Жерорта теңізі бойындағы географиялық орындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 07:27, курсовая работа

Описание

Рефераттың өзектілігі: Жерорта теңізі – Атлант мұхитының Еуразиямен Африка құрлықтары арасындағы теңізі.Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитымен, Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен, Суэц каналы арқылы Қызыл теңізбен жалғасады. Ауданы 2505 мың км², орташа тереңдігі 1498 м, ең терең жері 5121 м. Жерорта теңізінің еуразиялық жағалауы қатты тілімденген. Онда түбектер және аралдармен бөлінген шағын Альборан, Балеар, Лигурий, Тиррен, Адрия, Ион, Эгей және Кипр теңіздері орналасқан.

Содержание

Кіріспе

3
1
Жерорта теңіз алабындағы негізгі теңіздерге сипаттама

1.1
Қара теңіз
5
1.2
Азов теңізі
6
1.3
Мәрмәр теңізі
7
1.4
Тиррен теңізі
8

2

Жерорта теңіз алабындағы негізгі аралдарға сипаттама

2.1
Ибица аралы
9
2.2
Кипр аралы
10
2.3
Балеар аралдары
12

3

Жерорта теңіз алабындағы негізгі мемлекеттерге сипаттама

3.1
Мальта Республикасы
13
3.2
Кипр Республикасы
14


Қорытынды

16


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

17

Работа состоит из  1 файл

Жерорта теңізі ТУРЛИН Д.К. ТУРИЗМ 303...doc

— 1.03 Мб (Скачать документ)

2        Жерорта теңіз алабындағы негізгі аралдарға сипаттама

 

2.1    Ибица аралы

 

Ибица мен Форментера – Балеар архипелагының оңтүстігіндегі аралдар (Испания). Олар Жерорта теңізінің батыс бөлігінде орналасқан және сәйкесінше көлемінің үлкендігі бойынша үшінші және төртінші орынды алады. Форметера Ибицадан 11 теңіз мильсындай ара-қашықтықта орналасып, таңқаларлық әсем жағажайға ұқсайды (Сурет 5).

 

 

Сурет 5 – Ибица аралы

 

Ибицаның ауданы шамамен 570 шаршы километрдей, арал ұзындығы 40 километрдей, ені 14 километр болады.

Рельеф. Ибицада екі таулы жота бар. Олардың ең биік нүктесі теңіз деңгейінен 475 метр болады. Ибица аралының пейзажын миндаль, апельсин, фига, оливка тоғайларымен араласа өскен қарағайлы ормандар толықтырады. Аралдың оңтүстігінде ежелден бері тұз өндіруге арналған алқап бар. Аралдың бұл ауданыЮНЕСКО-ның қоластында. ЮНЕСКО эгидасы теңіз флорасы мен фаунасына жауап береді. Арал жағалауларының ұзындығы 210 шықырым/ Ибица 69 км/ Форментерада құмды бухталар мен көркем жағажайлардың ұзындығы 18 км болады.

Климат. Аралдар Жерорта теңізінің климаттық зонасына жақын болғандықтан, яғни, Африка жағалауларынан 200 км, ал материкті Испаниядан 87 км болғандықтан ауа-райы мұнда тұрақты. Аралда қыс мезгілі жұмсақ болады. Жазда ауа-райы құрғақ болғанмен, желдің үнемі соғуына байнанысты аса ыстық болмайды. Жылдық орташа температура – 17,5 градус Цельсия; бұл көрсеткіш тамыз айында 25,4 градус Цельсияға жетсе, қаңтар айында 11,6 градус Цельсияға жетеді. Жалпы алғанда, ауа-райының құбылып тұруы арал климатына тән, яғни, күн/түн немесе жыл мезгілдеріне байланысты. Бір жыл ішіндегі жауын-шашын мөлшері 350 м болса, шілде мен тамыз айларында 4 мм ғана түседі.

Астанасы. Ибица аралының астанасы - өзіне аттас Ибица қаласы. Ибица аралындағы тұрғындар саны 86000 адам (Форментерада 6000 адам), ал былтырғы жылдың өзінде аралға демалуға келген туристтер саны – 5 000 000- ға жетті. Балеар автономиясында ұзақ өмір сүрушілер өте көп кездеседі.

Ибица аралындағы туризм. Бұл шыныменде бөлек тақырып. Демалуға келетін туристтердің 12% «клаббер» классификациясына түседі. Бұл азаматтар клубтық мәдениеттің нағыз бағалаушылары болып табылады, дұрысырақ айтсақ, қазіргі ғажап әрі сан алуан электронды музыканың (техно, хаус, техно, электро ...) жан сүйерлері. Аралда дүние жүзіндегі ең жақсы би клубтары бары сөзсіз. Олар барлық континенттерді сазды әуенімен жаулап алып, адам миына жағымды әсер етіп, таңқаларлық күшпен тартады. Адамдардың бір-біріне деген бауырмашылығы, өзара теңдігі көрінеді. Мұнда мыңдаған адам бүйірлесіп би толқынына кенелген кезде, қоршаған ортаның барлық шарттары мен шекараларын ұмытып, демалып, көңіл көтереді. Клубтар ондаған мың амадға есептелген ғимарат төбесіне дейін дыбыстын және жарқырауық аппараттардың ең қуаттысымен; бассейндермен, бақтармен және галереялармен, сапалы әрі сан алуан шоу-бағдарламалармен қамсыздандырылған. Аралдада негізнен 7 супер клуб бар. Олардың бағдарламалары күн бе күн ауысып отырады және әр клуб қонақтарға және шоу-бизнес майталмандарына маусым кезінде өз алаңдарын ұсынады. Ибица клубтарының феномені аңызды және әлемнің бұл облыстағы барлық мамандарымен зерттеліп келеді. Клубтардағы адам саны кей күндері өз сыйымдылығынан 2 немесе 3 есе асып кетеді. Арал клубтары тек түнде ғана емес, күндіз де жұмыс істейді. Олардың жұмысы таңғы 6-да да, түс кезінде де, яғни, кезек келген after-party кезінде де жалғаса береді. Бір сөзбен айтқанда, үнемі қасыңнан табылатын non-stop мейрамы!

Әлемдегі ең үлкен клубтары: Ең үлкен клуб, әрі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген Privilege клубы; Әлемдегі ең стильді – Pacha клубы; Супер Ди-джейлердің арасындағы ең сүйіктісі - Space клубы.

Сан Антонио қаласында орналасқан өте жарық және аталған клубтардан тек 30 метр қашықтақта орналасқан Es Paradise және Eden клубтары солардың қатарында. Арал суперклубтарының санын толықтыратын Amnesia және El Divino деп аталатын кішкентай клубтар толықтырады [7].

 

2.2    Кипр аралы

 

Кипр аралы – Жерорта теңізінің оңтүстік-шығысында орналасқан. Азия құрлығына жатады. Ауданы 9251 км2. Аңыз бойынша, Кипрде махаббат және сұлулық құдайы Афродита дүниеге келген. Ең биік жері – Олимп тауы, оның биіктігі 1952 м. Кирений және Мезаория тау жүйелері аралығын қыратты жазық алып жатыр.

Жағалаулары ойпатты, тек солтүстік жағалауы тік жарлы, жартасты. Климаты жерортатеңіздік. Қаңтар айының орташа температурасы 12 С0, тамызда 28 С0. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жағалауда 500 мм, таулы жерде 1000 мм. Жауын-шашын қыс айларында түседі. Тау етегінен 500 м биіктікке дейін мәңгі жасыл бұталар, одан жоғары орман өседі.

Кен байлықтары: мыс, темір, хром кентасы, асбест, тұз, гипс. Аралда Кипр мемлекеті орналасқан [8].

Tourism-Review порталының 2010 жылдың аяғында жүргізген зерттеу қорытындысына қарағанда, Кипр аралы әлемдегі ең қауіпсіз ел ретінде танылып отыр (Сурет 6).

