Араб халифаты дипломатиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 19:00, реферат

Описание

Қазаргі таңда халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі интеграциялану мен ғаламдану қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени тарихи процеске әр түрлі аймақ халықтарының атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде әсіресе мәдениет аралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттердің эволюциясындағы және жалпы әлемдік өркениет дамуындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I. Араб халифаты дипломатиясы
II. Алғашқы Төрт тақуа халифтарының тұсындағы Араб жаулап алушылықтар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа состоит из  1 файл

реферат.doc

— 111.50 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. Араб халифаты дипломатиясы

II. Алғашқы Төрт  тақуа халифтарының тұсындағы  Араб жаулап алушылықтар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.

Араб халифатының эканомикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы Омейядтар халифаты кезінде және Аббаситтер билігінің алғашқы жүз жылдығы ішінде жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында құрылған араб халифаты ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық – мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды. Олар дүниежүзілік сауда жүргізді.

 Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым - салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік – экономикалық және мемлекеттік құрылыс - яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды.

ХХ ғ. 90 ж. бергі уақыт әлемнің жекелеген халықтары мен өркенниеттері үшін ірі дүмпулер мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбұрыс кезең де болып отыр. Осы “ұлы жаңару” кезеңі (Л. Спайдер) әлемдік дамудың екі қарама-қарсы тенденцияларын: дүние жүзі елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдік әр түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, (локалдану) сияқты тенденцияларды байқатып отыр.

 Алайда болашақ  осы екі беталыстың алғашқысында  екеніне күмәніміз жоқ. Мұны бүкіл адамзат өткен тарихы дәлелдеп береді. Енді ғана табалдырықтан аттаған жаңа ХХІ – ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде, өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсысының болмасын тағдыры өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланыста болып келеді. Әр түрлі деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда Орталық Азия, Еуразия және бүкіл әлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың, аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та соңғы жылдары жиі айтып жүр және оның бастамасы мұндай одақтардың құрылуы қазіргі таңда іс жүзінде асып та жатыр.

 Қазаргі  таңда халықаралық байланыстардың  барынша кеңеюі интеграциялану  мен ғаламдану қарқын алуы  бүкіл әлемдік мәдени тарихи  процеске әр түрлі аймақ халықтарының  атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде әсіресе мәдениет аралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттердің эволюциясындағы және жалпы әлемдік өркениет дамуындағы рөлі туралы мәселенің өзектілігі барынша артып отыр.

 

 Мәдениеттередің өзара ықпалдастығы өзара қарым-қатынасқа түскен халықтардың дамуына және бүкіл адамзаттың мәдени қорының байытылуына ықпал ететін объективті құбылыс. Осындай империялардың бірі – орта ғасырлық араб халифаты. Халифат өз дамуының ең бір шырақтау шегіне жеткен кезде “Ескі дүниенің” ширегінен астамын Солтүстік Африка, Үндістанға дейін алып жатты. Мәселе бұл мемлекеттің көлемі жағынан аса ауқымды болуында ғана емес тарих үшін ең маңыздысы – осы мемлекет әр түрлі өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып, жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды, бұл мәдениеттің тілі – араб тілі, ал идеологияның негізі ислам болы.

 Сондықтан  да арабтар жаулап алған территорияда  бағзы замандардан бергі Тигр  мен Ефраттың, Иран мен Сирияның, Египет пен Индияның, Алдыңғы  және Орта Азияның өркениетті халықтары мекен етті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I. Араб халифаты  дипломатиясы

Тарихта дипломатия мен дін өзара ықпалдастықта  болды, билік дінге негізделіп, халықты  басқару формасының бір түрі ретінде  пайдаланды. Араб халифаттары кезінде дипломатиялық қатынастар кең тарады.

 Азия мен  Африка түйіскен аймақта арабтар  ірі мемлекет құрып үлкен табыстарға  қол жеткізді.

Мұхаммед пайғамбар  Алланың елшісі Мекке қаласында  құрайыш тайпасында дүниеге келген. Мұхаммед пайғамбар он үш жыл бойы Меккеде арабтарды Ислам дініне шақырып, онда көптеген кедергілерге ұшырайды.622 жылы мұсылмандар Мәдине қаласына қоныс аударды. 625 жылы Ухуд соғысында иаһудилердің пайғамбарға жасамақшы болғаны әшкере болып, жүзеге аспай қалды. Иаһудилер бейбіт келісімді бұзған соң пайғамбар оларды қырмай Мединадан 10 күн ішінде қоныс аударуды бұйырып елші жібереді.

Келіссөз жүргізудің үлкен үлгісін және  бейбіт саясат арқылы шайқассыз мақсатқа жету жолдарын біз Мұхаммед пайғамбардың Меккеге  умра кіші қажылық жасау мақсатында брғаан сапарынан көреміз.

Мекке қаласына қару жарақсыз сапар шегудің қупін  ескерткендерге пайғамбар өз ниетінің шайқасу емес, умра ғибадатын орындау  екенін баса айтты. Содан бері қалыптасқан  салт бойынша қасиетті айда өзара  қырқысу  тоқтатылып, ымыраға келіп, Қағбаны тәап етіп, ғибадаттарын бейбіт орындауға мүмкіндік беріледі. Бірақ бұл жолы мүшріктер мұсылмандарды Меккеге кіргізбейміз деген шешім қаылдап, соғысуға бел буады. Қасиетті жерде қасиетті айда қантөгіс қаупінің алдын алу үшін Пайғамбар құрайыштарға «Соғыс сендерді қалжыратты. Өздерің келісіп, бізбен соғыспайтын бейбіт шарттың нақтылы уақытын белгілеңдер.Сол уақыт ішінде бір біріміздің қанымызды ағызбайтын болайық,сосын Қағбамен арамызға тосқауыл қоймасын біз умра ғибадатымызды орындап, құрбан шалайық» деген хабармен елші жібереді. Құрайыштар ұсынысын қабылдамай, елшісіне құрмет көрсетпесе де, пайғамбар сабырмен ақырын күтіп кері қайтпады. Ақырында құрайыштар мұсылмандармен келісім жасау үшін елшілерін жібереді.  Пайғамбар құрайыш елшілерінің бейбіт келісім жайлы ұсыныстарын қабылдап, талаптарын ескере отырып бекітті. Келісім бойынша он жылға бейбіт қатынаста өмір сүріп мұсылмандарға Меккеде келесі жылы Қағбаны тәуап етуге мүмкіндік берілетін болды. Үлкен дипломатиялық жеңіске жетті.

632 жылы Мұхаммед пайғамбар өлген соң қауым басшысы болып Мұхаммед пайғамбардың әрі жақын досы, әрі қайын атасы Әбу-бәкір (632-634) жарияланды. Ол “Халиф” (орынбасары) деген атақ алды. Бұл өте мазасыз кезең еді. Жан-жақты Мединаның билігін мойындағысы келмеген тайпалар арасынан жалған пайғамбарлар шыға бастады. Осындай мазасыз кезеңнен кейін араб жазушылары мен тарихшыларының еңбектерінде “Ар-Рида”, яғни, “дінінен безу”, “дінінен бөліну”, деген атаққа ие болады. Ал шын мәнінде ол “діннен безгендер” деп саналған тайпалар әлі ислам дінін қабылдамағандар еді. Жалпы Мұхаммед пайғамбар өлген кезде Ислам дінін қабылдаған араб тайпаларынан ол дінді әлі қабылдап үлгермеген тайпалар көп болатын. Олардың кейбіреулері өздерінің бұрынғы нанымдарында қалғанымен, мединалық қауымның саяси билігін мойындады.

 Енді біреулерінің  арасында ислам дінін қабылдап, Мединаның ықпалына бағынуды  жақтайтын топтары болды. Сондай-ақ  ислам туралы хабары жоқ, мединалық  қауымның ықпалын сезінбеген  тайпалар да болды.

 Л. Кэтани  Аравия тайпаларын олардың ислам дініне қатынасы жағынан төрт категорияға бөледі:

 І – категориясына  ислам дінін қабылдаған Мекке-Мединалық  қауым басшылығының қол астындағы  тайпалар жатады. Бұл негізінен  Мекке мен Мединада, сол қалалардың  жақын маңында тұратын джухейн,  мувейн, бали, асджа, аслале, хузейя, хуза т.б. ұсақ тайпалар болды.

 

 ІІ – категорияның  құрамына Орталық Аравияның хавазин,  Амир ибн-сасааб, тайб, сулейм тайпалары  кірді. Бұл тайпаларға Ислам  дінін қабылдағандардың ықпалы  зор болды. Бірақ олардың арасында  кішігірім топтары Медина ықпалына қарсы-күресте өте зор белсенділік танытты.

