгілі-бір жердің табиғи ерекшеліктерін, тарихи-мәдени орындарымен, ұлттық-этногендік ерекшеліктерімен танылуын қамтамасыз ететін туризм түрі. Іскерлік – белгілі бір уақытқа, белгілі бір мәселелерді шешуге, әр түрлі конференциялардың өтуін қамтитын туризм. Ғылыми – белгілі бір жерді танып білу, зерттеу, оның табиғатын сипаттау, этнос жағдайын зетртеумен ұйымдастырылатын туризм.[2]

       Туризмнің дамуы соңғы кезде кез-келген елдің экономикасының табыс табу көзіне айналуына байланысты оның дамуына әр мемлекеттің өз бағдарлама-мақсаттарына үлкен маңыз береді. Дүние жүзі бойынша туризм жылына 500 млрд. Доллар табыс береді [2]. Бірінші орынды АҚШ алады, одан соң Батыс Еуропа елдері кіреді (Испания, Франция, Италия). Ал 2000 жылы дүние жүзілік туристік ұйым (ДТҰ) 698 млн. туристердің халықаралық саяхат жасауын тіркеді [2]. Туризмнің маңызы тек экономикаға тікелей әсер етуімен шектелмейді. Әр мемлекет өз елінде туризм индустриясын дамытуға ұмтылатын себебі: біріншіден,халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолының бірден-бірі осы туризм саласы; екіншіден, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда, яғни бейбітшілікті нығайтады; үшіншіден, ең басты себеп – туризмді елдің экономикасының елеулі секторына айналдыру. Қазіргі кезде туризм ғаламдық сипат алды. Туристік лектер материалдық байлықпен бірге, еңбек ресурстарының, ақпараттың өзара қарым-қатынасын жақсарта түседі.

        Қазақстанға келетін болсақ, туризм кластерін дамыту жобасы негізінде, туристік орталықтарға айрықша көңіл бөлінуде.

        Туризмнің адамдардың демалысы қозғалысымен ерешелеп, айналысатын әрекет түрін, қоршаған ортасын өзгертуге және басқа адамдар мен мәдениетпен, әдет-ғұрыптармен танысуға, сондай-ақ табиғаттың бұрын беймәлім құбылыстарының ерекшеліктеріне баса көңіл аударып, білуіне мүмкіншілік туғызатын сауықтың ерекше түрін қамтиды. Сондықтан қазіргі Қазақстан жағдайында туризм индустриясын дамытуды қолға алып, жобалар жасалуы қажет. 

        Туризмді дамытудың маңызды элементтерінің бірі Қазақстанның оң туристік имиджін қалыптастыру және жаһандық экономикаға бірігу арқылы ұлттық турөнімді туристік қызмет көрсетулердің әлемдік нарығына шығару. Сонымен қатар, туризм саласын дамыту мақсатымен 30 жобаның тізіміне кірген «Жібек Жолы» жобасының бір бөлігі болып саналатын Қапшағай су қоймасының жағалауында «Жаңа Іле» халықаралық туристік орталық құрылып жатыр. Туристік инфрақұрылымды дамытуға байланысты елімізде этнографиялық кешендер, тарихи мұражайларды қалыптастыруға мәдени шараларды ұйымдастыруға халқымыздың дәстүрлерін әлемге таныту бойынша жұмыстар атқарылуда.

          Қазақстанға жылына 4,5 миллион адам сырттан келеді және бұл көрсеткіш жылдан жылға көбейтеді деген болжам жасалуда. Туризм бизнесінің дамуына 2006 жылы қабылданған «2007-2011 жж. мемлекеттік Туризм саласын дамыту» дағдарламасы әсер етті. 2007-2009 жж. Қазақстанда қонақ үйлер саны 3 есеге өсіп, 465-тен шамамен 1500-ге жетті. Туризм бизнес сферасында 1200-ден астам кіші және орта деңгейлі кәсіпорындар жұмыс атқаруда.[3]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                               1. Туризм бизнесінің ерекшеліктері.