 

 

Сурет 6 – Кипр аралы

 

Бұл аралда қылмыс атаулы өте аз болатындықтан, тұрғындар үй-жайларының есігін де жаппайтын көрінеді. Кипрден соңғы екінші орында Дания мемлекеті тұр. Мұнда 100 мың адамға шаққанда 0,88 кісі өлтіру оқиғасы тіркелген. Бұл елде адамдарға жабайы аңдар шабуыл жасамайды және табиғи апаттың орын алу мүмкіндігі де төмен.

Үшінші орында – Ирландия. Мұнда 100 мың адам басына шаққанда 0,88 кісі өлтіру қылмысы тіркеледі.Алғашқы бестікке Жапония мен Люксембург елдері енген. Жапония – Азия халықтарының арасында ұрлық-қарлық ең аз орын алатын мемлекет. Адам басына шаққандағы ІЖӨ көрсеткіші бойынша әлемнің озаты ретінде танылған Люксембург тұрғындары өздерін мүлдем қауіпсіз сезінеді. Ал, Исландия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Сингапур, Швейцария елдері алғашқы ондықтың қатарында. Жаңа Зеландияда ауыр қылмыс мүлдем жасалмайтын көрінеді [9].  

 

2.3    Балеар аралдары

 

Балеар аралдары — Жерорта теңізінің батысындағы Пиреней түбегінен шығысқа қарай 200 км-дей жердегі аралдар тобы (Сурет 7). 

 

 

Сурет 7 – Балеар аралдары

 

Мальорка,  Менорка  аралдарынан және Питиус топаралынан тұрады. Бұл аралдар Испанияның Балеарес  провинциясын құрайды. Ауданы 5 мың км2.

Халқы 690 мың адам (1997). Әкімшілік орталығы — Пальма қаласы. (Мальорка аралында).

Жер бедері үстіртті, аласа таулы келеді. Мальорка аралының солтүстік-батысын абс. биіктігі 1445 м тау жотасы алып жатыр. Менорка аралы үстіртті (абсолютті биіктігі 360 м). 

Климаты жерортатеңіздікі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 400-600 мм. Балеар аралдарында тікенді бұталар — маквис, гарига, орман ағаштары — тас емен, алепп қарағайы, тырбық пальма, т.б. өседі. Цитрус, зәйтүн, жүзімдіктерінен жақсы өнім алынады. Балеар аралдарында теңіз курорттары және халықаралық туризм орындары бар [10].

 

3        Жерорта теңіз алабындағы негізгі мемлекеттерге сипаттама

 

3.1    Мальта Республикасы

 

Мальта Республикасы  —  Жерорта теңізіндегі  Мальта топаралында  орналасқан мемлекет. Жер аумағы 316 км². Халқы — 390 мың адам (2000). Негізінен мальталықтар  (90%) тұрады. Астанасы —Валлетта  қаласы. Ресми тілдері — мальта, ағылшын  тілдері. Британ Достастығының  құрамындағы ел. Конституциясы бойынша елді президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Ұлттық мерекесі — 21 қыркүйек — Тәуелсіздік күні (1964). Ақша бірлігі-мальта лирасы  (Сурет 8).

 

 

Сурет 8 – Мальта Республикасы

 

Географиясы. Мальта екі ірі (Мальта, Гоцо) және бірқатар шағын аралдардан тұрады. Климаты жерортатеңіздікі. Жазы ыстық, құрғақ, қысы жұмсақ, жауын-шашынды, орташа температурасы қаңтарда 12°С, тамызда 25°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 530 мм. Жер беті суларына тапшылық байқалады. Жерортатеңіздік климатына тән ксерофитті бұталы өсімдіктер басым.