 

 ІІІ –  категориядағы ислам дінін ұстанушылар  ықпалы енді-енді тарап келе  жатқан тайпалар кірді. Бұл  тайпалардағы мұсылмандар өте  аз болды. Бұл асад, гатафан,  тамим тайпалары.

 

 ІҮ – категорияға өздерінің саяси және идеологиялық тәуелсіздігін сақтап қалған тайпалар енді. Олар: ал – Исламдағы Ханифа, абд ал – Кайс, азад тайпалары, Иемен мен Хабрамауттағы тайпалардың көпшілігі. Ал христиан дінін ұстанушы араб тайпаларына жаңа дін өкілдері ешқандай ықпал еткен жоқ. Бұл келб, кудао, бахра, гассан, бекр ибн-вайл, танух, таглиб тайпалары еді.

 Сондай-ақ  Махарадағы, Иемен мен Хадрамауттағы  кейбір политейстік бағыттағы  тайпалар да ислам дініне еш  қатысы болмады. Бірақ, бұл  соңғыларына Иудейлік діннің ықпалы күшті болды.

 Жекелеген  тайпалардың саяси және идеологиялық  тәуелсіздігін жақтаушылар жергілікті  әулие пайғамбарлар болды. Олардың  кейбіреулері өз насихатын Мұхаммедтің  тірі кезінде - ақ жүргізді.

 Ислам дініне  қарсы күресті әскери ал- Иемамадағы Мусейлима деген әулие белсенді жүргізді. Мединалық ислам діндегілердің үстемдігіне қарсы Орталық Аравиядағы асад тайпасының күресін Тулейха басқарды. Ол исламға қарсы күресін Мұхаммедтің тірі кезінде-ақ бастаған болатын. Мұхаммед өлген соң фазада, тайм тайпаларының қолдаушылығына ие болды. Халид ибн ал- Валидтің әскері Тулейха жасағының тас-талқанын шығарды.

 Тулейха  қашып құтылды. Кейін ол ислам  дінін қабылдап, араб жаулап алушылықтарын  белсене қатысты. Сөйтіп, “ар-рида”  діннен безу емес, тек көпшілік  тайпалардың жаңа ислам дінін бірден мойындамауы, оған алғаш қарсылық көрсетуі болды. “Ар-рида” екінші жағынан барлық араб тайпаларын медина-меккелік қауымының билігіне бағындырып, оларды жаулап алушылық соғыстарына тарату болды. Барлық араб тайпаларын біріктіру екінші тақуа халиф Омар ибн ал-Хаттабтың (634-644 жж.) тұсында аяқталды.

 Ортағасырлық  араб тарихнамасында араб халифатының  құрылуы, яғни жаулап алынған  жерлерде бір орталыққа бағындырылған  үкіметтің құрылуы осы тақуа  халифтың білікті де шебер,  данышпан басшылығының нәтижесі деп көрсетілді. Ол өте ақылды, әділетті, қарапайым, белсенді, әскер басшы болған. Ислам діні мен мұсылмандар мүдесіне жан-тәнімен беріліп, адал қызмет еткен. Ол нағыз демократ болған. Омар мұсылманша жыл санау Хиджраны енгізген.

 Омардың тұсында диван құрастырылған. Ол парсы сөзі, “тізімі” дегенді білдіреді. Ол тізімге жаулап алынған жерлерден салық жинауға құқысы бар жеке адамдар мен тайпа аттары енген. Жаулап алынған жерлер сол тізімге енгендер арасында бөлініп, ол жерде отырған елден “харадж” деген адам басына жер салығы жиналатын. Ол салықтан түскен табыс мұсылмандар арасына тең бөлініп таратылған .

 Дивандағы  ең бірінші тұрған Мединалық  қазынаға және аймақтардағы бейт, ал-малдарға барлық жиналған алым - салықтардың бестен бірі түсіп тұрғды.

 Әскердегі  қызметін арабтар өздерінің құрметті  борышы деп санады. Ислам әскері  араб тайпаларының жасақшыларынан  тұрды. Араб жауынгерлері соғыста  түскен олжадан басқа жергілікті  халықтан жиналатын азық-түлік  есебінен және бейт ал –  малдан бөлінетін жалақы есебінен күн көретін. Жаулап алынған елдерге қоныстанған арабтардың көпшілігі бағындырылған жергілікті халықтардың есебіне күн көріп, өнімді еңбекпен айналыспады. Егіншілікпен арабтар айналысқылары келмеді.