 

Термин бойынша «туристік бизнес» дегеніміз жан-жақты қызмет көрсету түрі болып табылады, және әрқайсысы өзіндік спецификасымен ерекшеленеді. Туристік индустрия дегеніміз – қонақ үйлер және басқа да орналастыру сферасы жүйелерінің жиыны, көлік жүйесі, тамақтандыру, ойын-сауық обьектілері мен шаралары, танымдылық, іскерлік, емдік, спорттық және басқа сферадағы шаралары, кәсіпкерлер, туроператорлар мен турагенттер қызметі, экскурсиялық жорықтар ұйымдастырушы органдар және аудармашы жүйелерінің жиынтығын қамтиды. Туристік бизнестің негізгі мазмұнын қарастырсақ, оны турагент пен туроператорлар деп қарастыруға болады. [4]

Туроператор қызметі дегеніміз – туристік өнімді өндіруші болып келеді[4]. Бұл дүние жүзі туризім бизнесінің ең бастысы саналады. Себебі тек  туроператор ғана туристік өнімді өндіреді және ол өзіне көлікпен қамтамасыз ету, орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық қызмет және тағы да басқа қызмет көрсету түрлерін қамтуы мүмкін. Туроператор туристік өнімді өндірумен қоса оны ярмаркалар, көрмелер, жарнама жүйелері, каталог және буклет жасау арқылы дамыту шараларын атқарады. Туроператорлар өнімдерін турагенттер арқылы жүзеге асыра алады. Бұл жерде туроператор өнімнің  сапалылығына жауап береді, және ол бір салада ғана жұмыс істеуі мүмкін. Мысалы: қонақ үйлерде орналастыру. Туроператорлар бірдей болмайды, әр қайсысы бір салада жұмыс істеп бір-бірімен қарым-қатынаста болуы мүмкін. Мысалы: бір туроператор шетелге туристерді аттандырумен айналысса, ол басқа туроператорлармен келісім жүргізіп, сол елдердегі туроператорлардың қызметін қолдануы мүмкін. Бұл жерде ақшалай келісім шарт тікелей орын алады.

Турагент дегеніміз – туроператор шығарған өнімді жеткізуші рөлін атқарады[4]. Турагент делдалды қызмет атқарып, туристік нарыққа тікелей қызмет атқарады. Турагент туроператор мен тұтынушы арасында байланысты қамтамасыз етеді. Турагенттің туроператордан айырмашылығы, турагент өнім өндірмейді, ол туроператордан тікелей дайын өнімді сатып алады. Егер туристік өнімнің сапасына шағым болса, ол шағымды туроператор турагент көрсеткен келісім бойынша қарастырады. Туристің сұранысы бойынша турагент сол кездегі керекті туроператор қызметін таңдай алады.

       Туризм  − қазіргі таңда қарқынды даму үстіндегі экономикалық сектор, туристік қызметтерге ұсыныс артып, туристік саладағы жұмыс орындар көбеюде. Туристік бизнестегі технологиялар дамып, компьютерленуде. Қазіргі заманғы клиент сапалы туристік өнімді сенімді туристік агенттерден сатып алуды қажет етеді. Осының барлығы туристік саладағы жұмысшыдан спецификалық тәжірибені және квалификацияны қажет етеді. Туристерге сапалы қызмет көрсету − туристік нарықта лидерлік позицияны ұстанамын деген әрбір туристік фирманың мақсаты. Ал сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету,  бірінші кезекте, квалификацияланған персоналдың болуын қажет ету.

                    Туристік бизнес өте кең тараған бизнестердің бірі. Ол көптеген мемлекет -  тердің басты табыс көзі болып табылады. Мысалы: Мысыр, Түркия, Тунис, Кипр, Иордания және тағы басқалар.

Туристік бизнесті ұйымдастыру алдымен туристік индустрияның дамуымен байланысты. Жалпы айтқанда туристік индустрия дегеніміз қонақ үйлер және басқа да орналастыру объектілерінің; көлік құралдарының; қоғамдық тамақтандыру объектілерінің; ойын – сауық орталықтарының; танымдық, когресстік, емдік, спорттық бағыттағы объектілердің; туроператорлық және турагенттік қызмет атқаратын ұйымдардың жиынтығы.