Тарихы. Мальта аумағын б.з.б. 13 ғасырда финикиялықтар мекендеген. Б.з.б. 8-7 ғасырларда Мальтаға карфагендіктер еніп, б.з.б. 6 ғасырда оны толық бағындырды. Б.з.б. 218 жылы аралды римдіктер басып алды. 395 — 870 жылы Мальта Византияның қол астында болды. 870 — 1091 жылы араб үстемдігі халықтың шаруашылық өміріне, мәдениеті мен тіліне үлкен әсер етті. 1092 жылы аралды нормандар жаулап алып, Сицилияға қосты. 1530 жылы Мальтада иоаншылдар ордені бекітіліп, кейіннен Мальта ордені деп аталды. 16 ғасырда түрік әскерлері оларға әлденеше рет шабуыл жасады. 1798 жылы Мальтаны Франция, 1800 жылы Ұлыбритания басып алып, әскери-теңіз базасын орналастырды. 1921 жылы ағылшындар арал тұрғындарына өзін-өзі басқару құқын берді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Мальтада ұлт-азаттық қозғалыс күшейді. 1947 жылы конституциясы қабылданды. 1958 жылы ағылшындарға қарсы бұқаралық қозғалыс өріс алып, аралда төтенше жағдай енгізілгеннен кейін 1947 жылғы конституцияның күші жойылды. 1953 жылы мұндаНАТО-ның Оңтүстік Еуропа аймағындағы біріккен әскери-теңіз күштерінің штабы орналасты. 1962 жылы Ұлыбритания Мальтаға өзін-өзі басқару құқын қайта берді, ал 1964 жылы ол Британ Достастығының шеңберіндегі тәуелсіз ел деп жарияланды. Сол жылы Мальта БҰҰ-ға мүше болды. 1974 жылы Мальта республикасы болып жарияланды, бірақ британ әскері 1979 жыды ғана аралдан шығарылды. 1987 жылы ел конституциясына Мальтаның ешқандай әскери блоктарға қосылмайтындығы туралы бап енгізілді.

Экономикасы. Мальта экономикасының басты саласы транзиттік-транспорт операцияларын жүргізу және шетелдік туризм. Кеме жасау және жөндеу, тропикалық жемістер мен жүзім шаруашылығы жақсы дамыған. Елде тоқыма киім, аяқ киім тігу, машина жасау және химия саласы дамыған, электрондық аспаптар шығаратын кәсіпорындар бар. Ауыл шаруашылығы маңызды рөл атқармайды, азық-түлік тауарларының көбі шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, Ұлыбритания, т.б. [11].

 

3.2    Кипр Республикасы

 

Кипр Республикасы  – Батыс Азияда, Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде өзі аттас аралда құрылған мемлекет. 1974 жылдан бері 2 бөлікке бөлінген.

Жалпы жер көлемі – 9251 км2. Халқы – 754 мың (1999). Оның 180 мыңнан астамы Солтүстік Қыбыр түрік республикасында тұрады.

Жалпы арал тұрғындарының 78%-ы – гректер, 18%-ы – түріктер, қалғандары басқа халықтар. Ресми тілдері: грек және түрік тілдері. Халқы ислам дінін және христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Астанасы – Никосия қаласы 1960 ж. қабылданған конституциясы бойынша, Кипр екі этникалық мемлекет құрылымнан тұруға тиісті болды.

Ел президентін аралдың грек тұрғындары, ал вице-президентін түріктер өздері сайлауға міндеттенді. Президент пен вице-президент өздеріне тікелей бағынатын Министрлер Кеңесін құруға құқылы болды. Заң шығарушы органда да екі этникалық топқа жеке-жеке бөлек орындар берілді. Бірақ, екі этникалық топтар арасындағы қақтығыстардың нәтижесінде, түріктер 1963 жылдың желтоқсан айынан сайлауға қатыспай, 1989 ж. 15 қарашада дербес Солтүстік Қыбыр түрік республикасын құрды (Сурет 9).

 

Сурет 9 – Кипр Республикасы

 

Табиғаты. Кипр Еуропадан Таяу және Орта Шығысқа, Солтүстік-Шығыс Африкаға баратын теңіз және әуе жолдары бойында аса қолайлы аймақта орналасқан. Жері, негізінен, таулы: солтүстік жағалауын Кирения (1023 м) және Карпас (364 м) жоталары алып жатыр. Кипрдің орталық және оңтүстік бөлігін Троодос қыраты алып жатыр. Аралдың ортасында тауаралық Мезаория (200 м) жазығы бар. Климаты субтропиктік және жерортатеңіздік. Жазы ыстық (25-35оС), қысы жылы, жаңбырлы (10-15 оС). Жауын-шашынның жылдық мөлшері жазық жерлерде 300-500 мм, ал таулы аймақтарда 1000-1300 мм. Өзендері шағын, көктемгі жауын суымен тасып отырады. Территориясының 20%-і орман, көбінесе, мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар өседі.

