Жорықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 20:03, реферат

Описание

Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Работа состоит из  1 файл

Туризмді дамытудың 2007.docx

— 49.03 Кб (Скачать документ)

Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше  туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы “Шымбұлақ” шаңғы базасы, Павлодар облысы Жасыбай көлі жағасындағы “Баянауыл”, Қарағанды облысындағы таулы-орманды “Қарқаралы”, Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы “Алтай мүйісі”, Орал қаласы Жайық өзені маңындағы “Орал”, Қостанай облысындағы орманды-тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысы Бадам жазығындағы “Оңтүстік”, Көкшетау таулы аймағындағы “Золотой бор” базалары жатады.Қазақстанда белгілі туристік маңызы бар зоологиялық, ботаникалық қорықтар да жеткілікті. Оларға Алматы қорығы (кешенді), Іле атырауы (зоологиялық),Тарбағатай (зоологиялық), Жалтыркөл (зоологиялық), Ұлытау (зоологиялық), Бетпақдала (зоологиялық), Қарақия-Қаракөл (зоологиялық), Зеренді (зоологиялық) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты – палеонтолық) және Шарын өзеніндегі “Шетен тоғайы” (ботаникалық), Күміс қылқанды орман (ботаникалық), Жаманшық тауы (геморфологиялық), Айғайқұм, Әншіқұм (геоморфологиялық), Жаңғақ тоғайы (ботаникалық), Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрологиялық), т.б.[1].

[өңдеу]Пайдаланылған әдебиеттер

  1. ↑ "Қазақ энциклопедиясы,"5 том

 

Туризм

Қазақстан ерекше табиғи мүмкіндіктер мен мәдени-тарихи нысандар мұрасына иелік етеді. Қазақстанның 14 облысының әр қайсысы қонақтарды көрікті көріністерімен, халқымыздың бай мәдениетінен хабардар ететін ежелгі ескерткіштерімен   таңғалдыра алады. Туристер 700-ден астам бағыт-бағдарды таңдай алады. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және  орталық аймақтары туризмнің қолданыста бар – танымдық, ойын-сауықтық,    этникалық, экологиялық, сауықтыру, балалар, спорттық, аңшылық, атты, шым-шытырық  оқиғалы, тағы басқа да түрлерінің бәрін ұсынуға әзір. 

 
 
 

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өз алдына Солтүстік Қазақстан аймағын құрайды. Ол Есіл, Тобыл және Обаған өзендері, сондай-ақ, көптеген көлдері емдік минералды тұздары және балшығымен әйгілі аумақты жерде орналасқан.

Бурабай шипажайы. Бурабай – Қазақстандағы ең әйгілі шипажайлардың бірі. Ол қалың жыныс орман-таулар арасындағы көрікті 80 көлі талай ақынның өлең-жырына арқау болған сұлу Көкше жерінде орналасқан.

Қорғалжын қорығы. Теңіз – Қорғалжын көлдерінің жүйесі ЮНЕСКО- ның бүкілдүниежүзілік табиғи мұра тізіміне тіркелді. "Жұмбақтас" жартасы. Әр тас – бір-бір жұмбақ. Жұмбақтас қаншама жылдан бері қараған жанның көңілін қобалжытады.

Науырзым қорығы. Бұл сұлу ормандар мен жануарлар әлеміне бай ерекше жер. Мемлекеттік Ұлттық Баянауыл бағы. Шөлейт даланың қақ ортасындағы табиғатың сұлу мүйісі. Жаратылысы бөлек таулар мен жазықтар жолаушыны қайран қалдырады және оның есінде мәңгі сақталып қалады.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН

Оңтүстік Қазақстанға төрт облыс – Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда кіреді. Аймақ батыста Арал теңізінен шығыста Жоңғар қақпасына дейін, солтүстікте Балқаш көлі мен Бетпақ даланың шөлді жазығынан, Қызылқұм шөл даласының солтүстік бөлігі мен Тянь-Шаннің батыс және солтүстік сілемдерін және Жоңғар Алатауын қоса алғанда, республиканың оңтүстік шекарасына дейінгі аумақты алып жатыр.

Шарын шатқалы. Оның пайда болғанына 12 миллион жыл. Шатқал тереңдігі 300 метрге жетеді. Оның ұзындығы – 200 километрдей. Осынау Шарын шатқалы – табиғаттың ғажайып ескерткіші. Сондықтан оны сақтау үшін Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи бағы ұйымдастырылды.

Көлсай  көлдері. Қазақстанның ең көрікті үш көлінен тұратын ансамбль. Олар теңіз деңгейінен 1800, 2250 және 2700 метрлік биікте орналасқан.

Мойынқұм  бархандары. Мойынқұм құмдарын өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ең төзімділері ғана жерсініп, өмір сүре алады. Жергілікті құм төбелердің биіктігі 700 метрге жетеді.

Айша Бибі кесенесі. ХI-XII ғасырларда Тараз қаласының билеушісі өзінің сүйікті жары қайтыс болған жерге ертегідегідей сұлу кесене тұрғызған. Кесене өзінің ұзақ тарихында ғашық жарын сағынып, өз бақытына асыққан ару қыз жайлы ондаған аңыздарға арқау болды.

Ақсу-Жабағылы. Қазақстандағы байырғы қорық. Ол Орталық Азияда алғашқылардың бірі боп ЮНЕСКО-ның биосфералық қорығы мәртебесін алды.