                   Туристік нарықтың ерекшеліктерін зерттей отырып, бәсекеге қабілетті туристік өнімді қалыптастыру нарықты талдау және болжаусыз (өндіруші, тұтынушы, бәсекелес, кең қоғамды); алдыға мақсат және тапсырма қоймай; стратегия және тактика құрмай; сұраныс пен шығынды қалыптастырмай; анализ және бақылау жасамай мүмкін емес.

         Туризм индустриясында маркетингті эффектілі қолдану шарттары қазіргі кезде жақсы қалыптасқан,себебі:

         − еркін нарықтық қарым-қатынас орнаған, яғни таңдау мүмкіндіктері мол (баға орнату, коммерциялық жұмыс жүргізу, серіктестік құру);

         − фирманың мақсатын қоюда; стратегия, құрылымын анықтауда; қаражатты тиімді бөлуде ұйым басшыларының еркін жұмыс істеуі;

         − туристік қызметтердің нарықта мол болуы; сатып алушылар нарығының болуы;

         − тұтынушы үшін туристік ұйымдар арасындағы жетілген бәсекенің болуы . [ 5,64]

 

                                            2. Туристік маркетинг

 

           «Туристік маркетинг» түсінігіне ауқымды мағына берген швед маманы Екрипендорфом. Оның айтуынша, туристік маркетинг − ол туристік ұйымдардың, кәсіпкерліктердің, сонымен қатар, туристік саладағы жеке және мемлекеттік саясаттың региондық, ұлттық және халықаралық жоспарлар бойынша систематикалық түрде өзгеруі. Бұл өзгерістердің басты мақсаты − қажетті пайда алу мүмкіндіктерін қосып,  белгілі бір тұтынушылар тобының қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз ету. [ 5,65] 

            Туризм индустриясындағы қандай да болмасын кәсіпкерлік пен ұйымның эффектілі функция атқаруы үшін негізгі принциптер мен әдістерді қолдану қажет:

            − сұранысты басқару. Туристік қызметтерге сұраныс әрдайым өседі, ал туристік маркетингте ең басты тапсырма ол – сұранысты керекті бағытына бағыттау.

            − турөнім туралы ақпараттың толыққұнды болуы.

            − турөнімді тұтынушылардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу.

            − маркетингтік іс-шараларға көңіл бөлу; туристік ұйымдардың маусымдық тәуелділігін  азайту.

            − маркетингтік жұмыстың тек материалдық аспектілерін ғана емес, сонымен қатар психологиялық, эмоционалдық аспектілерін және тұтынушылардың ерекшеліктерін есепке алу.

           Сонымен туристік маркетингтің басты принциптері төмендегілерге негізделеді:

− туристік салада белгілі бір нәтижеге жетуге мақсатталу. Туристік қызметтің нарықта эффектілі жүзеге асырылуы және осы нарықта анық бір үлеске ие болу.

− туристік ұйымның маркетингтік жұмысының бір сәттік емес, ұзақ  уақыттық стратегиялық нәтижеге бағытталуы. Ол болжамдық зерттеулерге, осы негіздерде жоғары төлемді жаңа туристік қызметтердің жүзеге асырылуына көп көңіл бөлуді қажет етеді.

−        Сатып алушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін белгілі бір

мақсатқа бағытталған стратегия мен тактиканы қолдану.

Нарықты зерттеу және оның дамуын болжау туристік нарықтың  жағдайы мен өзгерісін; бәсекелестерге, динамикаға, құрылымға, көлемге анализ жасауын; өзінің нарықтағы орнын және туристік нарықтың даму тенденцияларын қарастырады.