Кипр бөлшектенген күйінде қалып отыр, онда 1964 жылдан бастап БҰҰ-ның бейбітшілік сақтаудың тұрақты күштері орналасқан. Кипрдің өнеркәсіптік орталықтарының басым бөлігі түрік аумағында орналасқанмен, әсіресе туризмнің арқасында экономика аралдың оңтүстігінде дамуда. 2000 жылы аралда 2,7 млн-дай адам демалды [12].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазіргі кезде теңізді айналып жүзу (круиз) халықаралық туризмнің маңызды түріне айналып отыр. Бұл аса жайлы кемелермен саяхаттау және құмды жағалауларда демалу, бірнеше елмен танысу мүмкіншілігінің ұштастырылуымен түсіндіріледі. Туризмнің бұл түрінің дәстүрлі аудандарына Жерорта теңізі, Кариб алабы мен Мұхит аралдары жатады.

Туристердің көп баратын нысандарының бірі — қалалар. Бұл тұрғыда әсіресе тарихи ескерткіштерімен әйгілі ежелгі қалалар айрықша көзге түседі. Еуропалық өркениет пен сәулет өнерінің түрлі кезеңдерінің ескерткпптері сақталған Европа қалаларына жыл сайын дүниенің түкпір-түкпірінен туристер легі ағылады.

Франция, Италия және Испанияның әрқайсысына жылына 30 млн-нан астам туристер келіп, оларды қабылдаудан елдер қазынасына 10 млрд доллар шамасында пайда түседі.

Қамтылатын туристердің саны жөнінен теңіз жағалауындағы курорттар жетекші орын алады. Туристердің айрықша жиі баратын ауданы — Еуропа, Азия және Африканың Жерорта теңізі жағалауы. Мұнда әлемге әйгілі Көгілдір жағалау (Француз және Италия Ривьерасы), Кипр жәнө Мальта аралдары, Испания жағалауы мен Балеар аралдарындағы, Солтүстік Африканың курортты қалалары орналаскан.

Ибица мен Форментера – олар Жерорта теңізінің батыс бөлігінде орналасқан және сәйкесінше көлемінің үлкендігі бойынша үшінші және төртінші орынды алады. Ибица аралындағы туризм бұл шыныменде бөлек тақырып. Демалуға келетін туристтердің 12% «клаббер» классификациясына түседі. Бұл азаматтар клубтық мәдениеттің нағыз бағалаушылары болып табылады, дұрысырақ айтсақ, қазіргі ғажап әрі сан алуан электронды музыканың (техно, хаус, техно, электро ...) жан сүйерлері. Арал клубтары тек түнде ғана емес, күндіз де жұмыс істейді. Олардың жұмысы таңғы 6-да да, түс кезінде де, яғни, кезек келген after-party кезінде де жалғаса береді. Бір сөзбен айтқанда, үнемі қасыңнан табылатын non-stop мейрамы!

Кипр аралы – Жерорта теңізінің оңтүстік-шығысында орналасқан. Tourism-Review порталының 2010 жылдың аяғында жүргізген зерттеу қорытындысына қарағанда, Кипр аралы әлемдегі ең қауіпсіз ел ретінде танылып отыр. Бұл аралда қылмыс атаулы өте аз болатындықтан, тұрғындар үй-жайларының есігін де жаппайтын көрінеді.

Кипр бөлшектенген күйінде қалып отыр, онда 1964 жылдан бастап БҰҰ-ның бейбітшілік сақтаудың тұрақты күштері орналасқан. Кипрдің өнеркәсіптік орталықтарының басым бөлігі түрік аумағында орналасқанмен, әсіресе туризмнің арқасында экономика аралдың оңтүстігінде дамуда. 2000 жылы аралда 2,7 млн-дай адам демалды.

Информация о работе Жерорта теңізі бойындағы географиялық орындар