Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 23:05, реферат
Туризм дегеніміз – ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи – мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы басқа жерлерге уақытша кетуі, туристтердің қажеттіліктерін өтеуге арналған қызмет көрсету сферасы.
Кіріспе
1. Рекреация және рекреациялық іс-әрекеттің ғылыми түрде негізделуі
2. Рекреация және демалыс түсініктерінің мәні
3. Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуындағы рекреациялық іс-әрекеттің даму аспектілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Жоспар
Кіріспе
1. Рекреация және рекреациялық іс-әрекеттің ғылыми түрде негізделуі
2. Рекреация және демалыс түсініктерінің мәні
3. Қазақстан Республикасы әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамуындағы рекреациялық іс-әрекеттің даму аспектілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Туризм дегеніміз – ол адамдардың өздерінің тұрақты жерінен демалу, емделу, сауығу, танымдық, тарихи – мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы басқа жерлерге уақытша кетуі, туристтердің қажеттіліктерін өтеуге арналған қызмет көрсету сферасы. [1]
Туризм әлеуметтік-экономикалық салада қызмет ете отырып, оған өз әсерін тигізеді. Ол көптеген экономикалық салаларды қамтиды. Туризмнің дамуы елдің экономикасына ұсақ кәсіпкерліктің, шағын бизнестің дамуына әсер етеді.
Туризм халықтың бос уақыттарын ұтымды да тиімді пайдалануын қамтамасыз ететін демалыстың бір түрі болып табылады. Қазіргі таңда туризм саласы экономиканың тез қарқынмен, динамикалы түрде дамып келе жатқан жас сала болып есептеледі. Туризмнің қарқындап дамуы халықтың әлеуметтік – экономикалық әл – ауқатының жақсаруына оң ықпалын тигізеді: жаңа жұмыс орындарының қалыптасуы, ұлттық табыстың өсуі және т.б. Туризм саласының дамып келе жатқанының бір дәлелі – оған құйылып жатқан инвестициялардың көптігі және олардың жоғары деңгейде қайтарылуы.
Туризмнің дамуы ең біріншіден, дүние жүзіндегі рекреациялық ресурстарға бай аумақтарға демалушылардың көптеп келуімен сипатталады. Рекреация – туризмнің ажырамас бір бөлігі. Танымдық, тарихи – мәдени саяхаттарға қарағанда рекреациялық зоналарда, яғни, көл, бөген жағалауларында, жағажайларда, тау етектерінде, альпинизм, тау ішіндегі демалу түрлеріне туристердің қызығушылығы жоғары. Рекреацияның дамуы туризмнің дамуына оң әсер етеді.
1. Рекреация және рекреациялық іс-әрекеттің ғылыми түрде негізделуі
Қазіргі таңға дейін туризм саласындағы «рекреация» терминіне дұрыс анықтама, дұрыс түсінік берілмей отыр. Сол себепті әр түрлі терминологиялық сөздіктерде әр түрлі ғалымдардың, туризмтанушылардың жеке пікірлері көрсетіледі. Алайда, олардың көзқарастары бір нүктеде тоғысады.
Ресейлік Энциклопедиялық Сөздік бойынша, рекреация (поль тілінен аударғанда rekreacja – демалыс, латын тілінен аударғанда recreation – қалпына келтіру деген мағынаны білдіреді) – бұл: 1) мейрамдар, демалыстар, каникулдар; 2) оқу орындарындағы демалысқа арнайы жабдықталған бөлмелер; 3) демалу, еңбек процессіне жұмсалған күшті қалпына келтіру. [2]
Аталмыш құбылысты зерттеуде көптеген түрлі саладағы арнайы мамандар ат салысады – географтар, биологтар, психологтар, экологтар, медицина саласындағы маман иелері, әлеуметтанушылар және экономисттер. Соған сәйкес, рекреациялық ұғымдарға анықтама беру үлкен қиындықтар тудырады. Рекреация – рекреациялық география, рекреология сияқты ғылым салаларының негізгі объектісі болып табылады.