Маркетингтік қызметтің келесі элементі ол – туристік қызметтің стратегиясы мен тактикасын жоспарлау. Ол ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және ағымдағы жоспарлар болуы мүмкін. Ұзақ мерзімді жоспарға материалды−техникалық базаны дамыту, кадрларды дайындау мәселесі, жаңа турөнімді дайындау, сату маркаларын басқару, баға, шығын, жарнама және басқа стратегияларды дайындауды жатқызамыз, ал қысқа мерзімді жоспарларға жаңа коммерциялық ұсыныстарды, қолда бар туристік ресурстарды рационалды қолдану, маусымдыұқ проблемасын шешу, тұтынушының қажеттілігі мен нақты ұсыныстың арасындағы алшақтықтың алдын алу үшін тұтынушыны ұсынылатын өнім туралы ақпараттандыру және т.б. жатады.

Сұранысты қалыптастыру және өндірісті жетілдіру туристік ұйымның практикалық қызметімен тікелей байланысты және осы кезеңде практикада таңдалынған стратегияның дұрыстығы мен қойылған мақсаттар мен тапсырмалардың іске асуы жүреді. Бұл функция туристік ұйым үшін өте маңызды, себебі турөнімді сәтті реализациялау үшін сұранысты қалыптастыру мен өндірісті жетілдіру арқылы; тұтынушының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін турөнімнің жоғары сапалы болуы бәсекелестердің қысымына қарсы тұруға, сонымен қатар тұрақты тұтынушылар мен позитивді имидж  қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Және ең соңғы, әрі ең маңызды принцип – анализ және бақылау жүргізу. Олар маркетингтік стратегияға жүргізілген зертеулердің нәтижелеріне негізделіп, өзгерістер енгізу үшін; пайда болған қиындықты жою үшін; тиімді бағыттарды дамыту үшін қажет шаралар.  Маркетингтік қызмет өте ауқымды қаржыны талап етеді, сондықтан туристік индустрия ұйымдарының әкімшілігі үнемі «шығын – нәтиже» критерийіне сүйеніп маркетингтік бақылау жүргізеді. Маркетингтік жұмыстың кезекті мақсаты орындалғаннан кейін ұйымның пайда болған өзгерістеріне, мүмкіндіктеріне негізделіп жаңа мақсаттар қойылады.

Маркетингтік жұмыстың әрбір бағыты өз алдына маңызды, бірақ олар бірігіп  нарықты билеу үшін, туризм индустриясында ұйымның жетістікке жетуіне қажетті шарттарды қамтамасыз етеді; тұтынушыларға туристік қызмет көрсетудің көптеген түрлерін, типтерін, категорияларын ұсынуға және жүзеге асырылуына көмек көрсетеді. 

 

                              3. Бизнесте жетістікке жеткізетін принциптер

       

1.      Нарықты толық зерттеу. Жасалатын жұмыстың көлеміне қатысты әрқашан реалист бол, бірақ сол кезде әрқашан ізденудің маңыздылығын ұмытпа.

2.      Делдалсыз жұмыс жаса. Болжам жаса. Қосымша қорды басқаруға жоспар құр, бірақ өндірісті өндіріп және сатуды артық қосымша қорсыз ұйымдастыруға тырыс. Өндірістің айналымын қадағала.

3.      Тұтынушыларға сүйіспеншілік көзқарас білдір. Тек тауар өндірісіне назар аудармай, тұтынушыларға да көп көңіл бөл.

4.      Өз қызметкерлеріңді жақсы көр. «Басшы қандай болса, ұйым да сондай болады» деген сөзді ұмытпа. Еш уақытта қызметкерлеріңді моральді және материалды түрде марапаттаудан бас тартпа, әйтпесе сен қызметкерлерді де, нарықты да қродан кетіресің.

5.      Сенің жетістігің тек сенің тұтынушыларыңның қолында, сондықтан тұрақты тұтынушы ізде, өз ұйымыңның позитивті имиджін қалыптастыр және әрқашан күшейтіп отыр.

6.      Әрқашан жаңашылдыққа ұмтыл, қызметіңе ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен, тәуекелмен және белсенді ізденумен аралас. Проблемаларан қашпа – олар жоғалмайды. Әр құлдырауың сені өрлеуге алып келетіндігін естен шығарма.

Информация о работе Туризмдегі жетістік