 Арабтардың  ру-тайпалық ұйымдары жаулап алушыларды бағындырылған халықпен араласып кетуден қорғады. Арабтар көбінесе өздерінің әскери лагерлерінің қасына жергілікті халықтар да қоныстана бастады. Олар арабтарға қызмет етіп, тауып жатқан олжаларынан үлес алып, күн көретін. Араб әскери лагерлерінің маңына қолөнершілер мен малайлар, ұсақ-түйекпен сауда-саттық жасайтындар қоныстанатын. Олардың арасында әртүрлі алаяқтар мен жезөкшелер жеткілікті болатын.

 Басып алынған  ескі қалаларда арабтар жеке  кварталдарға орналасатын. Кейде  ол кварталдардың тұрғындарын көшіріп жіберетін, сүйтіп оны толығымен өздеріне босатып алатын. Арабтар өз әскерінің қатарына жаулап алынған халықтардың өкілдерін алмады. (тіпті олар ислам дінін қабылдаса да). Ал бұрын Аравиядан көшіп келіп, бірақ көршілерінің ықпалымен христиан дінін қабылдаған арабтар дереу жаулап алушылар қатарына барып қосылып жатты. Әсіресе Сирия мен Иорданиядағы христиандық арабтар елеулі әскери-саяси рөл атқарды. Мұсылман-жаулап алу... шылар тек христиан, иудей діндегілерге ғана емес, сондай-ақ зороастризм діндегілерге де, манихейлер мен сабиялықтарға да ешқандай зорлық-зомбылық көрсеткен жоқ, ислам дініне кіру-кірмеу еріктерін өздеріне қалдырды.

 Ислам дінін  қабылдаған жат елдіктер жан  басына салынатын жер салығынан  босатылатын. Бұл қазынаға байлықтың  аз түсуіне себеп болатын. Сүйтіп, арабтар жаулап алған деген тұжырым шындыққа ұласпайды. Шын мәнінде жаулап алынған жерлердегі исламдандыру өте ұзақ прцесс болды. Ол процесс кейбір арабтардың шығыс елдерінде осы күнге дейін аяқталған жоқ. Мысалы, ІХ ғасырда Египет халқының басым көпшілігі христиан діндегілер (копттер) болды.

 Арабтардың  өркениетті елдерді жаулап алып, оларда өз биліктерін орнатулары  араб қоғамындағы экономикалық  және әлеуметтік дамуды тездетіп, күрделендіре түсті. Қолында билік  бар мұсылман қауымының мүшелері баий түсті, ал қолынан ешнәрсе келмейтіндердің жағдайы онан сайын қиындай берді. Бұл халифтар алдымен байуды дегенді білмеді. Алғашқы халифттер өте қарапайым өмір сүрген.

644 жылы ирандық  құлдың қолынан Омар қаза тапқан  соң Осман ибн Ал-Аффан халиф болды. Ол да омейя руынан болатын. Ислам дінін қабылдағанға дейін ол өсімқорлықпен айналысатын байлардың бірі болған. Ол сонымен қатар иіс сулар жасап сататын, асыл тұқымды сәйгүлік ат өсіретін. Мұхаммедтің Үркия деген қызына үйленген. Ол қайтыс болған соң тағы бір қызы Үмму Гүлсімді алған. Содан ол құрметті “Зу–н –Нұрайын” – қос сәлеге бөленген деген атақ алған. Ол 644 – 645-шы жылдар аралығында Халифтық құрды. Оның ең үлкен және аса маңызды жұмысы – Құранның толық жинағын әзірлеу, кітап қалпына жеткізу болды.

 Осман өлген  кездегі оның байлығы 150 мың  динар мне 1 млн. Дирхем құрған. Сонымен қатар 100-ге жуық жылқысы, 1000 түйесі, 10 000 қойы болған дейді  Е. Беляев. Ақыры бұл байлығы  оның түбіне жетті [14]. 656 жылы  наразы болған арабтардың өздері  көтеріліс жасап, Османды өлтірді.

 

II. Алғашқы Төрт  тақуа халифтарының тұсындағы  Араб жаулап алушылықтар

Информация о работе Араб халифаты дипломатиясы