Рекреациялық география – біріншіден, халықтың жұмыс уақытынан тыс айналысатын ұйымдардың территориалдық жүйе дамуын және географиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.; екіншіден, негізгі объектісі – территориалдық рекреациялық жүйелерді негіздейтін және зерттейтін географиялық дисциплина. [2]
Халықтың таңдайтыны, әрине, демалуға, жұмыстан бос уақытын тиімді өткізуге, жұмысқа жұмсаған физиологиялық күшін қалпына келтіруге қолайлы рекреациялық зона. Рекреациялық зоналардың орналасу заңдылықтары біркелкі емес. Осыдан шығатын түйін ондағы жағдай, яғни, дисциплиналарды қалыптастыру мен дамыту жолдары әр қилы болмақ.
Рекреология – бұл: 1) адам экологиясының парадигмаларына негізделген рекреациялық жүйелерді зерттеумен шұғылданатын жас ғалым саласы; 2) адамның күшін қалпына келтіру процестері мен әдіс – тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы. [2]
Ғылыми әдебиеттерде рекреация термині XIX ғасырдың 90 – жылдардың соңғы кезеңінде АҚШ – та пайда болды. Жұмыс күнін нормаға келтіру, екінші демалыс күнін, жазғы демалыс айларын енгізумен ғана рекреация – термині пайда болды. Сонымен рекреация дегеніміз – жұмсалған күшті қалпына келтіру, сауықтырумен осы тынығу түрлері өткізілетін аймақтар.
Рекреация – адамдардың демалысы мен емделуін қамтамасыз ету арқылы олардың рухани және дене күшін қалпына келтіріп, дамыту, денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін жағдайлар. [2]
Рекреациялық ресурстарға табиғат компоненттері: климаттық жағдай, жер бедері, минералды және термальды бұлақтар, ыстық гейзерлер, өсімдік жамылғысы жатады. Осыған байланысты туристік рекреациялық зона деген ұғым қалыптасады. Туристік рекреациялық зона дегеніміз – ұзына бойы орналасқан, көрікті, көгалды жерлердегі, тау іші және тау етегі аумақтарындағы, көл, бөгендер, теңіз және мұхит жағалауларындағы, темір және автомобиль жолдарының бойындағы рекреациялық мүмкіндіктерге ие (жағажай, емделу және демалыс орындары, т.б.) қосымша туристік қызмет орындары мен экскурсиялық орындары бар адамдардың танымдық, демалыстық, емделу – сауықтыру қажеттіліктерін қамтамасыз ететін аумақтар. Аталмыш туристік рекреациялық зоналарға мысал ретінде Қазақстанның Іле Алатауы бойын, Шортанды – Бурабай аумағын, Ресейдің (Анападан Адлерге дейінгі аймағын) және Грузиялық (Леселидзеден Батумиге дейін) Қара теңіз жағалауын, Қырым жағалауларын, Краснодар өлкесі, Сочи, Ялта аудандарын, т.б. көрікті мұхит жағалауларындағы жағажайларды айтуға болады. Туристер көбіне бұл аймақтарға денсаулықтарын қалпына келтіруімен қатар демалыс уақытын көңілді өткізу үшін келеді. Соған сәйкестендіріліп бұл туристік – рекреациялық зоналарды емдеу орталықтары жұмыс жасайды, бағдарламаға сай қызмет көрсету сферасы да туристерге қызмет көрсетеді, осыған сәйкес мамандандырылады.
Туристік аудандастырудың таксономикалық рамгасының бірі – туристік – рекреациялық зонаға мысал ретінде Ресейдің Краснодар өлкесінің және Грузияның Қара теңіз жағалауының туристік – рекреациялық зонасы, Қырғызстанның Ыстық көл курортты аймағы, Қазақстанның Алакөл – Балқаш, Көкшетау, Алтай, Іле Алатауы туристік – рекреациялық аймақтарын айтуға болады.
Табиғи – рекреациялық ресурстар – адамдардың еңбек қабілеттілігі мен денсаулығын қолдау мен қалпына келтіру әдісі болып табылатын демалысты қамтамасыз ететін табиғи ресурстардың түрі, адамның рекреация мен туризм қажеттілігін қанағаттандыратын табиғи нысандар мен құбылыстар. [3]
Табиғи – рекреациялық ресурстар ұлттық мұра болып табылады. Ерекше зор мағынасы бар нысандар ЮНЕСКО тізіміне әлемдегі ерекше ескерткіштер ретінде енгізіледі.
В. А. Квартальнов өзінің соңғы бір еңбектерінде (энциклопедия туризма, 2000) рекреацияға төмендегідей анықтама береді.
Рекреация – бұл:
адамның физикалық, интелектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтірудің кең көлемді әдісі;
физикалық және моральдық күшті қалпына келтіруге арналған барлық ойын – сауық түрлері;
халықтың таза ауада өткізетін активті демалыс түрімен байланысты өте тез қарқынмен дамып келе жатқан туризм индустриясының сегменті;
түрлі жағдайларда, мінез – құлық пен қоршаған ортаның өзгеру жағдайында қоғамдық өмірге белсенді түрде араласуға мүмкіндік беретін ағза мен популяция көлеміндегі жаңару;
стационарлық жағдайда түрлі емдеу профилактикаларымен, экскурсиялық – туристік іс – шаралармен және физикалық жаттығулармен байланысты өркениетті демалыс. [2]
Міне осылайша, В. А. Квартальнов рекреация ұғымына сипаттама береді, яғни, рекреацияға мекен – жайды өзгертуді қажет етпейтін барлық демалу түрлері кіреді. Ал туризм – оқу (шет мемлекеттерде, басқа қалаларда), шоп – турлар, саяси туризм, іскерлік туризм, емдік – рекреация сияқты демалу әрекеттерін қамтиды. Рекреация мен туризмге ортақ нәрсе – сауықтыру, емдік мақсаттағы, саяжайдағы демалыстар мен экотуризм.
2. Рекреация және демалыс түсініктерінің мәні
Туризм – бұл кездесулер мен қызықты, жайдарлы адамдармен әңгімелесу, тіл табысу, яғни демалу. Бұл туризмнің ең басты құндылығы. Біліп-тану, өзіне жаңалық ашу – адам өміріндегі негізгі
Туризм саласында демалыс және рекреация ұғымдары өте тығыз байланыста. Демалыс деп, адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатына қатысы жоқ барлық адамның іс - әрекетін айтамыз. Ол саяхат, хобби, коллекциялау, балық аулау ісі, аңшылыққа шығуды қамтиды. Яғни, бұл демалушы істердің барысында тек қана демалып тынығады.
Ал Т. В. Николаенконың пікірі бойынша, демалыс (рекреация) – бұл адамның күшін қалпына келтіру процесіне бағытталған қам – қарекеті, бірақ ол адамның тұрғылықты мекен – жайымен қатар одан тыс жерлерде де өткізілуі мүмкін. [2]
Демалушы демалу үшін өз аймағынан, өз мемлекет шекарасынан басқа рекреациялық зоналарға шығуы міндетті емес. Ол сонымен қатар өз саяжайында, бағында, бассейнында тыныға алады.
Сонымен, рекреация мен демалыстың ортақ ерекшелігі – еңбек процесіне жұмсалған күшті тынығу, сауығу, емделу әдістерімен қайта қалпына келтіру, ал ең басты негізгі айырмашылығы – оның өткізілу мекен – жайы аясында. Демалыс рекреация болу үшін тұрғылықты мекен – жайынан арнайы мамандандырылған, басты мақсаты - күшті қалпына келтіру болып табылатын орынға, курортты зонаға орналасу, уақытша бару.
Адам өзінің мінез – құлқы мен қызығушылықтарына байланысты демалыс түрлерін өзі таңдайды. Осыған негізделіп, демалыс кезіндегі адамның тынығу әдістерін төмендегідей жіктеуге болады:
1. физикалық жіктемелерге байланысты іс - әрекет (физикалық жаттығулар, таза ауадағы серуен, туризм мен альпинизм);
2. қызығушылық жаттығулары – саятшылық, балық аулау, саңырауқұлақ пен жеміс – жидек теру және т.б.;
3. мәдениет саласындағы шығармашылық пен оған танытылған қызығушылық;
4. интелектуалдық – кітап оқу, рухани мұрасын байыту және т.б.;
5. өзінің таңдауы мен қызығушылығына байланысты қарым – қатынастар, әңгімелесу;
6. активті және пассивті характердегі ойын – сауықтар (ойындар, би кештері, тамашалау);
7. көтеріңкі көңіл – күй үшін жасалған саяхаттар мен экскурсиялар. [2]
Осыдан шығатын қорытынды: адамның мінез – құлқы мен қызығушылығына байланысты демалу тәсілдері мен өткізілу орны әр қилы болуы мүмкін.
Қазіргі таңда рекреация адамның қалыпты жағдайдағы өміріне қажетті шартқа жатады деп есептелінеді. Ол жұмысқа қабілеттілікті жақсартып және қалпына келтіретін, сонымен қатар өндіріске жарамдығын арттыратын маңызды сала болып табылады.
Сонымен, оның негізгі міндеті – қоғамның кез келген мүшесінің физикалық және физикалық күшін қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан – жақты дамытып, арттыру. Осы айтылғандардың ішінен ең негізгісі болып адамның рухани жан дүниесінің дамуы, шығармашылық қабілеттерінің жалғасын табуы болып табылады. Ғылымда жалпы қолдау тапқан классификация болмаса да және ғылыми әдебиеттерде ешқандай анықтамамен жазылмаған болса да, рекреацияның функцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:
Медицина – биологиялық функция санаториялық – курорттық жағдайда емдеу мен сауықтыруды қамтиды. Туризм арқылы емделу – адамның өндірістік және өндірістік емес психикалық шаршауын басуын шешетін ең негізгі жолдардың бірі.
Әлеуметтік – мәдени функция – рекреацияның жетекші функциясы. Мәдени немесе рухани қажеттіліктер – қоршаған орта мен ондағы өз орныңды тану, өзіңнің дүниедегі орны мен мәнін танып білу. [2]
Туризм саласы демалушыға оның қоршаған ортаның табиғи, мәдени, тарихи және әлеуметтік байлықтарымен тығыз қарым – қатынаста болуына үлкен мүмкіндік береді. Ол тек өз аймағында емес, дүние жүзі шеңберінде жүзеге асырылады.
Экономикалық функция – жұмыс күшінің жай және кеңейтілген өндірісі. Рекреация қоғамның қажетті уақытын тиімді сақтап отырады. Рекреация көмегімен халықтың жұмысқа деген ынтасы, жұмыс қабілеттілігінің кезеңінің ұзақтылығы артады, осының нәтижесінде жұмыс өнімділігінің артуы байқалады. Ал жалпы алғанда аурушаңдылықтың төмендеуі, өмірлік тонустың жоғарлауы нақты байқалады. [2]
Жоғарыда аталғандардан басқа рекреация басқа да экономикалық функцияларды атқарады: мемлекет территориясындағы белгілі бөлігіндегі шаруашылық құрылымының тез қарқынмен дамуы; рекреациядағы қызмет көрсету сферасында еңбек ресурстарының жұмыспен көптеп қамтылуы; рекреациялық аймақтардағы елді мекеннің бюджетінің кірісі мен шығысына тура пропорционалды әсер етуі; шетел валютасының елге кіруімен байланысты шығу туризмінің эффектілігінің артуы.
Қазіргі уақытта рекреацияның дамуына байланысты ортақ тенденциялардың болуы маңызды – ақ. Ол төмендегідей тенденциялар:
рекреациялық сұраныс орталықтарына қарай демалыс орындарының жақынырақ орналасуы;
уақытша тынығуға келген қала тұрғындарының демалу жоспарын жүйелеу;
табиғат аясындағы барлық маусым кезеңінде ұлттық пен табиғи парктерді, сонымен қатар орман, су парктерін активті демалысқа сәйкестендіріп ұйымдастыру;
демалудың жаңа формалары мен түрлерін ұйымдастыру;
рекреациялық ұйымдар мен маршруттардың маусымдылығын жойып, орнына жыл бойы қызмет көрсетуіне ұмтылу.
Сонымен қатар рекреацияда «бос уақыт» ұғымы жиі кездеседі. Т. В. Николаенконың айтуы бойынша, бос уақыт дегеніміз – нақты қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты емес жұмыс уақытының бір бөлігі. Яғни, бос уақыт ұғымын еңбек пен міндетті емес жұмыстардан тыс бос уақыт деп түсінуіміз қажет. Субъект, яғни, демалушы өз уақытын өзі жоспарлайды. Бос уақыт кезінде адам телепрограммаларды тамашалуы мүмкін, радио тыңдап және көркем әдебиет, баспасөз беттерін оқуы мүмкін. Осы аталғандарды үйде өткізілетін пассивті демалыс түріне жатқызуға болады.