Отырар. Көне Отырар қаласы – ортағасырлық ескерткіш. Х-ХII ғасырларда қала Орта Азиядағы ең ірі елдімекендердің бірі болды. XIII ғасырда Шыңғысханның басқыншы әскерлері құлатқанымен, көп ұзамай, гүлденген қала кейпіне қайта оралып, XVIII ғасырға дейін сауда жолы торабы мәртебесіне ие болды.

“Барсакелмес” мемлекеттік қорығы. Бұл баяғыдан жұмбақ сырға толы жер болып есептеледі. “Барсакелмес” деген атауының өзі барған адам қайтып оралмайды деген ұғымды білдіреді. Шын мәнісінде, бұл жер өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің ең сирек кездесетін түрлеріне ертегідегідей бай.

 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН

Батыс Қазақстан – бұл екі құрлықтың тоғысқан жерінде орналасқан 4 облыс: Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан. Осында планетаның ең төменгі екінші нүктесі – Қарақия ойпаты орналасқан. 2000 жыл бойы Маңғыстау жерінің аумағынан Ұлы Жібек Жолы кесіп өтті. Қазір енді бұл туристік қызықты бағыт-бағдарлардың бірі. Оған қоса, Батыс Қазақстан саяхатшыларды балық шаруашылығымен, аң-құсы мол саятшылыққа қолайлы жерлерімен, су спорты түрлерінің дамыған инфрақұрылымдарымен қуантады.

Емельян Пугачевтің үйі. XVIII ғасырдың 70-жылдарының бас кезінде кәдімгі казак үйінде өзін III Петр патшамын деп жариялаған адам өмір сүрді. Емельян Пугачёв тап осы жерде тұңғыш рет казактарды өздерінің азаттық құқы үшін күреске шақырды.

Шақпақ - Ата жер асты мешіті. Бұл осы аймақтағы ең ежелгі сәулет ескерткіші. Мешіттің барлық сәулет құрылысына қарағанда, Шақпақ – Атаның X ғасырдан бұрын салынған.

Планетарий. Ақтөбе қаласының планетарийі – керемет оқу орталығы. Оның қызметкерлері үнемі тартымды дәрістер оқиды, ал жергілікті оқушылар әр кез жұлдызды аспанды әуесқойлықпен бақылар сәтті асыға күтеді.

Ежелгі Сарайшық қаласы. Ежелгі заман жайлы еске салатын тағы бір жарқын ескерткіш. Тарихшылар Сарайшықты Қазақ ордасының бесігі деп біледі. Үстірт. Миллиондаған жылдар бұрын Үстірт жазығы пайда болды. Дүлей теңіз кейін шегінді. Алайда күні бүгін де ежелгі теңіз жәндіктері өмірінен қалған іздерді көруге болады.

 

ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН

Қарағанды облысы Орталық Қазақстан аймағына жатады. Әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі – Балқаш көлі мен керемет таулы-орманды Қарқаралы оазисі де осында орналасқан. Ұлытау таулары тау туризмінің түрлеріне әуестенушілердің ғана емес, жаратылысы бұзылмаған көркем табиғатты сүйетіндердің де көңілінен шығары сөзсіз.

Аймақ сондай-ақ, Ұлы Жібек жолындағы сауда және мәдениет аясына кіреді.

Кент  қонысы. Кейінгі қола дәуірінде бұнда қола бұйымдар жасаумен айналысатын тайпалар өмір сүрген. Оның аумағында тұрғындар мысты қалайымен қосқан ошақтар сақталған.

Диоптаз кен орыны. Диоптаз – бұл изумрудтің «кіші інісі». Диоптаз кристалдарын көбінесе осынау асыл тастың орнына қолданады. Сирек кен орындарының бірі Қарағанды облысында жатыр.

Балқаш  көлі. Бұл көл - Каспий мен Арал теңіздерінен кейінгі ең ірі ағынсыз су қорларының бірі. Балқаштың айрықша қасиеті – оның жіңішке мойнақ арқылы бірігетін батыс және шығыс бөліктерінің әр түрлі минералдануында. Суды Іле өзенінен алатын батыс бассейні –тұщы, шығыс бассейні тұздылау.

 

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН

Шығыс Қазақстан Қытай, Моңғолия және Ресей мемлекеттерімен шекаралас орналасқан. Шығыс Қазақстан аумағының үлкен бөлігін Рудный, Оңтүстік Алтай, Қалба, Сауыр, Тарбағатай тау жоталары алып жатыр. Осынау табиғаты көрікті жерде қазақтың ұлы ағартушы-ақыны Абай Құнабайұлы мен атақты жазушы Мұхтар Әуезов өмірге келген.

Белуха  таулары. Саяхатшылар Алтайдың осынау ең биік шыңының (4506 м) адамды өзіне тартатын айрықша күші мен сиқырлы қуаты барын растайды.

Марқакөл  қорығы. Бұл қорық – Шығыс Қазақстанның нағыз інжу-маржаны. Оңтүстік Алтайдың табиғат кешенін табиғи жағдайда сақтау үшін 1976 жылдан бері қорық аумағын қоршап, адам іс-әрекетінен қорғайды.

Рахман  бұлақтары. Осы жердегі жерасты суларының құрамында емдік радон бар. Ыстық суларын буын, омыртқа, жүйке жүйелері және тері ауруларын емдеуге қолданады.

Информация о работе Жорықтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету